Мінездеме жасаңдар
Дерек мәліметтері негізінде Аттилаға мінездеме
жазу үшін оқушылармен талдау жұмысын
ұйымдастырыңыз. Бұл үшін «Деректе қандай тірек
сөздер бар және олар қандай мағынаны білдіреді?
Автор қандай ой-пікірді білдіргісі келеді? Аттила
қалай жеңіске жеткен?» деген сұрақтар негізінде
жұптық талдау жасайды. Соңында Аттилаға мінездеме
жазады. Мінездеме критерийлері: Аттиланың өмір
сүріп отырған дәуіріне сипаттама жазу; Аттиланың
тарихи орны, іс-әрекеті, тұлға ретіндегі қызметі;
Аттиланың тұлға ретіндегі қасиеті, ерекшеліктері;
Аттила туралы оқушының пікірі.
Жауаптары
Деректердегі тірек сөздер: жаулап алу, жеңімпаз
қолбасшы, ұлы істер жасау, қайырымды, мейірімді,
тектілік, әйгілі, айлакерлік және т.б. Барлық
деректерде авторлар Аттиланың әлемдік сахнада
саяси қайраткер ретінде ерекше, қайталанбас
қасиеттерін, рөлін сипаттайды. Аттила көбінесе қатал
тәртіп арқылы және жауларының күшін бөлшектеу
арқылы жеңістерге жетіп отырған.
Бағалау мүмкіндіктері
Уақыт сызығына орналастыру тапсырмасында жұп-
тық бағалау ұйымдастыруға болады. Яғни, оқушылар
мәтінмен жұмыс негізінде уақыт сызығына кем де-
генде 4 оқиғаны орналастыруы тиіс. Оқушылардың
деректердегі мәліметтерді талдау жасау арқылы Ат-
тила тұлғасына кем дегенде 8–10 сөйлемнен тұратын
мінездеме жазады. Оқушылар ғұн империясы қалай
құрылғаны және олардың Еуропадағы жеңістері, сон-
дай-ақ әскери өнер туралы жүйелі білім алады. Өз
пікірлерін келтіріп, дәлелдер арқылы эссе жазады.
Қосымша тапсырмалар
1. Оқушылар Аттила туралы қосымша деректер та-
уып, қорытынды жасайды.
2. Оқушылар түрлі авторлардың деректерін те-
реңірек зерттеп, маңыздылығын бағалай алады.
140
5-тарау.
Достарыңызбен бөлісу: |