193
Нозофильді реакция
- адамда ауруым бар деген жоғары
құнды идеялар пайда болады, сол себептен ауруды емдеумен
және өзін-өзі емдеу туралы елестетулер пайда болады.
Нозофобты реакция
- науқас кемтар болып қалудан,
өзіндегі ауруынан айыға алмаудан қорқады.
Нормосоматонозогнозия
-
адам өз ауруына, жағдайына
және сауығу мүмкіншілігіне қалыпты баға береді.
«Ореола» әсері-
ара қатынаста тұжырымдалмаған,
науқастың тұлғалық жеке бір сипаттамасы туралы алғашқы
пікір оның бүкіл
көрінісіне тарайды, ал содан кейін оған
деген жалпы көзқарас арқылы оның жеке қасиеттерін де
бағалауға алмасады.
Окулистика
дегеніміз- коммуникативтік барыста көзбен
контакт жасау, көзді қозғалту.
Параноялды реакция
- ауру «біреудің
жаман ойының
бірі» деп санайды. Науқас дәрі-дәрмектерге және проце-
дураларға күдікпен қарап, айналадағы адамдарды кінәлаумен
сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: