5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет229/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Бағалау мүмкіндіктері
Сабақ барысындағы барлық тапсырмаларды жеке, 
жұптық бағалауды ұйымдастыруға болады. Өнер 
туындыларына талдау жасау арқылы тарихи оқиғаны 
түсіну, Каталаун шайқасы туралы маңызды ақпаратты 
табу, картамен жұмыста Аттила жорықтары туралы 
қосымша ақпараттар табу, деректерге талдау жасай 
отырып мінездеме жазу тапсырмаларының барлығы 
қалыптастырушы бағалауға ыңғайлы. 
Сонымен қатар кейбір оқушылар "Еуропа та-
рихында ғұндар қандай із қалдырды?" деген тақырып-
та эсселерін оқыған кезде бағалау ұйымдастырыңыз.
Эссені бағалау барысында оқушылардың өз ұстанымын 
білдіруі, фактілер мен аргументтер келтіруі және 
т.б. критерийлерге баса назар аудару қажеттілігін 
ескертіңіз.
Қосымша тапсырмалар
1. Оқушылар қосымша деректермен тереңірек жұ-
мыс жасайды.
2. Оқушылар Каталаун шайқасының маңыздылығын 
бағалайды.
3. Оқушылар Аттила туралы жазылған шығармалар 
туралы ақпарат жинайды.
4. Оқушылар кез келген мемлекеттің шарықтау 
шегі мен құлдырау кезеңінен өтетіні туралы ой-пікір 
түйеді. Түйген ой-пікірлерін түрлі тарихи дереккөз-
дер, әдеби-көркем шығармалардан үзінділер не-
гізінде дәлелдейді. 
5. Ғұндардың Галлиядағы жорықтарының бағытта-
ры туралы картамен жұмыста оқушылар ғұндар жол 
бойы барлық қалаларды бағындырғанын, үнемі тек 
қана жеңіске жетіп отырғанын түсінеді. Карта ақпа-
раттары негізінде ғұндар жаулап алған аймақтарды 
анықтайды.


142
142
Оқу нәтижeлері
Оқушылар:
• ғұндар туралы деректермен танысты;
• ғұндар мемлекетінің құрылуын, оның әскери 
құрылымын сипаттады;
• ғұндардың көрші елдермен қарым-қатынасын 
анықтап, оның салдарын талдады;
ғұндардың әскери өнерін, қару-жарақтарын 
сипаттады;
• деректердің негізінде шаруашылығы мен тұр-
мыс-тіршілігін анықтады;
• ғұндар мемлекетінің ыдырау себептерін түсін-
дірді;
• ғұндардың бастысқа жылжу себептері мен сал-
дарын талдады;
• ғұндардың Қазақстан аумағына қоныстануы қан-
дай өзгерістер алып келгенін анықтады;
• ғұндардың Еуропадағы жорықтарымен танысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет