Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет40/102
Дата10.09.2022
өлшемі1,59 Mb.
#149138
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
79 
Ордасына бір суық жылан — бүліншіліктің бас сұққанын аңғарған. Шығыс 
тарихында мұндай жағдай бәлендей таң қаларлық оқиға емес. Әбдіразақ осыны 
ойлап, «қылмысқа жол берме» деп ханға әдейі ашық айтқан. Хан дәруіш ойын 
ұққан. Ал «сен менің шешкен ісімді бұзғалы тұрсың, Рабиу-Сұлтан-Бегімді 
өлтірту менің бұйрығым, жайыңа жүр» дей алмаған. Деуге осы бір әділетті
сүйгіш, бір беткей адал дәрігер ханға өте керекті адам еді. Онсыз Әбілқайыр бір 
күн өмір сүре алмасы даусыз. 
Әбілқайыр хан көптен тұншықпа 
1
ауру болатын. Осы аурудан құтылам деп 
қарамағындағы талай білгіш емшілерге қаралған. Тіпті Тибеттен, Қытайдан, 
Қорасаннан, Мысырдан да бақсы-балгер алдырып көрінген. Бірақ бұлардың 
бірінің қолынан ханды жазу келмеген. Дерт ұлғаю үстіне ұлғая түскен. Ақырында 
отыздан асар-аспасында әлсін-әлсін төсек тартып жатып қалатынды шығарды. 
Өзгенің өмірі өзіне шыбын құрлы көрінбейтін қатігез хан, енді ұзақ ұстайтын 
осынау көкжөтелдің бірінде тұншығып өліп кетеді екем деп зәресі қалмаған. Адам 
неғұрлым дәрежесі жоғарылаған сайын, соғұрлым жаны тәтті бола түседі. Бір шеті 
Қорасан, екінші шеті Жайық өзенінен асып далиып жатқан алып хандығының 
түкпір-түкпіріне «білгір дәрігер» іздетіп ат шаптырған. Осы кезде нөкерлері Мерв 
қаласынан әбдіразақты алып келген. Оған міне, он жылдан асып барады. 
Әбдіразақ келгелі көзі ашылды. Тұншықтырғыш дерттен мүлдем жазып жібермесе 
де, «кенет өліп қалады екенмін» деген қауіптен құтқарды. Оның үстіне адамның 
жасы үлкейген сайын жабыса кететін дерттерден ханды кәдімгі үшкіріп жазғандай 
жазады. Денсаулығы жаратылысынан нашар Әбілқайыр енді ұзақ жыл өмір сүреді 
екенмін деп үміттеніп қалды. Ал үміт өмір серігі, енді ол кейде, көңілі қош 
кездерде, «әбдіразақ өлмей мен өлмеймін» деп жымыңдауды шығарды. Осындай 
бар өмірі қолында тұрған әбдіразақпен хан санаспасқа амалы жоқ-ты. Сол 
себептен де ол дәруіштің аузынан қақпады. Әбдіразақ кеткеннен кейін Бақты-
Қожа уәзірді шақыртып алып Рабиу сұлуды айыптауды әзірге тоқтата тұруын 
бұйырды. Ол кенет Сүйіншік баласының хан тағына құмар бола қалуынан бұл 
арада тағы да бір суық ойдың салқыны соға бастағанын аңғарған. Бұл суық ой 
кімнен шықты? Бақты-Қожадан ба, басқадан ба — хан білгісі келген. 
«Жауыз ханнан құтылғың келсе, оның жауыз баласына сені хан етем де!» дейді 
монғолдың көне қағидасы. Ал расына келсек әбдіразақ Нахичеванидың айтқаны 
шындық еді. 
Сонымен айлакер уәзір он үш жасар баланың ішінде бұйығып тыныш жатқан 
мансапқорлық жыланын оятты. Ол жылан енді жас баланың бар сезімін бұлқан-
талқан еткен, ақыл-ойын арбаған, еркін алған кеселге айналдырды. Бейбақ 
бүлдіршіннің басынан «хан болсам» деген бір қияли ой шықпай қойды. Осылай 
ойлаған сайын, көзінде ағайын-туысына, бауырларына деген бір қор- 
қыныш суық ызғар пайда болды. Түрі де өзгеріп, бұрын қаны тамып тұратын 
ақшыл беті, енді жаққа ұрғандай құп-қу боп кетті. Кеше ғана анасының жанынан 
шықпайтын ерке кенжесінің кенет былай құбылуынан, кейде тіпті өзіне рақымсыз 
ишаратпен қарауынан шошыған Рабиу-Сұлтан-Бегім ханым дәруіш әбдіразаққа өз 
ойын айтты. Баласына қандай пәленің келгенін біліп беруін өтінді. Он жылдан 
астам хан сарайында өткен өмірінде әбдіразақ дәруіш мұндай сырдың талайына 
қанық еді. Сүйіншікпен үш-төрт кездескеннен-ақ оның қандай кеселге душар 
1
Т ұ н ш ы қ п а — астма. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
80 
болғанын ұққан. Және бұл кеселдің асқынуына Әбілқайыр мен Бақты-Қожаның да 
үлесі барын түсінген. Бірақ ханға бұ жағынан емес, пұшайман ғарып баланың 
қасіреті жағынан келген. Көзін қулық-сұмдықпен ашқан Әбілқайыр, бұл істе 
өзінің де қатынасы бар екенін әбдіразақ дәруіш аңғарып қалды ма деп сезіктенген. 
Әйтсе де «хан сырын білгеннің қаны төгілсін» дейтін ежелгі әдетке баспаған. 
Өмірінен көрі жақындаған сайын, хан жаны үшін әбдіразақты көзінің 
қарашығындай сақтауға бар. Сол себептен дәруішін «айтқаныңның бәрі ақылға 
салынады» деп қоя берген. 
Бұл кеше еді. Ал бүгін ше? Бүгін Әбілқайыр кешегісінен де қатты толқуда 
отырған. Батыр Саян қашқаннан бері ол Оспан-Қожаны зынданға салып қой- 
ған. Ұзақ жылғы сенімді дәйекшісінің тағдырын өзі шешкен-ді. Бірақ бер жағында 
Қобыланды батырдың Ақжол биді өлтіруінен туған Жәнібек пен Керейдің ел 
бөлген әлегі ортаға түсіп кетіп, Оспан-Қожа ғарып ісін тіпті естен шығарған. Сол 
Оспан-Қожа ретін тауып, үлкен бәйбішесі Айбаһарам-Сүнейден Әбілқайырға «Бас 
кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Өзім де көп кешікпей зынданда шіріп өлермін. 
Бірақ өлер алдында хан ием бірер ауыз сөзімді тыңдасын» деп өтініш еткен. 
Зынданға өзі салдырып қойса да, Әбілқайыр Оспан-Қожаның сөзін 
тыңдамаймын дей алмады. Өйткені бұл кісі оған тым жақын, тым берілген адам 
еді. 
Оспан-Қожаның Әбілқайыр сан достығын, өзіне деген өмір-бақи ұмыта алмас 
талай жақсылығын көрген. Соның бірі Самарқантты алатын жолы болған. 
Оспан-Қожа тұқымымен сонау ескі заманнан Сайбан ұрпағына қызмет істеп
келе жатқан жан еді. Атасы әбілтас Ақсақ Темір шабуылында Барластардың 
қолына түскен. Ежелден хан Ордасына берілген тұқымнан болғандықтан әмір-
Темір оны өзінің сарайына дәйекшілік қызметке алған. Осы атасынан бастап 
Оспан-Қожа өзімен үшінші буын болып, бүкіл дүниені тітіренткен сайыпқыран 
Көреханның Самарқант сарайындағы дәйекші қызметін атқарып келген. Бірақ 
жетім баланы қанша асырасаң да, өз әке-шешесін жоқтайды. Самарқант 
Ордасында қаншама жақсы атты боп жүрсе де, атасын құл етіп әкелген Ақсақ 
Темір немерелеріне Оспан-Қожаның жүрегі жібімеді. Мауреннахрға еліне қас жер, 
жау жер деп қарады. Есі-дерті сонау Арқадағы хан Ордасы болды да тұрды. 
Осындай ісігі қайтып, сынығы бітпеген Оспан-Қожа Күнбатыс пен Солтүстік 
жағына әлсін-әлсін қарай берді. Дәйекшінің мұндай күйін пайдаланып, Әбілқайыр 
жігіттері онымен байланыс жасай қалды да, екі жақты шешімге келді. Оспан-Қожа 
Әбілқайырдың Самарқанттағы сыбыршысы болуға қолма-қол көнді. 
Әбілқайыр Есіл, Нұра бойын өзіне қаратып, Орда-Базарда ат шаптырып, 
балуан күрестіріп, батырларына олжаны бөліп, ұлан-асыр той жасап жатқанында, 
осы дәйекші Оспан-Қожадан арнаулы кісі келген. Онымен бие сауымындай 
сөйлескеннен кейін Әбілқайыр, бар қолбасшыларын жинап алып: «Самарқант 
қазір бос тұр. Ұлықбек мырза Қорасан мен Иракқа сапар шеккен шағында, алла-
тағала өзі сақтап тұрған Самарқантқа тәуекелдің тізгінін бұрғым келеді» деді. 
«Хан борышы — жорыққа ту көтерту, 
Құл борышы — туға еріп, жанын беру» — деп ескі шежіреде айтқандай, хан 
айтса — қарамағындағы батыр, нөкерлері қоштайтын дәуір, қалың қолмен 
Әбілқайыр Самарқантты басып алуға шыққан. Өзбек Ордасының абыройын 
ойлаған хан, Шираз деген қалада: «Бірде-бір әскер егінші жұрт пен көшпелі елге 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет