5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет162/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Уақыт сызығына белгілеңдер
Тапсырманы оқушылардың дәптерлеріне орында-
тыңыз. Мәтінді оқып, Александр Македонскийдің жо-
рығы болған және Арриан өмір сүрген жылдар ара-
лығын есептеуді сұраңыз. Екі оқиғаның қаншалықты 
бір-біріне жақын екендігіне көз жеткізеді. Сұрақтар 
бойынша дәптерлеріне жауаптарын жазады. Оқушы-
лар хронологияны уақыт сызбасына қойғанда жыл 
санаудағы ерекшелікті біледі. Бұл оқиғаның қанша 
жыл бұрын болғанын есептеп шығарады.
Жауаптары. 
Александр Македонскийдің сақ жері-
не жасаған жорығы б.з.д. 330–327 жылдары болса, 
б.з. 90–175 жылдары өмір сүрген Арриан «Александр 
жорығында» деген еңбегін жазды. Екі оқиғаның ара-
лығы – 3 ғасыр. Арриан еңбегін 320 жылдан кейін 
жазып отыр. Арриан зерттеулері сенімді. Тарих үшін 
аталған уақыт аралығы соншалықты алшақ емес.
Ойланыңдар
Тапсырманы оқушыларға жеке орындатыңыз. 
Тапсырманы оқушылардың қабілеттері бойынша түр-
лендіруге болады. "Александр Македонский сақтар-
ды соғыста тізе бүктіре алмады" деген тұжырымға
кейбір оқушылар жеке ұғымдар түрінде 3 болжам-
ды дәлел келтіреді. Екі-үш оқушыға үш дәйек түрінде 
болжам жасайды. Ал басқа оқушыларға екі көзқа-
растағы қарама-қарсы дәйектер құру тапсырмасын 
беріңіз. Олар «Александр Македонский сақтарды 
соғыста тізе бүктіре алды» және «Александр Маке-
донский сақтармен соғыста жеңіліс тапты» деген екі 
бағытта дәйектер келтіру тапсырмасын орындайды.
Жауаптары. 
Грек-македон әскерлерінің әскери 
техникасы жоғары деңгейде болғанымен, шөлді ай-
мақтардағы сақ-массагеттер өз әскери стратегиясын 
шебер пайдаланды. Қатал табиғи жағдайларға шыдай 
алмаған басқыншылар кері шегінуге мәжбүр болды.
Бағалау мүмкіндіктері
Оқушылар бұрынғы алған білімдерін қолдана оты-
рып, оқулық суреті мен сұрақтарды жұпта талқылап, 
өз көзқарастарын дәлелдейді. Абай Құнанбаевтың 
"Ескендір" поэмасын рөлге бөліп оқиды. Оқушылар 
уақыт сызығын қолданып, жыл санаудан бұрын қан-
дай оқиғаның, кейін қай оқиғаның болғанын анықтап, 
хронологияны уақыт сызбасына қоюдағы жыл санау 
ерекшеліктерін біледі. 
"Ойланыңдар" айдарындағы тапсырманы деңгейлі 
түрде орындайды. "А. Македонский сақтарды жаулап 
ала алмады" деген тұжырымға оқушылар болжам-
ды дәлелдер келтіреді. Кейбір оқушылар бір бағытта 
дәйек келтірсе, қалған оқушылар жақтау мен даттау 
бағытында дәйектер құрастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет