Байланысты: 3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2
Мектеп жасына дейінгі баланың ой-пікірін қалай білуге болады? Бұл мынадай түрде болуы мүмкін:
- мұқият ойланып, содан кейін ғана жауап беруді қажет ететін сұрақтар арқылы;
- ересектер таптаурын болған сөздермен емес, мұқият ойластырылған жауап алу
үшін әртүрлі түрлендіруге болатындай құрастырған сұрақтарға жауап беру арқылы,
- балалардың өз ой-түсініктерін сызбалар, сурет нобайлары түрінде бейнелеп,
айналасындағы кеңістік туралы, белгілі бір проблема туралы өз идеяларын сипаттауға
тырысатын суреттері арқылы. Бұл жерде ересектердің міндеті – суреттерге мұқият көңіл
бөліп, баланың ой-пікірін тыңдау, ол өз ойын айту арқылы өзінің түсінігін немесе
қалауын білдіреді;
- баланың жан-дүниесі туралы және қоршаған әлем туралы түсінігін бейнелейтін
әңгімелер арқылы;
- баланың нені білетінін, қалай түсінетінін, көңіл күйі мен жетістіктерін бейнелеуге
мүмкіндік беретін ойындар арқылы.
«Бала үнін» не үшін есту қажет? 1.
Бала ересектердің өзін тұлға ретінде сыйлайтынын сезінуі және түсінуі қажет.
Бұл үшін төмендегілер аса маңызды:
- ересектер баланың сұрағына жауап берерде сәл кідіріс жасап, ойланып жауап
бергені жөн;
- баланың қойған сұрағына орай қарсы сұрақтарды дер кезінде дұрыс қоя білу
керек;
- баланың көңіл күйін, салған суретін, ертеңгілікте өнер көрсетуін, тамағын,
ұйқысын және т.б. баламен бірге талдау;
- балаға дұрыс қолдау көрсете білу керек, мысалы, «жарайсың, мұның қызық
болды»;
- белгілі бір шешімді таңдау немесе қабылдау үшін баламалы шешімдер ұсына білу
және т.б.
Мектепке дейінгі білім беру бойынша әлемдегі жетекші мамандардың бірі Тони
Бертрамның пікірінше, «Бала үнін» ескеру балалардың келешекте демократиялық әлемнің
толыққанды азаматтары болып қалыптасуы үшін ғана емес, балалар қазірдің өзінде қоғам
азаматтары ретінде өз ойын еркін айту құқығын бала кезден пайдалана білуге дағдылануы
үшін қажет.
2.
Бала өзінің тұлға екенін түсінуі және одан әрі дамуға ұмтылуы керек. Мысалы,
өздерінің әртүрлі жұмыстары, альбомдары, суреттері мен ойыншықтары қамтылған
«сөйлейтін қабырғалар» түрінде.
3.
Балалардың бойында қазіргі әлемде қажет болатын шығармашылық қиялды,
креативтілікті дамыту қажет, көп жағдайда ересектер (оның ішінде педагогтер) бұл
қасиеттерді жоғалтып алған. Балалардың бойында бұл дағдыларды дамыту үшін арнайы
жазбалар жүргізуге, балалардың қойған сұрақтары мен қызықты жауаптарының, айрықша
ой-пікірлерінің конспектілерін жасауға, оларды мүмкіндіктері мен қажеттіліктері әртүрлі
балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолдануға болады.