Билет №6 Модуль А. «Кәсіби қызметте білім беру мен оқытудың теориялық және практикалық негіздерін сипаттау»



бет1/13
Дата07.06.2022
өлшемі55,19 Kb.
#146151
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
БИЛЕТ педагогика

    Бұл бет үшін навигация:
  • Идеал

БИЛЕТ №6
Модуль А. «Кәсіби қызметте білім беру мен оқытудың теориялық және практикалық негіздерін сипаттау».

  1. Отбасы – халық педагогикасының негізі. Отбасының ұрпақты тәрбиелеу бойынша ұлттық педагогикада алатын орны.

Отбасы – бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің негізгі құралы болып келеді. Сондықтан ол – адам үшін ең үлкен орта.
Отбасы – белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің кепілі.
Отбасы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата – аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі – ұтымды ырғақ жасау. Күн ырғағы өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.
Балалардың күн ырғағы И. П. Павловтың іліміне негізделеді. Ол жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрсетті. Күн ырғағы баланы жинақтылыққа, тіл алғыштыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Күн ырғағын жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс. Отбасында күн ырғағының негізгі элементтері – еңбек демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет. Күн ырғағын сақтау негізінде мидың үлкен жарты шарының қабында рефлекстер жүйесі (динамикалық стереотил) пайда болады. Мысалы: бала белгілі бір уақытта ұйықтауға үйренсе, оның ми қабатында тежелу процесі басым болады да тез ұйықтауға кіріседі. Сондықтан ата-аналар балалардың белгілі бір уақытта сабаққа дайындалуға, тұруға үйретулері, яғни ырғақ элементтері берік орындалуы тиіс.
Отбасы жағдайын және баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны ата-аналар түрлі еңбек іс-әрекеттеріне үйретулері қажет. Бала – отбасы мүшесі, оның өз міндетін адал ниетпен орындауы – зор қуаныш. Отбасының бала еңбегіне артық салмақ түсірмей, парасатты ұйымдастырғаны жөн. Үйге берілген оқу тапсырмаларын үнемі орындап отыруға бақылау жасау, көмектесу, балаларды өз бетімен жұмыс жасай білуге үйрету. Отбасылық тәрбиенің басты жағдайларының бірі – бұл ерлі- зайыптының өзара махаббатына, көзқарасының, мүдделерінің, сенімділіктерінің және ұжымдық іс-әрекеттерінің бірлігіне негізделген татулық. Мұндай ортада қиыншылықты жеңе білетін қабілетті, байсалды, ақжарқын адамдар өседі. Олар ұжымды, жеке басының қамын ойлайды, басқа адамдар үшін де өмір сүре алады.
Отбасының өзіне тән ерекше функциялары бар. Олар: халық санының өсуі; адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік – шаруашылық функциясы, отбасының тәрбиелік функциясы отбасы мүшелерінің өзара және туған- туысқандарымен қарым- қатынас жасау функциясы [3].
Отбасылық тәрбие бірқалыпты жағдайда іске асырылып отырмайды. Тәжірибе мәліметтеріне қарағанда отбасылық тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі – үлкен адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан болады.
Біріншіден: отбасында болатын өктемдік баланы өзін-өзі билеушілігінен айырады, әрбір қадамына бақылау жасайды, ол өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімсіз және ішкі жәй-күйі төмен болады.
Екіншіден: баланы еркелетушілік, бетімен жіберушілік, ата-аналардың бәрін кешірушілік сүйіспеншілігіне байланысты. Баланың жетегіне түсіп, еркіне жіберушілік өзімшілікке тәрбиелейді.
Үшіншіден: әке мен ананың және басқа отбасы мүшелерінің тарапынан бірыңғай талаптың жоқтығы. Осының нәтижесінде ата-аналарды немесе ересек отбасы мүшелерінің көзқарастарындағы алалықты пайдаланып, бала екі жүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өседі.
Төртіншіден: ата-аналар балаларды еркімен қарым-қатынас жасаудан, өмірден аулақтауға тырысады, бөгет жасайды. Бұл баланың қалыптасуына, дамуына залалды әсер етеді.
Бесіншіден: егер әке мен ана өз баласының іс-әрекетіне немқұрайлы, жауапсыздықпен қараса, онда соны пайдаланып, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіндік алады.
Біздің халқымыздың отбасы жағдайында жас ұрпақ тәрбиесіндегі жетекші буын ата-әже іс-әрекетінің төңірегіне шоғырланған. Себебі, отбасында әке мен шеше негізгі еңбек иелері, отбасы қажеттілігін қамтамасыз етушілер. Ал ата мен әженің өмір тәжірибесі өз дәрежесінде даналық ақыл-ойдың, орынды дүниетанымының, талғамның, денсаулық бағбанының, орынды тәртіп пен мінез-құлықтың мектебі болып табылады.
Қорыта айтқанда, күнделікті ертемен маңдайынан иіскемеген, әже бауырының ыстығын сезбей өскен бөбектің рухани жан дүниесіне нұқсан келе береді.
Өскелең жас ұрпақ – қазақ шаңырағының берік болғандығын өмірінің арқауы еткені, аға ұрпақ дәстүрінен аттамағаны жөн.
Отбасы – туысқандық байланыста болатын (күйеуі, әйелі, ата-анасы, әкесі, т.б.), бірлесіп, әлеуметтік тұрмыстық өмір сүретін адамдар. Онда мынадай функциялар жүзеге асырылады. Репродуктивтік, яғни балалардың тууы, шаруашылық-экономикалық, тәрбиелеушілік, адамгершілік-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету; отбасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру; бос уақытты тиімді ұйымдастыру.
Отбасы – қоғамның алғашқы ұяларының бірі. Отбасында баланың айналасын қоршаған дүние жайлы алғашқы түсінігі, көзқарасы, сезімі, әдет- дағдылары бой көрсетіп қалыптасады.
Баланың дұрыс өсуіне қажетті жағдайлар жасау, оның орта білім алуына, мамандық, кәсіп таңдауына көмектесу, еңбекке дағдыландыру, қоғам мен өз мүлкіне ұқыпты қарауға үйрету ата-ананың басты борышы.
2. Жеке тұлға туралы түсінік. Жеке тұлға бағыттылығы. Жеке тұлғаны қалыптастыратын факторлар.
“Жеке тұлға” термині бірнеше түрлі мағынаға ие. Оны зерттеумен психологияның түрлі аспектілерін құрайтын ерекше бөлім айналысады, ол – персонология (ағылшын тілі, “personaliti”, латын тілі “persona” – жеке тұлға, даралық ұғымдарын білдіреді.. Персонология (жеке тұлға психологиясы.– адамның даралық ерекшеліктерін түрлі зерттеу тәсілдері арқылы түсіндіруге тырысатын пән болып табылады.
Психологияның ғылым саасы ретінде пайда болуының түпкі себебі – адамзаттың өз тұлғасына деген ерекше қызығушылық, танып білуге деген сұраныс. Бүгінгі жеке тұлға психологиясының негізгі мақсаты адамның өзін-өзі ұстау ерекшелігін ғылыми тұрғыдан түсіндіру. Сондықтан жеке тұлға психологиясының тарихында көптеген концепциялар жасақталынған, бірақ әрине олардың ішінде эмпирикалық тексеруге жарамды нақты және неғұрлым қарапайым тұжырымдамалар ғана жұмыс істеуге жарамды.
