Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



Pdf көрінісі
бет14/35
Дата20.06.2022
өлшемі1,19 Mb.
#146837
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
Ойлау м дениетіні пайда болуы. Философияны п ні мен дісі

Таным құрылымы 
Таным - өте күрделі үрдіс, оған адамның бүкіл жан-дүниесі – түйсіктері, ақыл-
ойы, ырқы, сезім тебіреністері, ішкі көкей көзі (интуиция) – бәрі де өзара бір-бірімен 
байланысты түрде қатысады. Шынайы таным үрдісінде оларды бір-бірінен ажырату мүмкін 
емес. Дегенмен де, танымды жете түсіну үшін біз теоретикалық деңгейде оларды бір-
бірінен ажыратып қарастыруымызға болады. Осы тұрғыдан келгенде біз сезімдік танымнан 
бастауымыз қажет сияқты. 
Сезімдік танымның негізгі формалары
– түйсіктер, қабылдау және елестету – болып 
табылады. Жағалай қоршаған Дүниемен адам өз түйсіктері арқылы байланысты. Адам 
белгілі бір затты көріп, оның жылы-суықтығын, жұмсақ-қаттылығын, ащы-тәттілігін т.с.с. 
анықтай алады. Әрине, түйсіктерді толығынан жағалай ортадағы физикалық 
құбылыстармен теңеуге, сонымен қатар, ажыратуға болмайды. Кең түрде алғанда, түйсіктер 
– бізді дүниемен байланыстыратын, сол жөнінде деректер беретін бейнелеудің ерекше 


түріне жатады. Олар, әрине, қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі, адамзат практикасымен 
тығыз байланысты. 
Адамның түйсіктері бір-бірімен байланысты, олар өзара бір-бірін толықтырып, 
сәйкестендіріп отырады. Соның нәтижесінде адам дүниені қабылдауға мүмкіндік алады. 
Затты қабылдау дегеніміз – оның ащы-тұщылығын, түрлі-түсін т.с.с. қасиеттерін бөлек-
бөлек ажырату емес, оның біртұтас бейнесін тудыру болып табылады. Сонымен қатар, 
ерекше ескеретін нәрсе – адам қабылдаған заттың барлық қасиеттерін бірдей бейнелей 
алмайды. Ол заттың тек оған қажетті жақтарын ерекше белгілейді. Мысалы, егер көктемде 
біз алқызыл апорт алмасын көрсек, оның біртұтас бейнесінің ішінде оның хош иісіне 
ерекше көңіл бөлеміз. Өйткені, біз оны жегіміз келеді. Егер де осы ақуал күзде болып, жаңа 
ғана он алма жеп, сол апортты көрсек, оны қабылдағанда оның түсіне, әсем жақтары мен 
формасына ерекше көңіл бөлеміз, яғни, оны жейтін тамақ емес, эстетикалық зат ретінде 
қабылдап, ләззәт аламыз. 
Әр адам дүниедегі заттарды өз жасына, өмірден алған тәжірибесіне, білімі мен кәсіби 
іс-әрекетіне, тіпті мінез-құлқына байланысты сана-сезіміндегі қалыптасқан категорияларды 
(ұғымдарды) пайдаланып қабылдайды. Мысалы, жеңіл машинамен әуестенетін адамның 
санасында неше-түрлі солар жөнінде ақпараттар бар. Егер ол бұрын көрмеген машинаның 
жаңа моделін көшеде байқаса, оның жанына келіп, бұрынғы білімдерін пайдаланып, бір 
минуттан кейін сол көлік жөнінде белгілі бір пікірге келеді, яғни, ол оны игереді. Ал басқа 
адам ол машинаға көңілін де бөлмеуі мүмкін. Музейге қойылған мәрмәрден жасалған жас 
әйелдің дене бітімінен бір адам асқан сұлулықты, жетілгендікті көрсе, екінші надан адам 
оны нәпсілік тұрғыдан қабылдауы мүмкін. 
Енді елестетуге келер болсақ, оның санаға тіпті жақындығы байқалады. Өйткені, көзге 
елестетін зат, я құбылыс көз алдыңда жоқ, бірақ сіз оны елестете аласыз. Мысалы, жақсы 
көретін досыңызды, я болмаса, ауылдағы туысыңызды дәл қазір жаныңызда болмағанмен 
көзге елестетуге болады. 
Адамның сана-сезімінің тағы да бір керемет ерекшелігі - өткендегіні есте сақтау. 
Физиологиялық тұрғыдан келгенде, ол адам жүйкесінің өткендегі болғанды ақпарат ретінде 
сақтау қасиеті болып табылады. Оның негізгі екі түрін көрсетуге болады. Біріншісі – 
сезімдік бейне болса, екіншісі – сөздік-ұғымдық түрі. 
Сонымен, сезімдік таным бізге заттардың айнадағыдай бейнесін бермейді, оның 
қалыптасуына адамның қажеттігі мен мүддесі, мақсат-мұраты мен идеалдары, неше түрлі 
сезім толқындары, қысқасы, бүкіл жан-дүниесі қатысады. 
Енді абстрактылық ойлау формаларына келер болсақ, онда ең бірінші ұғымдарды атап 
өтуіміз қажет. Ұғымдарда заттар мен құбылыстардың адамға деген жалпы, мәнді, қажетті 
жақтары бейнеленеді. Уақытында көркем түрде Г.Гегель ұғымды «табиғаттың жаны, - 
деген болатын. Өйткені, қайсыбір ұғым мазмұнына заттың біршама мәнді қасиеттері кіріп, 
оның көлемін сондай қасиеттері бар көп заттар құрайды. Ұғымдар, бір жағынан, дүниедегі 
заттар мен құбылыстардың бізге керек сан-алуан қасиеттерінің бар екенін және олардың 
бір-бірімен байланыстарының байлығын бейнелесе, екінші жағынан, адамның танымдағы 
белсенділігі мен нәтижелігін, ой мен білімнің құнарлы күшін көрсетсе керек. 
Жалпы алғанда, 
ойлау дегеніміз
ұғымдарды ретімен байланыстырып белгілі бір 
пікірге келу, пайымдау болып табылады. Мысалы, адам – ойлай алатын пенде,- десек, оның 
негізгі қасиеттерінің бірін көрсетеміз. 
Бірнеше бір-бірімен байланысты пікірлерді салыстырып белгілі бір қорытындыға 
келуге болады. Мысалы:
адам- ойлай алады; 
Нұрлан – адам; 
Нұрлан – ойлай алады.
Алғашқы екі пікірді қорытудан үшінші пікір пайда болды. 
Сонымен, адам ойланған кезде белгілі бір зат жөніндегі сезімдік деректерді ұғыммен 
қамтыуға тырысады. Соның нәтижесінде сезімдік әртүрліктің бірлігі анықталады, яғни зат 


жөнінде жаңа білім пайда болады. Егер сезімдік деректер әр алуандықты көрсетсе, ұғым 
олардың бірлігін алға тартады. Мұны біз ғылыми тілде категориалдық (ұғымдық) синтез 
(біріктіру) дейміз. Кейбір әдебиет беттерінде оны дискурсивтік ойлау әдістері дейді. 
Сонымен қатар, адам таным қабілеттерінің бірі ретінде интеллект деген ұғымды 
келтіруге болады. Ол адамның ең жоғарғы, бүкіл Дүниені біртұтас ретінде қамтуға 
бағытталған, яғни, философиялық дәрежеге көтерілген ойлау қабілеті болып есептеледі. 
Енді интуиция (көкей көз) мәселесіне келер болсақ, ол тікелей шындыққа жету, оның 
ақиқаттығын анық та айқын көру, ешқандай дәлелдеуді талап етпеу. Мәселенің қиындығы 
– сол саған ашылған шындықты басқаға жеткізу болса керек. Ол үшін оны тағы да ой 
елегінен өткізу қажет. Ал мұның өзі интуиция адамның бүкіл сана-сезімімен тығыз 
байланысты екенін көрсетеді. Қайсыбір көкей көз арқылы берілген шындық сол мәселемен 
талай күндер, я жылдар бойы айналысқан, оның бүкіл жан-тәнін бойрап алған адамға 
келеді. Ал оның өзі - сол мәселенің шешілуі тіпті адамның саналы түрде ғана емес, сонымен 
қатар, бисаналық жолмен жүріп шешілгеннің көрінісі емес пе?
Таным үрдісі адамның ырқымен (воля) де тығыз байланысты екенін байқаймыз. Ол 
адамды таным жолында белгілі бір мақсаттарға, нәтижеге жеткізуге көмектеседі. Адам өз 
ырқы арқылы бүкіл күш-жігерін жинақтап, оны зерттеуге ұмтылдырады. Алайда, ырық 
әрқашанда сананың, ең алдымен, моральдық құндылықтардың бақылауында болуы қажет. 
Ол, әсіресе, бүгінгі таңдағы жаратылыстану ғылымдарында қажетті. Өйткені, адам дүниеге 
тереңдеген сайын табиғаттың орасан-зор күштерімен кез болып, ар-ұжданы дамымаған 
ғалымды сол күштерді өз мүддесіне жаратуға бағытталған пейілі мен іс-әрекетін тудыруы 
ғажап емес. Мұндай жағдайда, ол адамзатты үлкен қайғы-қасіретке, тіпті бұрынғы-соңғы 
болмаған апатқа әкелуі мүмкін. Көне Грек елінде өз атын тарихта қалдыруды армандаған, 
бірақ, қолынан ұлы іс келмейтін Герострат деген кісі Артемида құдайына арналған ғажап 
кесенені жағып жіберген екен. Сол сияқты бүгінгі уақытта ғылым саласында қызмет етіп 
жатқан геростраттар жоқ деп кім айталар екен? 
Таным үрдісінде аса бағаланатын нәрсе – ол адамның таланттығы. Біріншіден, ол 
адамға берілген табиғи дарынмен тығыз байланысты екенін байқауға болады. Егер біреу – 
көркемөнерге жақын болса, екінші – математика, физикаға, үшінші – тілдерді игеруге 
ынтық болуы мүмкін. Адамдардың бұл қабілеттері белгілі бір әлеуметтік жағдайларды 
жасау, сонымен қатар, тұлғаның қажымас еңбегінің арқасында, талантқа, яғни, 
шығармашылық қабілетіне айналуы мүмкін. Кері жағдайда, адам табиғи дарынын 
таланттық деңгейге көтере алмай, оны сөндіріп алуы да ғажап емес. 
Танымның негізгі мақсаты
– ақиқатқа жету, соның нәтижесінде ғана оны 
практикалық өмірде пайдалануға жол ашылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет