276
мектепте (ресурстық орталықта) жұмысқа басқа білім беру ұйымдарының
оқытушыларын тарта алады.
ШЖМ білім алушыларының оқу сессиялары әлеуметтік, табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлармен байланысты,
оның ішінде
халықтың ауруларының алдын алу мен емдеуді, санитариялық-эпидемияға
қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қамтитын шектеу
шаралары кезеңінде және қолайсыз ауа райы метеожағдайлары кезеңінде
қашықтан оқытуға ауыстырылады.
Шағын жинақты мектептердің 10-11-сынып оқушылары үшін оқу сессиясы
кезінде пәндер бойынша мазмұн 4 модульге бөлінген,
олардың әрқайсысы
мемлекеттік стандарт шеңберінен шықпайтын сағат санын қамтиды:
- 1 модуль – инвариант;
- 2 модуль – инвариант;
- 3 модуль – қолданбалы курстар;
- 4 модуль – таңдау бойынша курстар.
Әрбір модульге теориялық (Т) және практикалық (П) қызмет сағаттары
кіреді.
Дамытушы модульдер білім алушылардың жеке бағдарын қамтамасыз
ететін сабақтарды ұйымдастыруға бағытталған.
Сессия кезінде оқыту келесі режимде өтеді:
Күннің бірінші бөлімі – бейіналды (8, 9-сынып) және бейінді (10, 11-
сынып) оқыту материалдары бойынша оқу сабақтары.
Білім алушылардың оқу қиындықтарының бағыттары анықталады,
технологиялық карталар жасалады, солардың негізінде сессияаралық кезеңде
жеке оқу маршруттары әзірленеді. Білім алушылардың
алгоритм мен жеке
бағыттар бойынша білімдегі олқылықтарды жоюда жұмыстар жүргізіледі.
Күннің екінші және үшінші жартысы әлеуметтік құзіреттілікті, әртүрлі
өмірлік мәселелерді шешу қабілетін дамытатын дизайн қызметіне арналады.
Білім алушылар әртүрлі пәндер бойынша өз жобаларының презентацияларын
дайындайды, ұжымдық әлеуметтік жобаларды әзірлеуге қатысады.
Күннің төртінші жартысында – бос уақытта өзін-өзі дамыту:
білім
алушылар қойылымдар қояды, концерттік бағдарламалар, көрмелер
дайындайды, спорттық жарыстарға қатысады.
Спорттық, патриоттық, көркем-
эстетикалық, өлкетану және зияткерлік сипаттағы дамыту сабақтары ерекше
орын алады. Бұл дебаттар, пікірталастар, ойындар, конкурстар, психологиялық
тренингтер.
Тірек мектеп (ресурстық орталық) базасындағы бейіналды дайындық
барысында:
Білім алушыларды өз өңірінде бар кәсібилендіру мүмкіндіктері туралы,
яғни кәсіптік білім беру ұйымдары (колледждер, жоғары оқу орындары), оларда
даярлауды жүргізілетін мамандықтар туралы хабардар ету.
Осы мақсатта
кәсіптік бағдарлау жұмысы бойынша мамандарды шақыру, аталған білім беру
ұйымдарына экскурсиялар ұйымдастыру қажет.
277
Бейіндік оқыту шеңберінде тірек мектеп (ресурстық орталық) базасында
шағын жинақты мектептердің білім алушылары оқу жоспарының вариативтік
бөлігін, ал 10-11-сынып оқушылары инварианттың екінші модулін меңгереді.
Білім алушыға білім алу, ойлау, талдау, салыстыру және өз таңдауын
жасауға құқық беріледі. Нәтижесінде білім алушылардың белсенділігі,
оқуға
деген қызығушылығы артады.
Тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) қызметі қажеттілік болмаған
жағдайда тоқтатылады.
Достарыңызбен бөлісу: