2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет14/176
Дата08.09.2022
өлшемі2,28 Mb.
#149024
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   176
Байланысты:
2022-2023-ou-zhylynda-azastan-respublikasyny-orta-bilim-beru-yymdarynda-ou-trbie-protsesin-yymdastyrudy-erekshelikteri-turaly-distemelik-nsau-khat

 
 
Ы.Алтынсарин 
атындағы 
Ұлттық 
білім 
академиясы 
2021 
жылы 
 «1-11 сынып білім алушыларының оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтардың 
орнын толықтыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» құралын әзірледі.  
Әдістемелік ұсынымдарда білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын 
толықтыру бойынша халықаралық тәжірибе, Қазақстан мектептерінде қашықтан оқыту 
жағдайында білім алушылардың білім сапасына талдау, 1-11 сынып оқушыларының оқу 
пәндері бойынша біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша әдістемелік 
ұсынымдар берілген. 
Әдістемелік ұсынымдама жалпы бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен 
педагогтеріне, әдіскерлерге, білім басқармалары/бөлімдері мен білім саласындағы сапаны 
қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары мен пән мұғалімдеріне арналған 
Altynsarin Academy (uba.edu.kz)
 
 
сайтында қол жетімді).
 
 
1.4. Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқыту 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 
наурыздағы № 137 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2021 жылғы 3 қарашадағы № 547 бұйрығымен толықтырулар 
енгізілген) бекітілген Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу 
процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады және қашықтан 
білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібін 
айқындайды. 
Қашықтан білім беру технологияларын пайдалану арқылы оқу процесін 
ұйымдастыру білім алушыларға білім беру бағдарламаларын академиялық 
күнтізбелікке сәйкес меңгеру үшін жүзеге асырылады.
«Білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың 


24 
үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес білім 
алушылардың жетістігін бағалау өткізіледі.
 
Ауа райының қолайсыз метеожағдайларына байланысты қашықтан 
оқыту «Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында білім беру ұйымдарында
сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске 
асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 
18 қаңтардағы № 42 бұйрығына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар 
қаланың, астананың білім беруді басқару органының бұйрығы негізінде 
ұйымдастырылады. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 
қазандағы № 595 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министірдің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен 
толықтырулар енгізілген) бекітілген 
«Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта 
және жалпы орта) ұйымдары қызметінiң үлгілік қағидалары»
8-бөліміне сәйкес 
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше 
жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше 
жағдайлар жарияланған жағдайларда жергілікті атқарушы органдар мен білім 
беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен 
барлық білім алушылар үшін қашықтан оқытуды енгізеді. 
 

Ақпараттық жүйені таңдау өте маңызды мәселе, себебі материалды игеру 
сапасы платформадағы білім мазмұнына байланысты. 
Оқыту аудиториялық, қашықтан оқытуды және білім алушылардың өзіндік 
жұмысын дәстүрлі оқу-әдістемелік материалдармен үйлестіруі керек. Әрбір 
білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеру қажет. 
Оқу процесі әртүрлі режимдерде өтуі керек: онлайн режимінде, оқу іс-
шаралары мен мұғаліммен қарым-қатынас АКТ-ны қолдана отырып нақты 
уақытта жүзеге асырылады; асинхронды форматта, бұл балаға өзіне ыңғайлы кез 
келген уақытта оқу материалын игеруге мүмкіндік береді.

Оқу материалдарының сапасына сыни тұрғыдан қарау ұсынылады.

Мәтіннің көлемі аз болуы керек. Егер тақырып білім алушыны қызықтырған болса, 
қосымша материалдың болуы туралы ескертулер жасай отырып, мәтінде ең маңызды 
нәрсені қалдыру керек. 

Мәтінді бөліктерге бөлу керек. 

Ақпараттық графикасы бар мәтіндерді қолданған жөн, өйткені визуализация 
материалды жақсы түсінуге және оны есте сақтауға мүмкіндік береді. 


25 

Тапсырмалар мен оқу блоктары көлемі мен күрделілігі бойынша теңдестірілуі тиіс 
 
Қашықтан оқыту процесін тиімді ұйымдастыру үшін білім алушылардың 
ата-аналарымен тығыз байланыс орнату қажет. Ата-аналарға қашықтан 
оқытудың ерекшеліктерін түсіндіріп, нұсқаулық/жоспар әзірлеу ұсынылады, 
онда мұғалім, ата-аналар, сабақ барысында оқушы орындайтын іс-әрекеттер 
нақты жазылуы керек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет