3-тарау.
Сақтар
101
Сұрақ құрастырыңдар
Тапсырманы оқушыларға мәтінді оқып, танысқан-
нан кейін орындатыңыз. Мәтінді 1-2 оқушыға мә-
нерлеп оқытыңыз. Тапсырманы оқушының қабілеті-
не қарай түрлендіруіңізге болады. Кейбір оқушылар
мәтінді оқығаннан кейін 3 жеңіл сұрақ құрастырсын.
Ал үздік оқитын оқушылар үш жеңіл, екі күрделі
сұрақтан дайындасын. Қалған оқушылар 3-4 күрделі
сұрақтар құрастырады. Қорытынды жасағанда Спи-
таменнің қолбасшылық рөліне назар аудартыңыз.
Оның жеке басының қасиеттері қандай болу керек
екендігін талқылаңыздар.
Жауаптары.
Жеңіл сұрақтар:
Македонский
басқыншыларына қарсы көтерілісті кім басқарды?
Спитаменнің әкесі кім болды? Спитамен көтерілісі
туралы Арриан не деп жазды?
Күрделі сұрақтар:
Неліктен сақтар Спитаменмен одақ жасасуға келісті?
Соғыс халықтардың өміріне қалай әсер етті?
Македо-
ниялықтардың жорығы шығыс және батыс халықта-
рының байланысына қаншалықты әсер етті? Спита-
меннің қандай қасиеттері халықты көтеріліске бастап
шығуға мүмкіндік берді?
Ойланыңдар
Сұраққа жауап беруді жұпта орындатыңыз. Екі
үш жұптың жауаптарын тыңдатыңыз. Жауаптарды
тыңдағаннан кейін оқушылар мәтінді өздігінен оқы-
сын. Сұраққа оқушылардың мәтіннен қаншалықты
жауап ала алғандығын анықтаңыз.
Жауаптары.
Сырдария жағасына македондықтар-
дың бекініс-қала тұрғызуын сақтар олардың біржо-
лата бекінуі деп түсінді. Бұл сақтардың жеріне қауіп
төндіреді. Өзеннің екі жағасы тым жақын еді. Еркіндік
сүйгіш сақтар басқа елдің тәуелділігінде болуды қа-
ламады.
Анықтаңдар
Тапсырманы топта орындатыңыз. Әр топқа сақтар-
дың соғыс өнері туралы жазылған кеспеқағаздар
таратыңыз. Осы кеспеқағаздар негізінде өз жерін
қорғаудың «әскери жоспарын» ұсынуға тапсырма
беріңіз. Топтың басшысы сақ қолбасшысының рөлі-
не еніп, өз «әскери жоспарын» ұсынады. Топтар өз
«әскери жоспарымен» таныстырып, талқылайды.
Тапсырманың соңында барлық сынып қай топтың
ұсынған жоспары ең ұтымды екенін таңдап, дәлел-
деуі тиіс. Кейін Македонский жорығының сәтсіз
аяқталу себебін алған білімдері бойынша анықтайды.
Анықтаған себептерді маңыздылығы бойынша орна-
ластыруын сұраңыз.
Достарыңызбен бөлісу: