Маңыздылық кестесі Себеп Жеке Жұппен Топпен Сынып- пен Ішкі тартыс
Сыртқы
қысым
Екіге бөліну
Құрғақшылық
Жердің
жетіспеуі
Сабақ соңында оқушылардың назарын картаға
аударыңыз. Олар картадан ғұндардың қоныс аудару
бағыттарын көрсетіп, үнемі батысқа жылжығанын
атайды.
Жауаптары. Солтүстік ғұндардың батысқа жылжу
себептері – ішкі тартыс, сыртқы қысым, екіге бөліну,
құрғақшылық, жердің жетіспеуі.
Тапсырма Оқушылар "Ғұндар және қаңлылар" деген мәтінмен
танысады. Жұппен ғұндар мен қаңлылардың одақта-
сқа айналудағы себептерін атайды. Оқушылар олар-
дың арасындағы келісім туралы әңгіме құрастырады.
Бұл үшін берілген сөздерді қолдануды ұсыныңыз: «Екі
тарап, келісілді, 1-тараптың шарттары, 2-тараптың
шарттары, міндеттемелері». Бұл тапсырманы рөлдік
ойын арқылы да орындауға болады.
Жауаптары Құдіретті Хуханьенің кенеттен шабуыл жасауынан
қорыққан Чжи Чжи батысқа қашып құтылу жолын із-
дестірді. Оған апаратын жол үйсіндер жерінен өтетін
еді. Ол соларға қарсы күресу үшін күш жинап, одан
соң Қаңлы жерін жаулап алмақшы болды.
Деректерді талдаңдар Оқушылар жұппен А, Ә, Б деректерін талдайды.
Олар дерек авторлары қытайлықтар екенін анықтай-
ды. А дерегіндегі ақпараттардың шындыққа жана-
суын өткен тақырыптар негізінде тексереді. А, Ә, Б
деректері арқылы бір оқиғаны, яғни солтүстік ғұндар-
дың талқандалуын сипаттайтынын түсінеді. Солтүстік
ғұндардың жеңілу себебі – күш тең емес болғанын
анықтайды.
Жауаптары. А дерегінің авторы – қытай шенеунігі,
ол өздеріне үнемі ғұндардан қауіп төнгендіктен, не-
гізгі мақсат ғұндарды талқандау екенін жазады. Ә
дерегінде Чжи-Чжидің ғұн әскерін орналастырудағы
ерекше әдісі сипатталады. Ал Б дерегінде ғұндардың
біріккен қытай-үйсін әскерінен жеңілгені, аяусыз жа-
заланғаны жазылған. А, Ә, Б деректері солтүстік ғұн-
дардың қытай, үйсін, қаңлы елдерімен қарым-қаты-
насын сипаттайды.