110
№595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен оқыту нысанына
қарамастан, үлгілік оқу жоспарын дербес таңдайды.
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарын таңдаған жағдайда
инвариантты компоненттегі таңдау пәндерінің комбинациясы (7-9-сыныптар)
берілген. Пәндер комбинациясында 2 пәннің атауы көрсетілген, үшінші пән – таңдау
бойынша пән (әрқайсысы 2 сағаттан), яғни 8-9 және 10-11-сыныптарда (қоғамдық-
гуманитарлық бағыт) 2 сағат көлемінде оқытылатын «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша
вариативті компоненттен тағы 2 сағат алуға мүмкіндік берілген.
Комбинация бойынша «Қазақ әдебиеті» пәні таңдалған жағдайда пән
мұғалімдері пәнді тереңдетіп оқыту үшін ҰМЖ,
авторлық бағдарламалар
әзірлей алады. Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында (www.nao.kz)
ұсынымдама ретінде әзірленген ҰМЖ үлгісі орналастырылған.
3. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген
өзгерістер мен толықтырулар
2022-2023 оқу жылында «Қазақ әдебиеті»
пәні бойынша оқу процесін
ұйымдастыруда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми
сайтында
https://www.nao.kz
орналастырылған Үлгілік оқу бағдарламаларын
басшылыққа алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: