5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет158/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақты ерлік, батырлық туралы оқушылардың 
білімі негізінде әңгімелесуден бастаңыз. Еліміздің 
тәуелсіздігі жолындағы күрестер туралы оқушылар-
дың білімдерін анықтаңыз. Батырлардың суреттерін 
көрсетуіңізге болады. Бейбіт өмірдегі ерлік жасау ту-
ралы оқушылардың пікірін сұрасаңыз орынды болар 
еді. Оқушылардың ерлік, батырлық, тәуелсіздік үшін 
күрес деген ұғымдармен таныс екендігіне көз жет-
кізіңіз. Сабақтың мақсаты – тәуелсіздік үшін күрескен 
Шырақ батырдың ерлігін сипаттау. Сабақтың кон-
цептісі "дәлел" болу себепті Шырақтың парсы әскер-
лерін алдап, шөл далаға адастырғандығы жөнінде 
ақпарат келтіру маңызды. Оқушылар деректер мен 
ақпараттарды пайдалана отырып, сұрақтарға жауап 
беруді үйренеді. Оқушылар алдыңғы алған білімдері 
негізінде сақ жауынгерлерінің әскери киім-кешек-
тері мен қару-жарақтарын сипаттай алады. Оқушы-
лар жауаптарын жұпта талқылатыңыз. Оқушыларға: 
«Неліктен парсыларға сақтармен соғысу қиын бол-
ды?» – деген сұрақты қойыңыз. Оқушылардың жа-
уабын тыңдағаннан кейін оқулық мәтінімен жұмыс 
жасатыңыз. Кеспеқағаздағы жазылған дәйектерді 
маңыздылығына қарай орналастырады. Оқушылар-
дың мәселе бойынша талқылау жүргізе алуы маңыз-
ды. Шырақ батырға мінездеме жаздыруға нұсқаулық 
беріңіз. 
Дәлел келтіріңдер
Тапсырманы оқулық суретімен орындатыңыз. 
Оқушылар сақ жауынгерлерінің суреттері бойын-
ша және өз білімдерін қолдана отырып, сақтарды 
сипаттайды. Берілген сұрақтар арқылы терең сипат-
тама жасауға көмек береді. Оқушылар жауаптарын 
жұпта талқыласын. Белгіленген уақыттан кейін топта 
талқылатыңыз. Топтағы ең ұтымды жауапты оқушы-
лардың ұйғарымы бойынша сыныпта тыңдатыңыз. 
Қалған топтағылар толықтыру, түзетулер жасап, өз 
жауаптарын қорытындылауы тиіс. Сақтардың ең ба-
сты қаруы – Отанды сүю екендігін баса айтыңыз.
Жауаптары. 
Сақтардың атты әскерлері – алыстан 
дәлдеп ататын мергендер. Олардың жебелері улы 
және жаудың бекіністеріне от жіберетін. Жауын-
герлердің киімдері жеңіл, қозғалуға ыңғайлы. Темір 
сауыты оқтан қорғайды. Аттарын қорғайтын жабу 
жабылған. Садақтан басқа найза және қылышпен 
қаруланған. Сақтар парсыларға қарсы тұра алатын 
күш:
1. Сақтар – шабандоз. Аттың үстінде шебер ұрыс 
жүргізеді. Қарудың барлық түрін меңгерген. Сақ жа-
уынгері соғыс әдістерін қолдана алады.


3-тарау. 
Сақтар
97
2. Сақтар – намысшыл халық. Олар дұшпанға 
қатал, досқа адал. Сақтар өз жерін жаудан қорғап 
отыр. Өз тәуелсіздігі, бостандығы үшін күреседі.
3. Әйелдер қажет болған жағдайда ерлерімен қа-
тар соғысатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет