99
Жалпы білім беретін орта мектепте қазақ тілі пәнінен академиялық білім
берудің мақсаты – қазақ тілінің әлеуметтік-қоғамдық қызметі (ана тілі-ұлт тілі-
мемлекеттік тіл) туралы біртұтас білім бере отырып, тілдің танымдық,
құрылымдық, тарихи мәнін, тілді қолданудың нормативті жүйесін игеріп, сөйлеу
мәдениеті тәсілдерін меңгерген, ұлттық рухты бойына сіңірген дара тұлға
тәрбиелеу.
Қазақ тілін оқытудың
басты міндеттері бастауыш, орта, жоғары
сыныптарда қазақ тілінің ана тілі ретіндегі қызметіне, орта сыныптарда қазақ
тілінің ұлт тілі ретіндегі қызметіне, жоғары
сыныптарда қазақ тілінің
мемлекеттік тіл ретіндегі қызметіне басымдық бере оқыту.
Қазақ тілінің ана тілі ретіндегі негізгі қызметі – ұлттық сана-сезімді
қалыптастыру. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы
қойылған базалық құндылықтар: 1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық
жауапкершілік; 2) құрмет; 3) ынтымақтастық; 4) еңбек пен шығармашылық; 5)
ашықтық; 6) өмір бойы білім алу ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы арқылы
игеріледі. Сондықтан бастауыш сыныпта қазақ
тілінің ана тілі ретінде
танылуына негіз болатын лингвистикалық білім мазмұны қамтылуы тиіс.
Қазақ тілінің ұлт тілі ретіндегі қызметі – ғасырлар бойғы тәжірибеден
жинақталған ұлттық дүниетанымды, ұлттық ақыл-ой жетістіктерін зерттеу,
саралау, дамыту. Ұлттық тіл Білім стандартында көрсетілген ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтарды өзіне үйлесімді үйлестіруге, кез келген
өмірлік жағдайларда функционалдық сауаттылығы
мен бәсекеге қабілеттілігін
көрсетуге, сондай-ақ оқу және қолданбалы тапсырмаларды шешуге мүмкіндік
береді.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызметі жоғары сынып
оқушыларына арналған білім мазмұнын қамтуы тиіс. Қоғамның барлық
саласында қазақ тілін қолданудың заңдылықтарын, іскерлік,
дипломатиялық
қарым-қатынас мәдениетін, сөйлеу мәдениетін игерген оқушы жалпыға міндетті
білім
стандартында
көрсетілген
«Қазақстан
Республикасының
Конституциясының нормалары мен заңдарын құрметтеуді және сақтауды», яғни
қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қолдануды өз міндетіне алады, қазақ тілінің
мемлекеттік статусын көтеруге өзіндік үлес қосады, мемлекеттік тілді қолдануға
ынталы болады.
Қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін бастауыш, орта жоғары
сыныптарда оқытқанда тілдің құрылымдық,
функционалдық, тарихи жүйесі
өзара тұтастықта бірлікте кіріктіріліп оқытылады. Нәтижесінде оқушылар тілдің
таңбалық жүйесі, әдеби тілдік нормасы, тарихы және тіл арқылы ұлтты, адамды
тану туралы кешенді білім алады. Бұлар оқушының тіл тазалығын, тіл
анықтығын тіл дәлдігін (А.Байтұрсынов) игеріп, сөйлеу мәдениетін, сөз
шеберлігін жетілдіруіне айтарлықтай үлес қосады.
Достарыңызбен бөлісу: