Орындаған: Толеген Аружан, ТӨТ-101 Тексерген: Ельмуратов.Г.Ж Торайғыров университеті. Қысқаша өмірбаяны - Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен он жасында Аристотель Афины қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады. Ол сонда шамамен жиырма жыл бойы, б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін қала берді. Содан соң ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы Һермиас патшаның иеліктеріне сапар шекті. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Һермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Ол туған қызды ол Пития деп атады. Һермиас қайтыс болғаннан кейін Аристотельді Македония патшасы Филипп өзінің ұлы Александрға тәлімгер болуға шақырды. Ол Александрды сабап оқытты деседі.
Аристотель-құлдық дәуірінің ойшылы. - Ол ғылым мен парасаттың көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-жақтылы зерделеп, жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына нақты ғылыми зерттеулер жасап, артына сүбелі еңбектер жазып қалдырды. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында физика, метафизика, поэтика, театр, музыка, логика, риторика (шешендік өнері), саясат, этика, эстетика, биология, зоология және экономика қатарлылар айрықша аталады.
- Аристотель өз ілімінде адамгершілік пен этиканы адамдардың маңызды сипаттымасы деп таниды.
Негізгі еңбектері:
Таным туралы ілім
Таным туралы ілім
“
“
“
“
- Мемлекеттің сол кездегі негізгі төрт формасын көрсеткен: патшалық, аристократиялық, олигархтық, демократиялық.
- мемлекеттің басқару формасы оған кіретін әлеуметтік топтардың сандық т. б. арасалмағына байланысты.
- Мемлекет үйлесімдікке құрылатындықтан, онда үстемдік болмауы тиіс.
- өзі полития деп атаған басқару формасын ұсынды.
- Мемлекетінің әртүрлі формаларына айырықша назар аударды.
- Аристотель тұңғыш рет жүйелі тәртіпке құрылған "полис" ұғымын еңгізді.
- Аристотель мемлекеттің түпкі метафизикалық негізін бүтіннің өз бөліктеріне үстемдігінен көрді. Аристотель үшін де мемлекеттік құрылым бүтіндік, ал адамдар — соған кіретін азаматтар — бөліктер.
- Егер адам саяси өмірден, әлеуметтік тұрмыстан оқшау қалып қалса, онда ол тағы хайуанға айналып кетуі әбден мүмкін.
Қорытынды: Аристотель түгел дерлік ғылымдарды зерттеген. Ол жалпы философияда және басқа ілімдерде алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды. Меніңше, Аристотель өзіне дейінгі философтар сияқты, болмыс мәселесіне айрықша көңіл бөле келіп, оны адамның білімімен біте қайнастыра қарастырады. Міне, осы болмыс пен білім негізін ашудағы ұғымдардың қандай рөл атқаратыны жөніндегі мәселе де Аристотельді қатты толғандырады. Біздің еліміз — Қазақстан үшін, әсіресе қазіргі нарықтық экономикаға бет бүрған, сол салада айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп отырған кезеңде, халқымызға гректің данышпан ойшылы — Аристотельдің еңбектері баға жетпес рухани байлықтың қайнар көзі болып есептеледі. Тек сол мәңгі суалмас рухани байлықтан нәр ала білу қажет. Қолданылған әдебиеттер : - https://baribar.kz/
- https://el.kz/
- https://kk.wikipedia.org/wiki/Аристотель
- https://kitaphana.kz/refkaz/240-fizika/3001-aristotel.html
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |