Ілияс Есенберлин Қахар



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата10.09.2022
өлшемі1,53 Mb.
#149140
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ілияс Есенберлин Көшпенділер Қаһар

ҮШІНШІ БӨЛІМ
І
Орынбор әскери губернаторы граф Василий Алексеевич Перовский, жұмсақ 
орындыққа шалқая түсіп, көгілдір көзін сәл жұмып, кең маңдайын ұзын саусақты 
сол қолымен сипай тағы да ойға кетті. «Батыс Сібір губернаторының қарамағынан 
көшіп келіп Кіші жүз ереуілшілеріне қосылған Кенесары сұлтанмен тіл табуға 
қалай мәжбүр болып еді?.. Иә, иә, ол кезде помещиктердің тепкісіне шыдай 
алмаған Орынбор өлкесінің басыбайлы қарашекпендері мен казак-орыстардың 
түгелдей патша үкіметіне қарсылық көрсеткен қозғалысы бас-талған еді ғой. Ол аз 
болғандай Арқадан Кенесары келіп Елек, Ырғыз, Торғай бойындағы қазақ 
ауылдары тегіс ереуілге шықты емес пе... Орынбор екі оттың ортасында қалмады 
ма. Екі отты бірдей сөндіруге күш жетпеген соң, амал жоқ, қазақ ереуілшілерімен 
тіл табуға мәжбүр болған жоқпыз ба?.. Онда да біз емес, алдыменен Кенесары 
сұлтанның өзі бітім сұрады емес пе? Иә, иә, өзі сұраған. Қалай деп жазып еді ол 
сонда хатында?» — Василий Алексеевич елуден асып кеткеніне қарамастан, жас 
жігіттерше орнынан ұшып түрегеліп, сұңғақ бойын тіп-тік ұстап, аяғын сыптай 
басып бұрышта тұрған темір шкафтан бір папканы алып ішіндегі қағаздарды 
қарай бастады... «Міне, міне осы қағаз... Бір мың сегіз жүз отыз тоғызыншы жылы 
яғни қазақша Доңыз жылының наурыз айы делінген» Перовский енді аузын 
жыбырлатып оқи бастады — «Атамыз Абылай ханнан бері біз орыс 
жұртшылығымен бір туысқан адамдай тату-тәтті өмір сүріп келе жатыр едік, тек 
Сібір губернаторының адамдары маза бермегендіктен, амалсыз соғысуға мәжбүр 
болдық... Ал сіздің жеріңізге келуімізбен еш уақытта да Россияға қас 
болмағанымды айтқым келеді, және менің осы сөзімді жоғары жаққа жеткізуіңізді 
өтінемін»... Граф қағазды былай қойып тағы ойлана қалды. «Россияға қазақтарды 
бағындыруда менің саясатым әуел бастан-ақ князь Горчаковтікінен өзгеше 
болатын... Өлке бойынша көтерілген орыс мұжықтарының қимылын еске алып, 
мен қазақтарды князь секілді қылыштың күшімен емес, бейбіт жолмен 
бағындырған жөн деп білгем, сондықтан да Кенесарының өткен күнәсына кешірім 
сұрап, жаңағы хатының көшірмесін Соғыс министрі Чернышев пен вице-канцлер 
Нессельроде мырзаға жіберген едім ғой, — Перовский алдындағы папканы тағы 
ақтара бастады. — Сол ресми хатым мына қағаз ғой. «Мәртебелі мырзалар, ереуіл 
ұйымдастырып бас көтерген Қасым ұлы Кенесары сұлтанның осы жіберіп отырған 
хатынан, егер патша ағзам оған кешірім істесе, оның бізге мойын ұсынып 
бағынатынын өздеріңіз де көріп отырсыздар». Иә, осы хаттың аяғында бұдан 
былай қарай Орынбор жеріне көшіп келген қазақтардың ісіне Сібір генерал-
губернаторының кіріспеуін өтінген едім мен. Солай деп князь Горчаковқа Соғыс 
министрі бұйрық та берген. Бірақ ол бұйрықты князь қалай қарсы алды? Князь 


155 
ашуға мініп маған хат жазған»... — Граф ақырын езу тартып күлімсіреді де 
Горчаковтың хатын тауып алып оқи бастады. — «Орынборға жататын қырғыз-
қайсақтарды басқару осы уақытқа дейін менің ойламаған ісім. Бар мақсатым 
Кенесарының қанқұйлы тобырынан өз генерал-губернаторлығымды аман сақтап 
қалу болатын. Қырғыз-қайсақтарға көне замандағыдай бостандықтарыңды 
қайтарып әперем деп сендіріп, өзінің ел тонаушылығын бүркей білген Кенесары 
бүліншілігінің қаупі күшті. Осы себептен, оңай мал табудан гөрі, ескі замандағы 
еркіншіліктерін қайтарып алуды арман етіп, оның соңынан ергендер көп». 
Граф тағы ойлана қалды. 
«Орынбор Омбы емес. Мұнда орыс оқығандарының демократшыл тобы бар. 
Көтерілген халықты Горчаковтай қанға батырсам, сол өзім сыйласатын, кейде 
пікірімен санасатын орыс оқығандары не айтады? Олардың да ойын еске алу 
керек. Түркістан тарихы жөніндегі еңбектерімен әйгілі болған, өзіммен бірге 
жұмыс істеп жүрген В. В. Вельяминов-Зернов, орыс түсінік сөздігін жасаушы В. 
Даль қазақтардың Россия империясының қол астына кіруі түбі прогресшіл жол, 
сондықтан оларды қарудың күшімен емес, ақылмен бағындыру керек деген 
пікірде емес пе... Бұл ойды осы Орынбор шекара Комиссиясының бастығы боп 
көп жылдан бері қызмет істеп келе жатқан генерал-майор В. Ф. Генс те қолдайды. 
Әйтсе де осы генерал-майор қызық адам, өзі Россия патшалығына бағынбадың деп 
қазақтарға қарсы соғысады, сөйтіп жүріп олардың жетім балаларын үйіне жинап 
жетімхана ашады. Және жұрттан жасырып қазақтардың тарихы мен этнографиясы 
жөнінде еңбек жазады. Бұлар аз болғандай Орынборға айдалып келген поляктың 
белгілі азаматтары да халықты қырғаннан гөрі ақылмен көндірген жөн дейді. 
Осындай ойларын Мицкевичтің жан аяспас досы, Орынбор музейін ашқан Томаш 
Зан да, шекара комиссиясында қызмет істейтін дарынды ақын И. В. Виткевич те 
өткен жылы өзіме келіп ашықтан-ашық айтты... 
Қарамағымдағы қазақ елін қанға батырып, ереуілін басқанда көңілдес 
сырластарым, Петербургтағы белгілі орыс әдебиетшілері не айтады? Өзімнің 
бауырым, белгілі жазушы Антон Погорельскийдің бетіне қалай қараймын? Бәрі де 
қан төгуді жек көреді, менен бірден безбей ме?». 
Перовский тағы да тұнжырай қалды. 
«әйтсе де мен өз ойлағаныма жеткен едім. Россия патшалығы мен қазақ елінің 
арасындағы қайшылық қай түрде бітетінін Кенесары да, мен де анық білмегенмен, 
әзірге қан төгіс шабуылды екі жақ бірдей тоқтатқан едік қой... Батыс Сібір 
шекарасындағы анда-санда бұрқ ете қалатын жанжалды есепке алмасақ, Орынбор 
шекарасындағы бекіністер мен казак-орыс станицаларын шабуын Кенесары 
біржола тоқтатты десе де болады... Оның есесіне патша ағзам өткен қырқыншы 
жылы Кенесарының бар күнәсын кешіріп, амнистия берді... Және айдалып, 
сотталып кеткен туған-туыстарын тегіс қайтарды...» 
Граф бірдеме ойына түскендей орнынан түрегеліп темір шкафтан екінші бір 
папканы алды. 


156 
«Иә, иә, патша ағзам менің тілегім үшін өзінің бұрынғы указын бұзған жоқ па 
еді? Ол указда...» 
Перовский Указға көз жүгіртіп оқи бастады. Бұл Бірінші Николай патшаның 
бір мың сегіз жүз отыз сегізінші, қазақша Ит жылы мамыр айының бірінде берген 
Указы еді. Онда «Қылмыстары үшін арестант роталарына жіберілген қазақтар, 
мерзімді уақыттары біткеннен кейін де туған жерлеріне қайтарылмай, әскер 
қызметіне жарайтын сенімділері солдатқа беріліп, ал өзгелері Иркут губерниясына 
жер аударылсын», — деген. 
«Патша ағзам осы мейірімсіз Указына қарамай, — деді граф ішінен, — 
Кенесарының ұсталып кеткен туыстарын, Уәлиханның үлкен баласы 
Ғұбайдолладан бастап босатып берді... Бірақ Ғұбайдолла туған інісі — 
Құсмұрынның аға сұлтаны Шыңғыстың еліне бармай, Кенесарыға келіп қосылды. 
Неліктен? Патша ағзамның жақсылығын білмегендігінен бе, әлде өзінің тоқал 
шешесі, Шыңғыстың анасы Айғанымға деген өштігін ұмытпағаны ма?.. Айғаным 
демекші, оны осыдан жиырма бес жыл бұрын Петербургта көріп едім ғой.. 
Марқұм Бірінші Александр патшаның туған күнгі тойында... Сол тойға арналған 
балда сұлулық жағынан Айғанымнан еш әйелдің аспағаны әлі есімде... Оған өзім 
секілді 
орыс- 
тың жас офицерінің бәрі ғашық болып қалған едік қой». Граф әлденені есіне 
түсіріп күлімсіреді. «Иә, сөйткен сұлу Айғанымды қасқырдың қаншығындай тас 
жүрек деп кім ойлаған. Хандыққа өзімен таласқан Уәлидің үлкен әйелінен туған 
Ғұбайдолланы да, Уәлидің туған ағасы Сартайды да Сібірге жер аудартқан жоқ 
па? — Перовский тағы күлімсіреді. — Алайда Бірінші Александр патшаның сол 
тойын өмір бақи ұмыта алмаспын... Жетпіске таяп қалған Уәли өзі секілді кілең ақ 
шашты шалдармен патша сарайының бір салонында карта ойнап отырғанда, бидің 
дәл қызу үстінде. Айғанымды өз үйіме алып кетіп едім-ау! Ах, жастық шақ, 
жастық шақ, сен қазір алыстағы ай тәріздісің ғой, сәулең бар, қызуың жоқ... 
Ал сондағы марқұм Бірінші Александр туған күнгі балмен, қорғанышым 
Бірінші Николай патшаның туған күніне арналған кешегі бал айырмасы қандай? 
Жер мен көктей! Алғашқы балда қылыштың жүзіндей қылшылдаған офицер едім, 
алдымда мен асатын сан қызық асқар белдер бар болатын, бар болашағым мені 
күтіп тұр еді ғой... Ал кешегі балда ше?.. Шын қызығы артында қалған кәрілікке 
бас ие бастаған жан секілді көрінген жоқпын ба, салтанатты сарай бикештеріне... 
Айғаным тәрізді жас сұлуды оңашаға алып кетпек түгіл, патша ағзамның көңілдесі 
жезөкше Нинаның әзіліне әзіл қайтара алмай қалдым ғой... Иә, иә, бәленің бәрі 
осы әзілден басталған жоқ па?.. Сөйтті ғой». 
Василий Алексеевич тұнжырай ойға кетті. Расында ол ойланатын жәйттер көп 
еді. Перовский Қоқанға өзі басқарып барған Доңыз жылғы сәтсіз 
экспедициясының әуресінен құтылған соң, биыл азырақ дем алып көңіл көтерейін 
деп жазғытұрым патша ағзамның рұқсаты бойынша Петербургке келген. Жастық 
шақ өткен жердің ыстықтығы қандай, осы тамаша астанада үш-төрт ай серуендеп 
қалған. Енді қайтам деп тұрған кезінде патша ағзамның бір қызының туған күні 


157 
болып, соның балына қатынасқан. Балда қыдырып жүріп Бірінші Николай 
императоры мен оның көңілдес әйелі, Петербургтың соңғы кезде ауызға іліне 
бастаған сұлуы Нина Макеевскаямен кездесіп қалған. Амандасып болғаннан кейін 
сайқал Нина: 
— Ах, патша ағзам, сіздің маған берген уәдеңізді орындамауыңызға Василий 
Алексеевич те кінәлі ғой деп ойлаймын, — деп күлген. 
Патша сарайы әйелдерінің мұндай сөзді астарсыз айтпайтынын білетін 
Перовский дереу:
— Ғафу етіңіз. Егер мәртебелі патша ағзам уәде берген болса, ол уәдені 
орындау үшін Орынбор өлкесінің әскери губернаторы граф Перовский өз жанын 
пида етуге бар, — деп басын иген. 
— Онда қалай болғаны? — Сұлу Нина сиқырлана күлген, — патша ағзам маған 
осы тойға көйлектікке бұхар дүриясын алдырам деп арнаулы керуен жібереді. Ал 
ол керуенді Ташкент түбінде соғыс ашқан сіздің Кенесары сұлтаныңыз тонайды... 
Бұл айып емес пе? 
— Ол мүмкін емес. Кеше ғана хабар алдым. Бесінші сентябрь күні Кенесары 
сұлтан өзінің Торғай өзенінің жағасындағы ордасында болатын. 
— Орынбордан Арал теңізінің жағасына дейін екі ай жүретін тек орыс 
генералдары ғана, — деген Николай патша кекете, сәл қабағын шытып. Бұнысы 
Перовскийдің Хиуа хандығына қарсы отыз тоғызыншы жылы шығарған 
экспедициясының Арал теңізінің жағасына екі айда әзер барғанын бетіне салық 
ету, — ал қырғыз сұлтандары Торғайдан төрт мың әскермен жеті-ақ күнде Созаққа 
жетеді екен. 
— Ғафу етіңіз, патша ағзам, мен сіздің қалжыңыңызға түсініп тұрғам жоқ. — 
Перовский басын ие түскен. 
— Қарамағындағы қырғыздардың не істеп жатқанын, патша генералдарынан 
емес, генералдары патшасынан білетін болған екен бұл бақытсыз Россияда. — 
Николай патша қабағын түйе түскен. — Білмесеңіз айтайын. Сіз қорған боп 
жүрген Кенесары сұлтан осы жылы жетінші сентябрь күні өзін хан деп жария- 
лап, соның құрметіне бір жетіден кейін Қоқан хандығына қарсы Ташкент түбінде 
соғыс ашқан. 
— Бекер болар... — деген Перовский сенерін де, сенбесін де білмей. Өйткені 
жақында ғана өзінің орнында қалған генерал-майор Генстен хат алған. Хатында ол 
адъютанты Герннің Кенесары ордасынан бірінші сентябрьде қайтқанын жазып 
«Ол жақта бәрі тыныш, Кенесары бітімнің ең соңғы шешімін күтіп жүр» деген. 
— Бекер! Ғафу етіңіз, қадірлі Василий Алексеевич, бүгін ғана Қоқан ханы 
Шерәліден шабарман келді. — Николай патша соңғы кезге дейін өзінің сүйеп
жүрген губернаторын біржолата жермен-жексен еткісі келмеді. Енді ол жүзіне сәл 
шырай берді, — осы уақытқа дейін князь Горчаковтан гөрі граф Перовскийді 
жақын санасақ онымыз Кенесарыны сіз хан етсін дегеніміз екен деп түсінбеңіз. 
«Бір патшалықтың ішінде екінші патшалық болуға мүмкін емес». Және Индия, 
Ауғанстан, Орта Азияда ағылшындар мен біздің тілегіміз қарама-қарсы келіп 


158 
отырғанда, Бұқар, Қоқан, Хиуа хандықтарымен сауда-саттықты, қарым-қатынасты 
бұзу Россия империясының саясатына жатпайды. Мұны да ұғыңыз. Демек, 
Кенесары әңгімесін бітіретін уақыт жетті. Әр губернатор өз бетінше саясат 
жүргізуден ештеңе өнетін емес. Сондықтан мен бүгін Чернышев мырзаға Сібір 
мен Орынбор губернаторлары тізе қоса отырып, биыл жазда Кенесары қозғалысын 
біржолата құртатын болсын деген бұйрық бердім. Егер бұл міндетті орындай 
алмаймын десеңіз... 
— Бәрін де түсіндім, — деп Перовский басын ие түскен. 
— Түсінсеңіз, көп кешікпей Орынборға жүріп кетерсіз деп ойлаймын. —
Патша ағзам басын изеп қоштасты да, енді кідірмей, қасындағы сұлу келіншекті 
қолтықтап кете барған. 
Нина Макеевская Соғыс министрі Чернышевтың Николай патшаға 
жақындастырған әйелі екенін граф білетін. Ал сол Чернышевтың көптен бері 
Перовскийдің орнына артиллерия генерал-майоры Обручевті қойғысы келіп 
жүргенін де сезетін. Тек патша ағзамның өзі Перовскийді сүйейтін болғандықтан 
«ауыстырайық» деуге бата алмайтын. «Чернышев ойлаған мақсатына жақындап 
қалған секілді-ау» деді граф ішінен, патша ағзамның сөзінен өзіне көз қарастың 
өзгере бастағанын сезіп, «бір қатынға көйлекке деген торқаның мезгілінде 
келмегені үшін бір елдің тағдыры өзгеше шешілуі керек». 
Перовский сол түні таң ата-ақ Орынборға аттанған да суыт жүріп кеше жеткен. 
Келген бетінде-ақ Генстен болған уақиғаның анығын білген. Бүгін қолданар 
шараны шешпек. 
Кенесары қозғалысын басуды ақылдаспақ болған Перовский қарамағындағы 
аға сұлтандарға «тез жетсін» деп ат шаптырған. Ал барлық жағдайды толық 
баяндауды генерал Генске тапсырған. Әскери губернатор бұл баяндамаға бір 
тәулік қана уақыт берген. Қазір сол генерал Генсті күтіп отырған жайы бар. 
— әскери губернатор мырза, — деді есікті ашып хатшы-адъютанты аққұба 
келген бала жігіт, — генерал майор мырза келді. 
— Кірсін. 
Ұзын бойлы, қошқар тұмсықты, ойлы, үлкен көзінде алтын пенснесі бар, 
әскери адамнан гөрі оқымыстыларға көбірек ұқсас Генс үйге кірді. 
Графтың кабинеті Горчактың кісі қабылдайтын бөлмесіндей далиып жатқан 
сұсты болмаса да, төрт бұрышты әжептәуір кең зал. Стол тұсындағы патша 
ағзамның суретінен бөтен әскери губернатор құрмет тұтатын Суворов, Кутузов 
секілді атақты орыс қолбасшыларының ғана бір-екі тас мүсіндері бар. Жұмсақ 
орындықтар, дивандар бәрі алтын түстес сары барқытпен тысталған. Қабырғада 
Орынбор өлкесінің үлкен картасы. Бөлме іші толған кітап. Бұрыштағы шкаф 
ішінде де, стол үстінде де кілең былғары тысты жуан шығармалар... 
— Жақсы жатып, жәйлі тұрдыңыз ба, Василий Алексеевич, — деді Генс қол 
беріп амандасып, бұл екеуі көптен келе жатқан әріптес, серіктес адам бол- 
ғандықтан араларында бәлендей ресми тәртіп сақтала қоймайтын, — жол соғып 
тастаған жақ па екен?.. 


159 
— Жол соққанмен төсекте рахаттанып жататын кез болып тұр ма? — 
Перовский езу тартып күлді де, тез орнынан түрегеліп, қабырғадағы картаның 
алдына барды. — Уақытты босқа өткізбейік, генерал мырза, сіз маған алдымен 
Кенесары сұлтанның қарамағындағы елдің қайсысы қай жерде, соны көрсетіңізші. 
Генс бұрышта тұрған көрсеткіш таяқты алып сөйлей бастады. 
— Бұл жаққа Кенесарының соңынан көшіп келген Ақмола және Қарқаралы 
округтерінің әлке — Байдалы, Тыналы — Қарпық, Алшын — Жағалбайлы, 
Қаракесек, Айтқожа — Қарпық, Төбе — Темеш болыстары Қарақұм мен 
Аққұмның төңірегіндегі мына жайылымдар мен Жыланшық өзенінің Торғайға 
құятын сағасына орналасты. Ал Баянауыл округінен келген Қозған, Қойлыбай — 
Шағыр, Қаржас, Малай — Қалқаман болыстары мен Ақмола округінің Тыналы — 
Қарпық, Торайғыр — Қыпшақ болыстарының қалған ауылдары Бағаналы руымен 
қосыла, мына Қара Торғай өзені бойына жайласты. Осы Қара Торғайдың жоғарғы 
тұсында, жұрт «Орда тіккен» деп атай бастаған жерде Кенесарының өзінің аулы 
тұр. Отыз сегізінші жылы Кенесарымен бірге көтерілген Орта жүздің Атбасар 
дуанына жататын мына Арғынаты Ұлытау, Терісаққан, Қайрақты, Шойынды көл, 
Ақ көл маңын жайлаған қалың Алтай — әлке, Алтай — Байдәлі, Төбет — Темеш, 
Тыналы — Қарпық, Айтқожа — Қарпық, Қойлыбай — Алтай, Алшын — 
Жағалбайлы рулары біздің жеріміздегі Алшынмен бірігіп кетіп отыр. Міне 
көрдіңіз бе, қанша жер екенін? Генс картаның дәл ортасын қомақты етіп бір ойып 
өтті, — бұған мына Жайықтың күншығыс жағындағы Жем, Елек, Ырғыз өзендері 
мен Жыланды, Мұғажар тауларының бауырын қоныс еткен Кіші жүздің Табын, 
Тама, Шықылық, Шөмекей, Шекті, Төртқара руларын қоссаңыз ереуілшіл сұлтан 
қарамағында Франция мен Италияға пара-пар бір хандық ел болады. 
Перовский картаға ойлана көз тастады. 
— Таң қалам, — деді ол сәл кідіре, — жайшылықта аулы бір қонып өтетін 
жерге таласатын қазақ рулары, Сібірден қаптай көшкен осыншама елге қалай 
қоныс берді? 
— Расында, бұл таң қалатын жағдай, — Генс ойлана жауап қайырды. — 
Кенесарының күші де осында емес пе? Ол Россия империясының отаршылық 
саясатын өмір бойы бытырап жүрген қазақ руларының басын қосуға пайдалана 
біліп отыр. 
— Сондықтан да оны қазақтар хан сайлады демексің бе? 
— «Кенесарыны жетінші сентябрь күні хан көтеріпті» деген хабарды үш 
күннен кейін мен де естідім. Сіздің атыңыздан арнаулы кісі жіберіп, «бұл рас 
хабар ма?» деп сұрақ салғанымда Кенесары: «бекер» деп жауап қайырды. Бұл 
сөзге мен сендім. Өйткені «Үш жүздің адамдары Кенесарыны ақ кигізге көтеріп 
хан сайлапты. Торғай бойында ұлан-асыр той болып жатыр», — деп Қоқан бейқам 
отырғанда ол төрт мың әскермен бір жеті өтпей Созақтан бір-ақ шықты. 
Сонысына қарағанда «Кенесары хан болыпты» деген сөз қулығы ма деймін. Не 
болса да анығын Герн мырза біліп келеді, ол алдыңғы күні жүріп кетті. 
— Бар қазақтың басын қосатын ханың болдым демесе Созаққа неге барды? 


160 
— Торғай правителі Ахмет Жантөрин: «Кенесары Созаққа өз бетімен барған 
жоқ. Ташкент құшбегіне қарсы бас көтерген Сыр бойын жайлаған Шөмекей, 
Төртқара, Тама рулары оны Қоқан хандығынан құтқаруды сұрап шақырып отыр» 
дейді. Ал Сібір Таможный округінің бастығы: «Кенесары Қоқан жеріне соңғы 
аласапыран кезде көшіп кеткен Россияға бағынатын қырғыз ауылдарын қайтарып 
әкелуге өтті» дейді. Егер бұл хабарларға туған әкесі Қасым төрені Қоқан ханы мен 
Ташкент құшбегісінің өлтіргенін еске алсақ, Азия елінің дәстүрі бойынша 
Кенесарының жау жұртын шабам деуі таң қаларлық іс емес. 
— Кенесарының туыстарын өлтірген Мәделіхан мен Ташкент құшбегі 
Бегдербек, Ләшкәрлар қазір жоқ. Онда Мәделіханның інісі момын Шерәліхан. Ол 
бізге дос. 
Мәделіхан баяғы Ташкенде тоқал шешесімен кездескеннен кейін, бір жыл 
өтпей үйленген болатын. Бұнысын кәпір ісі деп «Қасапшы Нұрасулла» атанған 
Бұқар әмірі, биылғы жылы көп әскерімен кеп Мәделіханды бауыздап, ал сұлу 
Ханпадшайымның күнтимесіне қорғасын құйып өлтірген-ді. Граф соны айтып тұр. 
— Бұқар мен Қоқан хандығының арасындағы қастықты пайдаланып, Кенесары 
елін босатып аламын десе осы кез ең ыңғайлы кез. Кенесарының қимылы осыны 
көрсетеді... Ал ол Бұқар, Қоқан, Хиуа хандарының бірінің де қол астына кіргісі 
келмейді. Олардың қазақ халқына жандары ашымайтынын, өзін «бізге кел» деп 
шақырса, хандықтарын Россиядан қорғайтын алдыңғы шеп етіп пайдалануды ғана 
көздейтінін Кенесары жақсы біледі. Сондықтан да алдыңғы жылы октябрь айында 
Мәделіхан көп сыйлықпен әдейі кісі жіберіп, Қоқан хандығына көш дегенінде, 
Кенесарының көнбей қалғаны өзіңізге аян. Ол Хиуа ханы Аллақұлға да көнбеген. 
Бұл жағдайлар туралы біз октябрь айында граф Нессельродеге арнаулы хат 
жазғанбыз... 
— Бәрі дұрыс. Кенесарының Қоқан, Бұқар, Хиуа хандарының қарамағы түгіл, 
Россия империясының да қол астына кіргісі келмейтінін білемін. Оның ойы 
Россия берген тыныштықты пайдаланып, Қоқан қарамағындағы қазақтарды өзіне 
қосып алу. Сөйтіп барып қазақ хандығын құру... Шамасы келсе Хиуа ханына 
қарсы шығып жүрген Көтібардың Есетін де өзіне ерту. Бірақ Есет те, Сыр 
бойының батыры Жанғожа да Кенесарының қол астында болғысы келмейді. Олар 
«Ортақ өгізден, оңаша бұзауды» жақсы көреді. Кенесарыға Кіші жүздің бәрі 
бірдей қосылмай отыруына да осы себеп... 
— Жанғожа бұл жолы Кенесарымен тіл тауыпты. Әйтпесе бес мың әскері бар 
Созақ секілді күшті бекіністі, Кенесары екі мың әскерімен қалай алсын... 
Перовский Генстің сөзін бөліп жіберді. 
— Патша ағзам төрт мың әскермен аттаныпты дейді ғой Кенесарыны? 
— Онысы рас. Бірақ мынау Шұңқыр құдық түбіне ат шалдырған әскерінің 
арасында дизентерия ауруы пайда болып екі мыңдай жауынгері ұрысқа қатынаса 
алмапты. Оның орнына Жанғожа батыр екі мың әскерімен келіп қосылыпты. 
— Сөйтіп олар Созақты алып па? 
— Алуға таяу дейді. Бүгін ұрыс басталғанына он күн. 


161 
— Ғажап, — деді Перовский, — зеңбіректі, бес мың әскері бар мықты бекіністі 
Кенесары төрт мың атты әскерімен қалай алмақ? 
— Қиянат көріп қорланған жұрт қашан да болса тәуекелшіл келеді. Бірі онға 
татиды. Оның үстіне Кенесары секілді тәжірибелі қолбасшысы болса... — Генс 
ойға шомғандай сәл кідірді, — Кенесарының Созақты алатыны сөзсіз. Бекініс 
қабырғасына шығатын жүздеген баспалдақ істетіпті. Ол баспалдақпен өрмелейтін 
батырлар қазақ жігіттерінің арасында қашан да болса мыңдап табылады. 
— Сөз жоқ, батыр халық! — деді Перовский, — тек бастары бірікпейді. Ру-ру 
боп үнемі таласады да жатады. Көрінгенге бағынуларының бас себебінің өзі де 
осында... — Василий Алексеевич кенет картаға бұрылды. Есіне патша ағзамның 
Кенесары Созаққа бір жетінің ішінде жетіпті, деген сөзі түсті. Ол картадан көзін 
алмай, — орта жолда Бетпақдала, атпенен осынау жерді олар қалай бір жетіде 
алды? — деді. 
Генс күлді. 
— Бір жеті емес, бес күннің ішінде, Кенесарының жетінші сентябрь күні 
Ұлытау маңында болғаны хақ. Оны хан сайлады ма, сайламады ма білмеймін, сол 
күні Алашаханның қабірінің жанында сұлтанды қолдайтын рудың бар ақсақал, 
билерінің жиналуы рас. Ал он екінші сентябрь күні ол аурудан сау қалған 
әскерімен Созақтан бір-ақ шықты. Кенесарының күшінің өзі осы шапшаңдығында, 
құлан, киік секілді туған даласының ой-шұқырын жақсы білетіндігінде... 
— әйтсе де бес күнде... Перовский кенет картаға қайта бұрылды. — Сонда ол 
қай жолмен жүрген? Бетпақдаладан құс болып ұшып өтті ме? Қазақтың Сырға 
баратын ескі жолы мынау Балқаш көлі жағасы арқылы өтеді... Не болмаса 
Қарақұмды басып отырады. Бірақ оған ат емес, түйе керек. 
— Кенесары бұ жолы Алашаханның бұдан төрт жүз жыл бұрын салған ескі 
сүрлеуімен жүріпті. Оны маған кеше бізге хат әкелген бір сарбазы айтты. Егер
білгіңіз келсе... 
Перовскийдің есіне ақ патшаның өзінің Арал теңізіне екі айда жеткені 
жайындағы кекесіні тағы түсті. Ол қабағын сәл шытты да, «көрсет» деп басын 
изеді. 
— Біріншіден, ол бұл жорыққа басшы етіп Арқаның батырларын емес, құм 
кешіп үйренген Шөмекей, Табын, Төртқара руларының таңдаулы жігіттерін 
алған... — Генс картаның жанына келіп, оны ұзын көрсеткішпен шұқылай, сол 
жорыққа дәл өзі қатынасқандай тәптештеп сөйлеп кетті. — Олар мына Қара 
Кеңгірдегі Алашахан мазарынан шығып, Ұлытаудан жүз отыз шақырымдай 
жердегі Қара Жарға келіп түнепті. Одан Сарысудың құмайтты оң жағын жағалап 
отырып, жиырма екі шақырымдай жердегі Таймас батырдың моласын басып, 
қырық бес шақырым тұратын мына Қыз моласы деп аталатын тұсқа келіп азырақ 
ат шалдырыпты. 
— Бұл ара шөпке кедей, суға жарымаған жер секілді ғой? 
— Дұрыс айтасыз, — деді Генс, — қазақ жылқысы мұндай жерде де оттай 
алады... Сосын жиырма жеті шақырымдай жердегі мына Сарт моласынан сәл 


162 
төменірек, Сарысудың Тасөткел деп аталатын тұсынан әскер арғы бетке өтіп бір 
түнепті... Таң ата қалың қол қайта көтеріліп Сарысудың сол жақ жағасымен жүріп 
отырып, отыз шақырымдай жерде тұратын Қара Қыпшақ бейітіне келіп тағы да ат 
шалдырыпты. Бұдан әрі көп кешікпей Көкжиде дейтін өркеш-өркеш құмды өңір 
басталады. Бұл арада тақыр сордағыдай емес, өркеш-өркеш шағылдардың 
арасындағы сай, ойпаттарда жүзген, жыңғыл, шеңгел, баялыш, сексеуіл өседі. Кей 
жерлерінде биіктігі бес сажындай жиде ағаштары да шоғырлана кездеседі. Анда-
санда сұрғылт түстес кішкентай қояндар мен ирелеңдеген шағын сұр жыландар 
көзге түседі. Оқта-текте үйірімен айдаланы басына көтеріп сатырлай шапқан қара 
құйрықты да көруге болады. Осы шағылдардың арасындағы жерді құлаш бойы 
қазсаң, тұщы су шығады. Осы арамен Көкжиде қойнауынан отыз шақырымдай 
жердегі Жаман қорғанға жетесің. 
— Бұл Қоқан хандарының қазақ жеріне салған алғашқы қорғаны ғой? — деді 
Перовский ойлана. 
— Иә, — Генс әлденені есіне түсіргендей сәл кідірді де, қайта сөйлеп кетті. — 
Бұл биіктігі төрт, қалыңдығы бір жарым кездей, төрт бұрышты шым дуал. 
Көлденеңі жиырма бес сажындай, ұзындығы да сондай. Дуалды қоршай тереңдігі 
үш жарым, көлденеңі екі кездей ор қазылған. Бір кезде Қоқан хандары бұл 
қорғанды қазақтардан керуен жолын қорғау үшін салса, соңғы кезде қазақ 
ауылдарын шабу алдында тоқтайтын бекінісі еткен. Осы Жаман қорғанда бір 
түнеп Кенесары қолы әрі қарай жүріпті. Бархандар бұдан әрі кішірейе түседі, бірақ 
мал оты жоқтың қасы. Қазсаң әлі де тұщы су шығады. Жаман қорғаннан 
Сарысудың сол жағын жағалай Қызыл жыңғыл арқылы отыз бес шақырымдай
жер өткеннен кейін Сандыбайға өштесіп Қара Кеңгірден көшіп кеткен Бәтеш 
батырдың Телікөлдегі қыстауының үстінен шығасың. Осы қыстаудан кейін, жаз-
ғы-тұрымғы қар суынан ғана пайда болатын, Сарысуға құятын, Боқтықарын деген 
жылға кездеседі. Егер соның құмайтты жағасымен жүріп отырсаң, қырық
шақырымдай жердегі Айнамкөл деп аталатын көгал шөпті, қамысты Қарасуға 
кездесесің. Одан әрі қарай Бетпақдала басталады. 
Генс сәл тоқтап, картаға қарады да: 
— Ұмытып бара жатыр екенмін ғой. Жаман қорған мен Бәтеш қыстауының 
арасында мынау Шұңқыр құдық деп аталатын үш құдық жатыр. Бұл құдықтардың 
суы тұщы, мөлдір, бірақ ішінде шылау шөп көп. Оларда түрлі микробтар, 
инфузориялар бар. Байтабын батыр бастап келе жатқан қол ыстыққа шыдай алмай 
осы құдықтарға тоқтап су ішкен екен, шетінен ауырыпты... — Ауырған әскерінің 
көбін Қызыл жыңғыл бойына қыстауға келген Найманның Бағаналы еліне 
Кенесары қалдырып кетіпті. 
Генстің жас кезінде жағрафиялық экспедициямен осы араны сан кезгенін 
білетін Перовский оның сөзін бөлген жоқ. Тек тыңдауда болды. 
— Бетпақдала алыстан қараған адамға, жан-жағынан он бес сажындай биіктене 
көтеріліп бір тұтасқан қызыл күрең жар секілденіп көрінеді. Алғашқы көрген 
кісіге ол бір түрлі суық, сұсты... — Тек ішіне кіргенде ғана аздап көңілің 


163 
орныққандай болады. Сөйтсе де ұшы-қиыры жоқ тақыр адамның зәресін алмай 
қоймайды, — деді Генс сөзін қайта бастап, — осындай ешбір өсімдігі жоқ құм мен 
тақырды басып жүріп отырсаң жетпіс шақырымдай өткенде Терісаққан деген суы 
құмға сіңіп кеткен сайға кездесесің. Одан жиырма шақырымдай жерде алдыңда 
Айдарлы құм сайы жатады. Бұл арада ошаған, түйе жапырақ секілді аздаған 
өсімдік кездеседі. Дәл осы жерде Шыңырау деп аталатын терең құдық бар. Суы 
мол. Бірақ Кенесары әскері бұл араға кідірмей, болдыра бастаған аттарына 
түркмендерше қойдың құйрығын жегізіп... 
— Қу далада құйрықты қайдан алып жүр? — деді Перовский, — әлде бұл арада 
ел бар ма? 
— Жоқ. Олар жүз атқа жүз қой таңып алып жүріпті... Содан Бетпақдаланы 
көктей жүз жиырма шақырымдай жер өткенде көлденеңдей кездесетін Шу 
өзенінің Бесқұлан деп аталатын өткеліне келіп тоқтапты. Ар жағында Сырдария 
жері. Бірақ әлі де құм, әлі де тақыр. Суы ащы, шөбі аз. Бесқұланнан он алты 
шақырымдай жерде Ақжайықтан көлі бар. Бұ да ащы көл. Одан Иней мен Құлан 
қабақ адырларын басып отырып он жеті — он сегіз шақырымдай жердегі мына 
Қосқұдыққа келесің. Бұның да суы ащы, шөбі мардымсыз. Қосқұдықтан отыз 
шақырым барханды құмды басып отырып, мына сусыз Шұбар деген сайдың 
бойындағы Жаманқұдыққа жетесің. Бұның суы сәл тұщылау, бірақ түйе болмаса 
жылқы ішуге келмейді. Бұдан жиырма бес шақырымдай жерде Берді би моласы 
бар. Бұл арада тұщы сулы кішкентай сай бар. Жағасында азын-аулақ өсімдік те 
жоқ емес. Кенесары қолы Бесқұлан өткелінен кейін кідірмей жүріп отырып, 
тоқсан шақырым құмды, шөлді жерді күннің ыстығына қарамай бір-ақ күнде 
алған. Осы кейде Берді би моласы, кейде Құл деп аталатын сайда ат шалдырып, 
өздері түні бойы тынығып, таң ата ар жағында жиырма бес шақырым жердегі 
Созақтың түбінен бір-ақ шыққан. Күн шықпай бекіністі қоршап алыпты. Созақ 
датқасы Бабажан тіпті қаннен-қаперсіз жатса керек, бір нөкері келіп «жау келіп 
қалды, тұрыңыз!» десе, «Созаққа Кенесарыдан бөтен жан бата алмайды. Кенесары 
қайда, Созақ қайда!» деп жауап беріпті. Нөкері: «Келген сол Кенесарының өзі!» — 
десе, «Шырағым, жылағысы келген бала әкесінің сақалымен ойнайды. Ұлытауда 
хандығын тойлап жатқан Кенесары құс болып ұшып келмесе, қайдан келеді, 
ойыныңды қой!» — деп ақырыпты. 
Перовский езу тартып күлді. 
— Ұлытаудан Созаққа дейін алты жүз шақырымдай құмды, шөлді жерді бес 
күнде өтіпті деген сөзге Бабажан түгіл, мен де сенбес едім. Тек мұндай жүріске 
күніне жүз жиырма шақырым жер алатын қазақ аты ғана жарайды. 
— Қазақ жігіттері ше? — Генс те күлді. — Алғашқы саяхатымда салт атқа 
мінемін деп менің де артым ойылып қалған. — Генерал-майор қазір қазақ өлкесін 
отарлауға келген жан секілді емес, қазақ жерін зерттеуге келген қарапайым ғалым 
тәрізді. — Бірақ сол жолы мен бұл халықтың көп этнографиялық материалдарын, 
ертегі, дастандарын өте көп жазып алдым... — Кенет ол Перовскийге күлімсірей 


164 
қарады, — сіз Шу өзенінің мына өткелін Бесқұлан, ал мына төбелерді Иней, Қабан 
деп неге атайтынын естігеніңіз бар ма? 
Орынбор шекара басқармасының бастығы генерал-майор Генстің соғыстан 
көрі, тарихи, этнографиялық жағдайды сүйе әңгіме ететінін білетін Перовский, іс 
жайында сөйлесуге асығып тұрса да, оның көңілін қалдырғысы келмей: 
— Білмеймін, — деді, — бірақ білетін адамның сөзін тыңдауға бармын... 
Қазір аңызын тыңдауға ықылас қойып тұрған осы жұмсақ мінезді көрінген 
граф Перовскийдің, осыдан он екі жыл өткеннен кейін, қалың қолмен келіп, қазақ 
даласын қанға батырып Ақмешітті алатынын кім білген! Генс жолдасының 
ықыласына риза болып Бесқұлан туралы бұдан отыз жыл бұрын жазып алған 
аңызын айтып берді. 
— Алашаханның жақсы көретін баласын тағы құлан үйірі басып өлтіріпті, — 
деді Генс аңызды есіне түсіре, — қатты қапаланған әрі мейлінше ашуланған хан, 
құлан біткенді қыруды бұйырады. Кімде-кім оларды қырып бітірсе соған ғажайып 
көп сыйлық пен ең сұлу кіші қызын бермекші болады. Домбылақ деген батыр 
ханның тілегін орындаймын деп уәде береді. Өзінің Иней, Қабан деген жүйрік 
аттарын мініп құландарды қуады, қайда қашса да қоймай бейшараларды қырады. 
Ақырында бес-ақ құлан қалады. Олар Шу өзенінен өтіп құмға қашады. Осы 
құландардың Шудан өткен жерін Бесқұлан дейді. Құмға қуып шыққан батырдың 
аттарының жете алмай зорығып өлген жерлерін Иней, Қабан деп атапты. Ханның 
қызын алам деп құм арасында қаңғып өлген Домбылақ батырдың моласы деп 
қазақтар Шудың теріскей жағындағы моланы көрсетеді... Расында да бұл мола 
тым көне... Оған сенуге де болады. 
— Қазақ жерінде не көп, мола көп. Және бәрінің де аты бар. Жақсы көрген 
адамын атаусыз тастамайды, — деді Перовский, — өлген соң бізге де жер атын 
қояр ма екен? — Кенет ол қолын сілтеді, — мейлі, өлгеннен кейін не десе о десін... 
Ал әзірге... тірі жүрген кезімізде патша ағзам алдындағы борышымызды дұрыс 
атқаралық. — Енді Перовский сөзін тұжыра сөйледі, — ең алдымен Бұхар ханы 
мен Қоқан ханының арасындағы соғысқа неге кірісті, сол жайында Кенесарыдан 
түсінік сұраңыз. Ал Кенесарының бұл ісі Россия империясының оңтүстіктегі 
сауда-саттық жұмысына орасан зиян келтіреді. Сондықтан біздің хатымызды 
алысымен Қоқан хандығына қарсы ұрысын тыйып, Россия жеріне тез қайтатын 
болсын. 
— Бұған Кенесары сұлтан ренжімей ме? «Өз бетіммен қимылдауға мүмкіндік 
бергілері келмейді екен», деп ойлап қалмай ма? 
— Ойласа ойласын. Бүйту ең алдымен Кенесарының өз басы үшін керек. 
Россия патшалығына өз еркімен бағыну деген сөз, өз еркіменен жауларынан кек 
алу деген сөз емес. Россия патшалығына бағыну, тек Россия мүддесін ғана көздеп 
қана өмір сүру. Мұны Кенесары дұғадай жаттап алуға тиісті. 
— Жақсы. 
Генс сәл ойланып тұрды да, стол үстінде жатқан өзінің папкасынан бір қағазды 
алып Перовскийге ұсынды. 


165 
— Бұл не? 
— Менің хатыма Кенесарының жауабы. 
Перовский мен Кенесарының бітімге келгенін естісе де Батыс Сібір генерал-
губернаторы шекарадағы Кенесарыға жататын ауылдарды шабуын тоқтатпаған. 
«Қасым төре қарақшылары Россияға бағындым деп құр алдап жүр, ал дұрысында 
патшаға қарсы әрекетін күшейтуде», — деп соғыс министрі Чернышевке арыз да 
еткен. Әбден ызаланған Горчаков өзінің бір хатында Перовскийге: «Кенесарыны 
Сібір шекаралығынан мүлдем алып кет, не болмаса маған оны өзінің ұясында 
құртуға рұқсат ет», — деп жазған. Бұған Перовский: «Сұлтанды кінәлі деген 
қорытындыға келе алмаймын, өйткені ол Орынборға қарағаннан бері, қол 
астымдағы жұртты ашуландырар ешбір іс істеп жүрген жоқ. Оны ел тонады деген 
сөз бір-екі казактың көрсетуіне ғана негізделген. Бұл дүдамал куәліктер 
Кенесарының айыпты екенін дәлелдей алмайды» — деп жауап берген. Бірақ 
Орынбор шекара комиссиясының председателі генерал Генс анығына жеткісі 
келіп, «Горчаковтың сізге тағып отырған кінәсі рас па?» — деп Кенесарыға түсінік 
беруін сұрап арнаулы хат жіберген. 
Қазір Генстің Перовскийге берген қағазы сол хатқа қайтарған сұлтанның
жауабы еді. 
Перовский қағазды алып даусын шығара оқи бастады: 
— «Патша ағзам берген манифестен кейін мен Россияға қарсы қол көтерген 
емеспін. Бұ жағынан адал екеніме бір құдайдың өзі куә. Жауларым мені сіздің 
алдыңызда қаралағылары келеді. Егер керек десеңіздер, үкімет алдында өзімнің 
тіпті кінәсіз екенімді дәлелдеп шығуға бармын. Жауларым мені өте жек көреді, 
менің сіздермен тату болғанымды көргілері келмейді», — Перовский қағазды 
Генске қайтарып берді, Кенесары шынын айтып тұрғаны сөзсіз. Бірақ жауы тым 
көп... Түбі оның жазығы болмаса да жазықты етеді. Бұны тек князь Горчаков қана 
емес, ең алдымен қазақ сұлтандарының өздері-ақ атқарып шығады. 
— Сондықтан да Кенесары сегіз адамды өзіне өте қас санайды. Алғашқы 
жазған хаттарының бірінде солай деген.. 
— Кім-кім сонда олар? 
— Батыс Сібір генерал-губернаторлығына жататын Құдайменді ұлы 
Қоңырқұлжа, Күшік ұлы Құлжан, Кішкентай ұлы Аққошқар, Жауғашар, біздің 
Орынбор губерниясына жататын Жантөре ұлы Ахмет, Жаппастың биі хорунжий 
Жанғабыл, Жағалбайлы биі Күкір, Созақ датқасы Бабажан... Бұларды ол тек 
қазақты Россия мен Қоқанға сатты деп жек көрмейді, өз бастарының қамы үшін 
елге тым қаталдықтарын да еске алады. Және өзге сұлтандардай, байлардай бұл 
сегізі Кенесары жағына шығып көрген емес, көтерілісшілердің шЇу дегеннен-ақ 
табан тірескен жаулары. Әсіресе Қоңырқұлжа мен Ахмет. 
— Бұл екеуінің жан аяспас жау болатындары да түсінікті, Кенесары Батыс 
Сібірдегі ереуілін Қоңырқұлжа аға сұлтан болып отырған Ақмола приказын 
шабудан бастаса, Орынбор жерінде сұлтан-правитель Ахмет Жантөриннің 
еншісіне тиген Торғай, Ырғыз өзендерінің бойына туын тігіп отыр. 


166 
— Кенесарының да тістескен жауы осы екеуі. Өзге сұлтандарды жек көрсе де, 
ел бірлігін сақтаймын деп, немесе өз жағына тартуға тырысып онша тие 
қоймайды. Ал бұл екеуінің атын естігенде... — Генс сәл езу тартты, — Кенесары 
өз ордасында отырғанның өзінде де, қылышын қынабынан суырып алады деседі 
көрген жұрт. 
— Тым ашулы екен. Түбі Кенесары бұл екеуінің басын жұтпай тынбас! 
— Мүмкін бұл екеуі Кенесарының басын жұтар? 
— Ол мүмкін емес. Кенесары өлсе, біздің қолымыздан, не Қоқан, Хиуа 
хандығы секілді бөтен жұрттың қолынан өледі. Қара қазақ қазақтың Россияға 
бағынғаны тиімді екенін, түбі бұның прогрестік маңызы бар іс екенін қайдан 
білсін, тәуелсіздігімізді, елдігімізді құртты, жерімізді алып жатыр деп қана ұғады. 
Кімде-кім оның сол тәуелсіздігін, жерін Россияға, немесе Қоқан, Хиуаға әперуге 
көмектессе, сол — қара халықтың жауы. Қоңырқұлжа мен Ахмет сол жауының ең 
бастылары, реті келсе қазақтың екі жігітінің бірі оларды бауыздай салудан 
тайынбайды. Осы Ахметтің әкесі Жантөрені бір мың сегіз жүз он төртінші жылы 
Көтібар батыр бастаған көтерілісте, өзінің артында келе жатқан қарадан шыққан 
күзетшісі найзамен түйреп өлтірген. — Перовский сәл ойланды да қайта сөйледі, 
— ал Кенесары сол қара халықтың көбінің түсінігінше елінің, жерінің қорғаны. 
Оны көзінің қарашығындай сақтайды. Сондықтан да қашқын башқұрт Кенесары 
қарауылының бастығы... 
Перовский оның атын есіне түсіре алмай сәл кідірді. 
— Батырмұратты айтасыз ба? 
— Иә. Сол Батырмұраттың сұлтанға төніп келген қылышты жалаңаш қолымен 
ұстай алуы — нағыз ерлік емес пе?! Бұндай жанқиярлық тек шын берілген 
адамнан шығады. Ал мылқау құлы Қараүлек Кенесарының жауырынына өрмелеп 
шығып қалған жыланды жалаңаш қолымен лақтырып жіберем деп, күптей боп ісіп 
кетіп, бір жеті жатыпты. Бір білгір балгердің емдеуінің арқасында әзер тірі 
қалыпты. — Перовский басын шайқады, — жоқ, Кенесарыдай батыр, 
Махамбеттей ақын адамын халық сұлтандарына оп-оңай бере қоймайды. Егер 
Кенесары жау қолынан қаза табар болса, оның ажалы басқа ұлттан келеді. 
Осы кезде Перовскийдің адъютанты есіктен кіріп: 
— Сұлтан-правитель Ахмет Жантөрин, — деді, — сіздің шақыруыңызбен келіп 
тұр. 
Орынбор әскери губернаторлығына жататын Жайықтың күншығыс жағын 
басқаратын Жантөре ұлы Ахмет, Жантөре ұлы Арыстан, Айшуақ ұлы Баймұхамед 
сұлтан-правитель Перовскиймен ауыз жаласқан дос. Олар «Кенесарыны Орынбор 
жерінен қуу керек, егер өзіңіздің әскеріңіз жетпейтін болса, біз жәрдемдесейік» 
деп сан айтқан. Бірақ бұған Перовский көнбеген. Орынбор маңындағы мұжықтар 
көтерілген аласапыран кезде, қазақтармен қырылысуды дұрыс көрмеген. «Россия 
империясына қараған қазақтарды, Ахмет пе, Арыстан ба, Кенесары ма, қай сұлтан 
басқарса да, бәрібір, тек бізге бағынып тыныш жүрсе болғаны емес пе», — деп 
ойлаған. 


167 
Патша ағзам сөзінен кейін Перовский кеше үш сұлтан-правительді шақыруға 
мәжбүр болды. Қандай генерал болғанмен патша ағзамның жарлығын 
орындамайтын құдіреті қайсы, егер соғыс министрі Чернышев «Горчаковпен 
қосылып Кенесарыны құртыңдар» деп шын бұйрық беріп қалса, қолында сол 
бұйрықты орындарлық қандай күш барын білгісі келген. Сұлтан-правительдің 
шақырылған себептері де осы еді. 
— Арыстан мен Баймұхамед сұлтандар келген жоқ па? 
— әзір келген жоқ. 
— Онда Ахмет Жантөрин кірсін. 
Үйге Ахмет кірді. Бұл бойшаңдау келген, кең танау, сүзеген бұқаның көзіндей 
шатынаған үлкен көзді, қара сұр, орта жастан асыңқырап бара жат- 
қан кісі. Иығында Россия әскерінің подполковниктік погоны бар. Орысша оқыған, 
кезінде Орынбордағы Неплюевтың әскери училищесін бітірген. Ол әскерше 
амандасып, қолын көтеріп есік алдында тұра қалды. 
— Подполковник Жантөрин сіздің шақыруыңызбен келді, генерал мырза. 
— Жоғары шығыңыз, сұлтан-правитель. 
Бұлар қол алысып амандасқаннан кейін, Перовский бірден шақырған шар-
уасына кірісті. 
— Сұлтан Ахмет, сіз Кенесарының қазір Қоқан жерінде соғысып жатқанын 
білесіз ғой?
— әрине. 
— Кенесары Қоқан ханымен неге соғысып жатыр? Сіз бұл жайында не 
естідіңіз? Мүмкін, Хиуа ханының өтінішін орындап, Бұхар ханын жеңіп бер- 
мек пе? 
— Кенесары ондай ақымақ емес. Мәделіханды өлтіріп Нұрасулла Қоқанды 
өзіне бағындырғаннан кейін Кенесары Хиуа ханымен Қоқандағы қазақ жерін саған 
алып беремін деп астыртын сөз жүргізген. Ондағы ойы Бұхар ханы Нұрасулла тым 
күшейіп кетпес үшін Бұхар мен Хиуа арасын шатыстыру. Кенесарыға тартуға 
күміс ер-тоқымды арғымақ пен он бес мылтық жіберген Хиуа ханы Аллақұл, 
Кенесары менің жағымда болады екен деп Бұхарға қарсы соғыс ашты. Бірақ бұл 
соғыстың қызығын Қоқан көрді, Хиуа мен Бұхар қырылысып жатқанда, биыл 
Қоқан қаласының адамдары көтеріліске шығып, Қоқаннан бұхарлықтарды қуып, 
Мәделіханның туысы Шерәліні хан етіп көтерді. Мұны көрген Кенесары Қоқан 
хандығын қайтадан күшейіп кеткенше, Ташкент құшбегісінің қарамағындағы жеті 
мың шаңырақ қазақ аулын өзіме қосып алайын деп, осы айдың он бесінде төрт 
мың қолмен Ташкентке қарай аттанды. Менің хабаршымның айтуы бойынша, 
Кенесары қазірдің өзінде-ақ Жаңақорған, Жөлек, Ақмешітті басып алған көрінеді. 
Бұ күнде ұрыс Созақта жүріп жатыр деседі. Кенесары босатқан кей қазақ 
ауылдары бері қарай көше бастаған тәрізді. 
— Бұдан бізге келер қандай зиян бар? — деді Перовский Генске қарап, — бір 
мың сегіз жүз отыз төртінші жылы Қасым төренің баласы Саржан Россия 
империясы қарамағынан қырық мың үйлік қыруар елді алып қашса, бүгін Қасым 


168 
төренің екінші баласы Кенесары сұлтан сол қырық мыңнан Қоқан хандығының 
қарамағында қалған жеті мың үйді кейін қайтарамын деп соғыс ашуда. Бұл Россия 
империясының жеңісі емес пе? 
— Жоқ, бұл Кенесары сұлтанның жеңісі, — деді кенет тұнжырап кеткен 
Ахмет, — қазір оның қарамағында Найман, Бағаналы, Арғын, Табын, Тама, Шекті, 
Шөмекей, Байбақты, Қыпшақ рулары бес мың ауыл, яки екі жүз елу мың шаңырақ 
болса, оған Қоқан хандығынан жеті мың шаңырақ көшіп келіп тағы қосылса 
қанша күш жиналғаны? Ал, Кенесары тірі тұрғанында Россияға дос болмайды. 
— Неге? 
— Оның көксегені Абылайдың заманы. Бар қазаққа өзі хан болмақ!... 
— Жарайды, — деді Генс, — Кенесары хандықты көксесін, ал сонда... — 
генерал-майор қабағын сәл шытты, — жаңа өзің айттың ғой, оның қарамағында 
екі жүз елу мың үй бар деп, әр үйде төрт адамнан болсын... Сонда бір миллиондай 
кісі бір Кенесарыны хан етеміз деп бізбен күреске шығып жүр ме? Осыншама 
адамды қорқытып соңыңнан ергізе алмайсың. Жоқ, Ахмет сұлтан, мұндағы әңгіме 
әлдеқайда тереңде. Әлгі миллион адамның ақ патшаға қарсы наразылығы мен 
Кенесарының хан болсам деген арманы ұштасып жатыр. Мұндай жағдайда біз 
Кенесарыны емес, әлде адасып, әлде шауып алады деп қорқып сол сұлтанның 
соңынан еріп жүрген жұртты еске алуға тиістіміз. Кенесарыны құртамыз деп 
миллион адамды құртуға болады ма? 
— Болады! Неге болмайды?! — деді кенет Ахмет қаттырақ дауыстап жіберіп. 
— Өзіңмен бір туған қазағың болса да ма? 
— Мейлі. Қазағым болсын, шүршітім болсын. Айтқаныма көніп, айдағаныма 
жүрмейді екен, қырып тастау керек!. 
Генс оған ренжи қарады. Алдында тұрған адам, кенет генералға адам емес, қан 
құмар қорқау секілді болып көрініп кетті. «Халықты босқа қырмау керек» деп 
ұлтымыз бөлек біз ара түскіміз келеді, ал мынау... Генс кенет Ахметке «Халық 
сендей сұлтандарды неге жек көретіні енді түсінікті болды. Әкең Айшуақ ханның 
баласы Жантөрені халық өлтіріп еді. Байқа, Ахмет, сенің де ажалың халық 
қаһарынан келмесін!» — дегісі келіп кетті. Бірақ Перовский бұрынырақ: 
— Жарайды, біз мына генерал мырза екеуміз Кенесарыны өзімізге қан төкпей 
бағындыруды жөн көріп едік, — деді. — Егер ондай мүмкіншілік болмайды екен, 
— күш жұмсауға да бармыз. Сонда Кенесары жасағын талқандауға әлдерің жете 
ме? 
Қуанғаннан Ахметтің көзі жарқ ете қалды. 
— әбден жетеді. Кенесарыда қазір сегіз мыңдай атты әскер болса, мына біз 
Жантөренің сұлтан-правитель екі баласы Ахмет пен Арыстан үш мың жауынгер 
қарсы қоя аламыз. Жантөренің інісі сұлтан-правитель Баймұхамед екі мың адам 
береді. Жаппас ұлы Жанғабылдан, Кенесарыға қосылмай қалған Ор бойындағы 
Төртқара, Жағалбайлы руларының биі Күкір, Биғажаннан мың адамнан шығады. 
Кенесарының қасы Қыпшақ биі Жаңбыршының Балғожасы мың сыпай берсе... 
Сонда қанша болдық? Тоғыз мың ба? Бұған Орынбор әскери губернаторы екі мың 


169 
солдат қосса, құлшынып отырған Батыс Сібір әскерісіз-ақ Кенесарыны биыл күзде 
жоқ етуге болады. Тек рұқсат етілсін. 
— Жақсы, — деді кенет Перовский, — өзге сұлтандар келсін. Кешке кеңеселік. 
Жолдан шаршаған шығарсыз, әзірге тыныға тұрыңыз. 
Ахмет шығып кеткеннен кейін Перовский: 
— Көрдің бе, мәртебелі досым, — деді Генске, — қазақ жерінде феодалдық, 
рулық дәстүрдің қандай мықты екенін? әр сұлтан, би қарамағындағы 
руластарының жігітін өз солдаттарындай жұмсай алады. Қазақ та бір, қой да бір, 
тек алдарына түсетін серкесі болсын! 
— Жоқ, — деді Генс қабағын сәл шытып, — қазақ дарынды халық, батыр 
халық, әттең бақытсыз халық.
Перовский жауап қайырғанша адъютант тағы үйге кірді. 
— Генерал мырза, — деді ол әлденеге сәл қызарып, — қазақтың тамаша екі 
сұлу қызы келіп тұр. Кет десем, сізге кірмей кетпейміз дейді. Бірі орысша судай 
біледі. 
Перовский мен Генс біріне-бірі қарады. Қазақ қызының орысша сөйлеуі 
екеуіне де таң дүние. 
— Кірсін, — деді Василий Алексеевич. 
«Қыз» деген сөз жас кезінде бозбалашылықты басынан көп өткізген 
Перовскийге жылы тиді ме, ол еріксіз жағасын жөндеп, тікірейген сарғылт 
мұртының ұшын сәл шиыршықтай әдеміледі. Генс пен Перовский біріне-бірі 
қарап күліп жіберді. Жүйрік ат шаппаса да қырындайды деген. 
Осы кезде үйге сәндене киінген екі қыз кірді. Бірінің басында сәукеле, 
сонысына қарағанда жас түскен келіншек секілді. Үстеріндегі киімдері бай 
қыздарынікіндей торқа мен дүрия болмаса да, көз тартарлықтай әдемі. Қызыл 
шибарқыт қамзол, аяқтарында қызғылт кәкимә етік, ақ патсайы шытырман көйлек. 
Келіншектің қасындағы қыздың басында қызыл түлкі үкілі бөрік, белдеріндегі 
күміс белбеу бұлардың Арқадан шыққандарын аңғартады. 
— Сау саламатсыздар ма, мәртебелі генерал мырзалар, — деді сәукелелі, 
шашы жерге түскен келіншек. Қасындағы қыз орысша білмегендіктен ескі Арқа 
дәстүріменен екі қолын кеудесіне апарып, басын иді. 
— Өздеріңіз де амансыздар ма, қарақтарым? — Генс бірінші болып аман- 
дасты. — Қайдан жүрсіңдер! Аттарың кім? 
— Менің атым — Алтыншаш, жанымдағы қыздың аты Күміс. Кенесары 
аулынанбыз, — келіншек орыстың таза тілімен түсінік берді. 
Қазақ қызының орысша осыншама әдемі сөйлегеніне таң қалған Генс: 
— Орысшаны қайдан үйрендің? — деді. 
Алтыншаш әкесі Тайжанды атқаннан кейін қалай орыс арасына түскенінен 
бастап, ең ақыры Кенесары батыры Байтабынға ерге шыққанына шейін жасырмай, 
бар өмірбаянын әдемі орыс тілімен айтып берді. Орысша сөйлеп тұрған кімнің 
қызы екенін енді ұққан Перовский; 
— Бізде қандай шаруаң бар? — деп сұрады. 


170 
— Құрметті генерал, сізді әділетті жан деген соң келіп тұрмын, — деді ол 
кенет көзіне келген жасын сүртіп, — өткен жылы Кенесары сұлтанның айдалып 
кеткен бар туыс-жақынына патша ағзамның амнистиясын алып бердіңіз... Менің 
ондай үлкен тілекті сізден талап етер қақым жоқ, тек аяңыз деп өтінемін... Ең 
болмаса Туринскіге жер аударылған аға-інілерім мен апа-сіңлілерімнің амандығын 
білдіріп беріңіз... 
Генс көзінен жасы сорғалап тұрған келіншекті аяп, теріс бұрылып кетті. 
Ал Перовский: 
— Жаныңдағы баланың қандай шаруасы бар? — деді Алтыншаштың өтінішіне 
бірден жауап бере қоймай, сылтауратып. 
Алтыншаш Күмістің де басынан өткен уақиғаны жасырмай тегіс айтып кел- 
ді де: 
— Бұ да сіздерді әделетті дегенге, Қоңырқұлжа аға сұлтанның үстінен шағым 
айтып келіп тұр. Осындай озбырлық істеген адам ешбір жаза тартпай кете бере ме 
дейді. Әкесі әбдіуақитты да сол Қоңырқұлжа сыпайлары өлтірді. 
— Қандай айуандық! — деді Генс Күмісті аяп кетіп француз тілінде. 
— Иә, дала заңы айуандықпен шектес келеді! — деді Перовский де французша 
жауап қайырып. 
Алтыншаш елең ете қалды. Ол французша да білетін. Алтыншашты қызметші 
қыз етіп үйіне алған генерал-майор Фондерсон орыстың ақсүйектерінен болатын. 
Олар үй-іштері боп көбінесе французша сөйлесетін. Жетім қыз Алтын- 
шашқа бес жылдың ішінде амал жоқ, жат тілді де үйренуге тура келген. 
Алтыншаштың елең еткенін аңғарып қалған Перовский: 
— Сен немене, француз тілін де білесің бе? — деді. 
Алтыншаш генералдардың өзара сөздерінің куәсі болғысы келмеді. 
— Жоқ... — деп төмен қарады... 
— Онда неге елең ете қалдың? 
— Сөздеріңізге түсінбеген соң таңданғаным ғой...
— ә... 
Француз тілін білмеймін дегенінен Алтыншаш соңынан көп пайда көрді. 
Генералдардың сан құпия сырларын естіп, Кенесарыға қарсы қолданылмақшы 
шараларды күні бұрын біліп отырды. 
— Бұлардың өтінішіне қандай жауап беруге болады? — деді Генс Перовскийге 
тағы да француз тілінде. 
— Мына келіншектің әкесі жөнінде патша ағзамға жазып, не болмаса соғыс 
министрі Чернышев арқылы бірдеме білуге болар. Ал Қоңырқұлжаға не істейсің? 
Ол Горчаковтың қарамағындағы адам ғой... Қысқасы, өтініштеріңді ақылдасып 
көрерміз деп шығарып салу керек. 
— Бұлар екінші рет қайта келе ала ма?.. Біздерді де алдамшы жандар екен ғой 
деген ойда өмір-бақи кетпей ме. 


171 
— Алдамшы жандар екенімізді бірден білгеннен көрі, соңынан білгендері
дұрыс емеc пе? — Перовский езу тартып күлді. — Өйткені бізге де, оларға да 
жеңіл тиеді. 
— Жоқ, — деді Генс, — Бұлар екеумізді орыс генералдары деп сенім тұтып 
келіп тұр. Мен бұларды сіз айтқандай алдап шығара сала алмаймын... 
— Сонда не істемексіз? 
— Азия ісі департаменті арқылы мына қыздың туыстарының қайда екенін 
білуге тырысамын, ал Қоңырқұлжаны жауапқа тартуларын талап етем. 
Перовский тағы да күлді. 
— Россия кеңселерінің мұндай істе асықпайтынына әлі көзің жеткен жоқ па 
еді? Бұл қыздар сенен жауап келгенше ауылдарында қартайып та өлер... 
— Ауылға барғаннан кейін бұл қыздардың қайтып келуі екіталай... Көнсе осы 
жерде қалуларын сұраймын. Жауабын тездетуге тырысамын. Оның үстіне бұл 
екеуі де менің жетімханама керек. 
Генс үйінде қазақтың жетім балаларына арналған баспана ашқан. Оларға
орысша-қазақша сөйлей білетін тәрбиеші алуды көптен бері ойлап жүр еді. 
Генерал-майордың ойына түсінген Перовский: 
— Мейлің, өзің біл, — деп күлді. 
Генс қыздарға қарап: 
— Өтініштерің туралы тиісті кісілермен хабарласалық. Жауап келгенше 
ыңғайлы көрсеңдер менің үйімде болыңдар. Қазақ балаларына ашқан жетімхана 
бар, сонда қызмет істеңдер, — деді. 
Алтыншаш сәл ойланды да, бірдемеге бел буғандай бірден: 
— Жақсы, — деп жауап берді. 
Келіншектің неге тез көне қалғанын Генс те, Перовский де түсіне қойған жоқ. 
Оның ойын жанындағы Күміс те аңғармады. Бірақ ол біраздан бері сырлас болып 
алған құрбысының көңілін жыққысы келмеді. Аз уақыт Орынборда бола тұруды 
теріс көрмеді. 
Сол күні Генс қыздарды өз үйіне әкеп жетім балалармен таныстырды, кешке 
таман бұлардың ісі жайында департаментке хат жазды. Және Перовскийдің 
тапсыруы бойынша Кенесарыға да «Қоқан хандығына қарсы соғысты тоқтатып, 
Орынбор шекарасына қайтып келіңдер» деген бұйрық жіберді. 
Кенесары бұл хатты он сегіз күн соғысып Созаққа кірген күні алды. Ол келесі 
аптада қалың қолымен Ташкентке аттанбақшы еді. Амал жоқ, айтқандарыңа көнем 
деген Орынбор бастықтарына уәдесі бар сол себепті Қоқан хандығымен бітім 
жасап, кейін қайтуға мәжбүр болды. Бірақ Кенесары кейін қайтуын қайтса да, 
өзінің енді ештеңеге еркінің жоқтығына іштей күйініп, патша генералдарына 
кектене қалды. 
ІІ


172 
Зиректік, ойшылдық, сезімталдық — ана сүтімен бірге бітетін қасиеттер. Мұны 
адам сатып ала алмайды, егер жүрегінде осы бір қасиеттердің ұшқындары болса 
ғана өмір, қоршаған қоғам оны не ұлғайта түседі, не өшіреді. 
Жасынан өнер мен ғылымды өнеге еткен Есіркеген төрт жыл Семейде орысша 
оқығанда көп жағдайды түсінді... Әсіресе туған ел-жұрттың надандығы, 
қамқорсыздығы жүрегіне шоқ тастап, мазасын ала берді. Бұл жәйттер Есіркегенді 
құр қайғы, шерге бөлеп қана қоймай, еліне қамқорлық етерлік жол іздетті. Енді ол 
орыс халқының тарихына, мәдениетіне, өсу жолына үңіле қарады. Өз елінің бұл 
халықтан қаншалық кейін қалғанын ойлана түсті. Ойланған сайын, ортағасырлық 
мешеуліктен қол созуы қажетін, қыс қатты болған бір жұттан соң-ақ дәулеті 
сарқылып шыға беретін, мал соңында өткен көшпенділік тұрмыс-тан гөрі егіс 
салатын отырықшылық өмірге қарай икемденуі керектігіне көзі жете түсті. 
Есіркеген өз сана-сезіміне азық болар тағы да бір сырлы дүние ашты. Ол сонау 
Орталық Россиядан қазақ жеріне жаңа қонысқа көшіп келген орыстың қарашекпен 
мұжықтары мен ақ патшаға қарсы қол көтергені үшін Семей секілді алыс бекініске 
жер аударылған декабристер — орыс офицерлері мен оқымысты адамдарының 
қазақ халқына деген жанашырлық, достық көз қарастары еді. Халық пен халықтың 
еш уақытта жауласпайтынын, оларды араздастыратын тек үстем таптың 
қанаушылық саясаты екенін түсініп, оның жүрегінің түкпірінде орыс халқына 
деген бір әдемі жылы сезім туа бастаған. «Халық пен халық тату болса, ақ патша 
не істейді? Ал Қытай, Қоқан, Хиуа, Бұхардан қорлық көріп басы қосылмай жүрген 
қалың қазаққа түбі тағдыры да, қайғы, қуанышы да бір, сүйеніш болар ел керек. 
Оған орыс жұртшылығынан жақын кім бар? әрі мәдениетті, әрі қуатты. Достасса 
қорған бола алады? Бірақ сонда еліміздің тәуелсіздігі не күйге ұшырайды. Мүмкін 
ел тәуелсіздігі де сақталар. Кенесары, Ағыбайлардың түсінбей жүргендері бар 
шығар. Жоқ, сан айқастан өткен бұл батырларды ел күйін түсінбей жүр деуге 
менің қандай қақым бар?.. Бұл бір ақылға салатын жағдай». 
Осындай күйде жүргенде Есіркеген Семейдегі орыс мектебін бітіріп, қыс келе 
Петербург кадет корпусына түсетін болды. Бұл бір мың сегіз жүз қырық бірінші, 
қазақша Сиыр жылы еді. Оқуға қар жауа баратындықтан ол жаз шыға өз аулына 
келген. Жүрегін көкейкесті арман торлаған, ел қамын ойлар жігіт — ойпат үстінде 
ерте шығып, ерте солатын сарғалдақ гүл тәрізді, ерте пісіп, ерте қартаяды. 
Сексеннен аттап селкілдей бастаған Масан қарт жиырмаға жаңа ілінген 
немересінің ой сорған бозғылт жүзіне қарап, оның жанын жеген бір кеселдің бар 
екенін бірден ұқты. Бірақ келген беттен тіс жарып бәлендей де- 
меген. 
Немересі туған жерінің жасыл шалғынына әбден аунап-қунап мауқын басып, 
құрбы-достарымен біраз ойын-сауық құрып, бабына келгендей кезде ғана бір күні 
оңашада: 
— Қарағым, іште жатқан қайғы Ескендірдің қос мүйізі тәрізді, сыртыңа
шығармасаң кеселге айналдырады, — деді байсалды үнмен, — қабағыңның 


173 
шырынан ішіңе бір сарсудың байланғанын аңғарамын... Кәріге айтылатын сыр 
болса жасырма, қолымнан іс келмесе, тілімнен ақыл келер... аянбан. 
Көпті көрген қарт атамен өзінің де сөйлескісі келіп жүр еді. Есіркеген бірден 
ақтарыла қалды. 
— Қайғым бар екені рас, ата. Өз қайғым емес, ел қайғысы. 
— Ел қайғысы! Лебізің жылы тиді. Ел қамын ойлар артымда тұяғым жоқ па 
деп қынжылатын едім. Құдай тағала, мүсіркеген екен. Мұныңа да шүкір. Ал сөйле. 
— Төрт жыл қалада оқыдым, ата. Жас адамға төрт жыл төрт күнмен тең ғой... 
Ал маған... Әлде мен сондай сарыуайымшыл болып тудым ба, төрт жылым төрт 
жүз жылдай ұзақ соқты... Егер адам ойы теңізге айналар болса, менің ойымнан 
бүкіл дүниені қоршаған тірі пенде жүзіп өте алмас мұхит пайда болар еді... 
— Иә, айта бер... сонша ұшан теңіз мұхитта жүзіп не көрдің... 
— Халқымның сол мұхит суына парапар көз жасын көрдім. 
— Халқыңның көз жасын көру ғажап іс емес. Мен оны ес білгелі көріп келе 
жатырмын. Көру бар да, көмек беру бар. Сол көз жасты құрғатар не жол таптың? 
— Жол біреу-ақ тәрізді. Тіл мен діні бөлек болғанмен, жері мен тағдыры бір 
орыс жұртшылығымен бірлеспей бізге жарық сәуле жоқ секілді. Сары далаға ие 
екенмін деп тағы құландай қысы-жазы көшіп жүре бергенмен ештеңе оңар емес. 
Бүйте берсе түбі надандық жеңеді. Біз де мәдениетке құлаш ұруымыз керек. Ал 
мәдениет орыс жұртшылығында. 
— Оларда құр ғана мәдениет емес, қиянат та бар ғой, ұлым... — Қарияның көзі 
кенет жарқ етіп бір ұшқын көрсетті де, қайта сөне қалды. Ол енді жүдей, ойлана 
сөйледі, — әр жыраның өзінің бір күйкентайы болады. Сұрқия заман бізді осылай 
сұрқия ойлы етіп жаратқан шығар. Асыл тастан, ақыл жастан, мүмкін сенің айтып 
отырғаның дұрыс болар, бірақ ел-жұртың не дейді? Кәрі қыран көре алмағанды, 
жас қыран іледі, тек айтарым: қанына тартпағанның қары сынсын дейді қазақ. 
Аңшы қуған киіктей, сұм тағдырдан зәресі ұшқан азғантай халқың бар, тек соның 
қарғысына қалма... 
— Халық кейде түсінбей де қарғамай ма? Кенесарыны біреу қарғайды, біреу 
ардақтайды... 
— Дұрыс айтасың. Кенесарының жауы да көп, досы да аз емес. Кейде оның 
қылығына мен де түсінбеймін. Ал саған түсіну тіпті қиын. 
— әйтсе де сол Кенесары ойына мен түсінгім келеді. — Есіркеген сәл үндемей 
қалды да қайтадан сөйлеп кетті. — Жаз аяқталып келеді, қар түсе Петерборда 
болуым керек, — деді ол жерді шұқылай отырып, — Петерборға Омбы арқылы 
баруға да болады... Орынбор жағымен де жететін жол бар... 
— Сонда осы арадан Орынбор аттанбақсың ба? 
— Иә, Қараөткел дуанынан Атбасарға түсіп, ар жағында Қарақойын Қашырлы 
арқылы Ырғыз құласам... Жолай Кенекеңе жататын елдерді басып, ондағы 
жұрттың қандай күйде екенін өз көзіммен көрсем... 


174 
— Ел күйінен ер арманын білу қиын емес. Бірақ бұл жолың тым қауіпті жол. 
Петерборға оқуға бара жатқан Жамантай аға сұлтанның жігіті екеніңді сезіп қалса, 
Кенесары адамдары сені тірі жіберері екіталай. 
— Ол қауіпті өзім де түсінемін, бірақ өз жолыңды таңдау үшін, әр тайпаның 
көңіл мұңын анық білген жөн ғой деймін... 
— әлбетте. 
Орынборға Кенесары ауылдары арқылы жүруді Есіркеген оқуға барам деген 
күннен-ақ шешкен. Бұл жолды таңдауында ел күйін білуден өзге бір арманы бар. 
Ол арманы — Күміс. әбдіуақиттың үй ішінің ол Кенесары жағына шығып 
кеткенін сол жазда-ақ естіген. Бірақ олар тірі ме, өлі ме хабардар емес-ті. Әсіресе 
Күміс жайын өте білгісі келетін. Қоңырқұлжаға ойда жоқтан ойыншық болған осы 
бір аяулы замандасқа деген аяныш әйтеуір көңіліне маза бермейтін. Кейде осы 
аяныш оны бір жылы тәтті сезімдерге де жетелейтін. Кенесары ауылдары арқылы 
жүрсем, сол әбдіуақит үй іші туралы бір хабар естірмін деген үміт, 
бүліншілікшілердің қолына түсіп қалармын-ау деген қауіпке бой бермеді. Кәрі 
атасымен ел жайын, өзінің келешек арман жайын ұзақ әңгіме ете отырып, ақыры 
Петерборға Орынбор арқылы жүрмек болып шешкен-ді. 
Енді міне, мынау сар даланы кезіп келе жатқан үш салт аттының ортасындағы 
аққұба жігіт осы Есіркеген. Астында оқтаудай боп жараған күзен күрең. Басын 
шұлғып тастап, жіті басып аяңдағанда, екі жағындағы — шабдар байтал мен 
кәртаң тартқан қаракөк ат — желе түсіп, әзер еріп келеді. 
Есіркеген ауыл жігіттерінше киінген. Басындағы пұшпақ бөркі мен үстіндегі 
бұлғын жағалы лұқпан шапаны ауқатты үйден шыққанын аңғартқандай. 
Жанындағы пұшық сары мен денелі ат жақты қара сұр жігіттің үстінде кедей қолы 
жұпыны киім. Кең жеңді көне шекпен, қырқыла бастаған жеңіл елтірі тымақ пен 
көне далбағай. Екеуінің сырт бейнесі, ортадағы ауқатты жігіттің жай атқосшы 
серіктері екенін сездіреді. Бұл үшеуі ауылдан шықпай жатып, Кенесары жасағы 
кездесіп қалса, сонау Ұлытау бойындағы Найман руындағы нағашыларына бара 
жатырмыз деп айтуды келіскен. Есіркегеннің жанындағы жігіттердің сырт 
пішіндері бәлендей көзге түсер болмағанмен екеуі де өнері асқан жандар. Пұшық 
сары даусы кернейдің үніндей созылған әнші, қара сұры жамбасы жерге тимеген 
балуан. Екеуінің борышы біреу-ақ Есіркегенді сау-саламат Орынборға жеткізіп 
салып, қыс түспей Қарқаралыға қайта оралу. 
Қарқаралы жақтан шыққандарына бір аптадан асып кеткен. Қонақ десе 
құшағын жая түсетін қазақ ауылдары, алыс жақтан «нағашылап» бара жатқан
жігіттерден қонағасын аяр емес, бір ауылға түстенсе, бір ауылға қонып, Арғынаты 
баурын да көмкерлеп қалды. Жол енді осы арадан күнбатысқа кілт бұрылады. Енді 
жігіттерге «нағашыларымыз» Жем, Ырғыз бойындағы Тама руы деуге тура келді. 
Тоқтаған ауылдары бұған сенеді. Өйткені түрлері де, астарындағы аттары да ұры-
қарыға ұқсамайды және ағайын қуып жүре беретін қазаққа «Жем, Ырғызда 
нағашымыз бар еді», — деген сөз майдай жағады. «Пәле, жиен болсаңдар, 
осындай алыстан іздейтін болыңдар», — деп оларды қошеметтей түседі. 


175 
Жол күнбатысқа қарай бұрылысымен-ақ бірден өзгере бастады, жаз аяқталып, 
сарғылт тартып қалған. Арқаның көк шалғынының орнына қуаң тартқан бидайық 
пен бозаң шөп, ши мен шілең жиі кездеседі. Күн райы да өзгеріп, енді 
жолаушылардың беттерін салқын жел өбетін болды. Бірақ даусы қарлықпайтын 
пұшық сары жол қысқарсын дегендей жағы бір тынбайды. Біресе күлдіргі өлең 
айтады, біресе қайғылы зар төгеді. Ал Есіркеген өлең айтқан сайын атын 
тоқтатып қойып, қалтасынан қойын дәптерін алып әр өлеңнің сөздерін, кім 
шығарғанын, қандай жағдайда айтылғанын жазып алады. 
— Қайтесің пұшық сарының айтқанының бәрін қағазға түсіріп, — дейді оң 
жағындағы қара сұр, — бұда не көп, өлең көп... 
— Үрім-бұтаққа керек, — дейді Есіркеген, — халық мұрасынан қымбат қазына 
жоқ, бәрі қағаз бетіне түсірілуі қажет. 
Пұшық сары Есіркегеннің сөзінен қанаттанып кетіп, кенет ер үстіне бір 
жамбастай қоқилана отырып алды да, тағы да бір әнді шырқап кетті. 
Бүлдірді ала ауыздық ел арасын, 
Найза мен сойыл шешті дау таласын. 
Соншама өштескенде, бауырларым, 
Тозудан, айтшы, басқа не табасың? 
Ат төбеліндей аз қазақ 
Бір-біріңді қырғанда 
Қай мұратқа жетесің?! 
Мойныңа бұғау онсыз-ақ 
Түсейін деп тұрғанда. 
Кімге ерлік етесің? 
Еcіркеген өлеңді естігенде түсі бір түрлі қуқылданып өзгере қалды. 
— Бұл кімнің өлеңі? 
— Атығай Ырым ақынның. 
— Қай жағдайда шығарған? 
— Ана жылы Атығай Қарауыл мен Алтын, Тоқа жерге таласып көп жігіттер 
сойылға жығылғанда... 
Есіркеген одан әрі ештеңе сұраған жоқ. Өлеңді жазып та алмады. Кенет қалың 
ойға шомды. «Ырым ақын?.. Мен естімеген ақын екен... Сірә, бай мен батырды, би 
мен сұлтанды, ру бастықтарын мақтап күн көрмейтін жан болуы керек. Ел 
арасында жүріп айтысқа түсіп жүлде алудан да алыс болар... қазақтың ала 
ауыздық зиян екенін түсінетін мұндай сөз шыққаны бір жақсы ырым екен... 
Осылай жұртты оята беру керек. Бар келешек халқымыздың оянуында. Бар өнерді 
соған салу дұрыс жол. Ел бірлігі — ел теңдігі. Бірақ «Мойныңа бұғау онсыз да 
түсейін деп тұрғанда...» деген сөзінде бір үлкен сыр жатыр-ау. Бұл сөзімен нені 
айтпақ? Ел болып бірігіп Кенесарыға қосылып, Россия патшасына қарсы шық 


176 
демек пе?.. Иә, солай сынды. Бейшара, біздің келешегіміз Россияға қосылуда 
екенін білмей ме?» 
Сары пұшық кенет Есіркегеннің ойын бөліп жіберді. 
— Мінекей ауылға да жетіп қалдық, — деді ол дауыстап жіберіп — бүгін 
осында түнеп шығалық. 
Ауыл дегендері ылдидағы көл жағасында отырған отыз шақты үй болып 
шықты. Табын руының бір бөлегі екен. Жаз сонау Атырау теңізіне дейін көшіп, 
қыс осы маңды қыстайды екен. Биыл алысқа көше алмай, Кіші жүз бен Орта жүз 
жерінің ортасындағы Қызыл діңгек маңайын жайлап қалыпты. Себебін сұрағанда, 
қонып жатқан үйлерінің иесі қаба сақалды қара шал: 
— Былтыр жаз құмда көшіп жүргенімізде малымыздың тең жартысын Хиуа 
ханының сарбаздары барымталап әкетті. Қалған жартысын қыс түсе осы арадан 
Қоқан сыпайлары шауып алды. Осы ауылда тіпті тігерге тұяқ қалмаған үйлер бар, 
алысқа көшуге бізде қазір жағдай жоқ, — деді. Сөйтті де өзінің қонақтарына айран 
мен ірімшіктен басқа қонақасы бере алмай отырғанына қысылғандай төмен қарап, 
— бұл үйде де бір сиыр мен үш ешкі ғана қалды. Алыстан келе жатқан 
жолаушылар екенсіңдер, қой сою керек еді, — деп міңгірледі. 
Есіркеген шалды аяп кетті. 
— Қысылмаңыз, отағасы, барға мәзір, жоққа әзір... Біз ықыласыңызға да 
ризамыз... 
— Иә, жоққа жүйрік жете ме, — деп шал ауыр күрсінді, — ренжімесеңдер 
болғаны... Шабыншылықтан кейін бұл ауылдардың көтерілуі де оңай болмас... 
Амал не, басқа түскен басбақшыл, құдай тән бергенге дән берем деген екен, бізді 
де өлтірмес. 
Таңертең ертемен Есіркегендер жүрер алдында шал тағы да: 
— Дұрыстап қонақасы бере алмағандарымызға өкпелемеңдер, қарақтарым, 
заман солай болған соң істерің бар ма, — деді мұңайып, — жедел жүріп 
отырсаңдар сәске болмай Қаражыңғылдағы Алтай руының бай ауылдарының 
біріне жетіп қаларсыңдар, біз бере алмаған қонақасыны сол ауылдан ішерсіңдер. 
Есіркегендер жұпыны ауылды сырттай жүріп келеді. Кеше ымырт үйіріле 
жеткендіктен байқамаған екен, көл жағасында отырған осынау отыз үйдің, ауыл 
деген құр аты екен. Бір-екі түйе, он шақты сиыр болмаса, көзге түсер мал жоқ. 
Ауыл иттерінің құйрығы қайқы болушы еді, бұлардың иттерінің де жүні 
жығылып, құйрықтары салбырап кеткен. Есіркегеннің іші удай ашыды. «Сірә 
балық аулап күн көреді-ау бұл ауыл», — деді ол ойға шома беріп. 
Қарттың түндегі сөзін естігеннен кейін, ол түні бойы көз ілмей шыққан. Қазір 
де сол ой шумағын жалғай түсті. «Жоқ, жоқ, қайткенмен де Россия қол астына 
тезірек кіру керек. Сонда ғана бұл халықтың жаны қалады. Хиуа, Қоқан құр 
малын ғана талайды ғой, ал Қытай ауына ілігер болсаң, еліңді біржолата құртып 
жібереді. Есіркеген енді тарихқа көз жібере ойланды. — Бір мың жеті жүз елу 
алтыншы жылы еді ғой, өзіме қарсы бас көтердің деп Қытай боғдыханы әрі 
айбынды, әрі айбарлы мемлекет құрып, бүкіл Жоңғар өлкесін билеп отырған 


177 
Торғауыттардың миллиондай халқын қырып, Жоңғар мемлекетін тарихтан мәңгі 
құртып жіберген жоқ па еді. Сондай хал қазаққа келмесін кім біледі? Ежелден 
өштескен Қытай боғдыхандары, өз елін аямағанда бізді аяр ма? Жоқ, жоқ, 
Россияға бас ию керек, сонда ғана өзге ел жандары бізді тонауды қояды». 
Бұл кезде күн де көкжиектен көтеріле бастады. Ұшы-қиыры жоқ қау жапқан 
кең далада ұшқан құс, жүгірген аң көрінбейді, тек көде шөпті қуалай бірен-саран 
бөдене жорғалап, күн шыққанға қуанғандай шегірткелер ғана шырылдайды. 
Сәске кезінде құбыла жақтан жел тұрды. Жолаушылардың мұрындарына бір 
жылымшы иіс келді. 
— Бұл не? — деді қара сұр жігіт, — мал қырып жатыр ма біреу? Қан иісі 
тәрізді ғой мынау иіс... 
Есіркеген жауап қайырған жоқ, атын тебініп қап, алдындағы адырға қарай 
шаба жөнелді. Серіктері де аттарына қамшы басты. 
Бұлар адыр басына шыға келді де, алдарында пайда болған көріністен шошып 
кетіп, кілт тоқтай қалды. Дәл адырдың етегінде шие көмкерген тулай аққан 
жіңішке өзен жағасында ақ боз үйі аралас қалың ауыл отыр екен... Бірақ ауылдың 
сиқынан жан шошырлық. Дауыл соғып құлатқандай жапырая қалған лашық, 
күрке. Шаңырағы жерге түскен ақ отау, қараша үйлер. Әр жерде сұлаған өлік, оны 
қоршап жоқтау салған топ-топ әйелдер... Жылаған бала, ұлыған ит. Бір топтан 
екінші топқа қарай өліктің басына құран оқуға бара жатқан бірді-екілі ақ сәлделі 
молдалар көзге түседі. Ауыл шетінде бір қауым топ күрекпен зират қазып жатыр. 
Кәрі-жасы аралас. Қазақ аулына таянғаннан-ақ елдің көркі боп көзге түсетін үкілі 
қыз, сәукелелі жас келіншектің бірде-бірі көрінбейді... Осыншама қалың елдің 
маңында мал дейтін мал да жоқ. Бірен-саран күлге аунап шөгіп жатқан түйелер 
мен бұзауларын ерткен он шақты сиыр жүр. Ері мойнына кеткен екі-үш шідерлі ат 
оттауға қарай шоқаңдап барады. Ауылдың жалпы көрінісі түнде ғана жау шауып 
кеткенін аңғартады. 
— Япырмай, бұл не сұмдық, — деді пұшық сары ішегін тартып, — мына 
ауылды да жау шапқандай ғой. 
— Иә, — деді қара сұр күрсініп, — бұл ауыл да босағасы босаған ауыл болды 
ғой. 
— Жоқ, шаңырағы құлап жерге түскен ауыл деңіз! — деді Есіркеген көзіне 
келіп қалған жасын серіктерінен жасырмай алақанының сыртымен сүртіп, сөйтті 
де кенет атын тебініп қап, қазақтың ескі дәстүрімен «ой, бауырымдап!» ауылға 
қарай шаба жөнелді. Серіктері де «ой, бауырымға!» басып соңынан ерді. 
Есіркегендер бұл ауылда бір күн болды. Өліктерін қойысып келесі күні жүріп 
кетті. Ауыл ақсақалы қобызшы Кәрібай деген шал бұлар келісімен болған 
уақиғаны айтып берді. Бұл — Алтай руының Кенесарыға еріп Арқадан көшіп 
келген бір аулы боп шықты. Бұрын кәзіргі Атбасар дуаны салынып жатқан Есілге 
құятын Жабайы өзенінің маңын қоныс етіп келген екен. Ол араға бекініс салына 
бастағаннан кейін қоныс іздеп амалсыз Кенесарыға еріп, осынау Қыпшақ жерінің 
шетіне көшіпті. Кенесарыға ерді деген аты болмаса оған бәлендей жәрдем 


178 
бермепті. Тек қол ұшынан жалғасып, әскеріне қыс соғымдарын, жаз қару-жараққа 
деген салығын төлеп тұрыпты. Биыл ғана біраз жігіттері Кенесары сарбаздарына 
қосылыпты. Соған өшіккен бе, әлде осы ауыл Кенесарының иек тірер тілектесі деп 
біреу-міреу көрсетті ме, әйтеуір Ор қаласынан шыққан ақ патшаның бір топ «кәрі 
қылыш» жендеттері кеше күн бата кеп ауылды шауыпты. Қаннен-қаперсіз жатқан 
ел, ауыл үстінен гүрсілдей атылған мылтықтан шошып, қарсыласа алмай қалыпты. 
Жендеттердің өздері екі жүздей адам екен, түні бойы істемегені болмапты. Әжетке 
жарайтын қыз балалардың бәрін шетінен абыройын айрандай төгіп, осы ажарлы-
ау деген жас әйел, келіншектердің бірде-бірін сау тастамапты. Кеудесінде намысы 
бар арашаға түскен жігіттер мен «ау, бұларың не?» деп ақылға салам деген 
ақсақал, қарасақал біткеннің бәрін бүкіл жұрттың көз алдында оққа байлапты, 
кейбіреулерін қылышпен шауып өлтіріпті. Мұндай қаза болған жанның саны 
отызға жуық көрінеді. Қан ішер жендеттер түні бойы дәрменсіз елге істерін істеп, 
тек бүгін күн шыға ғана жүріп кетіпті. Бірақ құр кетпепті, ауылдың сұлу қыз-
келіншегі мен түбекте жатқан бар малын айдап әкетіпті. «Барлық Кенесары 
жағына шыққандардың көретін күні осы. Бұл бұл ма, бүйте берсеңдер ендігі жолы 
біріңді қалдырмай қырып тастаймыз», — деп кетіпті. 
— Бұл уақиғаны Кенесарыға естірте алдыңдар ма? — деді қара сұр қанын 
ішіне тартып. 
— Түнде ауылды шауып жатқанда кісі жібергенбіз. Жер арасы шалғай, егер 
шабарманымыз қолға түсіп қалмаса сұлтан аулына таяп қалған шығар, — деді 
Кәрібай шал, — бірақ оның қолынан не келеді?.. «Кәрі қылыш» жендеттері Орға 
қарай беттеді ғой, кездесе алмас... Тек Жантөре үрім-бұтағының ауылын 
бөктерлей қуса ұшырасулары мүмкін. — Шал тағы күрсінді, — ой, білмеймін, 
ұшыраса қояр ма екен... Тым қиыс жатыр ғой... Және ол тұстағы ел Кенесарыға 
қарсы, жөн сілтемес. 
Өліктерін қойысып ауылдан шығысымен, түні бойы ұйқы көрмеген 
Есіркегендер бір сайға түсіп, аттарын тұсап отқа жіберіп, өздері 
қоржындарындағы азын-аулақ астарымен өзек жалғап, күн түс болғанша ұйықтап 
тынығып алды. Енді олар Солтүстікке қарай бұрыла түсіп Орынборға 
Кенесарының қарамағына жатпайтын ауылдардың үстімен жүрмек болды. 
Есіркеген атқа қонысымен-ақ тағы сазара ойға шомды. Жанындағы 
серіктерінде де үн жоқ. Қалай үндесін, бағанағы ауылдағы көрген көріністері екі 
иіндерінен сегіз батпан ауыр жүктей жерге жанши түсіп, бастарын көтертер емес. 
Әсіресе Есіркегеннің қабағынан қан жауған. «Россияға бағыну керек деймін. 
Ондағы ойым ұлы халық, мәдениетті халық, өзімен бірге мұратқа жеткізеді деп 
сенуімнен шыққан арман. Ал бағанағы ауылға істегені не? Мүмкін мен ештеңеге 
түсінбейтін болармын, ақ патшаның да, оның қарапайым солдаттарының да 
арманы біреу-ақ шығар. Тезірек қазақты құртып, жерін емін-еркін пайдалануға 
асығатын болар. Бірақ бір қолдағы бес саусағың да бірдей емес қой. Бір 
Абылайдан шыққан екі ұрпақ — екі бөлек жол ұстаған жоқ па? Уәлиге қарсы 
Қасым шықса, Уәлидің баласы Шыңғысқа Қасымның баласы Кенесары қарсы 


179 
келіп отырған жоқ па? Сол тәрізді бір Россия патшасына бағынатын жұртта екі 
түрлі ой болуы мүмкін ғой»... 
әрине, Есіркеген өзінің осы ойынан кейін жиырма жылдай шамасында тарихқа 
келген Шыңғыстың баласы Шоқан мен Кенесарының баласы Сыздықтың да біріне 
бірі қарсы соғысатынын білмеді. Шоқан — орыс генералы Черняев жағында, ал 
Сыздық Қоқан хандығын қорғап шығатыны оның тіпті үш ұйықтаса түсіне де 
кірмейтін жәйт. Сондай-ақ өзі секілді Шоқанның да Россия мәдениетіне қанат 
қағып, туған халқын сол Россияға тартқанын, бірақ артынан генерал Черняевтің 
әскері сол халықты Россия патшасына отар етемін деп қырғанда, не істерін білмей, 
қызметін тастап Тезек төренің аулына қашатынын қайдан білсін. 
Есіркеген қазір шым-шытырық жұмбақ ойдың шешуін таба алмай шатасуда 
еді. «Расымен мен қателесіп жүрмін бе? Түбі жауынан құтыла алмайтынын білген 
жаралы жолбарыс тәрізді не болса да айқасып өлем деген Кенесарыныкі дұрыс па? 
Мәдениет, прогресс, Россиямен біріксек жарық күніміз шығады деп жүргенде, 
халқымыздың еркіндігі түгіл, өзінен айырылып қалмаймыз ба? Егер қазақты өзіне 
қосу әдеті, үнемі әлгі ауылға істегеніндей бола берсе өйткен мәдениеті де, 
келешегі де құрсын!.. Онда су ішсем де, суан ішсем де халқыммен бірге боламын. 
Тек соның күні көкте жүзсін, соның ғана сәулесі жарқырай түссін». 
Осындай шым-шытырық ойда келе жатқан Есіркеген күннің екіндіге таяп 
қалғанын жаңа аңғарды. Ол енді бұрылып жан-жағына қарады. Әлі ұшы-қиыры 
жоқ кең дала, қау басын ақырын сипай ескен салқын жел, басты шырмаған сұмдық 
ой... 
— Күн еңкейіп кетті, осы бір тұста ауыл болса керек еді ғой, — деді сары 
пұшық сол жақтарындағы көгілдір дөңестерден асыра нұсқап, — аттар да 
болдыруға айналды. 
— Құр ғана аттар ма, жаны құрғыр да болдырған секілді-ау. 
Бұл Есіркегеннің жолдастарына атқа қонғалы айтқан ең алғашқы сөзі еді. 
Серіктері тіл қатқан жоқ. Жас жігіттің жүрегінде қандай ауыр кеселдің 
жатқанын түсінгендей ақырын күрсінді де қойды. 
Бұлар енді солға, пұшық сары көрсеткен көгілдір дөңестерге қарай бұрылды? 
әрі-бері жүрген соң күн бата, адыр-дөң қоршай біткен жазық далада, Қарасуды 
жағалай қонып отырған ауылды көрді. Бұл ауылдың да сиқы таң қаларлық. Осы 
араға не жаңа келіп қонған, не болмаса үйлерін жығып көшуге ыңғайланып 
жатқан тәрізді. Әйтеуір түйелі жүктің жанында әбігерленген жұрт. Тек әлгі 
жығылмаған (әлде жаңа ғана тігіп үлгірген) үлкен үш ақ орданың есігінің алдында 
бұл үйлерде өлік бар екенінің белгісі ат құйрығына жалау байлаған сойылдар мен 
үй үстін айқыш-ұйқыш етіп таңған қара басқұрлар көрінеді (өлік бар үйді бұлай 
білдіру кей руларының ежелгі дәстүрі). Үрген ит, өрген мал көзге түспейді. Тек 
көшке арналған түйе мен бірен-саран ырдуан, пәуеске байқалады. Бірақ ауыл іші 
жыпырлаған адам. Ауылды қоршай көп салт атты және тұр. Қолдарында найза, 
сойыл, шоқпар... 
— Бұл ауылда да бір бүлік бар секілді, — деді қара сұр, — бұрылып кетелік. 


180 
— Өз еліңнің бүлігінен бұрылғанда қайда барасың? — деді Есіркеген. —
Тәуекел, не болса да бара көрелік. 
Бұлар ауылды қоршаған сыпайларға таяғанда алдарына еңгезердей қара 
мұртты жігіт өзгелерден бөлініп шыға берді. 
— Ей, кімсіңдер? — деді ол астындағы ақбоз атын ұршықтай айналдыра 
ойнатып, аналардың сәлемін алмай. 
— Өзіміз ғой, — деді Есіркеген, ананың кеудесіне таққан көк шұға белгісінен 
Кенесары әскері екенін біліп. — Көрмей тұрсыз ба? 
— Көргеніме көрімдік берейін бе? — жігіт үні гүрілдей шықты, ашулы жан 
екенін бірден сездіріп алды, — өзіміз дейтін менің екі туып бір қалғаным ба едің? 
Қамшы көргің келмесе, одан да тезірек жөніңді айт. 
— Амандық жоқ, саулық жоқ, берген сәлемімізді алмай жатып, мұншама 
түйілгеніңіз не, ағасы, — деді Есіркеген биязы үнмен, — Арқадан келе жатқан 
жолаушымыз, Ырғыз бойындағы Табынға нағашылап барамыз. 
Арқаның қай тұсынан боласыңдар? 
— Қарқаралы жағынан. 
— Қаракесексіңдер ме? 
— Иә... 
— Кесіп алсаң қан шықпас, ел билейтін жан шықпас дейтін Қаракесек
екенсіңдер ғой. 
Есіркеген, шамдана қалды, бірақ өзін өзі ұстап сыр бермей тағы да биязы 
үнмен: 
— Қаз дауысты Қазыбекті естімеген қазақта да жан болады екен-ау! — деді 
кекесін күлкісін жасыра қалжыңдаған болып. 
Қара мұрт бұл жолы Есіркегенге зілдене қарады. 
— Қаракесек ділмәр келетін еді, сен де ділмәр екенсің. Сірә, сол Қазыбек бидің 
ұрпағы болмасаң нетсін... 
— Жоқ, Қазыбек бидің емес, Масан бидің немересімін. 
— әлгі Жамантай аға сұлтанның ақылгөйі Масан бидің бе? 
— Иә, дәл соның! 
— Қармақ салып ала алмай жүрген алабұғам, аузыма өзің келіп түскен екенсің, 
жүр олай болса! 
Мұрттының даусы бұл жолы өктем шықты. Кенесары елінің Жамантайға деген 
қастық көз қарастың енді өзіне ауғанын Есіркеген бірден сезінді, бірақ қара 
мұртпен сөз таластырмады. 
Найзаларын қолдарына көлденең ұстаған он шақты салт атты жаяу үш
жолаушыны қоршай, ауыл ортасына қарай жүрді. 
Бұлар ауылға кіре шеткі қараша үйден қарлыққан кәрі дауысты жоқтау естіді. 
Өлік бар жерде бата оқымай өтпейтін қазақтың ескі дәстүрі, Есіркеген қараша 
үйге қарай беттеді. Қасындағы жендеттері де қарсы болған жоқ, сыртта тұрып 
қалды. Ол үйге кіріп келгенде ең алдымен көргені шоқпыт тымақ, жыртық 
шекпен, жылап-сықтап отырған кілең кедей болды. Сол жақта сұлайып қыр 


181 
мұрынды, мұрты жаңа тебіндей шығып келе жатқан жас жігіт жатыр. Түрі өлген 
адам тәрізді емес жаңа ғана ұйықтап кеткен секілді. Басында екі бүйірін таянып, 
ақ шашын жайып; кәрі шандыр бетін жоса-жоса қылып тырнап тастаған шүйкедей 
қара кемпір: 
Атаңа нәлет хан Кене, 
Басыңа түссін ойран-ай, 
Суалдырдың көзімнің, 
Қарашығын, ойбай-ай! — 
деп қарлыққан дауыспен зар еңірейді. 
Өліктің кеуде тұсында қарындасы ма, әлде жұбайы ма, бір келіншек отыр. Жүзі 
ақ шүберектей, жасқа толы тостағандай қара көзі шарасынан шығардай боп 
керегеге қарап қатып қалған. Есіркеген бата оқыды да шығып кетті. Бірақ әлгі 
сурет көз алдында тұрды да қойды. 
Аздан кейін бұны қара мұрт ауыл ортасындағы алты қанат ақ үйге алып келді. 
Белдеуде кіші-гірім атан түйедей ақбоз ат тұр. Бәрі үйге кірді. Төр алдында жатқан 
қоңыр киінген, зор денелі кісі басын жастықтан сәл қозғады. 
— Ағыбай аға, — деді қара мұрт, — мына жігіттерді ауыл үстінен ұстап алдық. 
Жамантай аға сұлтанның елінен көрінеді, Ырғыз маңындағы нағашыларымызға 
бара жатырмыз дейді. 
Қапсағай қоңыр елең етіп басын көтеріп алды. Үй ішінде көлбей жатуына да 
себеп бар екен, енді ол малдас құрып отырып еді, басы керегенің ұшына тиер-
тиместей зор денелі бір алып екен. Адамнан гөрі, ертегіде кездесетін дәулер 
тәрізді. Тек жалғыз көзді емес, екі көзді және сонау тас қабақты қоңырқай сұсты 
түсінде бір жылы шырайдың сазы білінеді. Бұл Кенесарының бас батырының бірі 
Ағыбайдың өзі еді «Ағыбай бұл жақта қайдан жүр» деді Есіркеген ішінен. Бұл 
маң Кенесарыға қарсы жақтың жері емес пе еді?» әйтсе де бала жастан үлкенді 
құрметтеп өскен жас жігіт, сонау төрде отырған шүңірек көзді алыптың мысы 
жеңгендей, иіліп сәлем берді. 
— Ассалаумағалейкүм. 
— Алликімассалам, балам. — Ағыбай жас жігітке тесіле қарады. — Қанды 
балақ сұм Жамантайдың кімі боласың? 
«ә, Ағыбайдың Жамантайға деген бітпес өші бар деуші еді, рас екен. Үнінде 
қаңтарда қатқан мұздай бір мызғымас ызғар жатыр-ау!» 
— Жамантай аға сұлтанның қарамағындағы елдің жігіттеріміз. Өзім Масан 
бидің немересімін, мына жігіттер ауылдан ертіп шыққан серіктерім. 
— ә-ә. Бағың бар бала екенсің. Жамантайдың жақыны болғаныңда бір 
жамандыққа ұшырауың кәміл еді. — Ағыбай енді түксиген қабағын сәл ашты, — 
Масан қарт әлі тірі ме? Ақ патшаның қолтығына кіріп алдыңдар ғой, ауыл-
аймақтарың күйлі шығар? 
— Күйсіз емес. Атам әлі тірі. 


182 
— Иә, солай болар, — Ағыбай әлденеге өкінгендей ауыр күрсінді, — отырған 
ел отырып қалды ғой... Жем іздеген аш қасқырдай тек мына біздерміз ғой сар 
даланы сары бауыр етіп кезіп жүрген... 
— Сіздерге де көшпеу керек еді. 
Ағыбайдың қабағы жауар бұлттай жабыла қалды. 
— Сонда Жамантайша ақ патшаның құлы бол демексің бе? Масан қарттың 
немересімін дегенге асылдың ұрпағы ма деп қалып едім, алысқа ұша алмайтын
сауысқан боп шығайын деп тұрсың ба, қалай? — Ағыбай тез ашуланса да, тез 
қайтты. — Жә, қышымаған жерімді қасымай жайыңа отыр!.. Ал қотан аңдыған 
ұялы бөрідей, тізе қосып қайда бара жатырсыңдар? 
— Масан атам Бөкей тұқымымен құдандал ғой. Ырғыз бойындағы 
нағашыларымызға бара жатырмыз... 
— әрине, атаңның сұлтан тұқымымен ілік-шатыс болғанына сен кінәлі емессің, 
— деп келе жатты да Ағыбай кенет сөзін басқа жаққа бұрып жіберді. — Жолай 
Кәрібай қарттың аулына соқтың ба? 
— Соқтым. 
— Соқсаң, болған қанды уақиғаны көрген шығарсаң? 
— Көрдім. 
— Көрсең... Ол сенің Жамантайларың секілділердің ісі. 
— Қалайша? Ол ауылды шапқан Ордан шыққан «кәрі қылыш» тобы деп еді 
ғой. 
— Сонда жендеттерге жол сілтеген кім? Жамантай тәрізді елін сатқан Ахмет 
правительдің адамдары. Осы ауылдың би, ақсақалдары. 
Аздан кейін Ағыбай батырдың сөзінен Есіркегеннің түсінгені мынау болды: 
Кенесары Ор қаласынан войсковой старшина Лебедев бір мың тоғыз жүз 
солдатпен Торғай бойына шығуға дайындалып жатыр деген хабар алады. Көп 
кешікпей сұлтанға тыңшылары арқылы Сібір мен Орынбор губернаторларының 
шекарасында отырған Кенесарыға тілектес ауылдарға екі жүз солдат шықты деген 
суық сөз жетеді. Кенесары «солдаттар осы арадан өтеді-ау» деген ауылдарға «егер 
олар көрінсе бізге хабар беріңдер», — деп кісілерін шаптырады. Қазір өздері 
отырған ауыл, үстерінен Кәрібай қарттың жайлауларына қарай өткен қол туралы 
Кенесарыға хабар бермек түгіл, көп солдат қайта оралып осы ауылда тынығып 
жатқандарында «солдаттарды көрген жоқпыз» деп бұларды алдайды. Артынан 
анығын естіген Кенесары қаһарына мініп, бес жүз сыпайын өзі бастап келіп, осы 
ауылды шабады. «Бұларың не, әй?» — деп үйден жүгіріп шыққан әлгі бала жігіт, 
ат қағып кетіп өледі. Ал Кенесары орасан қатігездік істейді. Ауылдың бас көтерер 
сегіз ақсақал билерін ат бауырынан өткізіп ұрып өлтіреді. Бар малдары мен отызға 
таяу қыз-келіншектерін, елуге жуық жігіттерін байлап-матап алып кеше өзінің 
ордасына жүріп кетеді. Кектескен сұлтан, Ағыбай басқарған екі жүз сыпайына 
ауылдың қалған қатын-қалашын, шал-кемпірін тегіс осы арадан көшіріп өзінің 
қарамағына айдап әкелуді бұйырады. Үйлерін жығып, жұрттың көшуге 
ыңғайланып жатқаны осы бұйрықты орындау әрекеті болып шығады. 


183 
Есіркегеннің жүрегі тағы да удай ашып кетті. Оның көз алдына жаңағы қараша 
үйдегі сурет елестей қалды. Хиуа, Қоқан хандарынан, патша жендеттерінен 
шабылып, қан жылаған халқын көріп жүрегі бір өртенсе, қаны бір қазақтан қан 
қақсаған халқын тағы көріп, жүрегі екі өртенді. 
— Кенекеңе хабар бермеген ел билеген ақсақалдар делік, — деді ол даусы 
кенет дірілдеп кетіп, — оларды жазалау бір ретте дұрыс та шығар. Бірақ, 
осыншама зар жылатар өзге қарапайым жұрттың қандай жазығы бар?.. 
— Кенекең олай ойламайды, — деді Ағыбай төмен қарап. — Бауырлас қазағын 
қыруға өтіп бара жатқан «кәрі қылышты» көре тұра бүкіл ауылдан хабар берер бір 
еркек кіндікті шықпағанына сенгісі келмейді. Бүкіл ауылды өзіне қас көреді. 
Сондықтан Кәрібай қарттың өшін Ахмет правительдің нағашы жұртынан алып 
отыр. 
Мен 
бұларды 
осылай 
шапсам, 
өзге 
жұрт 
кәрімнен 
қор- 
қып екіншілей мұндай іс істемейді дейді. 
— Сонда қайда барса да қырылатын бір қазақ екенін Кенекең ойламағаны ма? 
Бұл ел қамын ақылға салар кемеңгердің ісі ме? 
— Кенекең жау қазақтың қырылғанын жау солдаттардың қырылғанымен тең 
көреді. 
— Өзіңіз де солай ойлайсыз ба? 
— Өз басым қан майданда бетпе-бет келмесе қарапайым елге қамшы көтеріп 
көргем жоқ. Ал бай тұқымы мен төре тұқымына деген мәңгілік өшпес өшім бар. 
— Кенекең де төре тұқымы емес пе? Оған да өшіңіз бар ма? 
— Ж-оқ, — деді Ағыбай сөзін созып. — Кенекең ел қамын ойлаған адам, оны 
төре тұқымы деп санауға болмайды. Ол жалпы қазақтың жоқтаушысы. 
— Жоқтаушысы болса мына жазығы жоқ жұртқа істеп отырған қиянатына жол 
болсын! — Есіркегеннің көз алдына тағы да қараша үйдегі сурет елестеп кетті. 
Ағыбай тұнжырай қалды. Өзіне ермеген елге деген Кенесарының қаталдығы 
бұған да, Байтабынға да бататын. Бірақ серіктікке опалы батыр «ісі қиындалып 
тұрғанында ала ауыздық көрсетуім сөкет болар» деп сұлтанның қай қылығына 
болса да көніп баққан. Ал Байтабын сырын білдіріп алған. Мұндайды кешпейтін
Кенесарының қатыгездігі өзіне аян. Ағыбай жас батыр үшін қобалжуда еді. 
Есіркегеннің сөзі бітеу жарасының дәл үстінен басты. 
— Шырағым, — деді ол кенет күрсініп, — сен бір қиын сыр қозғадың ғой... 
— Баланың сөзі дұрыс, хабар бермедіңдер деп бұл ауылға біздің істегеніміз 
қатыгездік, — деді бір бүйірден сәл қоңырқай дауыс, — мүмкін хабар бергілері 
келген де болар, бірақ қорыққан шығар? Кенекеңнен өлді не, өз билерінен өлді не, 
ажалдың аты ажал, кімге болса да қорқынышты. 
Есіркеген дауыс шыққан жаққа жалт қарады. Ол енді ғана сол жағындағы 
көгілдір көзді ақ сары жігітті көрді. Киімі қазақша болғанмен түрі орысқа тым 
ұқсас. Бұл Жүсіп-Иосиф Гербурт еді. 
Есіркеген Кенесары әскерінде қазақтан басқа орыс, башқұрт, татар секілді 
бөтен ұлттың адамдары да бар деген сөзге бұрыннан қанық болатын. Сондықтан 
ол: 


184 
— Сіз орыссыз ба? — деп сұрады таза орыс тілімен.
Ауыл жігітінің орысша таза сөйлегеніне енді Иосиф Гербурт таңданды. 
— Орыспен бауырлас ұлттанмын, — деді ол күлімсірей. 
— Ғафу етіңіз, — деді Есіркеген өзін өзі ұстай алмай, — егер құпия болмаса, 
қазақ арасында қайдан жүрсіз? әлде тұтқын болып қолға түстіңіз бе? 
Гербурт жымия күлімсіреді. 
— Жоқ. Мені қазақ арасына өз ұлтымдағыдай ұлттық бостандық арманы 
әкелді. 
Үй іші қазақ жігітінің Жүсіппен басқа тілде сөйлеп кеткеніне аң-таң. Ағыбай 
ішінен: «Бәсе, Масан қарттың орысша оқып жатқан бір немересі бар деуші еді, 
мынау сол болды. Дәу де болса тегін жүрген жоқ, ұстап алып өзін Кенекеңе алып 
барайын ба?» — деді ол бір реттен, бірақ бұл ойынан тез қайт- 
ты. «Жоқ, жоқ, өйтуім ағаттық болар. Жұрт сыйлайтын Масанның немересін 
ұстағаннан жақсы ат алмаспын. Алдынан жарылқасын, қоя берейін», — деп 
шешті. 
Ағыбай босатқанмен Есіркеген бірден жүріп кетпеді. Жаңағы орыс пішіндес 
жігітпен тілдескісі келді. Иосиф Гербурт та мұнымен сөйлесуге құмар екен. 
Жолаушылар ас ішіп отырғандарында өзі келіп Есіркегенді ертіп, ауыл сыртына 
шығып кетті. Ұзақ сөйлесті. Бірімен бірі әбден танысты. Тек Иосиф Гербурт өзінің 
кім екенін айтқан жоқ, бірақ қазақ елінің шын досы екенін жасырмады. 
Есіркегеннің жолай көргенін естігенде, оның қам көңілін жұбатып: 
— Қазақ халқының өзін өзі сақтап қалуда жалғыз ғана жолы бар. Ол Россияға 
қосылу, — деді. — Сенің көргенің Россия патшасының отаршылық саясатын 
жүзеге асыруға шыққан генералдардың ісі. Россияда тек қана ақ патша 
генералдары емес, сол ақ патшадан зорлық, зомбылық көрген қазақ халқы секілді 
ұлы орыс халқы бар. Түбі сол халықтың дегені болады. Ал ол халық бостандыққа 
ұмтылуда. Сондықтан Россия жұртымен бірігу бұл үлкен прогрестік жол. 
Есіркеген кенет Гербуртке бұрыла қарады. 
— Осы айтқандарыңызды Кенесарыға айтып көрдіңіз бе? Ол не дейді? 
— Шет жағалап айтып көрдім. Мен оны алғашқыда шын ұлт күресінің көсемі 
ме деп ұғып едім. Сондай ойда келіп қосылғам. Бірақ сұлтанның ісі де, өзі де 
маған күннен-күнге жұмбаққа айналып барады... Шамам келсе тағы да бір рет 
сөйлесем, орынсыз қан төгудің қате жол екенін түсіндірем.. Ал алда-жалда 
айтқанымды ұғар болмаса, амал не, жолымыз екі айырылады.... 
Есіркегендер Ағыбай көші қозғалардан бұрын жүріп кетті. 
Гербурт сөзі көкейіне қонғандай болғанмен де, көз алдынан Қоқан мен Хиуа 
хандарының барымталаған, ақ патшаның жендеттері талаған, Кенесары шапқан 
үш ауылдың қан жылаған суреттері кетпей қойды. Хиуа, Қоқан, Россия ақ 
патшасы, қазақ сұлтаны — төртеуі төрт жақтан қанды шоқпарларын басына 
ойнатқан сорлы халқының құрып кетуге таяу тұрған тағдырын ойлағанда, өн бойы 
өртеніп, көкірегі қарс айрыла қайғы билеп, өзін өзі ұстай алмай толықсып ат 
үстінен құлап кете жаздайды. «Бұл дағдарыстан құтылар қандай жол бар? Кім 


185 
қолын береді? Бағанағы жігіт орыс халқы дейді. Бірақ сол орыс хал- 
қы, сол жігіттің өзі айтқанындай, теңдікке жетіп қол ұшын бергенінше, көрінген 
жендет топтар Кәрібай шалдың аулындай шаба берсе сорлы қазақтың несі қалады? 
Жарық күнге жеткенше жалыны, түгіл, шоғы да сөніп бітпей ме?» 
Осындай ауыр оймен Орынборға жеткен Есіркеген, Кенесарыға қосылып
кеткен өз руының бір жігітінен Күмістің генерал Генстің үйінде екенін естіді. 
— Бұл жанаралдың өзі қызық адам көрінеді, — деді әлгі жігіт, — солдаттары 
ауылды шабады, ал өзі жетім қалған қазақ балаларын үйінде асырап тәрбиелейді. 
Күміс солардың бақташысы. 
Бұл жігіт Таймастың Алтыншашқа жіберген құпия адамы болатын, Генстің 
үйін жақсы біледі екен, Есіркегенге жол сілтеп жіберді. 
Есіркеген келгенде Күміс үйде жоқ екен. Алтыншаш екеуі жетім балаларды 
ертіп қала шетіндегі орманға серуенге кетіпті. Жас жігітті генералдың өзі қарсы 
алды. Бұның Петербургке оқуға бара жатқанын естіп, тіпті еркін, ашық сөйлесті. 
— Оқы. Білім алып тезірек қайт, — деді ол бір сөзінде Есіркегенге, — 
сендердей көзі ашық азаматын күтіп отырған елдерің бар. 
— Петербург бізді кім етіп дайындайтынына кімнің көзі жеткен, — деді 
Есіркеген генералдың жылы сөзі көңілін тебірентіп, — мүмкін менен де войсковой 
старшина Лебедев секілді орыстың бір қаншелек офицерін істер...
— Жоқ, сен ондай жолға түспе, — деді шын ойымен генерал Генс, — 
Петербургте демократшыл, ақыл ой иесі кісілер көп. Соларға жақындай біл. Олар 
сені қанды жолға салмайды... 
Есіркеген аң-таң. Орыс генералы. Айтып отырғаны патша генералына жат 
ойлар. Оның есіне бағанағы жігіттің «бұл жанаралдың өзі қызық адам...» деген 
сөзі түсті. «Рас қызық адам болуы керек... Бір ретте шын ақ жүрек жан... Әлде 
менімен жай қалжыңдасып отыр ма? Солай секілді... Ақ жүрек адам болса, 
Кәрібай шалдың аулын неге шаптырды? Сондағы жазықсыз төгілген қанда мұның 
да үлесі бар емес пе?!» 
Кәрібай шалдың аулындағы көрініс көз алдына елестеп кеткенде Есіркеген
өзін өзі ұстай алмады. Болған уақиғаны генералға тегіс айтып беріп, «бұған кім 
айыпты?» дегендей Генстің бетіне қарады. 
Генерал үн-түнсіз ұзақ отырды да, әлден уақытта барып: 
— Мексика, Перу жерлерін испандықтардың қалай билеп алғанын естігенің 
бар ма? — деді. Конкистадорлар жергілікті жұрттың бірін қалдырмай қырмақ 
болған. Тіпті қазіргі Америка, Англия отаршылдарының саясатын алсақ онда да 
сол қиянат. Бұлар да бір индеец, бір негр қалдырмай дүниеден жоқ етуге дайын... 
Индеец пен негрді біржолата құртып жіберуге тек қара жұмысқа, плантацияларға 
тегін пайдаланатын күш керек... сондықтан ғана оларды құл ретінде 
резервацияларда амалсыз ұстауда... Егер орыстың Горчаков, Скоблев секілді 
генералдарына салсаң осынау кең далада бірде-бір қазақ қалдырмауға бар. Бірақ 
бұлар орыс халқы емес, орыс халқы түгіл саналы оқығандарына да жатпайды, 
бұлар Николай Палкин секілді отаршыл патшаның ауыр күржілері. Қазақ басына 


186 
төнген осындай ауыр күржілерді біз шамамыз келгенше жеңілдетуге 
тырысудамыз. Бірақ бірден бар ойыңды іске асыра алмайсың, — ол сәл тоқтап 
қайта сөйледі. — әзірге біз азбыз, олар көп. Халық әлі оянбай жатыр. Сондықтан 
мұндай үлкен күресте жаңағы сен айтқандай уақиғалар болып тұрады. Бірақ 
қазақта мақал бар ғой: «Битке өкпелеп, тоныңды отқа салма» деген, ақ патшаға 
өкпелеймін деп орыстың демократшыл адамдарынан безуге болмайды. Сен де 
безбе, өйткені олар қазақ секілді кішкентай ұлттың үлкен қайғысына ортақ. 
Есіркеген генерал сөзінен үлкен әсер алса да үндемеді, ауыр жарасына шипа 
тапқандай, тыңдаған үстіне тыңдай бергісі келді. 
— Түбі, — деді генерал Генс, — қазақ халқы орыс халқымен достасады... Ал 
оған дейін патша ағзамның дегені болады. Қазақ жерінде оның отаршылық 
саясаты әрі кеткенде енді бір жиырма жылдың ішінде аяқталады. Күш қазір 
Россия патшасының жағында. Россия отаршылық саясаты дегеніне жетпей 
тоқтамайды. Ал өз мақсатына жету үшін ақ патша аянбай қан төгуге бар. 
Сондықтан осы жиырма жылдың ішінде қан неғұрлым аз төгілсе, соғұрлым бұл 
қиянат қазақ халқына жеңіл түседі. Бірақ мұны басы Кенесары боп ұқпайды. 
Олардың қимылы пілге үрген қанден күшікпен тең... 
Дәл осы кезде Алтыншаш пен Күміс келіп сөз бөлініп кетті, бірақ Генстің 
айтқандары Есіркегеннің жүрегінде құран сөзіндей жатталып қалды. 
Күміс Есіркегенді туған ағасын көргендей көзінен жасы парлап, құшағын жая 
амандасты. 
Амал не, ұзақ сөйлесуге мүмкіншіліктері болмады. Есіркеген ертеңіне 
Петебургке жедел баратын жәмшіктермен бірге жүріп кетті. Тіл ұшында 
айтылмаған сыр, көңілде шешілмеген жұмбақтар кете барды. 
ІІІ
Бір мың сегіз жүз қырық бірінші, қазақша Сиыр жылы, қыркүйектің жетісі 
күні, Алашаханның бейітінің басында үш жүздің ақсақал, билері жиналып 
Кенесарыны ақ кигізге салып, хан көтерді. Бұл кезде Иосиф Гербурт-Жүсіп Тор- 
ғайда еді. Кенесары хан болды дегенді естігеннен-ақ Жүсіп қатты ренжіді. Қазақ 
елінің патша отаршылық саясатына қарсы күресін Кенесары өз арманына жетуге 
пайдаланғанын енді түсініп, көтерілістің келешегіне қауіптене қарады. 
«Кенесарының хан болуы, оның өз арманына жеткен жері, бірақ бұл халық 
ереуілінің біткен жері. Енді жұрт өзінің бостандығы, жері үшін емес, Кенесары 
көтерген жасыл тулы хандықты қорғаймын деп алысуға мәжбүр болады. Бұдан әрі 
соңынан ерген ел күннен-күнге азая түседі. Ақырында көкейкесті тілегіне жете 
алмайтынын ұққан халық одан біржолата безеді. Бұқара жұртқа бұдан былай 
қарай Кенесарыға еріп қырылғанша, жан сақтау үшін Россия империясының қол 
астына кірген жөн. Бәрібір Россия империясы Кенесарыны хан етіп қоймайды. 
Ертең қалың қолмен шабады. Халық мұны неғұрлым тез түсінсе, оған Россия 
патшалығына соғұрлым бағыну тиімді. Бірақ осыны халық тез түсінер ме». Халық 


187 
көтерілісінің түбі барып феодалдық, хандық тартысқа айналғанын көрген Иосиф 
Гербурт-Жүсіп енді Кенесары ордасынан кетпек болды. Бірақ он жыл өмірі өткен, 
жанындай жақсы көрген қазақ елін басына қатерлі күн туған кезде тастап кетудің 
ретін таба алмады. «Хан болып шыққан биігі — құлаған құзы екенін Кенесарының 
өзі түсінбеген күнде де оның жанында Таймас, Сидақ қожа секілді ақылды 
адамдар бар емес пе, олар неге түсінбейді? Ең болмаса солармен сөйлесейін, 
соңдарынан елін, жерін қорғап ерген қалың бұқара Кенесарының алдағанына көзі 
жеткенде бұлардан қол үзетінін айтайын. Мүмкін ақыл айтар төреге», — деді ол 
ішінен. 
Бірақ Жүсіп екі жағдайды еске алмады. Бірі Кенесары бес жыл ұрыс-айқастың 
ішінде, өз маңына тар жол, тайғақ кешу күн туса тастап кетпейтін, әйгілі 
батырлардан, төре тұқымы туған-туысқандарынан табанды серіктер жинап, 
оларды жұмылған жұмырықтай, тастай етіп ұстай білді, Бұл батыр, сұлтан, 
билердің әрқайсысының соңында аз болсын, көп болсын жеке ауылы, руы бар. 
Рушылық әбден қанына сіңген қазақ батыры, биі қайда бастаса сонда барады. 
Кенесарының қасында мұндай серіктері бар деген сөз — елі бар деген сөзбен 
теңдес. Хандыққа, мансапқа, баққа таласатын адамдардың ең алдымен маңайына 
өзін сатпайтын табанды кісілерді жинап алуы ежелгі әдеттері. Мұндай тіректерсіз 
қандай ақылды қайраткер болса да ойлаған мақсатына жете алмайды. Кенесары да 
бұл әдісті жақсы пайдалана білген адам. Оның бір мықтылығының өзі де осында 
еді. «Тек Байтабын батыр ғана ши шығарғалы жүр ме, қалай дейді ішінен сұлтан, 
егер көзім шын жетсе...» Екіншісі: бұрын басқа үлгіде мемлекет болып көрмеген, 
әлі де феодалдық, рушылық сатыда жүрген қазақ еліне хандық деген ұғым — жеке 
ел болып, өзінің жерін, еркіншілігін сақтау деген ұғыммен бір. Қалың бұқараға 
хан сайлау деген ұғым, оның жеке ел болып көсемімізді сайладық деген ұғыммен 
ұштасып жатады. Осындай түсініктегі қалың бұқара, алғашқы кезде өзінің Россия 
патшасының отаршылық саясатына қарсы бас көтерген қимылын ақырында кеп 
бостандықтары үшін емес, Кенесарының хандығы үшін күресіне айналып кеткенін 
аңғармады. Шынында да Россия патшалығына бағындым деп бітім істей тұрып 
Кенесарының өзін хан көтертуі, ел қамын емес, өз қамын ойлауы еді. Бұл 
баққұмар сұлтанның ғана трагедиясы емес, бостандықты көксеп алданған 
халықтың да трагедиясы еді. Осы трагедиясын түсінбеген ел Кенесарының соңына 
еріп тағы да бес жыл күресті, ақырында қанға батып қырылды... 
Кенесары қозғалысының енді халыққа қаншалық қауіпті екенін түсінген 
Гербурт-Жүсіп Қасым баласының қандай күшті адам екенін де енді ғана ұқты. 
«Тарихтың әр сатысында, халық арманының бір тоғысқан түйінді кездерінде 
осындай адамдар туады. Олар өздерінің мақсаттарына жету үшін халықты да, 
тарихты да, бәрін де пайдалана біледі. Бұларда да құр ғана қаныпезерлік, адамды 
аямастық қана емес, ақыл да, амал да мол келеді. Кенесары да соның бірі. Егер 
осындай адам миллиондаған халқы бар үлкен елге жаратылса қайтер еді? Азғантай 
қазақ халқын қанша қанға батырса, үлкен елді де сонша қанға батырар еді. Онда 
Кенесары қозғалысы кішкентай ел емес, үлкен ел трагедиясы болар еді. 


188 
Халқының кішкентайлығынан бұл елдің үлкен трагедиясы өзге жұрттың көзіне 
кішкентай трагедия болып көрінеді. Сондықтан да кейде «Европа хабаршысында» 
ғана қазақ қозғалысы туралы қысқа-қысқа хабарлар шығады. Россияның шығыс 
бұрышында қандай айқастар болып жатқанын Европа елдері тіпті білмейді. Ал 
түсінген адамға бұл — кішкентай елдің трагедиясы. Қазақ жеріне енді 
бұрынғыдан да үлкен қайғы келді. Ол қайғы көзден жас, жүректен қан боп ағады. 
Кенесары жұртты Россия отаршылдық саясатына қарсы көтеріп, ақырында өзі хан 
болды. Енді сол тағымнан түспеймін деп халықты ажалға қарсы айдап салады. Ал 
оны әлі күнге дейін елінің қамын ойлаған кемеңгер деп түсінетін жұрт мұның 
соңынан тағы ере түседі. Мұндай жағдайды тарихта жалғыз Кенесары пайдалана 
білген бе? Жоқ, бұл талай қаһармандардың қайғылы үлесі. Наполеон да 
жаһанкездік ісін осылай бастаған жоқ па еді. Франция халқының революциялық 
рухын пайдаланып, Бурбондарды құртты, роялистерді Франция жерінен қуды. 
Бұдан артық сол кезде революциялық іс болар ма? Бірақ артынан өзі император 
болды. Өзіне жол ашқан революцияны өз қолымен тұншықтырды. Кенесары да 
сөйтеді. Ертең қазақ жеріне шын мағынада хан бола қалса, Горчаков пен 
Қоңырқұлжаның қазақ халқына істегенін бұ да істейді. Сонда Кенесарының 
қозғалысы қандай қозғалыс? Россиядан қазақты бөліп алып, феодалдық хандық 
құру үшін күрескен халық тілегіне сәйкес емес кертартпа қозғалыс. Бұдан қазақ 
еліне келер пайда жоқ. Одан да қазақ бұқарасына Россия империясының қол 
астына кіру керек. Россия қол астына кіру деген сөз — орыс халқымен бір болу 
деген сөз. Келешегі де, қайғысы да, қуанышы да бір. Патша қысымшылығына да 
қарсы тізе қосып бірге күресе алады. Мәдениетке де бірге жетеді. Ал Кенесары 
болса өзінің феодалдық-хандық бөлшектенуімен қазақ елін орыс халқынан ұзақ 
уақытқа бөлгелі тұр. Жоқ, бұл жағдайда санасы бар азаматтармен сөйлесу керек. 
Ел басына келгелі тұрған апатқа араша түсу керек».
Бірақ Гербурт-Жүсіп Таймаспен де, әбілғазымен де, Сидақ қожамен де тез 
кездесе алмады. Жоқ жерден Кенесарының өзімен сөйлесуге мәжбүр болды. Бұлар 
бір мың сегіз жүз қырық екінші, Барыс жылының көктемінде кездесті. Кенесары 
өткен жылғы қара суық күзде Перовскийдің жарлығы бойынша Қоқан жерінен 
қайтып келген соң, жылдағы әдеті бойынша қалың әскерін елді-еліне таратты. Өзі 
азғантай төлеңгіт аулы мен төрт жылдан бері бауыр басқан Торғай өзенінің 
жоғарғы сағасындағы қыстауында қысты тыныш өткізіп шықты. Перовский мен 
Генске өкпелегендіктен қыс ішінде олармен хабарласа қоюды да жөн көрмеген. 
Бірақ осы Барыс жылының басында Орынборда Генстің үйінде жетім балаларға 
тәрбиеші болып жүрген Алтыншашқа жолығып қайтқан Байтабын суық хабар 
әкелді. Патша ағзам жақында Перовскийді орнынан алып Орынбор әскери 
губернаторы етіп генерал Обручевті тағайындапты-мыс. Байтабын; «Сірә, Генсті 
де босататын көрінеді, ісін тексеруге жіберіпті», — деп келген. Бұл хабарды 
естісімен қыстан тыныш шығуға айналған Кенесары түсінен шошып оянған 
адамдай қобалжи бастаған. Қарамағындағы рулардың басшыларына ат шаптырып 
«әскерлерін жылдағыдан гөрі ертерек, қар кетісімен, көк шығуға қарамай-ақ, Қара 


189 
Кеңгірдегі Алашахан моласының жанына жеткізсін», — деп хабарландырған. Өзі 
де сұрапыл соғарын сезген шағаладай әлденеге мазасы кетіп, біртүрлі 
тынышсыздана түскен. Өйткені бұлармен тіл тауып, бітімге келгелі отырған 
Перовскийді патша ағзамның тегін түсірмегенін сезген... Және астыртын 
Орынборға жіберген кісі арқылы, Генстің үйінде анда-санда бас қосатын 
офицерлердің сөздерінен «Обручевтің Кенесарыға сенбейтінін» Алтыншаш та 
хабарлаған. Бұрын Перовскийдің тәк-тәгімен әзер жүрген Горчаковтың енді бұған 
шабуыл жасайтынын Кенесары бірден ұққан. 
Осындай қобалжуда көкек айы өте бастаған кезде, Кенесары азырақ бой 
сергітіп қайтайын деп қасына өзінің батырларын ертіп Ақсақал төбедегі тоқал 
әйелі қыстауының маңындағы қалың жыңғылды қыратқа аң аулауға шыққан. 
Бұлар жоқта, Батыс Сібір генерал-губернаторы жіберген есауыл Сотников 
басқарған әскер Қара Торғайда отырған Күнімжан аулын шабады. Біраз малы мен 
екі баласын қоса, Күнімжанның өзін бас етіп, он адамды ұстап алып кетеді. 
Бұны естіген сұлтан аңнан қайтып келіп, Күнімжанның аулын кім шапқанын 
біле алмай әуре болып жүргенде, арасында он күн салмай, есауыл Сотников енді 
Ақсақал төбедегі Кенесары тоқалы мен Есенгелді, Саржан ауылдарына тиеді. 
Абайсыз отырған елді қанға бояп, жүзге таяу адамды шауып өлтіріп, мың түйе, үш 
мың бес жүз жылқы, он мың қоймен бірге жиырма бес адамды тұтқын етіп айдап 
әкетеді. 
Горчаковтың бұл қылығына Кенесары бұлқан-талқан болып ашуланады, өзіңе 
кісі қыру керек болса, мен де көрсетейін деп атқа мінеді. Міне осылай ызаға әзер 
шыдап жүрген күндердің бірінде, ордада қағаз жазып отырған Жүсіпке: 
— Ертең сарбаздарымыз бас қосамыз деп уәделескен Алашаханның моласына 
жүреміз, барасың ба? — деді. 
— Барамын, — деп жауап берді қанды оқиғалардың таяп келе жатқанын онсыз 
да сезіп жүрген Жүсіп ойланбастан. 
Ертеңіне өзін қорғайтын Батырмұрат басқарған жасағымен Кенесары 
Алашахан зираты тұрған Қара Кеңгірге бет алды. Өзге батырларына да тез жетсін 
деп хабар берді. Бұл көкек айының аяқ кезі еді. Жер жаңа кеуіп, көгал шөп
жылдағысынан ерте ду ете қалған. Арқадағы әлі бекініс салынып, мылтық дауысы 
аң-құсын үркітпеген Арғынаты, Ұлытау, Кішітау, Айыртаулар алыстан мұнарлана 
көрініп, қиялыңды тербеткендей. Оның үстіне кең дала биыл өте-мөте көркем еді. 
Жел соқса құлпыра түскен шалғын. Иісі жұпардай аңқиды. Бетіңнен сүйген 
көктем желі. Ойында да, қырында да, көлінде де, шөлінде де сыңсыған құс... 
Табиғаттың осыншама сұлу суретін көріп мас болғандайсың. Қиялың көктем 
желіндей сар далаңды шарлай кезеді. 
Кенесары осы ғаламат жерден расымен айрылам ба дегендей жан-жағына 
қайғыра қарап келе жатты. Екі баласы мен Күнімжаннан айырылғаннан бері тіпті 
өзгеріп кеткен. Бөлтіріктерінен айрылған бөрідей әбден қанкөзденіп алған. 
Жұртпен де тіс жарып сөйлеспейді. Бар зәрін ішіне сақтап бетінен қан-сөлі қашып, 


190 
ақ сары жүзі сұрлана түскен. Қимылы, жан-жағына қадала көз тастаған келбеті, 
қайғыдан гөрі Кенесарының жүрегін ашу-ыза, кек билегендей. 
Кенесарының жанындай жақсы көретін әйелі мен балаларынан айрылғанынан 
да басқа жүрегін өртеген күйігі бар. Жүсіп оны да біледі. Ол күйік — сұлтанның 
Арқа мен Кіші жүздің ел билеген кейбір би, ақсақалдарын өзіне ерте 
алмағанынан туған күйік. 
Орынбор әскери губернаторының қарамағындағы орыс станица, бекіністеріне 
тимегенмен Кенесары ереуіліне қосылмаған ауылдарды шауып, малдарын айдап 
алуды тоқтатпаған. Ондағы ойы ақылға көніп соңынан ермеген жұртты талаумен, 
сойылмен қорқытып ергізу болатын. «Өз еркімен теңдігін, жерін бермеген қазақ 
ауылдарын орыс генералдары солдат шығарып, қырып-жойып, қорқытып тартып 
алғанда, біз неге сөйтпейміз», — деп ойлайтын ол. Кенесары осы қорқытуды 
өзінің ел билеудегі бір ыңғайлы құралына айналдырған. «Қорқа-қорқа батыр 
болдық» дегендей, сойылы тым батқан жұрттың түбі өзіне жауға айналатынын ол 
ескермейтін. Ескергісі де келмейтін . 
Кенесарыға ермей жүрген ел билеген адамдардың бірі Орта жүздің биі 
Жаңбыршының Балғожасы еді. Ол өзіне жақын жерде салынып жатқан Торғай 
бекінісіндегі солдаттарға арқа сүйеп, сұлтанның бірігейік деген сөзіне тіпті құлақ 
ілмей қойған. Осыған ызаланған Кенесары өткен жылы биді әдейі қорлағандай 
аулына қарындасы Бопай батырмен үш жүз сыпай жіберіп, Балғожаның бар малын 
айдатып алған. Малын қайтарып берсем Балғожа енді соңыма ерер деген 
Кенесары биыл оған кісі салған. Хатшысы Сидақ қожаны шақыртып алып, бір 
жағы бұйрық, бір жағы өтініші етіп оған өлеңмен хат жаздырған. 
Кенесары хатында Балғожаны мақтай, түбі жеріңді, еліңді орыс патшасы алады 
деп қорқыта келіп: 
...Арғын, Қыпшақ ағасы! 
Жыртылмасын, жарқыным, 
Еліміздің жағасы. 
Қанғандай-ақ болды ғой 
Бұл қазақтың таласы, 
Ойда Қоқан, қырда орыс, 
әкім болды қаласы. 
Кімнен таяқ жегендей 
Біздің қазақ баласы. 
Быт-шыт болып жүргені — 
Аузының аласы. 
Тізгін берсе Кенеге, 
Қанат қосса жебеге, 
Қырмақ түгіл жауыңды 
Дал қылмасқа немене! — 


191 
деп өзіне қосылуға шақырған. 
Бірақ күш Кенесарыда емес, мол әскерлі ақ патшада екенін білетін Балғожа 
Кенесарыға қосылғысы келмейді. Аулын еркек емес, қатын Бопай шапқанына 
ызаланған би, тоналған малын садақа қылып, Кенесарыға улы тілді өлеңмен 
ашулы жауап қайтарған. Ол жауабының бір жерінде: 
Қапияда кенеттен, 
Орға түсер боларсың, 
Қайтып шықпақ зор болар. 
Сенің, сұлтан, дұшпаның 
Жалғыз орыс емес-ті,
Қайда барсаң алдыңда 
Құрулы тұрған тор болар. 
Райыңнан қайтпасаң, 
Түбінде әділ басың қор болар. 
Былай барсаң Қоқан бар, 
Қоқаңдаған әкең бар. 
Былай барсаң Үйсін бар, 
Үйсін толған байсын бар, 
Жүрекке түскен түйсін бар. 
Былай барсаң Бұқар бар, 
Жайын болып жұтарлар, 
Тау жайлаған қырғыз бар! 
Жүрекке түскен бір мұз бар, 
Артыңда қалған орыс бар, 
Байғұс-ау, мұнда саған қайда қоныс бар!.. 
— деп Кенесарыға сен түбінде қор болып өлесің деп қорқытқан. 
Қатеңді досыңнан қасың көреген. Бұл хат Кенесарының ең жаралы жеріне 
тиген. Сұлтан бар сұмдық салмағын салғалы тұрған жан-жағын қоршаған жауы 
барын Балғожа бисіз де білетін. Кенесары бұған ашуланған жоқ. Жауының көп 
екеніне көне тұра, бәріне жалғыз өзі қарсы шыққан жоқ па? «Не ойлаған арманға 
жету, немесе сол жолда құрбан болу!» — Сұлтанда бөтен шешім жоқ. Оны 
ашуландырған, ызаландырған — ел ағасы деген Балғожа би сияқты адамдардың 
Кенесарының осындай қиын жағдайында, қол ұшын бермегені, Кене ханға бас иіп, 
Абылайдың ақ туын көтерісудің орнына, іргесін мүлде аулақ салып, Россия 
патшалығына бет бұрып кетуі. 
«Жарайды, менің жанымды түбі орыс, Қоқан, қырғыз біреуі алады екен ғой. 
Балғожа би, сен соны дәтке қуат етіп қуанады екенсің, оған дейін мен сенің 
жаныңды алайын!» деп Кенесары сол күні түнде бидің аулын қайта шауып, өзін ат 
құйрығына байлап өлтіруге бес жүз сарбазымен Жанайдар батырды аттандырды. 


192 
Бірақ Жанайдар батыр сұлтанның арманын орындай алмады. Жорыққа кетіп 
бара жатып, жолай қыз күнінен көңілдес Бопай аулына бір түн түнеп, дер кезінде 
бидің аулына жете алмады. Кенесары ордасымен жасырын хабардар болып 
отырған Балғожа аулына Жанайдар батырдың шыққанын естіп, қарамағындағы 
бес жүз үйді ертіп көтеріле көшіп, Ор қаласының ар жағына қашты. Бидің жұртын 
сипап қалған Жанайдар батыр өзіне қарсы шыққан Ахмет сұлтан-правительдің 
солдаттарымен атысып, одан соң Сырға қарай көшіп келе жатқан Күкір бидің 
аулын шауып, көп малын олжа етіп қайтты. 
Балғожадан айрылып қалуының шын себебін білмейтін Кенесары Жанайдар 
батырдың бұл олжасына да риза болды. Бірақ жазған хат Кенесарының есінен 
шықпай-ақ қойды. 
Сұлтанның соңғы кезде тым тұнжырап кетуіне себеп болған осы хат екенін
Жүсіп-Гербурт те жақсы білетін. 
Бұлар Алашахан моласы тұрған Кеңгір өзенінің жазық беткейіне жеткенде 
басқа жақтың батырлары әлі келмеген екен. Кенесары шатырларын тігіп, 
сарбаздарды осы жерде күтпек болды. Арада үш-төрт күн өтті. Азық-түлігін 
түйеге теңдеп, әскерлерін соңдарынан шұбатып батырлар да келе бастады. 
Торғайдан Иман батыр, Елек пен Ырғыздың ортасын жайлаған Табыннан 
Жоламан батыр, өзінің үзеңгілес серіктері Ағыбай, Бұқарбай, Жеке батыр, 
Құдайменді батырлар алдымен жетті. Көп кешікпей Жанайдар мен Бопай да келді. 
Бірақ Кенесары әлі ешкіммен тіс жарып сөйлескен емес. Жайшылықтағы 
ақылгөйлері, соғыс ісінде кеңес беретін қанды көйлек серіктері Таймас пен 
әбілғазы да тіл қатпай қойды. Екі көзі қанталап, жұқа ернін тістеніп, жалғыз 
сергелдеңге түсуіне қарағанда ол енді бір батыл шешімге келген жан секілді. Сол 
шешімін орындауға тек ыңғайын күтіп іштен тынғандай. 
Кенесары жасақтарының бас қосар жері Алашахан бейітінің жаны. Бұл ара, үш 
жүздің қазақтарына тең орталық. Есіл, Нұра бойын жайлаған Орта жүзге де, Елек, 
Жайық жағасындағы Кіші жүзге де, Балқаш пен Сыр, Жетісуды мекен еткен Ұлы 
жүзге де жер кіндігі. Оның үстіне Алашаханды қазақ өзінің ең алғашқы ханы деп 
білетін. Сол себептен Кенесары Абылай атасының сүйегі жатқан Түркістан көп 
руға қашық болғандықтан, еліміздің хандық туын тіккен ортасы еді ғой деп ырым 
көріп әдейі осы араны қалап алған. 
Алашаханның моласы қазақ елінің ең алғашқы хандық туын тіккен он төртінші 
ғасырдың аса бір көрнекті ескерткіші. Жасыл төккен жазық далада көк отаудай 
алыстан көзге түседі. Бұл — тана көзденген өрнекті құмайт кірпіштен қаланған, 
биіктігі мен көлденеңі бірдей, зәулім төртпақ мола. Үстінде көгілдір сырмен 
бояған үлкен күмбезі бар. Күмбездің төрт жағында, моланың төрт бұрышына 
тұрғызылған ақ кірпіштен қаланған әшекейлі төрт шағын мұнара... Күмбездің 
астына тас баспалдақпен көтеріліп баратын кең далыз. Ал моланың өзінің іші кең 
бөлме. Ортасында Алашаханның қабірі. Томпиған қабір топырағының үстіне ескі 
шүберектердің қиқымдары мен жылқының қуарған қу бастарын, аттың жал 


193 
құйрығын үйіп тастаған. Әр жерінде ағаш найзаның ұшы көрінеді. Топырақ 
үстінде де бірнеше атам-заманғы қарағай найзалар жатыр. 
Алашаханның жанында тағы екі мола бар. Бірі биіктігі он құлаштай, шым 
кірпіштен құйған әмбұлақ ханның моласы, одан әріректе Алашаханның моласына 
ұқсаған, тек кішірек Жошы мазары. Бұл үшеуі де қазақтың ең алғашқы хандық 
құрған дәуірінің мұралары. Үшеуі жайында да сан түрлі аңыздар бар... 
Кенесары қазір осы бейіттердің күнгей жағымен келе жатыр. Соңынан ерген ит 
тәрізді анандай жерден Қараүлектің салбыр бейнесі көрінеді. Сұлтан ашулы. 
Қайда бара жатқанын өзі де аңғармайтындай, қабағын қарс жауып сылбыр 
аяңдайды. Кенесарының қазіргі ашуының себебі бар. Осыдан он күн бұрын 
«Кенесары көкиығы» деп аталатын биіктің Қостанай жағындағы көл жағасындағы 
жайлауға көшкен Балғожа бидің аулына бір топ орыс балықшылары шықты 
дегенді естіген. Орынбор губернаторын Балғожа биге өшіктіру үшін жансыз 
барып балықшы орыстарды қырып келіңдер», — деп бір топ жігітпен Байтабынды 
жіберген. Бүгін сол Байтабын қайтып келген. 
— Жарлықты орындадың ба? — деген Кенесарының сұрағына, Байтабын 
сазара тұрып «жоқ» деп жауап қайырған. 
— Неге? — деп Кенесары қайта сұраған. 
— Хан ием, — деген Байтабын тізе бүгіп, — Балғожа биге жала жабу үшін 
жазықсыз балықшыларды бостан-бос қыруға дәтім бармады, кешіріңіз. 
Соңғы жылдары Байтабынның өзгере бастағанын Кенесары аңғарып қалған. 
Батырдың өзі де мұнысын жасырмаған. Дегеніне көнбеген бір ауылды шапқаннан 
кейін сұлтанның өзіне де орынсыз қан төгудің керексіздігін айтқан. Кенесары 
іштей кектенсе де «өз еліне жаны ашығаны-ау» деген де қойған. «Ал бұл жолғысы 
не? Кімге жаны ашығаны?» Бағана көп жылдан бері еңбегі сіңген батырына 
«бұйрығымды орындамағаныңды бір жолға кешірдім», — деп сыр бермесе де, 
қазір оңашада ашуға шыдай алмай келе жатыр. «Жоқ, жоқ, — деді ол бір кезде, — 
тағы да бір сынап көрем. Егер Кіші жүзім деп жауымды наркескендей алып 
түспесең өз обалың өзіңе». Осындай шешімге тоқтаған Кенесары сәл басылайын 
деді. Ол енді жан-жағына ойлана қарады. «Бағана осы жаққа Жүсіп кетіп бара 
жатыр еді ғой? Қайда екен?» Сұлтан енді кілт бұрылып теріскей жаққа қарай 
аяңдады. 
Ал Гербурт-Жүсіп қолы бос уақытта осы Алашаханның моласының жанына 
келіп отыруды жақсы көретін. Оған осы айбарлы мола бір ғажайып асыл мүлік 
болып көрінетін. Моланың оқ-дәрі бұза алмайтын кірпіштерінің қандай құм-
топырақтан құйылғанын, бес жүз жылдан бері алғашқы күндегісіндей түсін әлі 
жоғалтпай тұрған күмбез сырының неден жасалғанын түсіне алмай таң қалатын. 
Көшпелі елдің жүздеген жылдар бойы сар даланың желі мен жаңбырына шыдап 
келген осындай әсем ескерткіштер жасағанына мәз болатын. 
Жүсіп бүгін де осы мазарға келген. Бір төбешіктің басына отырып алып, өлең 
жазуға кірісті. Тағдыр жазып, сонау қадірлі Польшасына қайтар болса Алашахан 
моласы да есте қалсын... 


194 
Көз жетпейтін жасыл дала, 
Көргені азап, қиянат... 
Ортасында ақ шағала, 
Тұр күмбезді бір зират... 
Өлең шумақтары асау өзеннің көк толқынындай бірінен соң бірі туып, бірін 
бірі баса-көктей, жер кемеріне сыймаған дариядай Жүсіптің де тар кеудесіне сыяр 
емес. Біресе қиял оны ұшқыр қанатына отырғызып ап ақша бұлттар жүзген 
көгілдір аспаннан да жоғары ала жөнеледі. Біресе тынық су бетінде ақырын 
тербелген қайықтай жан сезімі сәл тыныштала қалады да, кенет дауыл ұрғандай 
астан-кестен боп жүрегін ашу кернейді. Жүсіп бар әлемді ұмытқан: өзінің 
қайғылы халін де, Кенесары ереуілін де, қымбатты Польшасын да тек өлең 
дүниесіне, шабыт дүниесіне кіріп кеткен. Осындай халде отырғанында кенет біреу 
иығына қолын салды. Жалт қараса Кенесары екен. Анандай жерде Қараүлек тұр. 
Жүсіп шошынайын деді. «Не жазып қалдым?» Енді өлең дүниесі де, қиял, шабыт, 
әсем сәнді сезім әлемі де бірден ғайып болды. 
— Қорықпай-ақ қой, — деді оның ойын түсіне қалған Кенесары, — сенің еш 
күнәң жоқ, — сөйтті де Қараүлекке «кет» дегендей қолымен ишарат етті. Анау 
бөтен жаққа көңілі ауған жайылып жүрген атан түйедей аспай-саспай бұрылып, 
шатырға қарай балпаң-балпаң басып жүре берді. — Сені көрген соң әдейі 
бұрылдым. Сөйлесейін деп едім... Шыныңды айтшы, туған еліңді сағындың ба? 
Жүсіп шынын айтты. 
— Сағындым. Әттең алыс, қашып кетер едім... 
— Қашып кетер едім? Бұрын бұндай сөз айтпайтын едің ғой, әлде біздің 
көтерілісіміз сені қызықтырмайын деді ме? Өзімнің туған жерімде қалған 
арманымды сендерден таптым деп едің ғой. Сол сөзің әлі есімде. 
— Ол сөзді мен қазақ елі өзінің еркіндігі үшін күресіп жүрген кезде айт- 
қам. Польша бұқарасы Россия патшасының отаршылық ісіне қандай қарсы болса, 
мен келіп қосылған шақта қазақ халқы да сондай қарсы еді. Сендердің күрестерің 
маған ұнаған. Польшада қалған арманымды, осында тапқандай болғам. Ал қазір... 
— Иә, қазір?.. Әлде сен бізді түскен жолымыздан адасты деп ойлайсың ба? 
Жүсіп не болса да шынын айтуды мақұл көрді. «Мүмкін менің сөзім ой салар», 
— деді ол ішінен. 
— Иә, Кенеке, — деді Жүсіп тікелей қарап, — сен өзіңді хан етіп ақ кигізге 
көтерткізгеннен бері, ұстаған жолың да, алдағы мақсатың да басқаша... Сенің 
күресің енді байлардың үстемдігін қорғайтын хандықты сақтау күресіне айналып 
барады. Бұдан қалың бұқараға келер қандай пайда бар? Кедей жұртқа өз ханына 
бағынды не, орыс патшасына бағынды не, бәрібір емес пе? Бұрын өзінің күн көрісі 
болған шұрайлы жерін, балықты көлін орыстың князь, генерал, графтарынан 
қорғап, қолына сойыл алған ереуіл бір басқа да, Абылай заманын көксеп, қазақты 
орыстан бөліп алып, қанын жеке сорамыз деген сұлтан, би, ақсақал, хан үшін 


195 
күресу бір басқа. Бұл күрес тіпті зиянды, ол орыс пен қазақ халқының 
жақындасуына бөгет болады! Ал екі бейнетқор халықтың бірігуінде, 
жақындасуында олардың бар болашағы, бар алдағы жарық күні тұр. 
Жайшылықта сөзге сараң, ұстамды Кенесары кенет бұлқан-талқан боп ашулана 
қалды. 
— Қаны басқаның — жаны басқа деген осы. Абылай атамның жолын қуып 
арпалысқа шыққанымда орыс пен қазақты біріктіру үшін шықты дейсің бе? Жоқ, 
Жүсіп, Россия — дария, біз кішкентай ғана мөлдір бұлақпыз. Мөлдір бұлақ суы 
дарияға құйғанда несі қалады? Дария суы ащы болса, бұлақ суы да ащы болады, 
дария суы тұщы болса, бұлақ суы да тұщы болады. Бұлақтың бар болашағы тек 
дарияның ғана еркінде қалады. Менің күткенім сондай өмір ме? Жоқ, бұлақ дария 
болмай-ақ өз бетімен аға берсін дедім. Біз Россия патшасына бағынсақ ел деген 
аттан айырыламыз. Жоқ, қазақ бұрын Абылайханға бағынса, енді оның немересі 
Кене ханға бағынады. Өзім билеймін... 
— Қалай билейсің? Жерінен, суынан айырылған жұрт ертең қайтара 
алмайтынына көзі анық жеткен күні, сенің соңыңнан еруді қояды, Кенесарының 
хандығын сақтаймын деп бостан-бос қырыла бере ме? 
Кенесары кенет шабатын барыстай жиырыла қалды, шегір көздері қанталап, оң 
қолы беліндегі наркескеннің сабын кенет қыса ұстады. 
— Сенің дос екеніңді білмесем... — деді ол ентіге сөйлеп, сөйтті де қолын 
наркескеннің сабынан қайта алды, — еліңді қалай билейсің дейсің бе? Россия 
патшасы бізді қалай билемек болды? Зеңбіректің оғыменен, жалаңаш қылыштың 
жүзімен емес пе? Мен де сөйтем. Дегеніме көнбеген елді аттың сауырына, 
қамшының бауырына аламын. Кімде-кім айтқаныма көнбейді екен, Кенесарының 
жасыл туының астында жүргісі келмейді екен — ол менің жауым. Россия 
губернаторы қандай қасым болса, о да менің сондай қасым. Не оларды өз дегеніме 
жүргізем, не біржолата қырып, жоқ етем. Екі шешім болуы мүмкін емес. Жауын 
өзі аяған өзі мерт болады. Бұрын жұртты жер-суыңды алып беремін деп ертсем, 
енді хандығыңды қорғаймын деп ертемін. Күшпенен қорқытып ертемін! Дәл осы 
айтқанымды ертең Жаппас руынан бастаймын. Бір үйін бос тастамай түндігін 
қылышпен турап, тайлы-таяғына дейін қалдырмай айдап алам! 
Қыс Сырды мекендеп, жаз Торғай бойын жайлап көшіп жүретін Жаппас 
руының билері Көбектің Алтыбайы мен Төлегеннің Жаңғабылы көптен бері 
Кенесарыға екі жүзділік көрсетіп келген. Қолдан келер қуат жоқ, іш қазандай 
қайнайды, сондықтан амалсыз жүрген. Доспыз деп ауыздары айтқанмен, іс 
жүзінде қастықтарын көрсете берген. Ел басын біріктірем деген Кенесары бұл 
билердің өз руларында ықпалды екенін еске алып жеңіл-желпі күнәләрін кеше 
салатын. Ал бұл билер ауылдары Сыр бойын жайлап, Торғайды қыстайтын. 
Жылқысын Мұғажар тауының ығына тебінге айдап, қойларын Орынбор 
шекарасында казак-орыс жерінде ұстайтын. Кенесары Торғайға көшіп келгелі, 
жайылымымыз тарылды деп екеуі бірдей наразы болатын. Кейде зекет те төлемей 
қоятын. Осыдан барып Кенесары мен билер арасында қырбайлық күшейе түскен 


196 
еді. Оның үстіне биыл Торғайды қыстап қалған Алтыбай аулының он шақты жігіті 
жер білмейтін Сотников жасағына жол көрсетіп, Күнімжан мен Ақсақал төбедегі 
Кенесары ауылдарын шабуға қатынасқан. Бұны естіген Кенесары билерге өшігуде. 
Сұлтанның қазіргі кіжінуі сол өштіктің салдары. 
— Жаппас ауылдарының қандай жазығы бар? — деді Жүсіп Кенесарыны тым 
ашуландырып алмайын дегендей, қаймыға сөйлеп, — жазығы жазғы жайлауын 
Арқадан көшіп келген елдердің жайлағаны ма? 
— Ал Арқа елдерінің қандай жазығы бар? Жерін орыс губернаторлары тартып 
алғаны ма? Күнімжан ханша мен Ақсақал төбедегі аулымды шапқан Сотников 
жасауылдың әскерін кім басқарып келді? Жаппас жігіттері екенін білмей- 
сің бе? 
— Басқарып келген бір он шақты жігіт шығар. Ал қатын-қалаш, басқа жұрттың 
қандай күнәсі бар? 
— Өзгесі күнәсіз болса күнәкарларын өздері неге жазаламайды? Бәрі Алтыбай 
бидің адамдары. Серкесі қайда бастаса, жұрты соңынан ереді. 
— Онда Алтыбайдың көзін жой. Өзге жұртқа тиюдің қандай қажеті бар. 
— Алтыбайдың да Алтыбай болып отырғаны соңынан ерер елі болған соң емес 
пе? Егер соңынан ерер жұрты жоқ болсыншы, көрейін мен оны! 
— Сондықтан жазықсыз елді құрту керек пе? Одан да Алтыбайдың өзінен алу 
керек өшті. 
— Жоқ, елі де жазықты. Жазықсыз болмаса, Алтыбайдың соңынан неге ереді? 
— Мүмкін қорыққанынан еретін шығар? Айтқаныма көнгісі келмейтін елді 
дегеніме қорқытып жүргізем деп сіз де айтып тұрған жоқсыз ба? Қайдан білесіз, 
Жаппас руының қарашысы сізге ергісі келетін шығар, тек Алтыбайдан 
қорыққасын, амалсыз оның дегенінен шықпай отырған болар. 
— Алтыбайдан қорқып Жаппас Кенесарыға қосылмай отыр дейсің бе? Сенің 
айтқаныңды дұрыс делік... Шынында да қазақ қорыққанын сыйлайды. Бүгін 
Жаппас руын шапсам, ертең Шекті өзі келіп қосылады. 
— Онда Жаңбыршы ұлы Балғожа би неге келіп қосылмады? Сіз ол ауылды бір 
емес, екі рет шаптыңыз ғой. 
— Балғожа би қорқау қасқыр секілді қорқақ. Ол орыстан қорқып отыр, содан 
маған қосылғысы келмейді. Жалпы алғанда қара қазақ — қорқақ жұрт, Балғожа би 
де қарадан шыққан. 
— Кене хан, бұныңыз қате секілді. Мен көрген қазақ батыр халық. Қорқытып 
соңымнан ертемін деп жүргеніңізде оларды өзіңізден қашырып алмаңыз. 
Кенесары кенет тұнжырап кетті. Шықшыттағы күре тамыры бүлкілдей ойнап, 
демін әзер-әзер алды. 
— Сен Таймастан да, әбілғазыдан да ақылды екенсің, — деді Кенесары сәл 
булыға сөйлеп, — бірақ енді халықты қорқытып қосудан басқа қандай жол 
қалды? Биыл жиналатын он мың әскермен Россия патшасы түгіл, Қоқан ханын 
жеңе алмайсың. Қоқанның өзіндегі таңдаулы галабатыр әскерін былай қойғанда 
бір ғана Эрмазар қорғанында он екі мың жауынгері бар... Оған На- 


197 
манған, Андижан, Ош, Тақты Сүлеймен, Шархия, Ангара, Құрама, Ходжент, 
Ұратөбе, Ташкент әскерлерін қосып көр. Біздің Сыр бойындағы жұртпенен бас 
қосқандағы күшіміз жетері бар болғаны Ташкент. Бұның өзіне де рұқсат беріп 
отыр ма, өзіңе белгілі. Орынбор бастықтары мені Аллақұл ханнан он бес мылтық, 
бір арғымақ алды деп кінәлап еді. Ол өліп еді оның баласы Рахманқұл ханнан ер-
тоқымы алтындатқан үш арғымақ, үш қылыш, он екі мылтық, екі бас қорғасын 
сыйлық келді. Маған жіберілген тарту-таралғыға қарап Орынбор бастықтары мені 
Хиуа ханын жақтамақ болып жүр дейтін көрінеді. Хиуа мылтықтары жақсы, үш 
жүз қадам жердегі құсты құтқармайды. Ал «Көктолғай» секілді ақалтеке 
арғымақтары тек жауға мінуге жаратылған. Бірақ жұрт Кенесарының кім екенін 
білмейді. Мен Хиуа ханының жұмсауына жүруден көрі, Хиуа ханының өзімнің 
жұмсауымда жүргенін жақсы көретін адаммын. Хиуаға ұзын ырға сенім білдірген 
болсам, оның маған сеніп Бұқар ханымен өштесе түссін дегенім. Қазаққа 
Бұқардың да, Хиуаның да, Қоқанның да күшейгені керек емес. Үш қасқыр бірін 
бірі таласын, мүмкін үшеуі бірдей әлсіреген кезде бізге де пайда түсер? Енді өзің 
ойлашы, он бес мың салт атты сарбазбен Россия патшасын да, Қоқан ханын да 
жеңе алмайсың. Ал Орынбормен қан төгіспей бітімге келеміз деген ниеттің неге 
апарып соққанын өзің де көріп отырсың. Күнімжан мен екі баламнан 
айырылғаннан басқа не таптым? Енді не істеу керек? Қой секілді үн-түнсіз аяқ 
серіппей бауыздала бер дейсің бе? Ең болмаса ешкі тәрізді бақырып өлген 
құрметті. — Кенесары кенет сұстана қалды. — Бірақ мен ешкі де, қой да 
болмаймын. Ажал табар болсам батырларша ажал табам. Көшіп-қонар жеріміз әлі 
де бар, әлі де алысам. Бұрын құр ғана ереуілшіл ел болсақ, енді хан билеген елміз. 
Жауымыз бізбен санасуға мәжбүр болады. Ал мұны істей алмасаң... 
— Оны істей алмайтыныңызға көзіңіз әлі де жеткен жоқ па? — деді Жүсіп 
Кенесарыны кенет аяп кетіп. 
— Көзім әлі әбден жеткен жоқ. — Ол кенет шаршап кеткендей болды. — Бірақ 
сен дұрыс айтасың... Жерін алып бере алмайтынына көзі жеткен қазақ әлі-ақ ертең 
тарай бастайды. Ал оларды таратпау керек. 
— Қалай таратпайсың? 
— Күшпен таратпаймын! — Кенесары кенет ызалана дауыстап жіберді. — 
Күшпен басын қосамын! Көнбеген ауылды шабамын, қарсы келгенінің басын 
аламын. Көнбей көрсін! 
— Өйтіп жұртты қырып хандық құрудың қанша қажеті бар? Өз елің, өз жұртың 
емес пе... 
— Кенесарының жасыл туының астына кіргісі келмеген жұрт жұрт емес! — Ол 
бұрынғысынан да сұрлана түсті. — Ондай елдің мейлі қаны судай ақсын, мейлі 
бәрі қойдай бауыздалсын, егер оған қабағымды шытсам, Абылай атамның аруағы 
атсын! 
Жүсіп Кенесарының мұндай түрін бұрын көрген емес. Және оның нағыз шын 
сырын дәл қазіргідей шешіле айтуын алғашқы рет естуі. Кенесарының айтқанын 
орындайтынына Жүсіп күмәнданған жоқ. Өйткені төре тұқымдарының халықты 


198 
қоймен тең көретінін, қаныпезерліктің арқасында қалың бұқара тағдырын 
ойыншық санайтынын бұрын да білетін. Ал Кенесарының ойлаған мақсатына 
жету үшін қара халық түгіл, өзінің туған әкесін де құрбан ете алатынына талай рет 
көзі жеткен. Мұндай жауыздық қаракетпен арманға жету әдісі Шыңғысханнан, 
Ақсақ Темірден қалған. Шыңғысхан қанішерлікте болат қанжар болса, Кенесары 
сол қанжардың кішкентай сынығы. Болат қанжардың қанға суарылған сынығы. 
Араларында алты ғасыр өтсе де қанқұмарлық түбі бір. Одан қайда кетеді? Жүсіп 
енді әбден ашынған Кенесарының ешкімді аямай, дегеніне көнбеген елді қанға 
бояйтынына шек келтірмеді. 
Өзі де солай болды. Бұрын тек өшіккен аға сұлтандардың, би, датқалардың 
аулын шауып, малын айдап алатын болса, енді солардың қарамағындағы 
жазықсыз елдерді де шабуға кірісті. Патша үкіметінің санағы бойынша Кенесары 
он жыл көтерілісінің ішінде жүз жетпіс бес ауылды тонап, бес жүз жазығы жоқ 
кісі өлтіріпті. Соның бестен төрті ақырғы бес жылына жатады. 
Кенесарының шешімінен жаны түршігіп кеткен Жүсіп, ханды орынсыз қан 
төгуден тоқтатқысы келді. 
— Алтыбай аулын шапсаңыз, өзіне берілген бидің өшін қайтарамыз деп патша 
үкіметі қатты шара қолдануы мүмкін. Олардың қолында қазір екі балаңыз бен 
Күнімжан ханшаның барын ұмытпаңыз. Егер Алтыбай аулында қан төгілсе... 
— Аршабоқ пенен Обыріш менің де қатын-баламды өлтіреді дейсің бе? — деді 
Кенесары, ауыл қазақтарының қойған аты бойынша Горчаковты «Аршабоқ», 
Обручевті «Обыріш» деп атап. — Жоқ оны істемейді. Онда мен қолымдағы есірей 
орыстарды өлтірем. Және орыс жанаралдарына біздің бірімізді біріміз қыра 
бергеніміз тиімді емес пе? Жерлері кеңиді. Ал алда-жалда... 
— Иә, алда-жалда?... 
— Саған айттым емеспін бе, өз дегенімді істеу үшін ештеңеден де 
тайынбаймын деп?.. 
Жүсіп шошып кетті. Кенесары оған бір аяу, мүсіркеу, қиналу дегенді білмейтін 
тас мүсін тәрізді көрінді. «Иә, бұл тас мүсін, мұнда жүрек жоқ. Жүрегі болса 
өзінің жақсы көретін қатын-балалары жайында бұлай дер ме еді?.. Мұндай адамды 
түсіну қиын. Жоқ, бұл адам емес, қара тас. Ал мейірімсіз қара тасты қалай 
түсінерсің... Әлде осындай қара тас болуға ашынғанынан барып отыр ма?» 
Кенесары тағы да оның ойын бөліп жіберді. 
— Сен мені өз бөлтірігін аямас бір қорқау қасқыр екен деп тұрған шығарсың, 
— деді ол, даусы кенет дірілдеп кетіп, — олай ойлама! Менің де жүрегім бар. 
Әйелім мен балаларымды мен аясам да олар аямайды. Болар іске болаттай болу 
керек. Әйтпесе қайғы деген қашан да болса адастырады. Адаспас үшін қайғы 
дегенді біржолата жүрегіңнен қуу керек. Бүйі қысылғанда өзін өзі шағып өлтіреді. 
Мен сол бүйі құрлы жоқпын ба? Өзін аямаған кісі аузын қан етеді. Қатын-баламды 
да құрбан ете алатынымды жауым көрсе, менен бұрынғысынан да қорқады. Ал 
қорықпаған жерде сыйласу жоқ, хан деп санасу жоқ. Ал егер хандығымды берік 


199 
ұстағым келсе, елге де өз басыма да аяушылық етпеуім керек. Қаталдық жеңістің 
ең керек шарты. 
Жүсіп енді Кенесарыдан шын шошынды. Кенет оның алдына осыдан үш жыл 
бұрын Сыздықты қалай сынағаны елестеп кетті. Жүсіп балажан болатын. Бірақ о 
жолы Сыздықты пышаққа түседі деп аяған жоқ. Аяған болса бұлай сынамаңыз деп 
Кенесарыға жалынар еді. Жүсіп оны істемеді ғой. Өзінің осы қылығын ол артынан 
сан рет ойлады. «Неге мен сонда Сыздыққа ара түспедім? әлде Сыздықты мен 
бірдеңеден жек көрдім бе, немесе онда адамның ішін жылытпас бір мінез бар ма 
еді?» — деп шешуін таба алмай сан басы қатқан. Сол сұрағына кенет Жүсіп 
шешім тапқандай. «Ие, ие, дүниеде осы сұлтандар тәрізді қасқыр тектес жандар аз 
емес шығар. Адам олардың тірі жүргенінен өлгенін тілейтін болар. Жұрт тегі 
қасқырды немесе бөлтірігін өлтірдім деп опық жемейді. Менің де жүрегімді төре 
тұқымына деген өзім әлі аңғара қоймаған сондай бір сезім билеген екен... Сол күні 
Сыздық 
туралы 
соншалық 
қиналмау- 
ыма әлгі жасырын сезім себепкер болғандай ғой. Ал қасқыр тектес тұқымының 
Кенесары шын арланы. Арланы болмаса әлгі жан түршігерлік сөздерді айтар ма 
еді?» 
Кенесарының әйелі мен балаларын қаншалық жақсы көретінін Жүсіп есіне 
түсіріп, ызаланған сұлтанды орынсыз қан төгіске барғызбас үшін тағы ақыл берді. 
— Күнімжан ханшаны балаларымен қазір Ордан Орынборға әкелді деген 
сыбыс бар, қолымыздағы тұтқын орыс офицерлерімен айырбастайық деп әскери 
губернаторға хат жазсақ қайтеді? 
Кенесары кенет елең ете қалды. 
— Бұл табылған ақыл. Барон Уйлер мен есауыл Лебедевті былай қойғанда 
біздің қолымызда жиырмаға тарта есірей орыс офицерлері бар. Соның бәрін, 
Күнімжанды бас етіп біздің ауылдан алып кеткен отыз бес адамға айырбастасын. 
Солай деп хат жаз. Және... — Кенесары ойлана қалды. 
— Тағы не айтпақ едіңіз?.. 
— Жанарал Обыріш келгелі арамыз шиеленіп бара жатыр-ау... Орынбор әскері 
шықпағанмен Омбы солдаттары қояр емес. Әрине мұның бәрі Аршабоқ пен 
Обырішсіз болып жатқан жоқ. Орынбор бізбен әзір жауласпай отырса, ол ана 
Кеністің шаруасы. Ертең Кеніс кете қалса, басымызға әңгір-таяқ ойнайтыны 
даусыз. Сондықтан күні бұрын Обыріштің өзіне тағы бір хат жазайық. Ақырғы рет 
алдынан өтейік... 
— Хатты не деп жазамыз? 
— «Алдыңғы жылы Орынбордың әскери губернаторы мен жанарал Кеніс 
құрметті патша ағзамның атынан бізге мәнәпөс жариялап, бар күнәмізді кешкен. 
Мұндай қадірлі адамдардың сөзіне сеніп біз ақ патшаға қарсы мылтық ату мен 
қылыш жұмсауды тоқтатқан едік... Ал биыл наурыздың жиырма бірінде, өзіміз 
аңға шығып кеткенде, Омбы қаласынан шыққан Сотников жасауыл басқарған 
жасақ аулымызды шауып, мал-мүлкімізді талап, Күнімжан сұлтаншаны бас етіп, 
бірнеше адамды ұстап алып кетті... Бұндай жағдайда жақсылықты бір құдайдан 


200 
болмаса, орыс бастықтарынан күтуге болмайтынына көзімді жеткізді» де. Және 
жалынған адам секілді көрінбей, әлі де болса тігім-бітімге келейік деген көңіл 
білдір... 
— Мақұл. 
— Оған көнбесе өз обалы өзіне. Боса да бізді аямайды екен, біз де оларды 
аямаймыз. 
— Түсінікті. 
— Және осы уақытқа дейін бұлаң құйрыққа салып бізге қосылмай алдап 
жүрген билердің бәріне де хат жазыңдар. Әсіресе Назар руының ақсақалдары 
Байтөре мен Қаракүшікке.. 
— Хатты не деп жазайық? 
— «Мені ханымыз деп ұқсын. Айтқаныма көнсін, айдауыма жүрсін. Сөйтсе біз 
де оған қорғанбыз. Бұрынғы күнәларының бәрін кешеміз. Ал бұны істемесе... 
Отыз жыл жауабын күтемін, жауап ала алмасам, қалған отыз жылда өздерін 
жазалаумен өтемін» де... Осындай хатты бізге теріс қарап жүрген Жаппас 
руларының билері секілді өзге билерге де жазыңдар. 
— Жақсы. 
Күн де батуға айналған екен. Сөніп бар жатқан алтын сәулесі Алашаханның 
көгілдір күмбезінің үстінде ойнап, ерекше сәулеттендіріп тұр. Кенесары 
әлдекімнің аяғының сыбдырын естіп артына бұрылды. Таймас екен. 
— Кенеке, Орынбордағы балалардан жасырын шапқыншы келді. 
— Жақсылық па, жамандық па? 
— Жамандық. 
Кенесары сол түсін өзгертпеген қалпында сәл кідірді. 
— Қазір жақсылық күту қиын болар... Не дейді Алтыншаш келін? 
— Жіберген хабарына қарағанда жанарал Кеніс пен әскери губернатор 
Обыріштің арасы нашар көрінеді... 
— Жаман хабарың осы ма? 
— Екі түйе сүйкенсе ортасында шыбын өледі. Екі жанаралдың келіспеуінен 
біздің қазақ мәселесі күйрейді. Граф Перовский кеткеннен бері біздің бар 
сенеріміз Кеніс емес пе? 
— Қазақ мәселесі күйреп болған жоқ па? Енді олардан не күтесің?
— Үмітсіз тек шайтан ғана, Кене хан. Әлі де болса Орынборменен тіл табу 
керек. 
— Мен тіл таппаймын деп жүрмін бе? Тіл тапқысы келмейтін өздері 
емес пе? 
— Күштінің арты диірмен тартады, тіл табу біздің жақтан болу керек. 
— Сонда, Таймас, тымағыңды алып алдына барып жүгін дейсің бе? Жүгінер де 
едім, тымағыммен бірге басымды қағып тастамасына көзің жете ме? 
— Жоқ, олай жүгінуге болмайды. Қазақ дене болса, сен бассың. Бастан 
айырылып дене күн көре алмас. Мен тек қалауын тапса қар жанады, басқа жол 
іздеу керек деймін. 


201 
— Сонда қандай жол бар? 
— Бұл ойдың түбіне өзім де жете алғам жоқ... Әбден піскенінде алдыңа 
салармын. 
— Жақсы, тағы қандай хабарың бар? 
— әскери губернатор бізді құртуға Петербордан тағы он төрт мың ақша 
сұрапты... Оның үстіне тағы үш мың сом... Ол ақша... Кешіріңіз, Кенеке сіздің 
басыңызды әкелген адамға сыйлыққа берілмек екен... 
Кенесары езу тартып күлді. 
— Менің басымның төлеуін соншама арзан санағандары қалай? Өздері бір 
жылқыны отыз бес сомға бағалағанда, ең болмаса мың жылқы тұрмағанымыз ба? 
Аршабоқ Петерборға жазған қағазында Кенесары отыз жетінші, отыз сегізінші 
жылдары Россия патшалығының саудасына екі жүз сексен мың зиян келтірді депті 
ғой! Осындай жанаралдармен қалай тіл тап дейсің? 
— Тіл табу керек. Өйткені олар күшті, сенің басыңа баға қойып отырған солар 
ғой... 
— Күшті екен деп қорыққанымнан тізе бүгем бе? Таймас, әлде сен 
Кенесарының мінезін білмейтін бе едің? 
— Білемін. Білгесін айтып тұрмын. Қиындықта жол таба алмайды десек, хан 
етіп көтермес едік. «Ашу — жау, ақыл — дос». Бұны қазақ білмей айтқан ба? 
Көтерілісіміз шаңқай түсіміз еді десек, хандығымыз екіндіміз тәрізді, енді 
біржолата жер астына күндей батып кетіп жүрмейік, әлі де ойланалық... 
— Жарайды, ойланайық. Тағы нең бар? 
— Батырмұраттың жасағындағы Гаврилов деген қашқын сыпай... осында келіп 
жүрген саудагерлер арқылы сенің басыңды алуға Орынборға уәде берген көрінеді. 
Мұны қысты күні істеу жеңіл депті. Обыріш егер Гаврилов бұны істесе, оның 
солдаттықтан қашқан күнәсін кешіртемін деп Петерборға қағаз жазыпты. Балалар 
осы сыпайдан сақ болсын депті. 
Кенесары түнеріп кетті. Бағанадан бері үндемей тұрған Жүсіп: 
— Гавриловтың өзінің басын алу керек, — деді кенет қатуланып кетіп, — және 
өзгелерге сабақ болсын, бұл үкімді осындағы қашқын солдаттардың көзінше 
орындаған дұрыс. 
Кенесары ойлана жауап берді. 
— Алдымен тексерген жөн... Арам ойы анықталса Қараүлекке тапсырармыз... 
Жұрттың бәріне сенбегендей, оның ажалын өзгелерге үлгі етудің керегі қанша?.. 
«Дегенмен бұл ақылды адам, деді Жүсіп ішінен, менікі ағаттық болды. Бір 
шіріген жұмыртқа үшін, өзгелерге де байқа деп сенімсіздік көрсетудің, әрине, 
қажеті жоқ...» 
Таймас тағы да бірдеме айтқысы келгендей Кенесарыға қарады. Сұлтан оның 
ойын түсініп: 
— Айта бер, — деді енжар, — тағы қандай сұмдығың бар... 
— Дәулетші құйып болған зеңбірегін кеше сынаған екен... Заводтағыдай жасау 
қиын ғой... Әлде салған оқ-дәрі артық болды ма, от қойып атқан шақта күл-талқан 


202 
бопты. Жанында тұрған Дәулетшінің өзін де мерт етіпті... — Кенесары тұнжырап 
кетті. Құйылып жатқан зеңбіректерден үлкен үмітті еді. Бұл үміт те құр 
дәмелендірді де жоқ болды. Ол: 
— Топырағы торқа болсын, — деді күрсініп, — жақсы шебер еді, ардақтап 
көмілсін... 
Бұдан кейін үн-түнсіз үшеуі қостарына қайтты. 
Үш күн бойы батырлар, сұлтандар, ақсақал, билер жаңа хандықтың қандай 
болуын талқылап, төрт мәселе қарап мынандай қортындыға келді: 
Бірінші шешкендері әскер мәселесі. Бұрын Кенесарының қарамағында сегіз 
мың атты әскер болатын. Және бұлар жаз жиналып, қыс тарқайтын. Сұлтан 
маңында қорған боп қысты күні бес жүздей ғана сарбаз қалатын. Кеңес енді әскер 
санын жиырма мыңға жеткізуді жөн деп тапты. Және бұл әскердің бес мыңы 
қысы-жазы хан ордасының маңында болады. Әр жүзбасы, мыңбасы өздерінің 
қарамағындағы әскерін осы жаздан бастап орыс әскерлерінің тәртібімен соғысу 
әдістерін үйретеді. Мылтық атуды, найза, сойыл пайдалануды, жаяу соғысуды 
тегіс өтеді. Жүзбасылардан төменгі жауынгерлер кеудесіне үш қатар жасыл жуан 
жіп іліп, иығына тілдей жіңішке жасыл шүберек тағатын болады. Жүзбасылардан 
бастап одан жоғарғылары мұндай белгіні қызыл шұғадан етеді. Ал ең жоғарғы 
қолбасшы Кенесарының өзі үстіне көгілдір шапан киіп, иығына орыс 
полковнигінің эполетін тағады. Мыңбасына әйгілі батырлар мен атақты сұлтандар 
тағайындалады. Өзіне сенімді адамдардан мыңбасылар тағайындау ханның өзіне 
тапсырылады. Бұлардан бөтен жеке мың адамнан мергендер тобы құрылсын 
делінді. Оған мыңбасы етіп Байтабын белгіленді. 
әскерде бұдан былай қарай мықты тәртіп орналсын деп шешті жиналғандар. 
Тәртіп бұзушыларға Кенесары «шық» деп аталатын жаңа жазаны қолдануға рұқсат 
етілді. «Шық» тәртіп бұзған адамның бетіне қылышпен, не найзамен белгі салу. 
Мұндай белгісі бар жауынгер өзінің айыбын ерлікпен, немесе адалдығымен ғана 
жууға тиісті. Екі рет «шық» белгісі салынған адам — билер сотына түседі, малмен, 
не басқа ауыр шарамен жазаланады (үй ішінен бір жыл бөлек ұстау, не болмаса 
қой бақтыру тәрізді). Үш рет «шық» белгісін алған адам, Кенесары тобынан 
қуылады, ал жазығы ауыр болса, өлім жазасына бұйырылады. Жаңа хандыққа 
осындай тәртібі күшті әскердің керектігін айта келіп Кенесары, «қазақтың атақты 
ханының бірі Қасым соғысты жақсы көрмесе де, қарамағындағы бір миллион 
жанның төрттен бірін атқа қондырып, найза ұстаттырған екен. Екі жүз елу мың 
әскері бар Қасым ханның айбарынан сескеніп, еш жауы оған қарсы соғыс аша 
алмаған. Ал біздің заман ондай заман емес, үш жағыңнан бірдей қаптаған жау. 
Оларға жем болмау үшін бізге айбарлы қол керек. Қазір қарамағымызда бала-
шағаны қосқанда бір миллиондай адам бар. Бүгінгі бала ертең жауынгер. 
Миллионға таяу жаннан жиырма мың сарбаз шығар деп сенемін, — деп сөзін 
бітірген. Ру басшылары, батырлары Кенесарының бұл ойын мақұлдаған. Және 
уәделерінде де тұрды. Келесі жазда Кенесарының қарамағында жиырма мың әскер 
болды. 


203 
Екінші қаралған — қалың әскер жинаумен байланысты оны жабдықтау 
мәселесі еді. Кеңес бір ауыздан хандыққа жататын елден салық алынсын деп 
шешті. Салық екі түрлі болсын делінді. Бірі мал салығы «зекет». Екіншісі «егін 
салығы «үшір». Зекеттің мөлшері: қырық қараға дейін салық салынбасын, 
қырықтан жүзге дейін малы бар адам бір қара, ал жүзден артық малы бар адам, 
жүзден артық әр қырық қарасынан бір бас беретін болды. Ал «үшір» салығы 
жайында, осыншама әскерді асырау үшін әр егіншінің жылда алатын бидайының 
оннан бірін хандықтың қоймасына құйылсын деп шешті жиналғандар. Егін 
салығына келгенде кеңесте бірталай сөз көтерілді. Кенесары, қарамағындағы 
Торғай, Ырғыз, Сырдаря, Іле өзендерінің бойы мен көптеген көлдердің жағасын 
жайлайтын елдерден бұдан былай қарай егін шаруашылығымен қатты
шұғылдануын талап етті. Өйткені Орынбор әскери губернаторына қарайтын қазақ 
ауылдары көптен бері-ақ егін салуға құмарланған-ды. Бірақ бұған Перовский де, 
одан бұрынғы Орынбор әскери губернаторы граф Сухателен де қарсы болып 
келген. Екеуі де қазақтың тек мал шаруашылығынан аумағанын жақсы көрген. 
Сухателен: «Қазақтар еш уақытта да астық екпеулері керек, ешбір ғылым түгіл, 
тіпті бірде-бір кәсіп білмей, өмір-бақи мал бағып қана көшіп жүрулерін бар жан-
тәніммен тілер едім», — деген пікірді мақұлдаса, ал Перовский егінді тек казак-
орыстарға салдыртып, қазақтарды астықты солардан қымбат бағамен сатып алып 
тұруға мәжбүр етуді дұрыс көрген. Бұл туралы генерал Обручев өзінің соғыс 
министріне жазған баяндамасында: «Бұрын менің орнымда болған генерал-
адъютант граф Перовский, қазақтардың егін егіп, отырықшылыққа айналуына өте-
мөте қарсы болып келген. Оның бүйтуіне қазақтар өздері еккеннен гөрі, астықты 
бізден сатып алып, Россияға байлаулы бұзаудай тырп ете алмасын деген ой себеп 
болған», — деп Перовскийдің ойын дұрыс жазған. 
Сондықтан Орынбор шекарасында отырықшы қазақ поселкелері пайда бола 
қалса, оларды алдыменен граф Сухателен, одан кейін генерал-адъютант 
Перовский жойып отырған. 
Өшпес барымта, жұт, оның үстіне Россия солдаттары мен өзінің 
сарбаздарының шабуылынан қарамағындағы елдің тіпті жүдеп кеткенін Кенесары 
жақсы білетін. Сол себепті кей қазақ ауылдарының егін егумен шұғылдануы 
олардың өз шаруасын көтерумен қатар, болашақ қалың әскерді астықпен 
қамтамасыз ететін ең тиімді жол деп тапты. 
Бұл мәселені қарағанда тағы бір ойланатын жағдай туды. Ол — салықтарды 
кім жинайды және қалай жинайды деген мәселе еді. Бұрын патша салығы болсын, 
Қоқан хандығы салығы болсын, әр рудың, әр ауылдың басты адамдары жинайтын. 
Кеңес Кенесарының өтініші бойынша бұл тәртіпті де өзгертті. Зекет, үшір бұдан 
былай қарай әр ауылдан, әр рудан Кенесары өзі белгілеген жасауыл арқылы 
жиналсын делінді. Кенесарының бұндағы ойы, қазақ жеріндегі жоғарғы үкімет — 
ханның дәрежесін көтеру еді. Жиналғандар бұған да көнді. 
Үшінші әңгіме — ел билеу, әкімдік жүргізу, билік айту жайында болды. Бұрын 
ел арасының дау-жанжалдарын, барымта, жесір дауын ру билері, ақсақалдары 


204 
шешетін. Осы кеңестен бастап мұның бәрін әр рудан Кенесарының өзі 
тағайындаған билер шешсін десті. Бұндағы саясат тағы да хандықтың дәрежесін 
көтеру еді. Екі рудың болмашы таласы, жесір ісі, яки шабындық дауы секілді 
жеңіл шешілер жанжалды да, осы Кенесары бекіткен билер қарайды. Ал кісі 
өлімді барымта, ел шабу тәрізді ауыр қылмысты істі ханның өзі шешеді. Кенесары 
қарамағындағы ел мен Россия империясына жататын рулар арасындағы таласты 
аға сұлтандар қарайтын болады. Ал кейбір асқынып кеткен іс болса, Орынбор 
шекара комиссиясына хат жазылып екі жақ бірдей шешімге келуді дұрыс тапты. 
Кенесары қарамағына жатпайтын рулардың таласы, егер екі жақ бірдей келісіп 
ханға жүгінісе келсе, хан жарлығымен тағайындалған билер кеңесіп үкім айтулары 
мүмкін деп табылды. Осы мәжілісте Кенесары қазақ елінің бірлігін бұзады деп ру 
арасындағы барымтаны тыйдыру ісін әдейілеп: «Бұрын есікте жүрген құл өлсе 
қожасы құн төлемейтін. Құл да ел қорғауға жарайтын жан» деп өлген құлға құн 
төлететін еткізді. 
— Төртінші және ең ақырғы мәселе — сауда-саттық жайында еді. Бұрын 
Кенесары қазақ жерін Россия патшасына Шығыспен сауда-саттық жүргізу үшін 
керек деп қана ойласа, енді салынып жатқан бекіністерге, көшіп келіп орналасып 
жатқан казак-орыстарға қарап бұның бәрі отарландыру саясаты екенін түсінген. 
Бұрын керуендерді тонап, Россия мен Орта Азия хандықтарының сау- 
да-саттық байланыстарын бұзып келсе, енді бұл саясатынан қайтты. Керуенді 
өткізбеудің орнына салық салынсын делінді. Бұл салық әр түрлі болуға тиісті. 
Өзіне дұрыс қарай бастаған елдерден, рулардан аз, ал теріс қарайтын жұрттан көп 
алынады. Мысалы, Жаппас руының әр қосынан үш түйе, жиырма төрт зат, татар 
саудагерлерінің қосынан бір ат, сегіз зат алса, бұқар саудагерлерінің қосынан 
тоғыз зат қана салық алынылып, ал арғын руларының керуендері тіпті тегін өтетін 
болсын деп бекітті. 
Бұнымен қатар мәжіліс шекара орыс поселкелерімен орынсыз жанжалды 
тоқтатып, олардан астық сатып алу ісін жөнге қойсын деді. Сонымен қатар әскерге 
керек қару-жарақ, қорғасын, оқ-дәрімен қамтамасыз ету үшін Хиуа, Бұқарлармен 
де сауда-саттық қарым-қатынасының күшейтілуін талап етті. 
Осындай шешімге келген ру бастары батыр, сұлтан, би ақсақалдардан 
Кенесары тағы да бір өзіне өте керекті билік алды. Ол Хандық Кеңесі жайында еді. 
Әбілқайыр баласы Нұралы кезінде Абылай тұсында жойылып кеткен хан 
жанындағы Хандық Кеңес қайтадан құрылған. Бұрақ ол Хандық Кеңестің қақы 
үлкен болатын. Хан күрделі мәселені Хандық Кеңессіз шешуге тиіс емес-ті. Егер 
Хандық Кеңес дұрыс көрмесе, хан қандай ойлаған іс болса да бас тартуы керек-ті. 
Кенесары жанынан да осындай Хандық Кеңес құрылды. Бірақ бұл Хандық Кеңес 
ақылшы ретінде ғана тағайындалып, барлық билік ханның өз қолында қалды. 
Оның шешімі кімге болса да заң, Хандық Кеңесте қолбасшы батырлар да, 
қарамағындағы ел де хан шешімін бұлжытпай орындауға тиісті делінді. 
Көздеген арманына жеткен Кенесары, мәжіліс біткеннен кейін ең жақын 
серіктерімен тағы да біраз ақылдасып, кейбір әскер тобының ойын-өнерін көріп, 


205 
бір жетіден кейін Қара Торғайдағы өз ордасына қайтты. Көп кешікпей хан 
төңірегіндегі жайылымға жасақтарын ертіп өзге батырлары да жинала бастады. 
Жаңа алған тұжырым бойынша әскери ойын қыза түсті. 
Биліктің бәрін қолына алған Кенесары енді хандық әмірін жүргізіп, кектескен 
руларынан, тіпті кейбір жеке адамдардан өшін алуға кірісті. Ол Орынбор әскери 
губернаторына жататын орыс поселке, бекіністеріне тимей, бұл ісін Батыс Сібір 
генерал-губернаторының шекарасындағы бекіністер мен өзіне бағынғысы 
келмеген қазақ ауылдарын шабуылдаудан бастады... Енді екі жақтан бірдей қан 
төгіс күшейе түсті. 
Кенесары жаздың ортасында Торғай бойына жаңа келіп жайлауына қонған 
Жаппас ауылдарын шапты. Алтыбай сұлтанды ат бауырынан өткізіп жаралап, қос 
қызын бірдей ат артына мінгізіп, аулына алып келді де осы айқаста көзге түскен 
екі сарбазына зорлап қосты. Мұндай қорлыққа шыдай алмаған Алтыбай көп 
кешікпей қайтыс болды. Өлер алдында немере інісі Жанғабылға «тірі жүрсе менің 
кегімді Қасым балаларынан алсын» деп аманат айтты. Бұрыннан да өш Жанғабыл, 
енді бар ызасын ішіне түйіп Кенесарыны мұқататын жол іздейді. Таба алмайды. 
Қол жинап аулын шабуға бата алмады. Бірнеше рет әскер сұрап Орынбор 
бастықтарына барды. Кенесарының айтқаны келді, өз бекіністерінің мазасын 
алмаған соң, Алтыбай үшін соғыс ашуды жөн көрмеген әскери губернатор «қоя 
тұр» деп Жанғабылды тоқтатты. Кенесары хандығын біржолата құртпақ болып 
дайындала берді. Тіпті Кенесары әзірге адаса тұрсын дегендей, Орынбордағы 
Күнімжанға бұрынғыдай қысым көрсетпей, қасындағы кішкентай балаларын 
орысша оқытуға рұқсат етті. 
Бұл кезде Орынбор әскери губернаторының қарамағына жататын солдаттан
бір-ақ адам өлді. Ол қашқын Гаврилов. О да өз ажалынан, немесе соғыста жүріп 
өлген жоқ, жақын жердегі шұбарға Қараүлек екеуі ағаш әкелуге барған жерде дәл 
желкесінен «діңгек түсіп» мойын омыртқасы үзіліп қаза болды. Гавриловтың 
өлімінен Орынбор бастықтары ойымызды сезіп қалған екен деп сезіктенбесін деп 
Кенесары жерлеуіне өзі қатынасып, қашқын сыпайды аққа орап, ардақтап 
көмгізді. 
Сөйтіп жүргенде қанды қылышты қырық үшінші жыл келеді. Мұнымен бірге 
қыс өтер-өтпестен Генс алынып, орнына генерал Ладыжинский тағайындалыпты 
деген сөз қазақ жеріне тағы жетті. Бұл сөз шын болып шықты. Кене ханға мұны 
көптеген маңызды хабарлармен бірге Генспен қоштасып айырылған 
Алтыншаштың өзі әкелді. 
Тек Күміс қазақ жеріне қайта оралмады. Мінезімен, қызметімен Генске ұнаған 
қыз, Қоңырқұлжа қылығынан қорланып, генералдың үй ішімен Петербургке жүріп 
кетті. Қазір өш алуға қолынан ештеңе келмегенмен, төрт жыл өткеннен кейін осы 
Күміс Қоңырқұлжаның Ақмола аға сұлтандығынан түсуіне себеп болды. 
ІV


206 
— Бір мың сегіз жүз қырық үшінші, Қоян жылы, маусымның жиырма жетісі 
күні, Бірінші Николай патша Орынбор әскери губернаторына Кенесарыға қарсы 
жасақ шығарып, оның басын әкелген адамға берілетін үш мың сом сыйлық 
ақшаны шаңырақ салығынан төлеуге рұқсат етті. 
Осындай шешімге келетінін күні бұрын білетін Соғыс Министрімен тікелей 
байланысы бар Орынбор әскери губернаторы Обручев Кенесарыға қарсы соғыс-қа 
қыс басынан дайындалуда болатын. Ал Кенесарының қандай дайындығы барын 
білу үшін ол патша рұқсатын алысыменен шілденің оны күні Қара Тор- 
ғайға қарай войсковой старшина Лебедев басқарған үш жүз солдатты жасақ 
шығарды. Кенесары бұл жасақпен Ырғыз өзенінің жоғарғы жағында кездесті. 
Күнде Батыс Сібір губернаторы солдаттарымен шалысып жүргендіктен, екі жақты 
соғыстың қиынға түсетінін ойлаған Кенесары бұ жолы да сабырлылық істеді. 
Лебедевке әбілғазы басқарған уәкіл жіберіп өзінің соғыссыз да Орынбор әскери 
губернаторына бағынатынын, керек десе шекараға жақын көшіп келіп қонатынын 
білдірді. Лебедев Обручевке ат шаптырады. Орынбор әскери губернаторы оған 
әзірге соғыс ашпай, сол Ырғыз бойында жасағымен қала тұруын бұйырады. Ал өзі 
бұрын патшаға Кенесарымен бітім жасаудың керек еместігін дәлелдеп, майдан 
ашуға рұқсат сұрағандықтан, енді сол сөзінен қайтпай Ырғыз бойында шағын 
қолмен тұрған Кенесарыны біржолата құртпақ болды. Сондықтан күні бұрын 
құрылған жоспар бойынша, Ырғыз бойындағы Кенесарыны қоршап алыңдар деп 
өзге әскер бастықтарына бұйрық берді. 
Бұ жоспар бойынша Орынбор әскери губернаторына бағынатын сұлтан-
правительдер Ахмет, Арыстан, Баймұхамед әрқайсысы бір мың адамнан жасақ 
құрып күні бұрын дайын тұруға тиісті еді. Әскери губернатордың бұйрығын 
алысыменен Ахмет Тобыл жағынан шығып, ал Арыстан мен Баймұхамед 
Сахарный бекінісіндегі үш мың солдатты полковник Бизановтың қарамағына еніп, 
Кенесарыны Оңтүстік пен Батыс жағынан қоршаулары керек еді. Ал Кенесары 
Батыс Сібір губернаторына жататын Ұлытау, Арғынатыға қарап өтіп кетпес үшін 
Омбы, Қызылжар, Қарқаралы бекіністерінен, ереуілшіл елдің күншығыс жағынан, 
көк темірге мұздай бөленген ұзын саны мың мылтықты күшті жасақтар шықпақ 
болатын. 
Ереуілшілердің тыңшылық жұмысын Таймас басқаратын. Ол Алтыншаш 
арқылы дәл болмағанмен де осындай жоспар жасалып жатқанының ұзын ырға- 
сын білетін. Оның үстіне Бизанов полкіне жіберген тыңшысы Төлебай деген жас 
жігіт арқылы және сұлтан-правительдердің аулындағы қара құлақтарының
жеткізуі бойынша бұл жоспардың қалай орындалып жатқанын, сұлтан-
правительдер қанша адам жинағанын, қай кезде аттанысқа шықпағы — бәрінен 
қанық отырған. Осындай мәліметі бар Кенесары бұл айқасқа дайын еді. Войсковой 
старшина Лебедевтің әскеріне қарсы тек шағын қол — мың адаммен ғана 
шығуының себебі де осында болатын. 
Кенесары бұ жолы соғыс әдісін тіпті өзгертті. Патша губернаторлары бұны 
енді біржолата құртуға кіріскеніне көзі жеткен сұлтан оңай берілгісі келмеді. Ең 


207 
алдыменен ол әскерін бұрынғы әдеті бойынша бір жерде ұстамай, беске бөлді. 
Ондағы ойы, түбі жауына төтеп бере алмай қалатындай күн туса бар күшін 
біржолата құртып алмай, шамасы келгенше әскерін сақтау еді. Бизанов полкіне 
қарсы шығатын жасаққа мыңбасы етіп Наурызбайды, ақылшы етіп Ағыбай 
батырды тағайындады. Ал Батыс Сібірден келетін үш жасаққа қарсы мың адамнан 
құрылған үш жасақ шығармақшы болды. Біріне мыңбасы етіп Жеке батырды, оған 
ақылшыға (штаб бастығы ретінде) Құдайменді батырды, екіншісіне мыңбасы етіп 
Иман батырды, ақылшыға Жанайдарды, ал үшіншісіне Бұқарбай батыр мен 
Жәуке батырды тағайындады. Өзі Жоламан екеуі болашақ соғыстың дәл ортасы 
осы болар-ау деген Ырғыз өзенінің жағасында қалды. Бұл кезде он мың салт атты 
әскері бар Кенесары Байтабын басқарған мерген тобы мен қалған жауынгерлерін 
Мұғажар тауының арасына қарай көшкен ордасының төңірегінде ұстады. Бұл 
негізгі қолмен Кенесары әр жерге қойған бекет тәрізді шұғырымдар арқылы 
байланыс жасап тұрды. Қысылтаяң күн туса бірігіп кетерліктей жағдай сақтады. 
Кенесарының соғысқа былай дайындалуының екі себебі бар-ды. Бірі, патша әскері 
Ырғыз бойында бастарын қоса алмаса, оларды жекелеп ұруға жеңіл. Екіншісі, 
ұрысуға жері неғұрлым кең болса, Кенесары әскерінің тынысы солғұрлым кең, 
өзінің негізгі әдісі атты әскерінің шапшаңдығын пайдалана алады. Бүгін бір жерде 
тұрса, ертеңіне екінші жерге шығып, әр жерден із тастап, жауына ұстатпайды. 
Кенесарының бар ойлағаны бар әскерімен өзі қоршауға түсіп, бар күшін харап етіп 
алмау. Ал мына қолданған әдісі ұшы-қиыры жоқ қазақтың кең даласына ең 
лайықты әдіс. Бір жерде жеңілген күнде де өзге жердегі әскері аман қалады. 
Әскерін сақтауы — хандығын сақтауы. Кенесарының бір ойлаған айласы — күші 
басым, зеңбіректі мылтықты жаумен бетпе-бет келіп ұрыспай, тиіп-қашып, 
соңынан қудыра қалжыратып, шаршата ұрысу. Өз жерінде, өз елінде Кенесары 
сарбаздарына бәрі дос, азық табу да, ат ауыстыру да жеңіл... Бұлай алысу қуған 
жауының алдыңғы шебі Кенесары жасағына жетемін деп ентелей соңынан 
ергенде, бір топ сарбазы шұбалып келе жатқан жаудың артынан тиіп, азық-түлігін, 
оқ-дәрісін артқан көшін бөліп әкетуге де қолайлы! Патша әскері қуып, жете алмай 
қалжыраған сайын қазақ даласының жаңбырлы, суық күзі жақындай түседі. Кей 
жерде ат толарсағына дейін бататын батпақты сары дала патша әскерінің 
қолбасшыларына бораны қасқырша ұлыған ызбарлы қыстан кем емес. Күзі ақ 
жауын. Күндіз-түні бір ашылмай, сіркіреп құя берсе ешбір әскер шыдай алмайды. 
Айдалада қасқырша жортуларын амалсыз тоқтатып, бекіністеріне қайтуға мәжбүр 
болады. Ал Кенесарының күні со кезде туады. Бекіністерге тимегенмен жасақтары 
арып-ашып ауылдарына қайтқанда өштескен сұлтандарынан кегін қайтарады. 
Адамдарын шауып, қырып-жойып, малын айдап әкетеді. Осындай жағдайды 
ойлаған Кенесары, биыл ұрысудың жаңа әдісіне көшті. Және Лебедевпен шілде 
бойы берекесіз бітім сөз жүріп күннің өтіп бара жатқанына ол өте қуанышты да 
еді. Патша әскері тамыз шыға аттанса, бір ай-бір жарым ай айқасқа Кенесары 
жағы 
қайт- 
се де шыдайды, ар жағында қазан айы келіп, жаңбыр басталады!.. 


208 
Кенесарының есебі тура шықты. Сұлтан-правитель Ахмет войсковой старшина 
Лебедевке шілденің аяғында әзер келіп жетті. Ал Арыстан бар болғаны бес жүз 
ғана жасақ жинады. Баймұхамедтің де қаруланған жасағы осыдан сәл ғана асты. 
Мұндай жағдайды көрген полковник Бизанов, Орынбордан қосымша әскер 
алдырып бес мың солдатпен тамыздың басында ғана Сахарный бекінісінен 
шықты. 
Кенесарыға ең қауіпті күш осы Бизановтың әскері. Бірақ оған қарсы көп қол 
шығармай, қулық істегісі келді. Ол Бизановқа қарсы шағын жасақпен Нау- 
рызбай мен Ағыбайды жіберді. 
Ең алғашқы айқасты да осы екеуі бастады. Тамыздың жетісінде күн өте ыстық 
болды. Бекіністен шыққандарына екі тәуліктен асқан бес мың әскер, ат соғып, 
күйіп тұрған күнге әзер шыдап келе жатты. Қол басындай жуантық келген, қара 
мұртты Бизанов, оң жағында подпұлқындық (подполковник) шеніндегі Ахмет 
сұлтан, сол жағында пұлқындық (полковник) Баймұхамед. Арыстан бұл маңай 
өзіне жататын өңір болғандықтан, бүгін таңертең жүз адаммен жолдарынан 
бұрыстау тұрған бір қазақ аулына бұрылған. Ондағы ойы осы ауылдан қосымша 
жігіт алу. Бизанов әскерін күн бата қуып жетпек. 
Бизанов әскері жазық даладағы бір қарасудың жағасына тоқтады. Көл 
маңайында жақында қалың жаңбыр өтіп, қурап қалған шөбі қайта көгерген-ді. 
Көлдің суы да тұщы, мөп-мөлдір. Қалжырап келе жатқан әскерге ат шалдырып, 
тынығуға қолайлы... Су бетінде жүзіп жүрген қалың құс қаптаған адамнан үркіп, 
қанаттарын сымпылдай қағып көкке көтеріле жөнелді. Бір-екі есерсоқ солдат 
мылтықтарын да атты. Құстар одан әрі үркіп, аздан кейін тіпті көрінбей кетті. 
Мидай жазық дала, тек сол жақтарында өркештене біткен бұйратты адыр ғана 
бар. Оң жағы сағымдала қара құмға қарай созыла жоқ болады... 
Бизанов осы көлдің жағасына қонуды дұрыс көріп, қалың қолға «аттан
түсіңдер» деп бұйрық берді. Жазық дала, жау келер болса алыстан көз түседі. 
Алдын ала жіберген барлаушылар бұл араның қауіпсіз екенін айтып келді. 
Өйткені жан-жақтың бәрі бүдірі жоқ мидай жазық... Тек сол жақтарында ғана 
ұйысқан талды, жыңғылды Мұғажар тауының етегі. Бірақ әскер тоқтаған жерден 
ат шаптырым. Сондықтан барлаушылар ол жақты ат қинап зерттеген жоқ. «Алда-
жалда бұл жақтан жау келер болса, не тау етегі мен көл арасы қу дала, көзге түсер, 
не болмаса келе жатқан қолдың дүбірі естілер және егер жанынан құтыла алмай 
жүрмесе есі дұрыс қай қазақ осыншама қолға келіп тиіседі», — деп ойлады олар. 
Расында да бұлар қауіптенетін ешбір себеп жоқ еді. Өйткені Кенесары бес мың 
мылтықты әскер түгіл, бес жүз патша солдаттарымен де қаша жүріп соғысады. 
Орыс кәрлі қылышына бетпе-бет келер оның құдіреті шамалы... 
Қалың қол көл жағалай аттан түсіп, қос-қос боп шатырларын тікті. 
Жауынгерлер көл жағасынан қоға қиып әкеп от жағып шай қайната бастады. 
Мылтықтарын күрке етіп сүйестіріп, кейбіреулері су жағасына беті-қолын жууға 
кетті. 


209 
Сөйткенше күн батып, ымырт үйіріліп, қараңғылық та түсті. Әскерлер кешкі 
астарын ішіп болды да, жағылған оттарды сөндіріп, ұйықтауға ыңғайланды... Тек 
қолды қоршай барлаушылар мен шатырлар жанында күркеленіп қойылған 
мылтықтарды күзеткен қарауылдар ғана қалды. 
Бірақ жұрттың көзі енді ұйқыға кете берген кезде кенет «Аттан! Аттан», 
«Кенесары! Кенесары!» деген ащы айқайлар шықты. Тып-тыныш боп мүлгіген
далада бұл үн, қараңғы түнде күн күркірегендей қатты естілді. Сөйткенше болған 
жоқ, тынығып жатқан әскер шатырларының үстін мыңдаған салт аттылар басып 
кетті. Нағыз бір жер астынан қалың қол шыққандай. Сатыр-сұтыр ұрыл- 
ған сойыл, шоқпар, жалаңдаған қылыш, айқай-шу, өкірген адам, шыңғырған 
жылқы. Жаңа ғана ұйқыға кетіп бара жатқан әскер үсті әлем-тапырық болды да 
кетті. Ақыры «Абылай! Абылай!» деп салған ұранға «Ағыбай! Ағыбай!» деген 
күшті үндер қосылып, тынық түнді жер жарғандай тітірентті. Шатырларынан 
атып-атып шыққан солдаттар мылтықтарын алып салт аттылармен айқасқанша, 
қайың сойыл ысылдап кеп көк желкеден тиеді. Әйтеуір осынау жан шошырлық 
айқас өткіншек сұрапыл секілді аз уақытқа ғана созылды. Солдаттар енді аттарына 
мініп естерін жинаған кезде, салт атты сарбаздар, ауыл үстін жайпап өткен 
құйындай, топтарын бұзбастан, сойылдарын оңды-солды сілтеп заматта жоқ 
болды. 
Тыныш жатқан әскерге құйындай тиген бұл топ Ағыбай мен Наурызбайдың 
сарбаздары еді. Олар Мұғажар тауының етегіне осыдан екі күн бұрын келіп 
бекінген. Төлебай тыңшы арқылы Бизановтың әскерінің осы жолмен шыққанын 
күні бұрын біліп отырған. Кенесарының үйреткен соңғы тәсілі бойынша, бұл 
жасақ Мұғажар етегінің жыра, жықпылын, жыңғыл, тобылғы, қараған, талдарын 
бетке ұстай тығыла жайғасқан. Кенесары әскері адамды жасыра алатын адыр, 
шатқал, тоғай, ши, қамыс тәрізді жаратылыстың өзі бейімдеген жер бетінің 
ерекшелігін пайдалануда әбден машық болып алған. Кенесары әскері ойда
жоқтан, күтпеген жерден жауына шабуыл жасаса, көбінесе осындай бүдір, шилі 
сайдан, не жыңғылды, талды шатқал, шұбардан жасайтын. Ит жылы Ақтау 
бекінісінің қасындағы Тіленіш — Шет бекетін алғанда да, Кенесары сарбаздары 
әжептәуір қаруы бар патша жасағын қалың ши арасынан шыға келіп күл-талқан 
еткен. Мұны естіген генерал-губернатор Горчаков соңынан штаб бастығы генерал-
майор Фондерсонға ашуланып «Егер қазақтар тығылып жатқан қамыс, қарағай, 
ши тәрізді кісі жасырынар жерлерді күні бұрын саралап шыққан болсаңдар, олар 
бүйтіп аңдаусызда біздің солдаттарды бас сала алмас еді», — деп жазған. Патша 
әскері Кенесарының осы әдісінен талай аузы күйсе де, ылғи естен шығара берді. 
Бұ жолы да соның кебін киді. Алыстан қарайып көрінген Мұғажар тауының 
етегіндегі жыңғыл, талды ерініп тексермегендіктерінің сазайын тартты. 
Ағыбай мен Наурызбай жыңғылды шатқалдың ішінде тығылып жатты да, күн 
батып қара көлеңкелене бастаған кезде сап түзеді. Әр сарбаз аттарының аяқтарына 
әдейі арнап кигіз кебістерін кигізіп, жедел жүріп кетті. Аттардың анда-санда 
осқырынғаны, кісінегені болмаса, келе жатқан дүбірлері тіпті естілмейді. Түн 


210 
тастай қараңғы. Ал көл жағалай жұлдыздай жыбырлаған қалың от «біз мұндалап» 
бұларды шақырды да отырды. Ең ақырғы шоқ сөнгенде сарбаздар әскер жатқан 
маңға таяп кеп тоқтады. Ай шықпаған түн сол қалпында көзге түртсе көрінбес 
соқыр... Бұлар аттарының аяғындағы кебістерін алып, қайтадан мінді... Оң қолына 
тоғыз буынды шойын табанды найзасын ұстап, атақты Ақауызына мінген 
Наурызбай мен Ақылақты ор қояндай секірткен Ағыбай мың сарбаздың алдына 
шықты. Қараңғы түнде жаумен бірге өздері де бірін-бірі сойылға жықпас үшін 
бұлар 
әр 
жүз 
адамнан 
он 
сапқа 
бөлінді. 
Осылай 
он 
тол- 
қын болып бірінің соңынан бірі кідірмей, сойылдарын оңды-солды сілтеп жау 
үстінен өте шығатын боп уәделесті. Бір сап пен екінші саптың арасы, жүз басы 
жүзге санап жеткенге шейін ғана кідіреді. Осындай тәртіптен мың санды қол он 
толқын боп жау үстінен ат ойнатып, сойыл соғып өте шығуы керек. Бірін бірі 
ұрып жықпас үшін ешкім кідіруге тиісті емес. Сол қалыптарымен шауып, көлдің 
арғы сағасындағы құмайт алаңға жете қайта сап дүзейді. Естерін жинаған 
солдаттар қуар болса тоқтамай, әрі Айыр құмға қарай бет түзейді. Шабуылды дәл 
осылай өткізуді бұлар күні бұрын келіскен. Қараңғы түн екі жаққа бірдей. Тиген 
жау алдарында қос бар ма, жер ошақ бар ма, әлде әдейі арнап қазылған ор бар ма, 
білмейді. Сондықтан Ағыбай мен Наурызбай ұйықтап жатқан жау үстіне 
аялдамай, жайпап өте шығуды жөн деп тапқан. Наурызбай бастаған алғашқы бес 
жүз бірінен соң бірі «Абылайлап!» ат қойғанда, жер сілкініп тау қозғалған секілді. 
Оған Ағыбай басқарған бес жүз «Ағыбайлап!» қосылғанда әскер жатқан жерде 
ақыр заман орнағандай болды. Соққан құйындай Наурызбай мен Ағыбай жігіттері 
ұрандасып, көл жағалап, арғы бетке ауған шақта, әр жерге қоға, қамыс жағып 
естерін жинай бастаған солдаттар да таң асырып қойған аттарына мініп үлгірді. 
Дәл осы мезгілде бес жүз сыпай ертіп Арыстан да келіп жетті. Полковник Бизанов 
Арыстанға жаңағы тиген жаудың соңынан қууды тапсырды. Өздерінің де ай туа 
қозғалатынын айтты. Енді ол жауынгерлерін түгендей бастады. 
Көл жағалай қос-қос боп шашырай орныққандықтан шығыны жоқтың қасы 
екен. Әлгі шапқан жаудың айқай-шуы есті алғанмен бәлендей ештеңе істей 
алмапты. Дауылдай ойда жоқтан пайда болған жаудың айбарынан зәресі ұшып 
кеткен полковник енді есін жинап, шығын санауға кірісті. Жылқы баласы түнде де 
көреген келеді. Қоста жатқан солдаттарды тіпті баспапты. Қостан шыққан бірді-
екілі адам ғана ат астында қалыпты. Оның үстіне сойыл да біреуге тиген, біреуге 
тимеген. Қысқасы, қаза болған солдат жүзге жетер-жетпес. Жаралан- 
ғаны екі жүзге таяу... 
Өлген жауынгерлерді ор қазып көмгенше, ай да туды. Жер беті сұрғылттана 
көріне бастады. Полковник өліктерді қойып болысымен, түн баласын үркіте 
аспанға мылтық атқызып суық жер құшағына кірген жазықсыз жандармен ең 
соңғы қоштасу ресімін істетті. Содан кейін атқа қонуға бұйырды. Қалың әскер 
лек-лек боп жаңағы өздерін жусатып кете жаздаған жауларының соңынан қуа 
жөнелді. Аттары тынығып қалған екен, ауыздықтарымен алысып, қарш-қарш 
шайнайды. Әлден уақытта барып таң да сыз берді. Сол мезгілде бұлар Арыстан


211 
жасақтарына келіп қосылды. Беттері дұрыс екен, пұлқындық Арыстан Кенесары 
әскерінің алда кетіп бара жатқанын айтты. 
Бұлар енді алдарындағы жауы кейін қарай өтіп кетпесін деп балық сүзген 
аудай екі жаққа қанаттарын жая түсіп, бес жүз адам қатарласа сап дүзеп қуды. Ең 
ортасында полковник Бизанов, екі қанатында Жантөренің екі сұлтан-правитель 
балалары. Оң қанатында Ахмет, сол қанатында Арыстан. Әскер соңында 
Баймұхамед. Қазақ даласында шабуылды бір уақытта хуннулар да осылай 
ұйымдастырған. Сырттан қараған адамға қазір әскер жер-көкті алғалы келе жатқан 
ұшы-қиыры жоқ теңіз тәрізді. Сұсты әм қорқынышты. Керегедей қанаттарын жая 
бүкіл кең даланы алған бар болғаны бес мың адам, бұндай сап түзеуде әлденеше 
бес мың боп елестейді... 
Таң құланиектеніп атып қалған кезде алдарындағы Кенесары тобы да көрінеді. 
Бизанов тез қуып жеткісі келіп алға қарай ұмтыла түсті. Бірақ алдағы жау жеткізер 
емес. Қарасына көз жаздырмай зытып келеді. Тақа қара үзіп те кетпейді, тым 
жақындаттырмайды да. Біркелкі сар желіс. Беттері Айырқұм. 
Қуу қызығына түскен Бизанов «әне жетем, міне жетем» деп жан-жағына 
қарауды да қойды, екі көзі алда боп, сол жағында қалып бара жатқан сайды өрлей 
біткен қалың шиді де аңғармады. Үзеңгілер сартылдаған осындай жүріспен сәске 
түс те болып қалды. Кенесары жігіттері жеткізбейді де, жоғалып та кетпейді. 
Аралықты біркелкі ұстайды да отырады. Осындай жүріспен Бизанов әскері 
өздерінің азық-түлік, оқ-дәрі, артық қару-жарақтарын салған пар аттан жеккен жүз 
жеңіл ләкшәңке-арбаларынан тым ұзап бара жатқандарын байқамай қалды. Әлі де 
байқамас еді, тек бұларды арт жағынан талмаусырай шыққан мылтық дауыстары 
тоқтатты. Қолдың соңында келе жатқан Баймұхамед жасағы кейін шапты. Бұлар 
бие сауымындай мезгілде ғана азық-түлік тиеген арбаларға жетті. Алдарында жау 
шапқан көш жатыр. Сойылға жығылған бірнеше арбакеш қазақ жігіттері... 
Жиырма шақты солдат оққа ұшқан. Жер бетін алып кеткен шашылған ұн, тары. 
Қираған арбалар, бауыздалған көлік.. 
Шауып келген Баймұхамедтің керуен бастығы жаралы мосқал адамнан білгені, 
бұларға тиген Ағыбай тобы болды. Олар қалың ши арасында тығылып тұрып 
азық-түлікті керуенге шабуыл жасапты, «Өздері екі жүз қаралы адам деді керуен 
бастығы, дайындалуға да мұрша бермеді, мына қалың ши арасынан лап қойды. 
Қимылдары сонша жылдам болар ма, күзетші солдаттар арбадан секіріп-секіріп 
түсіп мылтықтарын кезенгенше қаптады да кетті, жауған сойылдан жан сақтаудың 
өзі қиынға түсті. Тек екі-үш-ақ солдат мылтық атуға жарады, леп-лезде жосытты 
да салды. Кейбіреулері аттарынан түсе сала лөкет пышақтарымен қаптарды тіліп 
жіберіп, ішіндегі ұн мен тарыны шаша бастады. Өздерін құтырған қасқыр дерсің, 
«әу» дегенше бәрімізді қан-жоса ғып сабап, солдаттардың қару-жарақтарын 
аттарының алдына өңгеріп алды да көзден ғайып болды». 
— Қалай қарай кетті өздері? 
Сойыл тиіп, бір қолы сынып, жанын қоярға жер таба алмай тұрған керуен басы 
сау қолын кейін сермеді. 


212 
— Мына жаққа!.. 
Бұларды шапқан расында да Ағыбай тобы еді. Артта келе жатқан азық-түлікті 
көшке тиіп, Бизанов әскерін кідірткеннен кейін Ағыбай қасындағы жігіттерімен 
кейін қайтып Кенесары әскеріне жетуге тиісті. Ондағы мақсат: бұларды қууға 
Бизанов амал жоқ жасақ бөледі, сөйтіп генерал полкін бөлшектеуге мәжбүр 
болады. Ал бөлшектенген әскермен алысу әрқашан да жеңіл. 
Бірақ Бизанов өйтпеді. Қайта оралған Баймұхамед жасағын қосып алып, 
алдындағы жауын қуа беруді жөн көрді. Ол «алдымдағы Кенесары әскері, мынау 
болмашы қол тек бізді алаңдатуға жіберілген» деп ойлады. Сөйтіп Бизанов 
алдындағы қарасы әлі үзіле қоймаған жауын қуып жетуді ұйғарды. Аттары 
жараулы мың солдат алды да, өзге әскерін азық-түлік тиелген көштен қол үзбей 
жедел жүріп отыруға бұйырып, жүріп кетті. Бұл кезде Наурызбай бес жүз адаммен 
қалған. Мың сыпайдың екі жүзі бағана Ағыбаймен кеткен. Ал ұзақ шабысқа 
жарамайтын үш жүзі, түнгі айқастан кейін бірден солға бұрылып, Бизанов әскерін 
орағыта Мұғажарға беттеген. Ақырында кілең жүйрік мінген бес жүз ер жүрек 
сарбаздарымен өзі қалған. Кенесарының бұл топқа тапсырған міндеті: Бизанов 
әскерімен қоян-қолтық алыспай, қашқан түлкі тәрізді, алыстан қылаңдап, құмға 
қарай әкете беру. Бұл кезде Кенесары басқа батырларымен бірге патша шығарған 
өзге жасақтарға қарсы аттанады. Алға қойылған мақсат: шамасы келсе жеңіп, 
шамасы келмесіне көзі жетсе, қуғыншы жасақтарды соңынан шұбыртып Қарақұм, 
Қызылжыңғыл секілді қазақ жерінің түкпіріне дейін апару, сөйтіп әбден 
қалжыратып 
барып, 
күзгі 
жаңбырға 
соқ- 
тыру? 
Осы әдістің бір тарауын орындамақ Наурызбай Бизанов әскерін соңынан ертіп 
құмға қарай жөнелді. Осы қуғынмен үш күн өтті. 
Ал төртінші күні мүмкін соғысқұмар Наурызбай қаша беруді намыс көрді ме, 
әлде бөтен бір себебі болды ма, ол өзінің азғантай қолымен Бизановқа бетпе-бет 
келіп айқаспақ болды. Бірақ оның бұл көзсіз ерлігі өзінің түбіне жете жаздады. 
Үш күн жүрістен әжептәуір қалжыраған Бизанов әскері төртінші күні жылап 
аққан кішкентай өзеннің жанына кеп түнеді. Осы қалың қолға таң сазарып атып 
келе жатқан кезде, қырқа белесті тасалай кеп, Наурызбай бес жүз жігітімен 
«Абылайлап!» ат қойды. Ақауыз көкбестіні көсілте салған, зілдей найзасын оң 
қолымен ойната көтерген Наурызбай өзі жігіттерінің алдында... Бұлар да жетті, 
гүрсілдеген мылтықтың да даусы шықты. Лагерь үстіне келіп қалған сарбаздардың 
бірнешеуі оққа ұшып, аттары ойнап шыға берді. Мұны көрген Наурызбай бір-екі 
солдатты найзасымен көтере лақтырып, жігіттерін соңынан ерте, оң жақтағы 
ойпатқа бұрыла шапты. Бірақ Науызбайды нысанаға алған бірнеше мылтық даусы 
шаңқ-шұңқ етті. Науырзбай кенет Ақауыздың жалын құшып қалды. Артында 
шауып келе жатқан Николай Губин қатарласа келіп, оны құшақтай берді. Енді 
Ақауызбен үйірлес кер төбел қатарласа құстай ұшты. Бизанов солдаттары 
жайылып жүрген тұсаулы аттарын тауып мінгенше, құйындатқан қазақ жігіттері 


213 
жүзге таяу жолдастарын оққа ұшырып, бұйратты белес, өркешті адыр арасына 
кіріп көзден ғайып болып кетті. 
Қасында ақылшы Ағыбай жоқ Наурызбай, бұл жолы қателескен еді. Бизанов 
әскерін әнеукүнгі қоғалы көл жағасындағыдай күтпеген жерден шабуыл жасап, 
тағы да талан-тараж етіп кетем деп ойлаған. Наурызбайда «көзсіз ер екен, бес жүз 
адаммен бес мың қолға шапты» деген жұрт таң қалар сөзге ілігу ниеті де жоқ емес 
еді. Бірақ онысы болмай қалды. Жүз жолдасын оққа ұшырып, ал өзі қара саны мен 
оң бүйірінен ауыр жараланып, ажал қақпанынан әзер құтылды. Егер атұлтаны 
Николай Губин дер кезінде жанына жетпегенде, көзі қарауытып есінен танып бара 
жатқан Наурызбайдың аттан түсіп қалуы анық еді. Ерлікті мақсат, атақты арман 
ете бастаған Наурызбайға бұл айқас жеңіл тимеді, жауынан құтылса да келесі 
жылға дейін аттанысқа шығуға жарамай, төсек тартып жатып алды. 
Бизанов қоғалы көл оқиғасынан кейін, солдаттарына мылтықтарын қос етіп 
күзеттіріп қоюды тыйған. Әр солдат түнде оқтаулы мылтығын жанына алып 
жататын болған. «Абылайлаған!» алғашқы айқай естілгеннен-ақ, қостарынан 
жүгіре шыққан солдаттардың келіп қалған жауға төтеп бере алуы да осыдан еді. 
Наурызбай тобынан өлгені, жаралысы бар жүздей адам шығын болса, бұлардың 
сойылға жығылып, найзаға түйрелгені жиырмадан аспайды. Бұдан артық қандай 
жеңіс болар! 
Азғантай сарбазбен осыншама қолға шапқан жігіттердің ерлігіне таң қалған 
Бизанов, қолға түскен бір жаралы жігіттен бұл шабуылды ұйымдастырған 
Наурызбай екенін білді. 
— Кенесарының өзге әскері қанша жерде? — деп сұрады полковник. 
Жігіт расын айтты. 
— Кене хан бұл арада емес, өзінің ордасының маңында, біз тек сендерді 
адастыруға жіберілген жасақпыз. 
Полковник өзінің қателескенін енді ұқты. Ол бұдан әрі Наурызбай жасағын 
қуып құр әуре болудың керегі жоқтығын түсініп, Ырғыз өзеніне қарай кейін 
шегінуді ұйғарды. Бостан-бос өте керекті он шақты күнді жоғалтқанына қатты 
өкінді, бірақ амал қанша. Арып-ашып тағы екі жеті дегенде войсковой старшина 
Лебедев пен Ахметтің әскеріне жете алмай, Ырғыз бен Үлкенаяқ өзенінің 
жағасында тұрған Кенесары әскерінің оң жағынан шықты. Бірақ бірден соғысып 
кетпей, Лебедевпен байланыс жасамақ боп және ар жағынан келе жатқан Омбы 
генерал-губернаторының әскерін күтіп тағы бір жеті кідірді. Ақырында олармен 
тізе қоса алмайтынына көзі жеткен Бизанов, Кенесары қолымен тек өздері ғана 
соғысуға мәжбүр болды. Бірақ бұл кезде күздің ақ жауыны да бас- 
талды. Және айлакер Кенесары Бизановпен бетпе-бет келмей тағы да қаша 
соғысуға кірісті. Біресе Ырғыз өзенінің оң жағынан шығып, біресе Үлкенаяқтың 
сол жағасынан көрініп, оған ұстатпай әбден әбігерін кетірді. Сөйтіп жүргенде 
қазан айының қалың жаңбыры басталды. Ат үстінен екі айдан бері түспеген 
солдаттары түгіл, өзі әбден иттей боп қажыған Бизанов, Мұғажарға қарай көшіп 
келе жатқан Кенесарының аулын қумай, Ор қаласына қарай шегінді. 


214 
Бизановтың кейін қайтқанын естіген Лебедев пен Ахмет енді амалсыз Тобылға 
беттеді. Кенесарының күткені де осы кез еді. Ол аз уақыт аялдап, сарбаздарын сәл 
тынықтырып алды да, қайтадан атқа қонды. Үш жүз елу жігітті өзі басқарып келіп, 
алғашқы қар түскен қарасуықта, Үй өзенінің бойындағы қыстауына келіп 
орналасқан қорғансыз қалған сұлтан-правитель Арыстанның аулын шапты. 
Кенесарының бұл шабуылы да сондай күтпеген жерден болды, Арыстан аулының 
адамдары Орынбор шекарасындағы әскерлерге хабар беруге де үлгіре алмай 
қалды. Кенесары Арыстанның үш жарым мың жылқысын, үш жарым мың түйесін, 
жеті мың қойын, мыңға жуық қара малын тал түсте айдап әкетті. 
Арыстанға тек үш күннен кейін ғана бес жүз солдат көмек келді. Жанталасқан 
сұлтан-правитель Кенесары қолын Ор өзеніне дейін қуып барды да, ештеңе 
шықпайтынына көзі жетіп кейін қайтты. 
Сөйтіп полковник Бизанов басқарған Орынбор әскери губернаторының бір 
мың сегіз жүз қырық үшінші яғни Қоян жылғы аттанысы нәтижесіз бітті. Сондай-
ақ осы жыл Батыс Сібір генерал-губернаторы бұйрығы бойынша Омбы, 
Қарқаралы, Қызылжардан шыққан жасақтарға Кенесары батырлары бетпе-бет 
айқасқа келмей, қаша ұрысып, әбден қалжыратып кейін шегінуге мәжбүр етті. Тек 
Иман батыр мен Жанайдар бастаған топ есауыл Лебедевтің әскерімен ашық 
майданда кездесті. Бұл айқас Терісаққан өзенінің төменгі сағасында өтті. Бұрын 
Кенесарыда тұтқын болған, Қарқаралыдан шыққан әскердің бастығы есауыл 
Лебедев өте қорлануда еді. Кек алатын күн болар ма деп іші мыс қазандай 
қайнауда болатын. Ол Қарқаралыдан Қараөткел келіп, одан жүз сексен шақырым 
Атбасарға үстірт жүріп отырып, екі-ақ күнде жеткен. Атбасар қаласынан бастап 
Ұлытауға дейін бірде-бір орыс поселкесі жоқ, мидай жазық көк шал- 
ғынды кең дала — Алашахан тұсынан-ақ қазақтың ата қонысы. Бұл араның дені 
Арғын, Қыпшақ азын-аулақ Найман бар... Көпшілігі Кенесары жағына шыққан. 
Тек Сандыбайдың Ерденіне жататын Найман руынан Жырық ауылдары мен 
Арғынаты, Қарақойын қашырлы төңірегіндегі Кішкентайдың Аққошқарына 
бағынатын Орта жүздің біраз аулы ғана көтеріліске қосылмай қарсы әрекет істеуде 
еді. Бай және белді рулар болғандықтан Кенесары да бұларға бәлендей қаһар төге 
қоймайтын. Тек ыңғайлы кезін күтіп іштен тына жүре беретін. Осы екі шонжарға 
иек тіреген Лебедев Атбасардан өтісімен-ақ Кенесарыға тілектес ауылдарға 
қасқырдай тиді. «Мынау Кенесары жағында» деген адамдарын тал түсте жұрт 
көзінше атып, түнде қазақтың сұлу қыз-келіншектерін қорлауға шықты. Соны 
естіген қызу қанды Иман мен Алтай руының батыры Орынбайдың Жанайдары 
есауыл Лебедевпен кездескенше асықты. 
Ақырында Арғынаты етегімен терістікке қарай құлаған Иман — Жанайдар 
тобы, Атбасардан күнгейді беттей келе жатқан есауыл Лебедевпен Терісаққан 
өзенінің төменгі сағасында бетпе-бет кездесті. Иман — Жанайдар қарамағында 
сойылды-найзалы мың жігіт болса, Лебедевте бес жүзге таяу әскер бар, бірақ 
олардың бәрінде аузында ажал ойнаған, қорғасын оқты мылтық, мойындарында
жүзінен қан тамған көк қылыш. 


215 
Егер Лебедев жасағы аттарынан түсіп, ыңғайлы жерге орналасып соғыс ашса, 
Иман мен Жанайдар дым да істей алмас еді. Бірақ бұлар есауылды онда жағдайға 
жеткізген жоқ. Күн батып бара жатқан шақта қалың талды сайда аңдып жатып, 
Лебедевтің барлаушыларын алға қарай өткізіп жіберді де, қыр астынан 
шоғырланып шыға келген солдаттарға бір бүйірден лап қойды. Лебедев әскерлері 
иықтарындағы мылтықтарын алғанша бытырай шауып бұлар да жетіп үлгерді. 
Алдарында есік пен төрдей қара қасқа айғыр мінген, қисық бұқар қылышын 
басынан аса үйірген Иман батыр... Заматта сапқа тұрып үлгерген солдаттар мен 
қиқу сала жеткен қазақ жігіттері қоян-қолтық келіп қалды. Шақыр-шұқыр 
қағысқан қылыш, пәрменінше сілтеген сойыл, шоқпар. Көксүңгі ұшы адам 
кеудесіне қарыс кірген найза... Ат жалын құша құлаған қыршын жігіттер... Кәрі 
әке-шешенің жалғызы, қашан қайтады деп майданға телміре көзін тіккен аяулы 
жардың сүйгені, еңбектеген жас баланың әкесі, ардагер жанның інісі, ақкөңіл 
жастың ағасы. 
Бұл қан төгіс жарты сағатқа созылды. Әйтсе де көздеп атқан мылтық, кезенген 
тапанша, шүйірілген болат қылыш шыдатпады, Иман — Жанайдар сарбаздары 
аздан соң «Кейін!» деген Иманның күшті даусымен қатар біртіндеп шегінді. 
Шабуылда тым-тырақай шауып келгенмен, шегінерінде топтарын жазбай, 
қоюланып келе жатқан түнді жамылып бірден жоқ болды. Бұларды қууға Лебедев 
солдаттары да жүрексінді. Қуаты жетпеді. Үй төбесі құлап түскендей, жоқ жерден 
пайда болған пәледен құтылғандарына қуанды. Екі жақтан да қаза тапқан адам аз 
емес. Екі қол екі төбенің басына орналасып, уәкілдер жіберіп, майданда қалған 
өліктерін алуға уәделесті. Түнімен әрқайсысы әр төбенің басына адамдарын 
көмумен болды. Бүгінгі соғыстағыдай емес, қанша қастасса да о кезде мұндай 
уәделесу, әлі де адамгершілік борышты ұмытпау тәрізді дәстүрлер мықты 
сақталатын. Қаралы жасақтар түні бойы қаза тапқан жолдастарының алдарында 
өздерінің соңғы борышын атқарды да, таң атысымен қайтадан жауласуға кірісті. 
Иман батыр енді Кенесарының жақсы көретін әдісі — қаша соғысу тәсілін 
пайдаланып Лебедевтің жасағын бір ай бойы Арғынаты жоталарының арасымен 
соңынан ертті де жүрді. Ақырында үш жүздей ғана солдаты қалған есауыл, күндіз-
түнгі ат үстінде селкілдеуге шыдай алмай азып-тозып, күздің қалың жаңбыры 
басталған кезде Қарқаралы бекінісіне қарай бұрылды. Иман батыр да Кенесары 
ордасы бекінген Мұғажар тауына беттеді. Орта жолға таяғанда бұларға екі жүз 
адаммен Жанайдар батыр келіп қосылды. Жанайдар батыр Лебедев жасағымен 
тағы бір айқасқан түні, Кенесарының бұйрығы келген. Сол бұйрық бойынша ол 
қасына екі жүз сарбаз алып, жұрт бұ жақта қырылысып жатқанда, Қоңырқұлжа 
аулын шаппақ болып Ақмолаға қарай аттанған. Оның бұлай тығыз аттануына 
Қоңырқұлжа тоқалының аулымен Атбасар шекарасына көшіп келіпті деген хабар 
себеп 
болған. 
Орынбай 
бидің 
жал- 
ғыз баласы Жанайдар да Қоңырқұлжаға көптен бері өш. Аға сұлтан Қоңыр- 
құлжа оның жаз жайлауы — Есілдің сағасындағы «Керегетас» деген жерді өзінің 
туысы Жақыбайдың баласы Ыбырай сұлтанға алып берген. Соңынан Құсмұрын 


216 
өкірігі жойылып, бір мың сегіз жүз қырық бірінші, яғни Сиыр жылы Атбасар 
өкірігі ұйымдасқанда осы приказға Ыбырайды аға сұлтан етіп сайлауға да 
мейлінше ат салысқан. Осындай өшпенділікпен Қоңырқұлжадан кек алуға тісін 
қайрап жүрген Жанайдарға Кенесары бұйрығы майдай жақты. Екі жақ бірдей қан 
төгістен кейін у-шу боп жатқанда, Алтай руының екі жүз жігітін ертіп, Жанайдар 
Атбасарға қарай бір-ақ тартты. Жұрт айтқаны рас екен, тоқал аулы Атбасардың 
күншығыс жағындағы Бидайықты деген жерде отыр екен. Кенесары жасағы 
Торғай бойында патшаның қалың әскерімен соғысып жүр деп естіген ауыл, 
қаннен-қаперсіз еді. Үш күннің ішінде Жанайдар батырдың бұл араға келе 
қалатынын қайдан білсін, салынып бітуге айналған Қараөткел бекінісінің 
қасындағы қыстауына көшкелі дайындалып жатқан-ды. Жанайдар жалақтаған екі 
жүз жігітімен ауылды тал түсте шапты. Әттең не керек, Қоңырқұлжа бұл жолы да 
қолға түспеді. Ол кеше ғана Ақмолаға жүріп кеткен болатын. Қоңырқұлжаның 
күзетке тастаған солдаттары бұларға тек бес-алты рет оқ атуға ғана жарады. Сол 
оқтың бірі Жанайдардың балтырына тиді. Енді ол жараланған қасқырдай ауылды 
аямады. Тек кісі өлтірген жоқ, одан бөтеннің бәрін істеді. Ақырында 
Қоңырқұлжаның жас тоқалы Зейнепті бас етіп, ауылдың бар мал-мүлкі мен отыз 
қыз келіншегін олжа етіп кейін қайтты. Осы олжалы көш еді Иман батырдың 
жасағына келіп қосылған. 
Сұлтан-правитель Арыстан аулын шапқаннан кейін Кенесары Мұғажар тауына 
бекінген. Жорықтан олжалы оралған батырларын ол масайрай қарсы алды. 
Жасақты бастап келе жатқан Иман аттан түскенде, қазақтың ескі дәстүріменен 
құшақтарымен құшақтарын айқастырып, төстеріне төс тигізіп амандасқан. 
— Сау қайттың ба, Айеке? — деді Кенесары. Сөйтті де жан-жағына қарап, — 
Жанайдар сұңқар көрінбейді ғой... Қаралы хабар бермеген секілді едің... — деп 
қобалжи күмілжіді. 
Кенесары ақырғы үш жылдың ішінде, отыз тоғызыншы, яғни Доңыз жылы 
Омбы мен Орынборға бағынатын қазақ ауылдарының шекарасы етіп Телікөлге 
дейін қызыл діңгектер қағылған Қарынсолды, Торғай өзендерінің бас жағындағы 
бірнеше Сібір бекіністерін шапқан. Соның ішінде «Көкала жар» бекінісіне де 
тиген. Бірақ бұл бекіністі ереуілшілер көпке дейін ала алмаған. Осындай қиын 
кезеңде Иман батыр азғантай жігітпен бір қараңғы түнде бекіністің түкпір 
жағынан «Көкала жарға» кірген. Осы бір ерлігіне риза болған Кенесары Иманды 
содан кейін «Аяу батыр» — «Аякең» деп атап кеткен. Кене хан қазір де Иманды 
сол әдетіменен еркелете атап тұр. 
Иман батыр келе жатқан көштің соңын көрсетіп: 
— Жанайдар батырың да сау, тек балтырынан оқ тиіп, ат үстінде жүре алмаған 
соң, арбаға салып әкеле жатыр едім, — деді. 
Кенесары хандығына қарамастан жүгіре басып Жанайдар жатқан арбаның 
жанына барды. 
— Сұңқарым, қалайсың? — деді арба үстіндегі Жанайдардың бетіне үңіле. 


217 
Бірақ жауап қайтпады. Жанайдар бұл кезде ессіз еді. Күптей боп ісіп кеткен 
аяғының зардабы жүрегіне шауып, өлім халінде жатқан. Батырының мұндай күйін 
көрген Кенесары қасына келген Наурызбайға: 
— Олжаны әбілғазы мен Таймас жұртқа бөліп берсін, — деді де Жанайдарды 
тезірек өзінің ордасына әкелуді бұйырды. 
Сабырлы, сөзге шешен, ақылды Жанайдарды Кенесары ерекше жақсы көретін. 
Өлім аузында жатқан батырын ажалдан қалай құтқарам деп түні бойы 
шақыртпаған бақсы-балгері қалмады. Үшкіру, ұшықтау, ісіктен қан жіберу секілді 
қазақтардың жайшылықта қолданатын емдерінің бірде-бірі қалған жоқ. Бірақ 
Жанайдардың халі нашарлай берді. Енді батырын құтқара алмайтынына көзі 
жеткендей болған Кенесары қалың қабағы түксиіп қайғыға енді. Ол қайғырса, не 
ашуланса адам баласына тіл қатпайтын, төмен қарап тұнжырай отырып алатын. 
Сұлтанның мұндай халін көрген бір кәрі кемпір: 
— Кенежан, Жанайдар батырды «ақ жол» емімен емдеп көрсек қайтеді? — 
деді. 
Бөтен амал қалмағанын білген Кенесары әлденеге күдіктенсе де: 
— Сөйтсек, сөйтіп көрелік, — деді. 
«Ақ жол» емі төре тұқымының әйел жыныстысын бозбалашылықтан, ерлері- 
нің көзіне шөп салушылықтан сақтау үшін Абылайдың өзі шығарған ем болатын. 
Бұл ем бойынша сұлтан тұқымынан шыққан әйел жаралы адамның үстінен аттап 
өтеді. Егер әйел ерінің көзіне шөп салмаған адал жан болса, жаралы жазылады. 
Ал әйел ақ жолды дұрыс ұстамаған күнәкар болса, жаралы үстінен әйел аттаған 
мезгілге жетпей өледі. Бұл «ақ жол» емі жаралы адамнан гөрі, төре тұқымынан 
шыққан қатындарға үлкен сын. Әйелдері заты еркек жанды болып келетіндіктен 
сұлтандар бұл емді жұрт көзінше өздерінің қадірін төккілері келмей, көп 
қолданбайтын. Кенесары көңілі күдіктенсе де, қайғы үстінде «сөйтсек сөйтейік» 
деп қалған. 
Ханның әмірі бойынша төре тұқымының біраз әйелі ордаға шақырылды. 
Бастығы Бопай болып келді. Кәрі кемпір «ақ жол» емінің негізгі шарттарын 
айтып, күнәм жоқ деген әйелдің Жанайдардың үстінен аттап өтуін сұрады. «Егер 
күнәң болса аттаған кезіңе жетпей Жанайдар өледі», — деген сөзден қорыққан 
төре тұқымынан шыққан күнәлі әйелдердің бірде-бірі «батыр өліп кетіп, мас-
қарамыз шықса, Кене ханның кәріне ілінерміз» деп Жанайдардың үстінен аттауға 
бата алмады. Орындарынан қозғалмай тұрып алды. Кенесарының түксиген қабағы 
бұрынғысынан да қатты түксие түсті. Үй ішінде отырған сұлтандарда жұртқа 
қарар бет жоқ. Бастарын төмен тұқыртып құр жер шұқи берді... 
— әттең Күнімжан келіннің жоғын-ай, — деді есік жақта отырған бір кәрі 
қатын. 
Кенесары ауыр күрсінді. «Иә, Күнімжан болса... Ол сөзсіз аттар еді. Жоқ, кім 
білсін, екі жылдан асып барады ғой жат жерде жүргеніне...» Қатыгез, тас жүрек 
Кенесарының жүрегі кенет өртеніп кетті. Ол басын көтеріп алды. Орданың есік 
жағында тұрған жеңге, келіндерінің бетіне тесіле қарады. «Жоқ, бұлар күнәсіз 


218 
болуы мүмкін емес... Анау оймақ ауыз дүниеде бір-ақ адамды сүю үшін ғана 
жаралмаған. Кәрі қақпастың «Ақ жолына» бекер көнген екенмін. Ешқайсы 
шықпаса, Абылай атамның ұрпағын мына сайқалдар масқара етеді-ау! Қалың 
қолға қарсы шапқанда мұндай қысылмаушы едім. Өлген жерім осы болды-ау!» 
Кенесарының ойын кенет күміс қоңыраудай сыңғырлай шыққан дауыс бөліп 
жіберді. 
— Рұқсат етсеңіздер, аға аяғын мен аттайын. — Бұны айтқан Ақбөкен еді. 
Кенесары басын көтеріп алды. Ақбөкеннің сұлу жүзіне тесіле қарады. «Наурызбай 
білмей алмаған екен. Бір адалдық шықса осыдан шығар». Бірақ Кенесарының 
қуанған көңілін қара кемпір тез суытты. 
— Келін шырағым, саған болмайды, — деді ол жемтікті шоқып тұрып жан-
жағына қараған кәрі қарғадай басын шайқап, — сен төре келіні болғанмен, төре 
тұқымынан емессің! 
Кенесары қара кемпірге түйіле қарады да қойды, «Абылай бабасы осылай шарт 
қойса, Кенесары не істесін? Расымен-ақ ешкім шықпағаны ма?» 
— Бопай, өзің аттап көрсең қайтеді? — деді әлдекім есік жақтан міңгірлеп 
сөйлеп. 
Бопай жұлып алғандай: 
— Былшылдамай жайыңа тұр, — деді, — күндіз-түні ат үстінде жүріп 
қалжырап, кейде қатты ұйықтап қаласың... Ер жүрек біреу ойындағысын істеп 
кетіп, оң қолдай батырдың ажалына себепкер болсам, жұртқа қай бетіммен 
қараймын? 
Кенесарының басы енді тіпті салбырай түсті. «Бопай мен Жанайдар батырдың 
көңілдері жақын» деген бір сыбысты әлдеқалай Күнімжаннан естіген. Ол кезде 
қатынының сөзіне мән бермей «қойшы, қайдағы жоқты айтпай» дей сал- 
ған. «Сол сыбыс рас болды-ау!» деді ол ішінен. Әйтсе де Кенесары қарындасы 
Бопайға риза. «Абылайдың ұрпағы емес пе, күнәсі бар екенін жұртқа аңғартпай 
сылтау тауып құтылып кетті». 
Артынан халық арасында: 
«Жанайдар артық туды жатырынан, 
Оқ тиді Жанайдардың балтырынан, 
Бір айла өлмес жанға бола ма деп, 
Аттайтын қатын іздеді ата ұлынан. 
Аттайтын бір де қатын табылмады, 
Төрелер түңіліп тұр қатынынан!» — 
деп өлеңге айналған бұл оқиға Кенесарыны жаман ашулантты. «Мұндай 
қатындардан туған ұл қайдан батыр болады? Кімді көтереді? Расымен төре 
тұқымы бақа-шаянға айналғалы бара ма? Расыменен Абылай атамның түсі шын 
бол- 
ғалы тұр ма? Бүкіл қазақ түгіл, өз ұрпағымды жөндеп түлете алмайды екенмін, 
қалай Үш жүзге хан болмақпын?» 


219 
Кенесарының ойын тағы бір дауыс бөліп жіберді. 
— Кешегі алып келген тұтқын әйелдердің ішінде төре тұқымдас ешкім жоқ па 
екен? 
— Бар. Неге болмасын. 
Жасауыл Зейнепті бас етіп екі-үш жас келіншектерді алып келді. Қара кемпір 
бұларды неге шақырғанын айтты. 
— Мен аттайын, — деді Зейнеп ойланбастан, — әкем де, байым да төре 
тұқымы. 
Қоңырқұлжаның жас тоқалының бозбалашылық қылығы жайынан біраз жұрт 
хабардар еді. Бірақ көздерімен көріп, қолдарымен ұстамағаннан кейін «ел не
айтпайды, мүмкін өсек шығар», — деп үндемеді. Ал Зейнеп болса қара кемпірдің 
сөзін ойыншық көрді. «Күнәлі қатын үстінен аттағанға батыр өлсе — өле берсін. 
Мықтағаны Кенесары бір жайсаңының ажал тапқаны ма, өз обалы өзіне, тыныш 
жатқан елді шауып несі бар... Ал алда-жалда... Құдай менің артымды бағып жүр 
дейсің бе, сезбей, көрмей қалып, мына саңдағы жазылып кетсе, жұрт қызықты 
сонда көрсін. Менің адал емес екенім алты алашқа аян, жұрт мақтаған Абылай 
атамның да айлакер қатыннан ақылы аса алмағанын бүкіл халық білсін». 
Дағдарған жұрт «аттасын, аттасын» деп Кенесарыға қарады. Хан мақұлдап 
басын изеді. 
Бүйректей бұлтыңдаған Зейнеп, бүкіл қазақ дірілдеген Кенесарыдан 
қымсынбастан шытырма көйлегінің етегін екі қолымен жоғары көтерді де, ақ 
жібек ыстанының кестелі балағын көрсете, кешеден бері алғашқы рет өлімсірей 
көзін ашқан Жанайдардың үстінен «ә, құдай!» деп ойнақши күліп аттай берді... 
Ал Жанайдардың әлгі көз ашуы есінің кіре бастағаны еді. Үш күннен бері 
ісікпен алысқан алып дене, бір балгердің шөптен істеген шипалы дәрісінің 
арқасында кеселді жеңе бастаған. 
Осы сәт Зейнептің өжет қылығына дәл келді. Жанайдар ісігі қайтып, ертеңіне
тіл қатуға жарап қалды. 
Бұны көрген Кенесары батырының сау қалғанына қанша қуанса, қарашылар 
көзінше төре тұқымының абыройының сақталып қалғанына сонша қуанды. 
Зейнепке әбден риза боп қалған сұлтан қас жауының тоқалы демей, бостандық 
бермек оймен, ертеңіне оны Ордасына алдыртты. Үйде Таймас пен әбілғазыдан 
бөтен Ағыбай, Бұқарбай, Жеке батыр, Иман бар еді. 
— Қоңырқұлжа қанды кекті жауымыз болса да әйеліне зәбір еткіміз келмеді, — 
деді Кенесары бостандықты Зейнеп өзі сұрасын деген ниетпен, — қандай тілегің 
бар, айт, береміз. 
Хан болсын, қара болсын, еркек адамға тек еркектік жағынан ғана қарайтын 
Зейнеп, Кенесарыдан хан екен деп қаймықпады, оған жайраңдай қарап: 
— Шын айтасың ба? — деді. 
— Шыным. Хан екі айтпайды. 
— Онда... Хан қайным, жалғыз ғана тілегім бар, — деді екі беті балбырап, қап-
қара бота көзі күлімдеп, — мені Қараүлектен айырмаңыз. 


220 
Түсінбей қалған Кенесары: 
— Не дейсің? — деді. 
— Мені Қараүлекке қосыңыз деймін. 
— Қай Қараүлек? 
— Өзіңіздің құлыңыз. 
Таймас пен әбілғазы кеше Иман батыр мен Жанайдар Қоңырқұлжадан алып 
келген олжа мал-мүлікті жұртқа бірдей етіп үлестіріп берген. Ал тұтқын қыз-
келіншектерді екі үйге бөліп, «бұларды кімге беруді ертең шешеміз» деп, бір үйді 
Батырмұрат жігіттеріне, екінші үйді Қараүлекке күзеттіріп қойған. Қара- 
үлекке күзеттірген үйдегі Зейнеп, ел жатқан кезде «сыртқа шығар» деп күзеттегі 
құлдың мазасын алған. Мылқау Қараүлек «шаруасын бағана неге бітірмеді екен» 
деп ашуланса да, піскен бауырсақтай томпиған жас тоқалдың көңілін қимай, сайға 
алып барған. Шаруасын бітіріп болғаннан кейін Зейнеп, күздің суық түніне 
қарамай, үстіндегі мақпал шапанын жерге тастап, артында жар жағасында тұрған 
құлды адамға санамай ыстанын аяғының ұшына дейін түсіріп, жылып аққан 
бұлақтың мөлдір суына о жер, бұ жерін жуа бастаған. 
Айлы түн, қарасанына дейін аппақ боп ашылған жас тоқалдың бөксе жағы... 
Қырыққа келгенше әйел көрмей, алып денесі құрысып мазасын алған Қара- 
үлек әзер шыдап тұр. Еркектің мінез-құлқына әбден әккі болған жас тоқал оның 
халіне түсініп өзіне шақырып: «әй, құл, бері кел, мына кебісімді аяғыма кигіз» 
деген. Қараүлек көзі қарауыта демін ентіге алып, әзер таяған. Ар жағында оны 
сезім жеңген. Талмаусырап кетіп, тек бие сауымындай кезде көзін әзер ашқан 
Зейнеп, дел-сал боп ұялап қалған денесін мақпал шапанының үстінен көтере 
алмай 
тағы 
біраз 
жатқан. 
Талай 
еркекті 
көрген 
Зейнеп 
Қара- 
үлекке аса риза болды. Бірақ бұдан әрі қуанышқа шыдай алмайтынын сезіп, аяқ 
жағында үн-түнсіз тізерлеп отырған Қараүлектің бұқадай жуан мойнынан 
құшақтап өзіне тартты. Содан кейін қолаңса сасыған бетін бетіне таяп: «мені үйге 
апарып таста» деді сыбырлай сөйлеп. Көн боп қатып қалған денесін қорғасындай 
балқытқан жас тоқалды Қараүлек жас қозыдай бауырына қыса құшақтап қараша 
үйдегі бөстекке апарып жатқызған. 
Зейнептің нені тілеп тұрғанын жаңа ғана түсінген Кенесары ызадан қара 
күреңденіп кетті, бірақ тіс жарып, тіл қатпай төмен қарай берді. Кеше ғана төре 
тұқымының абыройын сақтап қалған Қоңырқұлжа тоқалына енді жеркене қарады. 
Төре тұқымынан шыққан әйелдің тіпті, қарашы емес, төлеңгіт емес, есікте жүрген 
құлға шығамын деуінен артық масқара бар ма! Хан Кененің ақсүйектік намысы 
жүрегін оттай өртеп, іштей апыр-топыр болды да қалды. Бірақ ханның ашулы 
жағдайын Зейнеп түсінсе де айтқанынан қайтпады. 
— