2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Ескерту: 1-сыныпта бағалау жүргізілмейді. «Бейнелеу өнері» оқу пәні



Pdf көрінісі
бет54/176
Дата08.09.2022
өлшемі2,28 Mb.
#149024
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   176
Байланысты:
2022-2023-ou-zhylynda-azastan-respublikasyny-orta-bilim-beru-yymdarynda-ou-trbie-protsesin-yymdastyrudy-erekshelikteri-turaly-distemelik-nsau-khat

Ескерту: 1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.
«Бейнелеу өнері» оқу пәні
«Бейнелеу өнері» пәні 2022-2023 оқу жылынан бастап, тек 1- сыныптар 
үшін «Көркем еңбек» оқу пәнінен ажыратылып, бөлек пән ретінде оқытылады.
«Бейнелеу өнері» пәнін оқытудың басты мақсаты - білім алушының
қоршаған ортаны бейнелі қабылдау арқылы шығармашылық қабілеттерін 
дамыту, оларды көркем өнерге баулу.
«Бейнелеу өнері» пәнінің міндеттері: 
- көркем өнер туындылары арқылы оқушының ұлтжандылық, рухани- 
адамгершілік, көркемдік-эстетикалық, сезімталдық, талғам, байқампаздық, 
мейірімділік, әдептілік қасиеттерін тәрбиелеуді;
- қазақтың ұлттық, кәсіби музыка, бейнелеу өнері, этностардың мәдениеті 
туралы түсініктерін қалыптастыруды;
- өнер (бейнелеу, қолданбалы-сәндік, сәулет, дизайн) түрлері туралы 
бастапқы білім беруді; 
- өнер түрлеріне қызығушылығын дамытуды, өнер арқылы ұлттық әдет-
ғұрып пен салт-дәстүрлерді құрметтеу сезімін қалыптастыруды;
- оқушының көркемдік-бейнелеу іскерліктерін, шығармашылық әлеуеті 
мен қиялын дамытуды;
- өнер туындылары жайында ақпарат іздестіру, қабылдау, түсіну, талдау, 
өздігінен пайдалану дағдыларын қалыптастыруды; 


94 
- өз шығармашылық іс-әрекеттері арқылы ойын бейнелеп және дәлелдеп 
бере алу дағдыларын қалыптастыруды; 
- эстетикалық талғамын, сезімталдығын дамытуды көздейді. 
«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 35 сағат;
«Бейнелеу өнері» пәнін ұйымдастыру оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге 
қарай, жүйелілік, сабақтастық, бірізділік және көрнекілік ұстанымдарына 
негізделеді.
Ескерту: 1-сыныпта бағалау жүргізілмейді. 
 
«Көркем еңбек» оқу пәні 
«Көркем еңбек» 
– 
«Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» оқу пәндерін 
біріктіретін кіріктірілген пән. 
«Көркем еңбек» кіріктірілген оқу пәні әртүрлі шығармашылық әрекеттің 
түрлері барысында көркем-технологиялық білім, білік және дағдыларды 
қалыптастыруға бағытталған. 
Оқу пәні түрлі шығармашылық іс-әрекеттегі кеңістіктік-бейнелілік 
ойлауын, шығармашылық ойлауын, рухани-адамгершілік мәдениетін, елесін, 
қиялын және аңғарымпаздығын, жеке тұлғаның қалыптасуын және өз ойын
білдіруін дамытуға бағытталған. 
«Көркем еңбек» пәні бойынша 
оқу жүктемесінің көлемі

1)
2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағат; 
2)
3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағатты; 
3)
4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағатты құрайды

Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау, 
өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану 
ұсынылады. 
Түрлі материалдармен жұмыс істеу білім алушылардың технологиялық 
ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау 
қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, қиялы мен қол моторикасын дамытуға, 
көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіреді. 
Оқу мақсаттары білім алушыларда белгілі бір дағды қалыптастыру 
үшін әрекет түрін, орындау техникасын, шығармашылық жұмысты жасаудың 
материалын мұғалімнің өзі таңдайтындай етіп тұжырымдалған. 
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқыту процесінде білім алушылардың 
АКТ құралдарын қолдану дағдыларын дамыту қажет. Ең алдымен, бұл көркем 
жұмыстарды жасау кезінде цифрлық компьютерлік технологияларды 
пайдалану, слайдтық презентацияларды жасау дағдыларын дамыту, 
шығармашылық жұмысты жасау үшін басқа білім алушылармен 
ынтымақтастық, қарым-қатынас жасау мен ақпарат алмасу және т.б. 
«Көркем еңбек» сабақтарында мұғалімнің өзі анықтайтын әртүрлі 
көркемдік-шығармашылық әрекеттер қарастырылады. Бұл ретте көркемдік- 
шығармашылық әрекеттің негізгі үш түрі: 
-
құрылымдау; 


95 
-
бейнелеу; 
-
сәндеу әрекеттері міндетті түрде іске асырылуы қажет. 
Мұғалім және білім алушылар әртүрлі жұмыс түрлерін орындау 
барысында еңбек гигиенасының және қауіпсіздік техникасының ережелерін 
сақтаулары қажет. 
Ескерту: 2-4-сыныптарда «есептелінді» және «есептелінген жоқ» 
деген сынақ қойған кезде критериалды бағалау қағидасына сүйену керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет