5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет160/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Қосымша тапсырма
Шырақ – батырлықтың, ерліктің, отансүйгіштіктің 
үлгісі. "Шырақты қазіргі кездегі жағдайда қандай ма-
рапат түріне ұсынар едіңдер?" деген сұраққа сәйкес 
оқушыларға тапсырма беріңіз. Батырды марапаттау 
үшін ұсыныс хат жаздыртыңыз.
Ұсыныс хаттың құрылымы:
Ұсыныс хат кімге жолданады.
Өтініш, сұрау, ұсыныс.
Ұсынылған марапат түрі. 
Марапаттауға ұсыну себептері.


98
3-тарау.
Сақтар
3.8.
Сақтардың Александр Македонский әскеріне 
қарсы күресі (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.3.2.1 Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің 
халықаралық сахнадағы орнын анықтау.
Тірек сөздер
жорық
Ресурстар
1. Құнанбаев А. Ескендір поэмасы.
2. Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге 
дейін. I том. – Алматы, 2010.
3. Жайнақов Е. Ұлы дала мемлекеттері –
Алматы, 2010.
Оқулық: Сақтардың Александр Македонский әскеріне қарсы күресі, 
98-99-бет.
Зерттеу сұрағы:
неліктен 
Александр 
Македонский дің сақтарға жасаған жорығы сәтсіз 
аяқталды?
Сабаққа дайындық
Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасынан үзінді, 
Ескендір, Аристотель, күзетші рөлдеріндегі сөздерді 
дайындаңыз. 
Сабақтың деректі материалдары
Александр Македонский б.з.д. 356 жылы 
Македония мемлекетінде дүниеге келген. Оның әкесі 
Филипп – ежелгі Македонияның патшасы. Алек-
сандр жас кезінен білімді, тәжірибелі ұстаздардан 
тәрбие, өнеге алды. Аристотель Александрға 13 жа-
сынан бастап этика, саясат пәндерінен сабақ береді. 
Плутарх айтқандай, Алексанр Аристотельді ерекше 
құрмет тұтқан. Сонымен қатар А. Македонский бола-
шақ елбасшы ретінде әскери істі игеріп, жеңімпаздық 
рухта тәрбиеленеді. А. Македонский 16 жасқа кел-
генде әкесі жорыққа аттанып, мемлекеттік басқару 
ісін ұлына тапсырады. Әкесімен тізе қосып, бірге та-
лай жорықтарға қатысады. Ол осы жорықтарда өзінің 
қолбасшылық шеберлігі мен қабілеттілігін айқын 
көрсетті. Филипп б.з.д. 336 жылы кенеттен қайтыс 
болды. Македония патшалығының мұрагері ретінде 
Александр Македонский таққа отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет