103
Негізгі орта білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі» пәнінің үлгілік оқу
бағдарламасындағы білім мазмұны бойынша оқушы мен мұғалім арасындағы
қарым-қатынас субъект-субъектілік қарым-қатынасқа құрылады. Мұғалім
кеңесші, бағыт беруші,
бағыттаушылық қызмет атқарса, оқушы ізденуші,
зерттеуші қызметін атқарады. Сол арқылы алған білімі тиянақты болады. Себебі,
білім алушы өз қолымен, ізденуімен жасаған жұмысын ұмытпайды, өмірде
қолдануға да, басқаға үйретуге де бейім болады. Бұл білім алушыны сыни
тұрғыдан ойланып, әрекет етуіне, функционалдық
сауаттылығының
қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.
Оқу процесінде білім алушының ынтасын, қызығушылығын арттыруға
бағыттайтын оқытудың түрлі формалары ұсынылады:
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін
жұмыс түрлері төмендегідей:
• Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар)
• Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
• Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен
оқушы)
• Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс)
Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін, адамдардың
бір-бірімен қарым-қатынас жасай білу мәдениетін қалыптастырады.
Коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан білім алушы алдына нақты мақсат
қоятын, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын,
өзгені қызығушылықпен тыңдай алатын жеке тұлға болып қалыптасады.
Жоғарыда көрсетілген жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттілікті
меңгертудің алғышарты болып табылады. Себебі, бұл жұмыс түрлерін
мұғалім әр сабақта қолдана алады. Коммуникативтік
құзыреттілікті дамыту
үшін жүргізілетін жұмыстар білім алушының сөйлеу тілін дұрыс меңгеруіне,
қатысым және жазылым қарым-қатынасын қалыптастыруға ерекше ықпал
ететінін көруге болады. Коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан білім
алушы өз қатарларымен, өзге де жастағы адамдармен қарым-қатынаста белгілі
бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін ұға,
түсіне білетін болады.
Диалогтік әдісті қолдану білім алушылардың сұрақтарды,
өтінішті,
таңдануды, бұйыруды қолданып, бір-бірімен әңгімелесе білуге, мәліметтерді
нақтылауды сұрауға, келіспеушілік, толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара
пікір алыса білуге дағдыландырады. Топ арасында талқылау жүзеге асады. Әр
топ өз пікірін айтып, дәлелдеме жасайды. Сыныпта талқылауға қатысу
оқушының бәсекеге қабілетін арттырып,
өз дәлелін қорғауға, мәселеге сыни
тұрғыдан қарауға (1. Пікірталастық әңгіме; 2. Топтық әңгіме; 3. Зерттеушілік
әңгіме.) үйренеді. Диалогтің өзі сабақ өту кезінде әр түрлі әдіс арқылы жүзеге
асады. Мысалы: сұрақ-жауап, рөлдік, тапсырманы орындату,
жұптық жұмыс,
диалогтік мәтінді оқу.
Достарыңызбен бөлісу: