275
5) менеджмент, ынтымақтастық, ата-аналармен байланыс, Тірек мектебі
және магниттік мектептердің әлеуметтік серіктестігін нығайту;
6) Тірек мектебі және магниттік мектеп білім алушылары үшін қосымша
білім беруді ұйымдастыру.
Тірек мектебі мен магниттік ШЖМ-ның оқу қызметі тірек мектебі
(ресурстық орталық) мен магниттік мектептердің бірлескен педагогикалық
кеңесінде бекітілген бірыңғай оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Магниттік мектептердің 5-11-сынып білім алушылары үшін инвариантты
компоненттің оқу пәндерін оқыту арқылы оқу сессияларын: бастапқы – қазанның
бірінші онкүндігі (10 күн), аралық – ақпанның бірінші онкүндігі (10 күн),
қорытынды – сәуірдің үшінші онкүндігі (10 күн) өткізіледі.
8-11-сыныптардың білім алушылары үшін тірек мектептер базасында оқу
сессияларын өткізу міндетті, 5-7-сыныптар үшін – білім беру ұйымының қалауы
бойынша ұйымдастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: