"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет57/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

 


*** 
Жолдасым Михаил Михайловичтің сәйгүлігіне
мініп, Ақтаудан енді 
бес кісі болып аттандық: совхоздың директоры Жолкен Дүйсенов, 
парткомі Шәкәрім Сәкенов, бас инженері Егінбай Қазымов –
бәріміз 
«Ортау» совхозына тарттық. Ор, Аба таулары қатар тұрады, Аба та

уының ішінде, Ақшоқының шығыс етегінде Қарашілік бар. Бұл Сәкен 
Сейфуллиннің ата
-
мекені, бұзылған қыс

тауының орны әлі бар екен.
...Ор, Аба, Есен, Нұра жерім еді,
Қуандық –
Қара Тоқа елім еді.
Қолдар деп қысылғанда бабаларым,
Сендерге асау балаң сеніп еді,—
дейтін жас Сәкеннің сәби жолдары 1919 жылы Колчактің Омбыдағы 
абақтысынан жаяу қашып келе жатқан жолда, Баянауылда жазылған 
екен. Міні, біз сол Сәкеннің ата
-
мекен қыстауы Ор, Абасына талтүсте 
келдік. Ордың ойы да, адыры да жақпар
-
жақпар жартасты, терең 
шатқалды, сай
-
салалы келеді. Осы араны жайлап жатқан бүгінгі «Ор» 
совхозының малынан жер қайысады. Ойдым
-
ойдым бұлақты, үйірім
-
үйірім тоғайлы, жықпыл
-
жықпыл. Совхоз директоры жаңа келген жау 
жүрек жас маман Иса Боранбаев бір ысылған жігіт екен.
Ұмытып бара жатыр екеміз, айта кетелік, республикалық «Білім» 
қоғамының бастығы Боранбаев Ғазиз маған лекция оқи қайтуды 
тапсырған
-
ды. В. И. Ленин заманында қазақ халқының мәдениеті мен 
әдебиетінің өсіп

өркендеуі жайында, қазақ әдебиетіндегі, әсіресе, Сәкен 
Сейфуллин шығармаларындағы В. И. Ленин бейнесі туралы 
еңбекшілерге дәріс сөйлеп, жағалап жүрген сапарым еді. Жаңа өмірді 
жасаушыларға, әсіресе жастарға ақыл
-
білім азығы артық болмайды: 
өнер
-
білім дәрісін айта жүру, оқыта беру –
парызымыз.
В. И. Лениннің томдары, ұлы даналықтан туған терең ойдың, телегей 
білімнің сарқылмас бұлағындай. Оқыған 
239
 


сайын, ой сарайың
ашыла, сана сезімің ояна түседі. Жаның 
жаңалық жайлауында жадырап, жаңғырып, жаңарып, бір жасап 
қаласың.
Бостандықтың таң азаны

Ленин,
Саясаттың мыс қазаны –
Ленин,
Алтын сәуле күннің нұры

Ол таң.
Қара албасты түннің соры

Шолпан,

деп, 1923 жылы революционер ақын Сәкен аға суреттеп еді.
«Сіз В. И. Ленинді дұрыс бағалапсыз. Менің өз басым бақытты 
адаммын, өйткені В. И. Ленин мен Л. И. Толстой сынды орыс 
халқының екі ардагерін көрдім...» деп, 1924 жылы М. Горький 
француздың Ромен Ролланына хат жазған
-
ды.
Бұл ойды бұдан артық жазу қолымыздан келе қоймас
Владимир Маяковскийше айтқанда:
Партия десек

Ленин деп сенеміз,
Ленин десек –
партия деп білеміз.
Қоғам қайраткері, әдебиетші, жазушы, ақын болсын немесе 
сауыншы, қойшы, тракторшы, комбайншы, егінші, кенші болсын 

бәрі де игілігі еңбегіне қарай бағаланады; бірінің ор нын бірі 
баспайды; халық тіршілігінің көркі осылар, қалың бұқараны алға 
тартатын шарапат осы еңбек
сүйгіш жандарда.
*** 
Өспен –
Нілді
дуанына сағынышты сезіммен аңсап келіп едік, 
себебі сонау жас Сәкен Сейфуллин алғашқы орыс мектебінде 
оқыған, орыс тілін үйрене бастаған, 1905 жылдарғы көтерілісте 
жұмысшы табының ортасында болып, төңкерісшіл ниеттен 
алғашқы тәлім алған кенді Нілді –
Өспен осы болатын. Нілді 
жұмысшылармен өткізген әңгімеміз
240
 


қызық болған. Көңілі ояу, көзі ашық еңбеккер халық бізді 
қадірлеп күтіп алды; сүйсіне тыңдап, қимас көңілмен қиылып 
қоштасып қалды. Орысы, қазағы –
бәрі де бірге туған бауырдай 
үрпе
-
шүрпе болысып, елжіресіп, қол бұлғасып, көпке шейін 
көздерімен шығарып салды... Сөйтіп жаңғырған Жаңаарқаны 
аралағанда;
Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,
Ағашты, биік таулы жерлері бар.
Өзен
-
су, көлдер жайлап, тау қыстайтын,
Меймандос берекелі елдері бар,

деген Сәкен
сөздерін енді ұққандай болдық. Кешегі Сарыарқаны, 
бүгінгі
Жаңаарқаны жеріне жеткізе мақтаған Жетісудың 
желмаясы Ілияс ағам еді. Ол:
Қазақтың әсем жері Арқасында,
Арқаға жетер Арал, Балқашың ба?
Сырымбет, Зеренді, Иман, Айыртаулар,
Арқаның тізілгендей алқасына,—
деген болатын. Гүлдене бер, көркейе бер, Советтік Қазақстаным!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет