педагогтердің жоғары біліктілігін, бастапқы білім алуы мен қосымша оқуы, педагогтердің
біліктілігін арттыру үшін уақыт пен ресурстарды талап етеді.
Оқу бағдарламасы еліміздің педагогтеріне жеткілікті дәрежеде қолдау көрсетуді
қамтамасыз етуі үшін, практикалық және
әдістемелік нұсқаулықтармен, педагогикалық
тәжірибе мысалдарымен толықтырылады.
Оқу бағдарламалары педагогтердің тәжірибесіндегі негізгі бағдар болып табылады,
балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы іс-әрекет бағыттарын нұсқайды немесе ұсынады.
Олар педагогикалық әдіс-тәсілдерді, педагогикалық іс-тәжірибеге, оқу мақсаттарына
немесе даму нәтижелеріне қатысты бірқатар ұсыныстарды қамтуы мүмкін.
Бірқатар елдерде бірыңғай ұлттық бағдарламаны енгізу
кіші жастағы балаларды
тәрбиелеу мен оқытудағы мақсаттар мен міндеттерге қатысты белгілі бір келісімге қол
жеткізуге ықпал ететіндігін атап өтті (OECD, 2012; 2015). Сондай-ақ олар ең негізгі
критерийлерді белгілейді (мысалы, педагог/бала қатынасы; педагогтерді даярлау/бөлу);
педагогикалық қызметтің күрделілігі мен маңыздылығын қоршаған әлемге көрсетеді, бұл
осы қызмет саласы мәртебесінің артуына алып келеді. Сонымен қатар оқу бағдарламасы
педагог кадрлар үшін қажетті жағдайларды жасау, олардың бастапқы дайындығы,
біліктілігін арттыруы және әрі қарай үздіксіз білім алуы үшін мақсат қояды (OECD, 2001).
2018 жылы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты (бұдан әрі – МДТОМЖС)
жаңартылып, мектеп жасына дейінгі
балалардың
дайындық деңгейіне қойылатын талаптар белгіленді. Бұл қазақстандық мектептердің
жаңартылған білім мазмұнына көшуімен байланысты жүзеге асырылды.
Осыған орай «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы»
әзірленді. Бағдарламада мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы,
ықпалдастығы мен үздіксіздігі принциптері белгіленді. Сонымен қатар балалардың
әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігер, физикалық және зияткерлік дайындығы
мәселелері қарастырылған. Коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға, балалардың
танымдық және әлеуметтік уәждерін арттыруға, білім алуға қызығушылығын дамытуға
баса назар аударылды.
Жаңартылған оқу бағдарламасы педагогтер тәжірибесінің бағыт-бағдарын
айқындап, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту қызметіндегі негізгі
бағыттарды ұсынады. Оқу бағдарламасында оқу мақсаттары мен нәтижелеріне жетудегі
педагогикалық
тәсілдер, педагогикалық тәжірибеге қатысты бірқатар ұсыныстар
қамтылған.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны
балалардың жан-жақты дамуына,
олардың жас және тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік дағдылары мен
өзіндік оқу дағдыларын
дамытуға бағытталған
Достарыңызбен бөлісу: