96
3-тарау.
Сақтар
3.7.
Шырақтың ерлігі (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.3.2.1 Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің
халықаралық сахнадағы орнын анықтау.
Тірек сөздер
ерлік
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бергі та-
рихы. I том. – Алматы, 2010.
2. Ежелгі Қазақстан // Қазақстан балалал энци-
клопедиясы. – Алматы: Аруна, 2007
3. К. Аманжолов, А. Тасболатов.
Қазақстанның
әскери тарихы. – Алматы: Білім, 1999.
4. Көркемсуретті Қазақстан тарихы. I том. –
Алматы, 2006.
Оқулық: Шырақтың ерлігі,
96-97-бет.
Зерттеу сұрағы:
сақтар тәуелсіздік үшін қа-
лай күресті?
Сабақтың деректі материалдары
Полиэн І Дарийдің келе жатқанын естігеннен
кейін сақ әскерлері үш
топқа бөлінген деп жаза-
ды. Парсылармен соғысу барысында бірінші тобы
талқандалған. Парсылар сақтарша киініп алып, ке-
лесі топты да жеңеді. І
Дарий әскерлерінен соңғы
топ та жеңілген. Деректің келіспейтін тұстары бар.
Әрбір сақ бес қарумен толықтай қаруланады. Сақтар
жер жағдайын жақсы біледі. Сонымен қатар сақ –
ат құлағында ойнайтын шабандоз. Ержүрек сақтар
оңайлықпен жеңіле салмайды. Полиэн "І Дарий жо-
рыққа шықты" деген хабарды алған кезде, сақ биле-
ушілері кеңес өткізеді деп жазады. Сақтар кеңесінде
Шырақ деген жігіт: «Сақтарды алдап қолға түсіріп,
қырған парсыларды біз де айламен жояйық" – деп,
өзінің жоспарын айтты. Шырақ туралы аңыз ғасыр-
дан-ғасырға ауызша жеткізілді. Б.з.д. ІІ ғасырда өмір
сүрген Полиэн аңызды хатқа түсірді.
Достарыңызбен бөлісу: