5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет225/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Мінездеме жасаңдар 
Дерек мәліметтері негізінде Аттилаға мінездеме 
жазу үшін оқушылармен талдау жұмысын 
ұйымдастырыңыз. Бұл үшін «Деректе қандай тірек 
сөздер бар және олар қандай мағынаны білдіреді? 
Автор қандай ой-пікірді білдіргісі келеді? Аттила 
қалай жеңіске жеткен?» деген сұрақтар негізінде 
жұптық талдау жасайды. Соңында Аттилаға мінездеме 
жазады. Мінездеме критерийлері: Аттиланың өмір 
сүріп отырған дәуіріне сипаттама жазу; Аттиланың 
тарихи орны, іс-әрекеті, тұлға ретіндегі қызметі; 
Аттиланың тұлға ретіндегі қасиеті, ерекшеліктері; 
Аттила туралы оқушының пікірі.
Жауаптары
Деректердегі тірек сөздер: жаулап алу, жеңімпаз 
қолбасшы, ұлы істер жасау, қайырымды, мейірімді, 
тектілік, әйгілі, айлакерлік және т.б. Барлық 
деректерде авторлар Аттиланың әлемдік сахнада 
саяси қайраткер ретінде ерекше, қайталанбас 
қасиеттерін, рөлін сипаттайды. Аттила көбінесе қатал 
тәртіп арқылы және жауларының күшін бөлшектеу 
арқылы жеңістерге жетіп отырған.
Бағалау мүмкіндіктері
Уақыт сызығына орналастыру тапсырмасында жұп-
тық бағалау ұйымдастыруға болады. Яғни, оқушылар 
мәтінмен жұмыс негізінде уақыт сызығына кем де-
генде 4 оқиғаны орналастыруы тиіс. Оқушылардың
деректердегі мәліметтерді талдау жасау арқылы Ат-
тила тұлғасына кем дегенде 8–10 сөйлемнен тұратын 
мінездеме жазады. Оқушылар ғұн империясы қалай 
құрылғаны және олардың Еуропадағы жеңістері, сон-
дай-ақ әскери өнер туралы жүйелі білім алады. Өз 
пікірлерін келтіріп, дәлелдер арқылы эссе жазады.
Қосымша тапсырмалар
1. Оқушылар Аттила туралы қосымша деректер та-
уып, қорытынды жасайды.
2. Оқушылар түрлі авторлардың деректерін те-
реңірек зерттеп, маңыздылығын бағалай алады.


140
5-тарау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет