5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет233/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
 
Сарматтар
6.1.
Сарматтардың қоғамдық құрылысы
мен шаруашылық өмірі (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.3.1.1 картадан тайпалық одақтардың 
орналасуын көрсету; 
5.1.2.2 әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін 
түсіндіру.
Тірек сөздер
әскери демократия 
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге 
дейін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Жайнаков Е. Ұлы дала мемлекеттері. – Алма-
ты: Аруна, 2010.
3. Жанайдаров О.К. Көркемсуретті Қазақстан 
тарихы. I том. – Алматы: Қазақстан энциклопеди-
ясы, 2006.
4. Қазақстан тарихы веб порталы // e-history.kz
Оқулық: Сарматтардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылық өмірі,
146-147-бет.
Зерттеу сұрағы:
 
сармат қоғамы несімен 
ерекшеленеді?
Сабаққа дайындық 
Сарматтардың аумағын көрсетуге арналған карта

кескін карта, қосымша жазба деректер дайындаңыз. 
Тақырып бойынша сарматтар, олардың шаруашылығы, 
тұрмыс-тіршілігі туралы қосымша суреттер немесе 
таныстырылым дайындауға болады.
Сабақтың деректі материалдары
Сарматтар (савроматтар) Қазақстанды сақтармен 
қатар мекендеген. Олардың мәдениеті де сақтарға 
өте жақын болған. Сарматтар (савроматтар) көшпелі 
мал шаруашылығымен айналысқан. Сарматтар Батыс 
Қазақстанда, Оңтүстік Орал аймағында көшіп-қонып 
жүрген. Геродот заманында олар Еділ мен Дон өзен-
дерінің аралығын мекендеген.
Кейін олар Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің сол-
түстік жағалауын мекендей бастайды. Бұл жерде олар 
скифтердің жерлерін жаулап алады. Сөйтіп, олар Қы-
рым жеріндегі антик қалаларына дейін жетеді. Сар-
маттардың бір бөлігі қалаларға қоныстанады. Бұл 
жерде олар Боспор патшалығының мәдениетіне
әскери саласының дамуына үлкен әсер етеді. 
Парсы сына жазбалары сақтардан солтүстікте өмір 
сүрген тайпалар туралы ешбір мәлімет бермейді. 
Сарматтар (савроматтар) туралы алғашқы деректер 
Геродотта кездеседі. Кейін сарматтар туралы Үлкен 
Плиний, Диодор, Полибий, Эфор секілді антик автор-
лары мәлімет береді. Тарихи деректерде "аорстар", 
"роксоландар", "аландар" деген сармат тайпалары-
ның атауы кездеседі.
Сарматтардың қоғамы сақтардың қоғамдық ұй-
ымдасуына ұқсас болған. Мекені далалық аумақтар 
болғандықтан, сарматтар көшпелі шаруашылықпен 
айналысқан. Сарматтар қоғамы рулық-тайпалық 
құрылымнан тұрды. Патша әскери, діни, сот билік-
теріне ие болып, әкеден балаға мұраға берілді. Пат-
ша денсаулығы халықтың әл-ауқатының кепілі са-
налған. Патшаның басқару аппараты болған жоқ. 
Елді басқаруға атақты жауынгерлері көмектесті. Пат-
шаға қызмет ету үшін туыстық қатынас емес, жауын-
гер ерлігімен және адалдығымен ерекшеленуі қажет 
болды. Өңірлерде тайпаларды ақсүйектер басқар-
ды. Олар сауда жолдарын бақылады, алым жинады, 
жорықтарға қатысты. Ақсүйектер мен билеушілер де 
өздерінің ел басқаруға лайықты екендігін ерліктері 
арқылы дәлелдеп отыруға міндетті болған. Әскери 
көсемдер мен атақты жауынгерлердің тұрмысы, 
құқықтары мен міндеттері қатардағы жауынгерлер-
ден ерекшеленді. Ер азаматтардың барлығы жауын-
гер саналды. Осылайша сармат қоғамында әскери 
сословие үстемдік етті. Әскери демократия негізінде 
жауынгерлердің жиналыстарында көсемдерін сай-
лап, мәселелерді шешті. Сарматтарда әйелдердің 
құқығы ерлермен бірдей болды. Оны Геродот жаз-
балары дәлелдейді. Сарматтарда әлеуметтік жікте-
лу жүрді. Өйткені табылған археологиялық ескерт-
кіштер бай, дәулетті және кедей, қарапайым өмір 
сүрген сарматтардың болғанын дәлелдейді. Де-
генмен, сармат қоғамында әскери демократияның 
белгілері байқалды. Қоғамдық мәселелер жауын-
герлердің жиналыстарында шешілген. Тіпті сармат-
тардың көсемдері де сайланып тұрған. Сармат қоға-
мында әйелдер де кең құқықтарға ие болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет