Сабақтың деректі материалдары
А дерегі.
«Батыс өлке сюннулерге тиісті болатын,
ал қазір Чжи Чжи Шаньюйдің даңқты есімі алыс жер-
лерге мәлім. Ол басып кіру арқылы Усунь мен Даю-
аньды ығыстыруда және Кангюйді басып алу туралы
ойынан қайтпауда. Егер ол бұл мемлекеттерді басып
алса, бірнеше жылдан кейін барлық отырықшы ел-
дерге қауіп төнеді. Мұның үстіне оның жауынгерлері
тез әрі батыл қимылдайды. Олар жақсы соғысады
және бірнеше рет жеңіске жеткен. Әзірше әскерді
тамақтандыруға арналған малды күтіп отырғанда
Батыс өлке қауіп-қатерге ұшырайды. Олардың ор-
наласан жері Қытайдан алыс болғанымен, тағылар-
дың өз қорғанысы үшін бекіністі қалалары жоқ. Егер
әскерлерді әскери қоныстарынан көтеріп, үйсіннің
халқы мен әскерлерін шабуылға шығуға мәжбүр етсе,
оларды Чжи Чжидің қамалына апарса, егер ол қашып
кеткісі келмесе, пана таппай, қорғанғысы келсе, өзін
қорғай алмайды. Сонда мың рет басталған іс бір күн-
де тындырылады.» (Қазақстан тарихы. Көне заманнан
бүгінге дейін. – Алматы: Атамұра, 2010, I том. 2010. – 276.)
Ә дерегі.
«Чжи Чжи Шаньюй әскерлерін қабырға-
ларды бойлай орналастырып, қақпалардың екі жағы-
на «балық қабыршағы» сияқты сап түзеген жаяу жа-
уынгерлер отрядын қойды.» (Қазақстан тарихы. Көне
заманнан бүгінге дейін. – Алматы: Атамұра, 2010, I том.
2010. – 276.)
Б дерегі.
«Чжи Чжи мен оның төңірегіндегі
жақындары көптеген туыстарымен, балаларымен,
әйелдерімен және атақты князьдарымен бірге, 1818
адам тұтқынға алынды. Олардың бәрінің бастары
шабылды. Бір мың екі жүздей жауынгер үйсін мен
Ферғананың вассалдық князьдарына сыйға тартыл-
ды.»
Ғұн империясы өздерін екі көсемге тәуелдіміз деп
есептеді. Оның бірі Хуханье болса, екіншісі батыс-
та Шөже (Чжичжи) еді. Алғашқы кезде олар өзара
соғысты. Ағайындылардың соғысына араласпауды
жөн санаған ғұндардың біраз бөлігі Қытайға жақын
шегараға қарай ығыса бастады.
(Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. –
Алматы: Атамұра, 2010, I том. 2010. – 276.)
Достарыңызбен бөлісу: |