Адам баласын біз қашан жеке тұлға деп айта аламыз. Адам баласы табиғаттың ерекше кемелденіп жетілген өнімі. Ол – белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандайда бір іспен шұғылданады, оның өз тәжірибесі , білімі, түйген ойы мен көзқарасы, өзіне ғана тән өзіндік ерекшеліктері болады. Ендеше, жеке тұлға — түрлі психологиялық ерекшеліктері әлеуметтік ортамен шарттас, тұрақты, адамның өзіне де, өзгелер үшін маңызды де болып табылатын адамгершілік әрекеттерін анықтайтын қасиеттер жиынтығының иегері болып табылады. Яғни бұл өте күрделі компоненттер жиынтығы. Сондықтан бұлар адамның жекелігін, басқаларды қайталамайтындығын дәлелдейді. Жеке тұлға – дүние таным қабілеті бар, сыртқы ортаның неше түрлі әсерлерін бастан кешіріп, оларға төзімділік көрсете алатын, табиғатты өзгертуге ықпал ете алатын жан. Жеке тұлғаның онтогенезде қалыптасуы және даму туралы нақты ортақ теория жоқ. Дегенмен жеке тұлғаның тума құбылыс емес, жүре қалыптасатындығы ортақ тұжырым мен сәйкес дәлелдемелер бар.
Бағыттылық – адамның әлеуметтік және рухани жағынан даму динамикасы, оның мінез-құлқының негізгі тенденциялары көрінетін ең маңызды феномен. Бағыттылық үнемі әлеуметтік тұрғыда шартталады және онтогенезде оқу, тәрбиелеу процесінде қалыптасып, тұлғаның құрылымы ретінде көрінеді. С.Л. Рубинштейн бойынша, тұлғаның бағыттылығы динамикалық тенденцияларды білдіреді, мұнда мінез-құлық мотиві ретінде адамның іс-әрекеті анықталады. Тұлға бағыттылығының құраушыларына оның пәндік мазмұнын сипаттайтын мағыналық компонент және динамикалық компонент (бағыттылықтың қайнар көзіне байланысты туындайтын қысым) жатады. «Динамикалық тенденциялар» тұлға өмірінде қажеттіліктер, бағдарлар, қызығушылықтар мен идеалдар арқылы көрінеді. С.Л. Рубинштейн бағыттылықты тұлғаның негізгі қызығушылықтары, қажеттіліктері, бейімділіктері мен ұмтылысының сипаттамасы ретінде қарастырған. Тұлға бағыттылығының иерархиялық ретте келесідей формалары бар. Ең алдымен құмарлық қарастырылады. Құмарлық – бұл бағыттылықтың биологиялық формасы болып табылады. Психологиялық көзқарас бойынша бұл дифференциалды емес, бейсаналы немесе жеткілікті түрде бейсаналы қажеттілікті анықтайтын психикалық күй. Әдетте, құмарлық уақытша құбылыс, себебі мұндағы қажеттілік жоғалады немесе қалауға айналып саналы таңдалады. Қалау – бұл саналы қажеттілік және белгілі бір құбылысқа құмарлық. Ол болашақ іс-әрекеттің мақсаты мен оның жоспарын құруды ұштастырады. Бағыттылықтың бұл формасы тұлғаның тек өз қажеттіліктерін саналы ұғынумен ғана сипатталмайды, сонымен қатар, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдары да сараланады. Бағыттылықтың келесі формасы – ұмтылыс. Ұмтылыс – қалаудың құрылымына ерік-жігер компоненті кіргенде туындайды. Сол себепті, ұмтылыс әрекет етуге белгілі итермелеуші ретінде қарастырылады. Тұлға бағыттылығының көрінуінің келесі формасы – бұл идеал. Идеал – бұл индивидтің нақты образында немесе бейімділіктерінің мақсаты болып табылады, яғни оның ұмтылысы мен бағдарлары. Наным-сенім – бағыттылықтың жоғары фомасы, бұл тұлғаның өзінің көзқарастары мен қағдаларына сәйкес әрекет етуге итермелейтін мотивтер жүйесі. Наным-сенімдердің негізінде саналы қажеттіліктер жатыр, олар тұлғаны әрекет етуге итермелеп іс-әрекет мотивациясын қалыптастырады. Психологиялық әдебиеттерде тұлға бағыттылығының бірнеше түрлері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет