Байланысты: 3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2
ЭТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР Бұл бағдарлама мектепке дейінгі ұйым шеңберінде немесе басқа кәсіби қызметте
өткізілген тәжірибелік зерттеу болуын көздейді. Мұндай зерттеу сауал және сұхбат
сияқты әдістердің көмегімен балалардың, әріптестердің немесе атааналардың пікірлерін
немесе олардың тәжірибелерін жинақтауды қамтуы мүмкін. Зерттеу топта немесе
мекеменің басқа бөлігінде жүргізілген байқау, бейнежазба немесе фотосуреттерден
тұрады. Осылайша деректерді жинау кезінде адамдардың жеке өмір құқығын бұзу
немесе оның беделіне, не болмаса кейбір жағдайына зиян келтіру қаупі туындауы
мүмкін. Мұндай тәуекелдер басқаларға, атап айтқанда балаларға қауіп тудыруы мүмкін.
Жоғарыда аталған себептер бізді мәселелерді мұқият талдап, хаттамалар мен
рәсімдерді іріктегенде саналы таңдау жасауға итермелейді. Төменде қабылдауға қажетті
10 ісәрекет тізімі келтірілген:
Сіздің зерттеуіңізді өткізу жоспарланған нақты жағдаят саясатынан кеңес алу
және оны ұстану.
Зерттеу өткізу туралы этикалық мәселелер бойынша кеңес алу және олардың
Сіздің
зерттеуіңізге
сәйкестігін
ескеру.
http://www.bera.ac.uk/blog/category/
publications/guidelines/
Мектеп жасына дейінгі балалардан сұхбат алу, деректер жинау, бейне- және
фототүсірілімдер бойынша ұйым саясаты әзірленгендігін анықтау. Саясатта оларды
өткізуге рұқсат беру туралы мәселелер қалай баяндалған, құжаттарды қалай сақтауға
болады?
Балаларды эксперименттік тәжірибеге немесе зерттеуге қатыстыру үшін
балалардың атааналарынан немесе қамқоршыларынан алдын ала рұқсат сұраңыз. Ата-
аналарға жіберілген хатта жұмыстың мақсаты мен сипатын толығымен түсіндірілуін
қамтамасыз етіңіз және олардың хатты алғандығына көз жеткізіңіз. Атааналардың
келісімін жазбаша растауын өтініңіз.
Өзіңіздің ниетіңізді жоспарда жазбаша түрде жазыңыз және әріптестеріңізбен,
атап айтқанда ұйым басшысымен өз жобаңыздың мақсаты жайлы кеңесіңіз.
Деректерді жинаудың қандай тәсілін қолдансаңыз да, жұмыстың мақсаты мен
нәтижелерін пайдалану әдістерін толық түсіндіруіңіз керек. Барлық қатысушылардың
келісім бергеніне мұқият көз жеткізіңіз.
Сұхбат немесе пікірталастың кез келген жағдайында, үшінші тараптың
(балалардың, ата-аналардың, әріптестердің) жеке өмірі мен беделін қорғау қалай
қамтамасыз етілетіні туралы айқын хаттамалар белгіленеді.
Құпиялық қағидатының сақталуын ескеріңіз. Кейбір жағдайларда өз жұмысын
таныту мақсатында ұйым немесе педагогтер бұл қағиданы бұзуы мүмкін.
Сұхбат берушілер (балалар, әріптестер, басшылық) Сіздің зерттеуіңіз туралы
пікір ала алатындығын қадағалаңыз.
Зерттеуіңізде балалардың мүдделері барынша ескерілуін қадағалаңыз.
Бұл ұсыныстарды қоспағанда, Сіз өз зерттеуіңіздің этикасын анағұрлым кең
мағынада қарастыра аласыз. Зерттеу өткізу және бағдарлама талаптарын
қанағаттандыру мақсатында әріптестеріңізді және/немесе балаларды өзіңізбен
ынтымақтастықта жұмыс істеуге жұмылдыра аласыз, бірақ Сіздің жобаңыз мектепке
дейінгі ұйым үшін де, басқа шақырғыңыз келетіндер үшін де тиімді бола ала ма?
Мысалы, шешім қабылдауға қолдау көрсету үшін балабақша қажетті дереккөздермен
қамтамасыз етіле ме немесе өз пікірлерін білдірген балаларға пайда бола ма?