"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2


С Ә К Е Н Н І Ң С Е Р І Г І



Pdf көрінісі
бет54/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

С Ә К Е Н Н І Ң С Е Р І Г І
 
Әуелден
-
ақ қазақ халқының қайтпас қара болаттай қайсар 
адамдары көп болған ғой, солардың ізін суытпай Ұлы Октябрь 
революциясының алдында өзі батыр және батыл туған 
азаматымыз –
Абдолла Асылбеков. Ол 1896 жылқы жылы Нұра 
ауданында, Құндызды өзенінің бойында, Кеңқияк алқабындағы 
Қара суда дүниеге келіпті. Абдолланың әкесі Әбдірахман, 
шешесі Зәуре –
ұйғыр қызы.
Әбдірахман кедейліктен күнін көре алмай елден кетіп, Ақмола 
барған, онда Степан Кубрин деген атақты сәудегерге малай 
болып жалданған екен, ең әуелі қора тазалаушыдан бастап, келе
-
келе піркәншік дәрежесіне көтерілген. «Ақбайпақ Мүсәпір» 
атануы да сол кезде. Кейін 1917 жылы піркәншік қызметінен 
217
 


қуылып елге келген соң «Әбдірахман» да, «Ақбайпақ» та 
ұмытылып, «Мүсәпір» атанып кете барды.
Үлкен әкесі Асылбек пен Жақып бірге туысады. Жақыптың 
баласы Ерғали Алматыда тұрады. Абдолланың үлкен ұлы Бәкен 
Отан соғысында қаза тапқан, өзінің қанды көйлек досы, Омбы 
абақтысында 
1919 
жылы 
өлген 
революционер 
Бәкен 
Серікбаевтың атын қойған ғой. Немере інісі Ерғалидің 
балаларына да Нұрғайын, Тельман деген аттар қойылыпты.
Нұрғайын Бекмұхамметов 1919 жылы Ақмола абақтысында 
Колчак өкіметі атып
өлтірген кісі, ұлты татар, туыстығы, ой
-
пікірі бір Абдолла мен Сәкеннің жан қияр досы. Аты шулы 
революционер Тельманның кім екенін айтып жатуды артық 
көрдік. Ел ішінде Абдолланың үй ішін «Революция жолына 
қалтқысыз түгел берілген семья» деп атауы да осы жәйттерден 
туса керек.
«Біреудің білімі үлкен, біреудің ақылы, ойы үлкен...» деседі, 
осының бәрі даулы ғой, тек даусыз үлкен –
жасы үлкен,

деп 
біздің бір ағамыз айтушы еді. Мұндай ескі қағиданы 
заманымызға қарай жаңғырта айтсақ «Халқына сіңген игілі 
еңбегі үлкен», –
дер едік.
Осы Ұлы Октябрьдің елу жылдық торқалы тойының 
қарсаңында, арамыздан ерте кетіп, 
сағындырған үлкен 
ағаларымыз туралы баспа бетінде айтылып жүр, олардың көмескі 
жәйттерін ашып Совет Отанына таныстырып та жатырмыз. Жасы 
үлкен, сіңірген еңбегі мол өлген ағаның үлгілі істерін жариялау, 
тіріні тәрбиелеу үшін керек. Бірақ «азуын айға білеген
ардагер 
аға, табаны таймайтын қайсар аға» деп көбіктей көпіршітіп, 
сағызша созып көп көңірси бермей
-
ақ төтесінен қайырғымыз 
келіп отыр, өз өмірінде қандай елеулі істер істеді, соны ғана 
айтуға бет алдық.
Абдолла Асылбеков үш жасында шешесі Зәуре өліп жеті м 
қалған. Әжесі Дәметкен, жеңгесі Әлиман асыраған.
218
 


Ақмоладағы бірінші басқыш татар медресесін 1913 жылы 
бітіріп әрі қарай оқуға талпынады. Көздеген мақсатына жету 
үшін Абдолла 17 жасында бір сәудегерге жалданады, оның 
жылқысын айдап Орынбор жетеді. Орынборда Хұсайын атына 
ашылған медресеге түседі. («Мәдрәсәи Хусаиния»

орта мектеп 
екен). Сонда төрт
-
бес ай оқығаннан кейін «қазақ
-
татар жастарын 
дінге, патша үкіметіне қарсы ұйымдастырғаны үшін» Абдолла 
медреседен қуылған. Жақын жолдастары ереуіл көтеріп, 
Абдолланың мектепте қалуын талап еткен. Бірақ, полиция 
шақырылып, екі тәуліктің ішінде жатақханадан шықсын, 
Орынбордан кетсін деп ұйғарған.
Тілектес достары 65 сом ақша жинап беріп, Қызылжарға 
аттандырған.
1914 
жылы 
Абдолла
Қызылжар 
келіп, 
мұғалімдер 
дайындайтын қазақ мектебіне түсіп оқыған, алайда , Абдолланы 
бұл мектеп «шартты» түрде қабылдаған. «Саяси сенімділігі» 
жөнінде куәлік қағаз әкелсін деп жүктеген. Үш ай оқығаннан 
кейін ешбір дәлелсіз бұл мектептен де қуған, полиция тағы 
араласқан екен.
Сол жылы (1914) Ақмолада татар мектебіне мұғалім болған, 
көп ұзамай
-
ақ одан да себепсіз шығарылған ғой. Бұдан сон Нұра 
ауданына барып ауыл мұғалімі болып паналаған. Жолы 
болмаудың классикалық формаларын басынан қанша кеші рсе де 
Абдолла қажымады, шымырланып шыңдала берді.
1913 жылдан бастап 1916 жылға дейін қырғыз
-
татар 
жастарының арасында ұлт азаттығы жайлы жасырын қызмет 
істеді. Газеттерге, татар журналдарына үзбей жазып тұрды, 
құпия листовка таратты, «Яйна» (Айна) журналын шығарысты

1916
жылы патшаның июнь жарлығына қарсы қазақ 
халкының ұлт
-
азаттық көтерілісіне қатысты, ол кезде Абдолла 
Жаңаарқа ауданында еді.
1917
жылы февраль төңкерісінен кейін қырғыз комитетінің 
мүшесі, «Жас қазақ» атты қоғамның 
219 


жауапты хатшысы. 1917 жылы Абдолла партияға кірді (ескі 
партия билетінің номері 1126296, жаңа билеті 
1558671), 
Октябрьде Совдеп құрылды, Абдолла сол Совдептің басты 
мүшесі, 
контрибуция 
жөніндегі 
комиссияның 
бастығы, 
қызылгвардия құратын әскери советтің мүшесі, уездік партия 
комитетінің мүшесі.
1918 
жылы 2 июньде
Ақмоланы ақ қазақтар басып алғанда 
Асылбеков Абдолла абақтыға түсті. Атаман Анненковтың «Өлім 
вагонінде» Омбы 
лагеріне барды, содан Қиыр Шығысқа 
айдалды, Иман абақтысында 1920 жылдың 2 февраліне дейін 
отырып, Новиков екеуі қашып шықты. Бұлар үш ай бойы Тайга 
тоғайында жасырынып жүріп, Милохин мен Ярошенко бастаған 
партизан отрядына қосылды. 1920 жылдан 1921 жылдың март 
айына дейін Амур, Приморье,
Забайкалье облыстарындағы 
партизандардың ішінде жүрді. Иман,
Хабаровск, Красная речка, 
Нерчинск, Сретенск, Даурия майдандарында ақтың әскерімен 
қидаласқан азамат та Абдолла Асылбеков. Жоғарыда айтылған 
ерлік еңбектері үшін Революциялық әскери совет (Реввоенсовет) 
табанды күрескерге (стойкому борцу) деген жазуы бар қол сағат 
сыйлаған болатын.
1921 жылы Қиыр Шығыстан Омбыға келіп, Қызылжар, 
Көкшетау, Ақмола уездеріндегі ақ бандыларды ң
қалдығын жоюға 
өкіл
болып сайланды. Осы көтерілістерді басқаннан кейін
Абдолла Қызылжар келді, губчека, губком мүшесі болды, 
ревкомның орынбасары болып істеді. 1921 жылы май айында 
Орынбор келіп, бірінші өлкелік конференцияда Киробкомға 
мүше болды, ал екінші конференцияда Киробкомға секретарь 
болып сайланды, содан 1932 жылға дейін қызмет істеп, күзді күні 
Москвадағы Тимирязев Академиясына
оқуға түсті. 1926–
1927 
жылдары Қостанайдың Округтік атқару комитетіне бастық 
болды.
1928 жылдан 1934 жылға дейін Қазақстан Орталық Комитетінің 
жауапты хатшысы да осы Абдолла. 
220
 


1934-
1936 
жылдарда 
Қарқаралының 
Округтік 
атқару 
комитетінің бастығы, 1936
жылы Қарағандының облыстық 
атқару комитетін басқарды.
Абдолла Абдрахманұлы Асылбеков қайратты революционер
езілген еңбекші елінің көркеюі үшін өмір сүрген, Коммунист 
партиясының, совет елінің адал азаматы еді.
Абдолла 
Асылбеков 
Қиыр 
Шығыста 
тайга 
ішінде 
партизандармен қол ұстасып ақтың әскерімен соғысып жүрген 
кезінде, Орынборда шығатын «Еңбек туы» газетінде Сәкен 
Сейфуллин, анау аласапыранда абақтыда айырылып қалған досы 
Абдолланы жоқтап жазды. Сонда: «1919 жылғы январьдың 
басында (5 январь) адамды бет қаратпаған 30
-
40 градус аяздарда 
40-
50 кісіні Ақмоладан Қызылжар арқылы Омбыға қан ішкіш 
Анненковтың отряды жаяу айдады. Соның ішінде сабаз азамат, 
сабырлы Ғабдулла да (Абдолла) бар еді... Халық үшін қан 
жұтқан ер Ғабдулла бар еді»

дейді, ал 1921 жылы «Еңбекші 
қазақ» газетінде «Бауырым Абдолла келді» –
деп сүйінші 
сұраған да Сәкен Сейфуллин болатын.
Қиын
-
қыстау қанды
жолда жалаңаш кездесіп, теткусіз сеніскен 
достардың біріне бірі ыстық көрінетіні де осындай кезеңде 
айқындала түседі.
Абдолла Асылбековтың бар еңбегін шағын естелікте айтып 
жеткізу мүмкін емес. Бәрін тере берсек сөз таусылмас еді. 
Өйткені ол үздіксіз күреспен өткен азамат. Оның толып жатқан 
мақалалары мерзімді баспа беттерінде талай рет жарияланған
-
ды, көркем әдебиетке
де ат салысқан.
1922 жылы Абдолла Абдрахманұлы Асылбеков «Біздің де 
күніміз туды» деп кітап жазды, ол Орынборда басылды.
Партия 
тарихы 
институтында 
сақталған 
Абдолла 
Асылбековтың өз қолымен жазғандарын оқып отырсаңыз, ұзын
-
сонар ойға шомасыз.
221
 


Өмірбаянының әрбір жолынан адалдық лебі есіп тұрады.
Біз қаладық қиындықпен
Кең сарайға іргені,
Біздің тілек сол сарайға
Кейінгілер кіргені,

деген Сәкеннің қуатты дыбысы естіледі. Әке сыйлаған, аға 
сыйлаған 
елдің 
балалары, 
советтің 
өскелең 
дәуірінің 
азаматтары, сендерге арналды бұл әндер! Өткен кездегі табанды 
күрескер ағаларыңның бірі осы Абдолла. Абзал ағаның құнарлы 
еңбектерін бағалап, соның ішінен сұрыптап өз керегін алып 
кәдеге асырар деген үмітіміз зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет