Дүниетаным мен философияның өзара қарым – қатынасы қалай өрбіп отырады?
Біріншіден, дүниетаным аясына адамның айналадағы қоршаған ортаға танымдық
қарым – қатынасының барлық тәжірибесі кіреді. Ал философия дүние құрылымының
жалпы принциптері мен маңызды белгілерін зерттейді. Ол танымдық маңызы бар барлық
сұрақтарға жауап іздейді. Өзінің мүмкіндігіне сүйеніп, тек жалпы дүниетанымдық маңызы
бар сұрақтарға жауап беруге тырысады. Осындай сұрақтың қатарына «әлем дегеніміз не?»,
«адам дегеніміз не?» деген сұрақтар жатады. Ал «жарықтың жылдамдығы қандай?», «судың
құрылымы қандай?» деген жеке сұрақтарға физика, химия сияқты ғылымдар жауап береді.
Екіншіден, философияның ықпалымен дүниетаным ретке келіп, жинақталу мен
теориялықтың жоғары сатысына көтеріледі. Сонымен қатар, ғылым тарихында болған ірі
жетістіктер әлем туралы философиялық көзқарастардың өзгеріске ұшырауына әкеледі.
Н.Коперниктің,
Ч.Дарвиннің,
А.Эйнштейннің
ғылыми
жаңалықтары
әлемнің
философиялық үлгісіне әсер еткен жетістіктер болып табылады.
Үшіншіден, өзінің мағынасы жағынан терең, ауқымды дүниетаным философиялық
көзқарастардың пайда болуына мүмкіндік жасайды.
Төртіншіден, философия дүниетанымның сипаты мен бағытын анықтайды. Мысалы,
Қайта өркендеу дәуірінің философиясы антропоцентристік болды, өйткені бұл ғасырларда
адам мәселесі алдыңғы қатарға шықты.
Бесіншіден, дүниетаным мен философияны адам мәселесін әртүрлі тұрғыдан шешу
қажеттігі және оның табиғаты мен болмысы туралы әртүрлі білімдерді біріктіреді, олар
әртүрлі таным көздерінен алынады.
Философия жалпы және абстрактілі білім. Ол шындық қалай зерттеліп жатқандығына
ерекше мән береді, оны барлық ғылымдардың негізі немесе ғылымның өзіндік санасы деуге
болады. Көптеген өмірлік мәні бар сұрақтарға философия жауап береді.
Философия - әлем туралы және ондағы адамның орны туралы жалпы ілім. Ол адам
мен әлем байланысын қарастыра отырып, әлемді танудың, оны өзгертудің жалпы
заңдылықтарын зерттейді.
Философияның пәні басқа ғылымдардан ерекше. Өйткені, философия дегеніміз - өте
терең теориялық білім. Оның құрамында онтология, гносеология, даму теориясы,
антропология, әлеуметтік философия сияқты өте күрделі салалар бар.
Философияның даму тарихында одан эстетика, этика, психология, саясаттану жеке
пәндер болып бөлініп шықты.
Философия пәнінің ерекшелігінен философиялық білімдердің негізгі белгілері
туындайды:
ол жалпы, теориялық сипаттағы білім;
басқа ғылымға негіз бола алатын іргелі ұғымдар мен идеяларды, ұстанымдарды
біріктіретін білім;
жеке философтардың тұлғалық қасиеттерінің ықпалын бейнелейтін субъективті
білім;
белгілі тарихи уақыттың объективті білімдері мен ұстанымдарының жиынтығы;
танымның нысанын ғана емес, тану тетігін де қарастырады;
ой тек нысанға ғана емес, өзіне де бағыттала алатындықтан, рефлексивті сипаты бар;
бұрынғы философтардың ұстанымына сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: