Ғұндар
5.4.
Аттила және оның жаулаушылық
жорықтары (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.1.1.3 ғұндардың қоныс аудару бағыттарын
тарихи картадан көрсетеді;
5.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы
мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен
қарым-қатынасын анықтайды.
Тірек сөздер
контрибуция
Ресурстар
1. Ұлы дала мемлекеттері. – Алматы: Аруна,
2010.
2. Ежелгі Қазақстан: «Қазақстан балалар энци-
клопедиясы» топтамасы. – Алматы: Аруна, 2011.
3. Өтениязов С. Аттила. Тарих. Тұлға. Уақыт. –
Алматы: Аруна, 2005.
4. Көшпенділердің ұлы шайқастары. – Алматы:
Аруна, 2011.
Оқулық: Аттила және оның жаулаушылық жорықтары,
140-141-бет.
Зерттеу сұрағы:
ежелгі авторлар Аттилаға
қандай баға береді?
Сабаққа дайындық
Тақтада Аттиланың қағазға шығарылған көрнекті
суретін орналастырыңыз. Тарихи кейіпкерге мінез-
деме жазу және өнер туындыларына сыни тұрғыда
талдау жасау әдістерінің критерийлерін интерактивті
тақтаға немесе қағазға шығарып дайындап қойыңыз.
Сабақтың деректі материалдары
Шығыс Рим империясының елшісі Приск ғұндар-
мен келіссөздерге келіп, өз көзімен көргені туралы
мағлұматтар қалдырған. Ол Аттиланың сарайын бы-
лай суреттеген: «Біз бірнеше өзендерден өтіп, Аттила-
ның сарайына келдік. Сарай шеберлікпен өңделген
бөренелер мен тақтайшалардан салынып, биік мұна-
ралармен безендірілген». Әсіресе, Прискке Аттила
сарайындағы аппақ тастан қаланған монша таңға-
ларлық әсер қалдырған.
Аттиланың жорықтары оның атын бүкіл дүниежүзі-
не әйгілі етті. Аттила туралы неміс, француз, итальян
тілдерінде атақты өнер және әдеби туындылар дүниеге
келген. Бұл туындылар әлі күнге дейін аса құнды бо-
лып табылады. Тьерри Амеди «Аттила мұрагерлерінің
тарихы» атты еңбегін, Джузеппе Верди "Аттила" опе-
расын, Цахариас Вернер «Ғұн патшасы Аттила» траге-
диясын жазды. Германия мен Шығыс Еуропада жер-
су, елді мекен атауларында Аттила есімі кездеседі.
Еуропада Аттила бейнеленген алтын, күміс ақша
шығарылған. Венгрияда Аттила есімімен аталатын
көше және оқу орындары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |