19
жетістіктері үшін балл қою кезеңдерін және сабақ үшін балл қойылатын білім
алушылардың санын дербес айқындайды.
Мұғалім ТЖБ тапсырмаларының техникалық спецификациясы негізінде 2-11-
сынып білім алушыларына арналған жиынтық жұмыс тапсырмаларын құрастырады.
БЖБ орындау үшін сабақтың формасын (бақылау, практикалық немесе
шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу және
т.б.) және өткізу уақытын педагог дербес айқындайды.
Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын мұғалімдер академиялық
адалдық нормаларын сақтай отырып дербес құрастырады.
Формативтік бағалау, оның ішінде үй жұмысын бағалау білім алушылардың
оқу мақсаттарына қол жеткізуіне мониторинг жүргізу мен сабақта сараланған
жұмысты одан әрі құру үшін жүргізіледі және бір баллдан он баллға дейінгі шекте
жүзеге асырылады.
Үйде оқитын, ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін
мұғалім оқу
жүктемесін және олар оқыған оқу материалдарын ескере отырып, жеке тапсырмалар
әзірлейді.
Оқу жылының қорытындысы бойынша аралық аттестаттау өткізілмейді.
Бағалау кезінде бірқатар талаптарды ұстану ескертіледі:
1. Білім алушылар бағалау үдерісіне белсенді кіреді, соның ішінде сабақта
үнемі өзін-өзі бағалау жүргізіледі.
2. Білім алушының жеке басы емес, оның жұмысы ғана бағаланады.
3. Білім алушының жұмысы басқа оқушылардың жұмыстарымен емес,
үздік орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады.
4. Әртүрлі формалар мен тапсырмалар түрлері
пайдаланылады, тамаша
орындалған тапсырмалардың нақты және айқын сипаттамалары әзірленеді.
5.Білім алушыларға бағалау критерийлері алдын ала белгілі.
6. Өзін-өзі бағалау білім алушылардың рефлексиясында жеке тұлғаның
дамуының міндетті шартын білдіреді.
7. Білім алушылардың жетістіктерін бағалау үшін формативтік бағалау,
БЖБ мен ТЖБ оқу тапсырмалары өткен (оқыған) тақырыптар, оқу мақсаттарын
қамтуы тиіс. Бағалау критерийлері оқу мақсаттарына сәйкес болуы тиіс.
8. Білім алушылармен бірге оқу жетістіктерін бағалау және өзін-өзі бағалау
үшін критерийлерді әзірлеуі мүмкін.
9. Оқу тапсырмаларын таңдау және оқушылардың
сабақ барысында өз оқу
жетістіктерін өзін-өзі бағалауын ұйымдастыруды ойластыру маңызды.
10. Сабақта білім алушыларға өзін-өзі бағалау және өзара бағалау үшін
мүмкіндік беру, өз қателіктерін табу үшін рефлексия ұйымдастыру ұсынылады.
Мұғалім білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін
таңдауда және әзірлеуде еркін.
11-сыныпта «Қазақстан тарихы» пәні бойынша қорытынды аттестаттау
ауызша түрде өткізіледі.
2022-2023 оқу жылында Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі»
аттестатын алуға үміткерлер үшін «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәні
бойынша қорытынды аттестаттау (жазбаша емтихан) «НЗМ» ДББҰ
филиалдарының базасында өткізіледі. (2008 жылғы 18 наурыздағы № 125
20
бұйрыққа 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығымен енгізілген өзгерістер
мен толықтырулармен).
Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды мұғалімдер жиынтық
бағалау түрінде бөлімдерді (қиын тақырыптарды), тоқсандық оқуды аяқтағаннан
кейін оқу материалының мазмұнын игеру деңгейін анықтау және бекіту үшін
жүзеге асырады.
1-сыныпта оқушылардың оқу жетістіктері бағаланбайды.
Достарыңызбен бөлісу: