5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет236/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Тірек сөздер
ғибадатхана
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге 
дейін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Жайнаков Е. Ұлы дала мемлекеттері. – Алма-
ты: Аруна, 2010.
3. Жанайдаров О.К. Көркемсуретті Қазақстан 
тарихы. I том. – Алматы: Қазақстан энциклопеди-
ясы, 2006.
4. Қазақстан тарихы веб порталы // e-history.kz
Оқулық: Сарматтардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылық өмірі, 
148-149-бет.
Зерттеу сұрағы:
 
сармат қоғамы несімен 
ерекшеленеді? 
Сабаққа дайындық
Сармат алтын жәдігерлерінің суреттер топтама-
сын дайындаңыз. Есік обасынан табылған "алтын 
адамның" және сармат көсемінің суретін тақтаға 
іліңіз. Мүмкіндік болса, интернет ресурсымен жұмыс 
ұйымдастырыңыз. Егер болмаса, сармат обалары ту-
ралы қосымша мәліметтер дайындаңыз 
"Бинго" ойынын ойнату үшін тақтаға сандар жа-
зылған торкөздер іліңіз. Әр санның артында темір 
дәуірінің ескерткіштеріне байланысты сұрақ, су-
рет, атау, сызба тапсырмалары жасырылып тұруы 
тиіс. Сонымен қатар торкөздерге жаңа тақырыптан 
« Бесоба», «Сынтас», «Аралтөбе» сөздерін жасырыңыз.
Сабақтың деректі материалдары 
Сарматтардың ескерткіштері, негізінен, Батыс 
Қазақстан да орналасқан. Ескерткіштердің басым 
бөлігі оба қабірлері болып табылады. Сарматтардың 
ең маңызды ескерткіштері – Бесоба, Сынтас, Арал-
төбе қорымдары. 
Бұл қорымдар сарматтарда әлеуметтік теңсіздік 
пен топтар болғанын дәлелдейді. Оны жерленген 
адамдармен бірге көмілген заттардан, обалардың 
сыртқы пішіні мен оба үйіндісінің көлемінен байқа-
уға болады. Рубасыларына ескерткіш ретінде үлкен 
оба үйінділері тұрғызылған. Үлкен обаларда тайпа 
көсемдері жерленсе, орташа көлемдегі обаларда 
белгілі жауынгерлер, шағын обаларда қатардағы қа-
уым мүшелері жерленді.
Ақтөбе облысынан табылған Бесоба қорымында 
абыз әйелдер жерленген. Бұл обадан діни рәсімдер-
ге арналған қызыл және жасыл түсті бояулары бар, 
үш аяқты құрбандық шалуға арналған үстел, қола 
айна, алтыннан жасалған әшекейлер табылды.
Елек өзені бойынан табылған Сынтас қорымын-
да үш сармат жауынгері жерленген. Олардың екеуі 
қатардағы жауынгер, ал біреуі әскербасына ұқсай-
ды. Бұл обадан жебелер, қанжар, темір ауыздықтар, 
темір пышақтар, сүйек қасықтар шыққан.
Аралтөбе қорымын археолог З. Самашев 
басқарған экспедиция ашқан. Үшінші қазылған оба-
да сармат көсемі, оның әйелі және екі арғымағы қоса 
жерленген. Олардың киімдері, бұйымдары барлығы 
алтын әшекейлермен безендірілген. Қару-жарақтан 
басқа асатаяқтың сынықтары табылған. Сармат 
көсемі қазақстандық екінші "Алтын адам" деп есеп-
теледі. Осы аймақтан табылған ғибадатханалардан 
әктастан салынған тас мүсіндер табылған. 
Сарматтардың өнерінде аң стилі мен полихром-
дық стиль кең таралды. Былғарыдан, қыштан ыдыс- 
тар жасаған. Зерлеу, тастармен безендіру, жалату 
әдістерін меңгерген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет