Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары бойынша
7
–
11-сыныптарда вариативтік компонент есебінен білім алушылардың қажеттілігіне
қарай инварианттық компоненттен таңдаңдалған пәндер тізімі міндетті түрде білім
беру ұйымының педагогикалық кеңесінде бекітілуі тиіс.
3. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген
өзгерістер мен толықтырулар
2022-2023 оқу жылында «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша оқу
процесін ұйымдастыруда Ы.
Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясының ресми сайтында
https://uba.edu.kz/
орналастырылған Үлгілік
оқу бағдарламаларын басшылыққа алу керек.
Негізгі орта білім беру деңгейінде тарихты оқыту:
196
−
білім алушыларда тарихи сананы, қазақстандық патриотизм, өз елінің
тарихы мен мәдениетіне құрмет, өз ата-бабаларының жетістіктеріне деген
мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дарыту, зерттеушілік,
ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға;
−
білім алушылардың ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктерін, қазақ
халқының мәдени және тарихи мұрасының құндылығы мен ерекшелігін түсіну,
қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде
бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға
бағытталған.
5-9-сыныптарда «Қазақстан тарихы» оқу пәніне бөлінген 2 сағат оқу
жүктемесі сақталған (18.1-кесте) және осы сыныптарда «Қазақстан тарихы»
Үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша
7-9-сыныптарда «Қазақстан тарихы» оқу пәніне 1 сағат бөлінген (18.1-кесте)
және осы сыныптарда «Қазақстан тарихы»
оқу жүктемесі төмендетілген
үлгілік оқу бағдарламасымен оқытылады.
Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша
«Қазақстан тарихы» оқу пәнінен 7-9-сыныптарға арналған Үлгілік оқу
бағдарламасында (
негізгі үлгілік оқу бағдарламасындағы
) қарастырылатын
бөлімдер толығымен қалдырылған, айырмашылық тақырыптар мен оқыту
мақсаттарына өзгерістер енгізілген.
Мысалы, 7-сыныпта XVIII ғасырдағы халық ауыз әдебиеті және
материалдық мәдениет тақырыптары; 9-сыныпта Тәуелсіздік жылдарындағы
білім, ғылым және мәдениеттің дамуы тақырыптары біріктірілді. Сонымен
қатар, бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары нақтыланып, кейбір оқыту
мақсаттарының реті өзгертілді.
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» пәні
мазмұны
Қазақстан тарихының этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени
негізгі мәселелері бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған.
10-11-сыныпта «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту түрлі тарихи кезеңдердегі
Қазақстанның мәдени-тарихи дамуының ерекшеліктері мен мәнін білім
алушыларға түсіндіруді кеңейтеді және тереңдетеді.
Пән мазмұны Қазақстан тарихындағы оқиғаларды, құбылыстарды,
процестерді талдау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау және бағалау үшін қажетті
тарихи ойлау дағдыларын дамытуды қарастырады. Осы оқу пәнінің мақсаты
патриотизмді қалыптастыру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға
құрмет көрсетуге дағдыландыру болып табылады.
18.1-кестеде көрсетілгендей 10-11-сыныптарда қоғамдық-гуманитарлық
және жаратылыстану-математика бағытында оқытылатын «Қазақстан тарихы»
оқу пәніне бөлінген 2 сағат оқу жүктемесі сақталған (18.1-кесте). Аталған
сыныптарда «Қазақстан тарихы» негізгі Үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге
асырылады.
Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша
10-11-сыныптарда
жаратылыстану-математика
бағытында
оқытылатын
«Қазақстан тарихы» оқу пәніне 1 сағат бөлінген (18.1-кесте) және осы
197
сыныптарда «Қазақстан тарихы»
Достарыңызбен бөлісу: |