5-тарау.
Ғұндар
135
Себептерін анықтаңдар
Оқушыларға «Ғұндардың батысқа қоныс аударуы»
деген мәтінді оқып-танысуға уақыт беріңіз. Оқушы-
лар солтүстік ғұндардың батысқа жылжуының себеп-
терін анықтайды және дәптерге жазады. Осы мәтін-
дегі "ішкі тартыс", "сыртқы қысым", "құрғақшылық"
ұғымдарына назар аудартыңыз.
Ұсынылған маңыздылық кестесін таратыңыз. Бұ-
дан соң маңыздылық кестесіндегі анықталған се-
бептерді рет-ретімен нөмірлеуді ұйымдастырыңыз.
Яғни, оқушылар "ғұндардың батысқа жылжуына әсер
етті" деп анықталған себептерді маңыздылығына қа-
рай нөмірлейді.
1. Оқушылар ойлана отырып, себептердің жанына
1-ден 5-ке дейінгі нөмірлерді қояды.
2. Оқушылар жұппен талқылай отырып, себеп-
тердің жанына 1-ден 5-ке дейінгі нөмірлер қояды.
3. Оқушылар топпен талқылай отырып, себептерді
орналастырады. Топ мүшелерінің барлығының пікір-
лері ескеріліп, ортақ пікір қалыптасуы қажет.
4. Сыныппен талқылап нөмірлейді. Әр топ өз пікір-
лерін дәлелдеп, пікір алмасып, ортақ шешімге келеді.
Достарыңызбен бөлісу: