Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


жүйенің икемделінуі (адаптациялануы)



Pdf көрінісі
бет51/120
Дата04.09.2022
өлшемі2,17 Mb.
#148709
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   120
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

жүйенің икемделінуі (адаптациялануы).
Машиналық 
аударма жүйесінің нақты тұтынушының мұқтаждығына және 
өңделетін материалдың ерекшелігіне қарай икемделу мүмкіндігі 
болуы қажет. 
– 
уақытша параметрлердің оптималдығы (ауқымдылығы).
Машиналық аударма жүйесінің аударма жасау жылдамдығы 
уақыт бірлігі ішінде қабылданатын ақпарат көлемімен немесе 
жүйені тұтынушы ретіндегі редакторлардың, аудармашылардың
мамандардың жұмыс әрекетімен сәйкес келіп отыруы қажет.
– 
тұтынушыға жайлылық (комфорт).
Жүйенің сервистік 
құралдары тұтынушының әрекеттерінің «пакеттік» және диалогтік 
режимдері үшін аса қолайлы болуы шарт.
Эксперименттік жүйелерді құрудың мақсаты машиналық 
аударманың даму жолдарын зерттеу, адамның ойлау-сөйлеу 
қызметін модельдеу болып табылады. Тек осы аталған тұрғыда 
ғана машиналық аударма мен жасанды интеллекттің міндеттері бір-
бірімен сәйкес келе алады. Эксперименттік жүйелер мен оларды 
құрастырушы ғалымдар машиналық аударманың көшбастар рөлін 
атқарады да, ал олардың қол жеткізген нәтижелері өндірістік 
жүйелерде қолданыс табуы мүмкін. Мысалы, Саарбрюкен 
университетінің SUSY атты эксперименттік жүйесін құру арқылы 
алынған нәтижелері бойынша MARIS атты өндірістік жүйе 
құрылуда және SUSANNAH атты аудармашының автоматтанған 
жұмыс орны зерттеліп, жасалуда. 
2.
Жүйенің автоматтану дәрежесі.
Практикалық тұрғыдан 
қарастырғанда, машиналық аударма жүйелерінің барлығы да 
адамның (маманның) араласуын қажет етеді. Бірақ бұл өлшемді 
қолдану жүйені екі қарама-қарсы көзқараста топтауға мүмкіндік 
береді: редакциялауда қажет ететін машиналық аудармадан бастап, 


125
аудармашы адамға көмек беретін жүйеге дейін 
(аудармашының 
автоматтандырылған жұмыс орны жайлы Бүкілодақтық 
аударма жасау орталығы құрастырған СПАС атты жүйені 
қараңыз)

Шынында да, бұл жүйелердің негізгі айырмашылығы адамды 
аударма жұмысына тарту стратегиясы – жүйе арқылы алынған 
нәтижені редакциялау немесе машинасыз (дәстүрлі) аудару кезінде 
машиналық аударма жүйесінің аса күшті сөздіктер мүмкіндігін 
пайдалану. Осыған қарай редакциялау кезеңі мен оның көлемі 
айырым табады. Мысалы, машиналық аударманың өндірістік 
жүйелерінде аударылған материалдың 20 пайызын қамтитын 
бөлігі үшін соңынан редакциялау (постредактирование) тәсілі кең 
түрде қолданылады 
(ALPS, ENGSPAN, LOGOS, METAL, SPANAM 
жүйелерін салыстырыңыз).
Әсіресе, бұл жайт мәтіндер жиынын 
пакеттік режимде өңдеуді қарастыратын жүйелерге тән болып 
келеді. 
Машиналық аударма нәтижесі, ең алдымен, әрі қарайғы 
өңдеулерді қажет ететін бастапқы аударма нәтиже болатындығын 
ескере отырып, машиналық аударма мәселесін зерттеуші 
ғалымдар арнайы сервистік жүйені құрудың және практикалық 
машиналық аударма жүйесінің нәтижелігін бағалау үшін ондай 
сервистердің деңгейлік дәрежесінде де ескеру қажет екендігін 
байқауда. Мұндай сервис, әдетте, редакциялау құралдарын, сөздік 
жүйелерін интерактивті түрде енгізу құралдарын (автоматтанған 
лексикондарды) және т.б. өз құрамында сақтайды. 
Ақпарат ағымының жаңа толқыны машиналық аударма 
жүйелерін күнделікті өмірде кең түрде қолдану қажеттігін 
айқындап отыр, сондықтан қажетті ізденістер барысында жоғарыда 
аталған мәселелер толық түрде ескерілуі керек. 


126


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет