5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Ғұндар 141 талдаңыздар. Аттила туралы бейнематериал қосуға  да болады. Галереяға саяхат жасаңдар



Pdf көрінісі
бет228/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Ғұндар
141
талдаңыздар. Аттила туралы бейнематериал қосуға 
да болады.
Галереяға саяхат жасаңдар
Оқушылар оқулықта ұсынылған өнер туындыла-
ры берілген суреттер галереясына саяхат жасайды 
және туындыларға талдау жасайды. Тапсырманың
мақсаты – сол кездегі тарихи оқиғаларды суреттей-
тін өнер туындыларына талдау жасата отырып, негіз-
гі оқиғаларды меңгерту. Оқушылар жұппен немесе 
топпен өнер туындыларының бірін таңдап алып, тал-
дау жасайды. Басқа туындылармен байланыстырады. 
Таңдап алған туындыдан төмендегі сұрақтарға жауап 
іздей отырып, маңызды оқиғалар суреттелгенін түсі-
неді. Оқушылар "Суретте не болып жатыр? Не тура-
лы айтылып жатыр? Өнер туындысында суреттелген 
оқиғаның алдында қандай жағдай (оқиға) болды? 
Туындыдағы кейіпкерлердің әрекеттерін сипаттаңдар. 
Бұл оқиға қай жерде болып жатыр? Бұл адамдар 
кімдер?" деген сияқты сұрақтарға жауап іздейді. Бұл 
тапсырманы орындау барысында туындыларда бей-
неленген барлық оқиғалар, оқиғалардың мерзімдері, 
негізгі кейіпкерлер, оқиғаның маңыздылығы және
т.б. мәселелердің толық қамтылып, талдануын бағыт-
тап, қадағалаңыз.
Туындыларға толық талдау жасалып, оқиғалар 
анықталғаннан кейін оқушыларға жинақтаушы 
тапсырма беру қажет. Яғни, туындылардағы оқиға-
лар негізінде оқушыларға әңгіме құрастырып жазуды 
ұсыныңыз. 
Жауаптары
Қазақ аңыздарында Аттиланы Еділ патша деп 
атаған. Қазақтың эпикалық дастандарында оның Еділ 
өзенінің жағасында туғаны, сондықтан есімін осылай 
атағаны айтылады. "Аттила" – ежелгі түркі есімінің еу-
ропаша аталуы. 
Маңызды ақпаратты табыңдар
Оқушыларға мәтінмен танысуға уақыт беріңіз. Бұ-
дан соң оқушылар мәтіннен өздері маңызды деп са-
наған 3 мәселені жазып алады. 
Жауаптары
452 жылы Аттила әскері Рим империясына жорық 
жасап, көптеген қалаларын басып алды. Рим папасы 
Лео қаланы қиратпауды сұрайды. Аттила Рим папа-
сының өтінішін орындайды. Ғұндар үнемі жеңістерге 
жетіп отырған. 
Ой толғау
Оқушыларға сабақта алған білімдеріне сүйене 
отырып, "Еуропа тарихында ғұндар қандай із қал-
дырды?" деген тақырыпта шағын эссе жазу тапсыр-
масын ұсыныңыз.
Бұл тапсырманы оқушылар жеке орындай-
ды. Оқушылар Аттила өлімінен кейін империяның 
ыдырай бастауының себептерін анықтайды. Бұнда 
оқушылар Ұлы ғұн империясы көптеген құрама тай-
паларды күшпен біріктіру арқылы құрылғанын, Атти-
ла қатал тәртіп орнатқанын ескереді. Аттила өлімінен 
кейін билікке талас болуы мүмкін екенін атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет