268
Сахабалар салған сара жол
Осман
(р.а.)
былай деген: «Пайғамбарымызбен бір-
ге Батхада жүргенде, мүшріктер Аммарды және оның
әке-шешесін Исламнан бас тартқызу үшін, ыстық
күннің астында азаптап жатқанын көрдік. Аммардың
әкесі «Уа, Расулаллаһ, бұл қашанға дейін жалғасады?»
– деп налығанда, Аллаһ елшісі: «Сабыр етіңдер, Ясир
әулеті! Сабыр етіңдер», – дейді де, «Аллаһ тағалам!
Ясир әулетін кешір. Оларды кешірдің деп үміттенемін»,
– деп дұға етеді»
245
.
Мүжаһидтен келген риуаят бойынша, Исламның
алғашқы шейіті – Аммардың анасы Сүмәйя (р.а.). Әбу
Жәһіл Сүмәйяны (р.а.) кіндігінен төмен найза шаншып
шейіт еткен еді.
246
Аммарды мүшріктердің күштеп күпірлікке
итермелеуі
Әбу Убайда ибн
Мұхаммед ибн Аммар жеткі-
зеді: «Мүшріктер Аммарды (р.а.) ұстап алып, Аллаһ
расулын балағаттап, өздерінің
пұттарына мақтау біл-
дірмейінше, оны жібермейтіндіктерін айтады. Аммар
Пайғамбарымызға
(с.а.с.)
келген кезде, екі әлем Сар-
дары: «Жағдайың қалай?» – деп сұрайды. «Масқара
болдым, уа, расулаллаһ!
Саған тіл тигізіп, тәңірлерін
мақтамайынша мені босатпады», – дейді. Аллаһ расулы:
«Өзің не сезініп тұрсың?» – деді. Аммар: «Жүрегімнің
иман нұрына бөленгенін сезініп тұрмын», – дейді. Сон-
да Пайғамбарымыз: «Егер келесі жолы сені қыспаққа
алып, қинаса, осылай істе», – дейді
247
.
245
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 13/494 (37369); Ибн Сағыд, әт-
Табақатул-кубра 3/177
246
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/59
247
Әбу Нуайм, Хилия 1/140
269
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
Мұхаммед айтады: «Бір күні Пайғамбарымыз ебіл-
дебіл жылап келе жатқан Аммармен кездесіп қалады.
Аллаһ расулы Аммардың көзінің жасын сүртіп тұрып:
«Кәпірлер сені ұстап тұншықтыру үшін суға батыр-
ды, сен осылай да осылай дедің. Егер тағы да басыңа
әңгіртаяқ ойнатып, қамшы үйірсе, сен тағы да сөйт»,
– дейді.
Амр ибн Мәймунның айтуынша, мүшріктер Ам-
мар ибн Ясирді (р.а.) отқа қақтап азаптаған болатын.
Пайғамбарымыз Аммарды басынан сипап: «Ей, от!
Ибраһимге қандай салқын болсаң, Аммарға да сондай
жайлы бол! – дегеннен соң, – сені тура жолдан шыққан
қауым өлтіреді», –
деп кейіген еді
248
.
Достарыңызбен бөлісу: