5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет207/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер
Оқушылар бұл сабақта «Бір қарыс жер туралы 
аңызбен» жұмыс істей отырып, ғұндар үшін жер мем-
лекеттің негізі екенін дәлелдейді. Мөде қағанның жер 
туралы сөзін "туған жер", "Отан", "атамекен" ұғымда-
рымен байланыстырып, тұрақтылық, біртұтастылық 
идеяларын ұғынады. Тәуелсіз Қазақстанмен байла-
ныстыра отырып, ғұндардың түркі халықтарының 
ата-бабалары болғанын түсінеді. 
Сабақтың басында ғұндар туралы «Ғұндардың та-
рихы – бұл қазіргі түркі халықтарының ежелгі тарихы. 
Себебі олар алғаш рет Ұлы Далада өз мемлекеттерін 
құрған», – деген Әлкей Марғұланның ойын қолда-
нып, талқылау ұйымдастырыңыз.
Анықтаңдар
Сабақтың басында сыныпқа "Мемлекет болу 
үшін не қажет? Мемлекет белгілері қандай?" деген 
сұрақтар қоя отырып, тақтаға бірігіп мемлекет бел-
гілерін жазыңыздар. Соңында оқушылар ой түйіп, 
дәптерлеріне мемлекет белгілерін жазады. 
Жауаптары.
Мемлекет белгілері: басқару жүйесі, 
аумағы, тәуелсіздік, салық жүйесі және т.б.


5-тарау. 
Ғұндар
129
Бұдан соң оқушыларға жеке "Мөде шаньюй мем-
лекетті қалай басқарды?" мәтінін оқуды және "Ғұн 
мемлекеті қалай басқарылды?" мәселесі бойынша 
мәтін мәліметтері негізінде сызба құрастыруды ұсы-
ныңыз.
Оқушылар мәтінді зерделеп, сызба сызып, 1-2 
оқушы қорғап болған соң, сыныпқа "Ғұндар мемле-
кеттік дәрежеге жетті ме?" деген сауал қойыңыз.
– «Ғұндар мемлекеттік дәрежеге жетті» деп жауап 
берген оқушыларды оң жақ бұрышқа;
– «Ғұндар мемлекеттік дәрежеге жеткен жоқ» деп 
жауап берген оқушыларды сол жақ бұрышқа;
– «белгісіз» дегендерді ортаға тұруын сұраңыз.
Бұрыштардағы пікірлестердің мақсаты – бірігіп, өз 
ұстанымдарына дәлелдер келтіріп, өз бұрыштарына 
неғұрлым көп адам жинауға тырысу. Соңында көп 
адам жиналған бұрыштағы пікірлестердің ұстанымы 
жеңіске жетеді. Яғни, ғұндардың мемлекеттік дәреже-
ге жеткендігі толық дәлелденеді.
Жауаптары. 
Ғұндар мемлекеттік дәрежеге жетті: 
"Оң, сол және орталық қанатқа бөліп басқару; ша-
ньюйдің құқықтары мен міндеттерін бекіту; ақсақал-
дар билігі; халық жиналысы; шабармандар жұмысын 
ұйымдастыру."


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет