БАҒДАРЛАМАНЫ МЕҢГЕРУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША
ПЕДАГОГТЕРДІ БАҒАЛАУ
Бірінші
«Бетпе-бет»
кезеңінің
барысында
педагогтер
Бағдарламаның
идеяларымен танысады. Тыңдаушылар Бағдарламаның түйінді идеяларын түсінетіндігін
және балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруды жоспарлауға, ұйымдастырылған оқу
қызметінің жоспарына қосып, оларды тәжірибесінде іске асыра алатындығын
көрсетулері керек.
«Мектепке дейінгі ұйымдағы тәжірибе» кезеңінде педагогтер:
- мектепке дейінгі білім беру оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес
перспективалық жоспарлары мен циклограммаларын іске асырады және өзгертулер
енгізеді;
- оқу бағдарламасының бір білім беру саласы бойынша танымдық оқиға әзірлейді
(педагогтің таңдауы бойынша);
- ұйымдастырылған оқу қызметіне педагогтің жетекшілігімен жүргізілетін ойын,
құрылымдалған ойын және еркін ойын енгізуді негіздейді және дәлелдемелер
жинақтайды.
Педагогтер ұйымдастырылған оқу қызметіне бағалау жүргізілгенін көрсететін
портфолио жинақтайды.
Тыңдаушының Бағдарламаны табысты игеруі төмендегі үш критерий бойынша
бағаланады:
● Бағдарламаның түйінді идеяларын білу және түсіну;
● Өзінің тәжірибесінде Бағдарламаның
түйінді идеяларын қолдану;
● Бағдарламаның түйінді идеяларын тәрбиелеу мен оқыту тәжірибесіне енгізу
және одан әрі дамыту туралы ойлану.
Қорытынды бағалау екі рәсімнен тұрады:
• педагогтердің портфолиосын бағалау;
• таныстырылымды бағалау.
Портфолио
мен
таныстырылымды
бағалау рәсіміндегі ең маңыздысы педагогтің
өзінің тәжірибесінде Бағдарламаның идеяларын пайдалана білу қабілетін анықтау болып
табылады. Себебі бұл көрсеткіштер олардың жұмыс тәжірибесі өзгергендігін көрсетеді,
Бағдарламаның басты мақсаты осы.
Достарыңызбен бөлісу: