2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет6/176
Дата08.09.2022
өлшемі2,28 Mb.
#149024
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   176
Байланысты:
2022-2023-ou-zhylynda-azastan-respublikasyny-orta-bilim-beru-yymdarynda-ou-trbie-protsesin-yymdastyrudy-erekshelikteri-turaly-distemelik-nsau-khat

қыту қазақ тілінде 
жүргізілетін 1 сыныптарына
мынадай 
өзгерістер енгізілді: 
-
«Әліппе» және «Ана тілі» пәндері оқытылады; 
-
«Шетел тілі» және «Орыс тілі» пәндері оқытылмайды; 
-
«Көркем еңбек» пәні екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және 
«Бейнелеу өнері»; 
 
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін 1-сыныптарға арналған бастауыш 
білім берудің 
үлгілік оқу жоспарына мынадай өзгерістер енгізілді:
- «Қазақ тілі», «Букварь» және «Обучение грамоте» пәндері оқытылады; 
- «Шет тілі» пәні алынып тасталды; 
- «Көркем еңбек» пәні екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу 
өнері». 
 
Ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын 1-сыныпқа арналған 
Бастауыш білім берудің 
үлгілік оқу жоспарына мынадай өзгерістер енгізілді: 
- «Қазақ тілі», «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері оқытылады; 
- «Орыс тілі» және «Шет тілі» пәндері алынып тасталды; 
- «Көркем еңбек» пәні екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу 
өнері». 


12 
 
Бастауыш білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 
сәйкес (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 
тамыздағы № 348 бұйрығы) жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында 
сыныпты екі топқа бөлу
сыныптарда 24 және одан да көп білім алушылар 
болған кезде жүзеге асырылады: 
1) қазақ тілінде оқытпайтын сыныптардағы қазақ тіліне; 
2) шет тіліне; 
3) цифрлық сауаттылық (1-сыныптан басқа) негізінде жүзеге асырылады. 
Ескертпе:
«Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша 1-сыныпта сынып екі топқа 
бөлінбейді. 
«Шет тілі» пәні 2022-2023 оқу жылы ҮОЖ сәйкес 2 сыныптарда оқытылады 
 
Негізгі орта білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 
(Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 
348 бұйрығы) сәйкес білім беру ұйымдарында сыныпты екі топқа бөлу Қазақстан 
Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес 24 және одан да 
көп білім алушы болғанда: 
1) «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін 
сыныптардағы;
2) шетел тілдері; 
3) көркем еңбек; 
4) информатика екіге бөлініп оқытылады. 
Ескертпе: 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша сыныпты екі топқа бөлу қазақ тілінде 
оқытпайтын барлық сыныптарда жүргізіледі. Бұл ретте жаратылыстану-математикалық 
бағыттағы 10-11-сыныптарда апталық сағаттық жүктеменің өзгеруімен топтарға бөлу 
сақталған. 
Мектептер оқу тіліне қарамастан, мектептен тыс және жалпы мектепішілік іс-
шараларды негізінен қазақ тілінде ұйымдастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет