5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет204/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Кескін картамен жұмыс
Оқушылар жұппен карта мәліметтері негізінде 
ғұндардың бастапқы орналасқан аумағын көрсетеді. 
Ғұндармен көршілес орналасқан елдерді атайды.
Жауаптары. 
Ғұндардың аумағы – Солтүстік Қы-
тай, Моңғолия, Байкал көлінен Ордос үстіртіне дей-
інгі өңір. Ғұндардың көршілері – дунху, сянби, қаңлы, 
үйсін тайпалары және Хань империясы. 
Әңгіме құрасырыңдар
Алдымен, оқушылардың «Тізімдерде берілген ғұн 
обаларынан табылған заттар" туралы білімін анықтап 
алыңыз. Бұл үшін берілген кестені толтыртуға бола-
ды.
Білемін
Білгім келеді
Кейін білмейтін заттарды сыныппен бірігіп, меңге-
руін ұйымдастырыңыз. Себебі, оқушылар кейбір зат-
тарды білмесе, кәсіп түрлерін анықтау қиынға түседі.
Бұдан соң оқушыларға әрбір тізімдегі заттай де-
ректер негізінде жұппен ғұндардың шаруашылық 
немесе кәсіп түрлерін анықтатыңыз. Мысалы, төртін-
ші тізімдегі заттар – ғұндарда қолөнер мен зергерлік-
тің дамығанының дәлелі. 
Соңында оқушылар ғұндарда мал шару-
ашылығынан басқа егіншілік, аңшылық, қолөнер, 
сауда дамығанын заттай деректер негізінде дәлелдей 
отырып, «ғұндардың тұрмыс-тіршілігі» туралы 20–30 
сөзден тұратын шағын әңгіме жазады. Бұл тапсыр-
маны оқушылардың Қазақстан аумағын мекендеген 
басқа тайпалар туралы өткен білімдерін еске түсірте 
отырып ұйымдастыру қажет.
 
Кейбір оқушылар ғұн-
дар үшін жер маңызды болғанын түсіндіреді. Себебі, 
олардың тұрмысы мен шаруашылығы жермен тығыз 
байланысты. Мал мен егін өсіру үшін жер қажет. 
Оқушылардың қалауы бойынша жазған шағын әң-
гімелерін оқытып, талдау ұйымдастырыңыз.
Жауаптары. 
Ғұн қабірлерінен табылған қыш құ-
мыралар, көзелер, саптаяқтар аз емес, олар қолдан 
жапсырылған және құмырашы ұршықшасында дай-
ындалған. Мұның өзі қыш құмырашылықтың да-
мығанын дәлелдейді. Басқа жақтан әкелінген заттар, 
жібек маталар, айналар, түрлі әшекейлер кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет