Ғұндар
141
талдаңыздар. Аттила туралы бейнематериал қосуға
да болады.
Галереяға саяхат жасаңдар
Оқушылар оқулықта ұсынылған өнер туындыла-
ры берілген суреттер галереясына саяхат жасайды
және туындыларға талдау жасайды. Тапсырманың
мақсаты – сол кездегі тарихи оқиғаларды суреттей-
тін өнер туындыларына талдау жасата отырып, негіз-
гі оқиғаларды меңгерту. Оқушылар жұппен немесе
топпен өнер туындыларының бірін таңдап алып, тал-
дау жасайды. Басқа туындылармен байланыстырады.
Таңдап алған туындыдан төмендегі сұрақтарға жауап
іздей отырып, маңызды оқиғалар суреттелгенін түсі-
неді. Оқушылар "Суретте не болып жатыр? Не тура-
лы айтылып жатыр? Өнер туындысында суреттелген
оқиғаның алдында қандай жағдай (оқиға) болды?
Туындыдағы кейіпкерлердің әрекеттерін сипаттаңдар.
Бұл оқиға қай жерде болып жатыр? Бұл адамдар
кімдер?" деген сияқты сұрақтарға жауап іздейді. Бұл
тапсырманы орындау барысында туындыларда бей-
неленген барлық оқиғалар, оқиғалардың мерзімдері,
негізгі кейіпкерлер, оқиғаның маңыздылығы және
т.б. мәселелердің толық қамтылып, талдануын бағыт-
тап, қадағалаңыз.
Туындыларға толық талдау жасалып, оқиғалар
анықталғаннан кейін оқушыларға жинақтаушы
тапсырма беру қажет. Яғни, туындылардағы оқиға-
лар негізінде оқушыларға әңгіме құрастырып жазуды
ұсыныңыз.
Жауаптары
Қазақ аңыздарында Аттиланы Еділ патша деп
атаған. Қазақтың эпикалық дастандарында оның Еділ
өзенінің жағасында туғаны, сондықтан есімін осылай
атағаны айтылады. "Аттила" – ежелгі түркі есімінің еу-
ропаша аталуы.
Маңызды ақпаратты табыңдар
Оқушыларға мәтінмен танысуға уақыт беріңіз. Бұ-
дан соң оқушылар мәтіннен өздері маңызды деп са-
наған 3 мәселені жазып алады.
Жауаптары
452 жылы Аттила әскері Рим империясына жорық
жасап, көптеген қалаларын басып алды. Рим папасы
Лео қаланы қиратпауды сұрайды. Аттила Рим папа-
сының өтінішін орындайды. Ғұндар үнемі жеңістерге
жетіп отырған.
Ой толғау
Оқушыларға сабақта алған білімдеріне сүйене
отырып, "Еуропа тарихында ғұндар қандай із қал-
дырды?" деген тақырыпта шағын эссе жазу тапсыр-
масын ұсыныңыз.
Бұл тапсырманы оқушылар жеке орындай-
ды. Оқушылар Аттила өлімінен кейін империяның
ыдырай бастауының себептерін анықтайды. Бұнда
оқушылар Ұлы ғұн империясы көптеген құрама тай-
паларды күшпен біріктіру арқылы құрылғанын, Атти-
ла қатал тәртіп орнатқанын ескереді. Аттила өлімінен
кейін билікке талас болуы мүмкін екенін атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |