5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет213/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер 
Оқушылар бұл сабақта карта мәліметтері негізінде 
ғұндардың көрші елдермен қарым-қатынасын және 
қытайларға үлкен қауіп төндіргенін анықтайды. Ғұн-
дардың ерліктерін сипаттайды. Қытай елінің ғұндар 
шабуылынан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын са-
луға мәжбүр болғанын анықтайды. Аңыз мәтінімен 
жұмыс істей отырып, Отанға, туған жерге деген сүй-
іспеншілікті сіңіреді.


5-тарау. 
Ғұндар
133
Деректермен жұмыс
Сабақтың басында оқушыларға Пинь Чен түбін-
дегі соғыста қалжыраған қытай сарбазының өлеңін 
оқып беріңіз. Оқушыларға: "Өлеңнен қандай әсер 
алдыңдар?" "Қандай ой түйдіңдер?" деген сұрақтар 
қойып, сыныптық пікірлесу ұйымдастырыңыз. 
Оқушыларға А, Ә жазба деректерін оқып танысуға 
уақыт беріңіз. «Деректер не туралы?», «Деректер» 
несімен құнды?» деген сұрақтар қойыңыз. Оқушылар 
бұл тапсырмада деректердегі мәліметтердің ғұндар-
дың көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау үшін 
маңызды екенін түсінеді. Бұдан соң А, Ә жазба дерек-
теріндегі мәліметтер негізінде ғұндардың жеңістері 
мен үстемдігі туралы жорамалдар жасайды. Соңында 
А, Ә деректерін негізге алып, жорамалдарын қосып, 
өзіндік интерпретация арқылы оқиға желісі бар 20–
30 сөзден тұратын әңгіме жазады.
Жауаптары. 
Б.з.д. 140 жылы Қытайдағы билік-
ке император У-ди ие болып, ғұндарға қарсы соғыс 
бастады. Содан кейін ғұндармен шегаралық ай-
мақтардағы байланыс бірте-бірте үзіле бастады. Б.з.д. 
128 жылы талантты қытай қолбасшысы Вэй Цин көп 
әскерімен Ордосқа басып кіреді. Олар қорғанысты 
күшейту үшін Шофан деген қамал салып алады. Бұған 
жауап ретінде ғұндар Ұлы Қытай қорғанының шығы-
сындағы Цзаоян ауданын бағындырады. 
Еске түсіріңдер
Оқушылар Ұлы Қытай қорғанының салынуы тура-
лы дүниежүзі тарихы пәні бойынша білімдерін еске 
түсіреді. Әлемнің керемет құрылыстарының бірі қа-
лай пайда болғаны туралы әңгімелеп беріңіз. 
Оқушылардан сұхбат алу үшін «Бес саусақ» әдісін 
қолданыңыз. 
«
Кім? Не? Неге? Қайда? Қашан?» деген 
сұрақтарға жауап беру арқылы Ұлы Қытай қорғаны-
ның салыну себептерін анықтайды. Сол уақыттағы 
ғұндардың құдіреті мен үстемдігіне тағы бір мәрте 
көз жеткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет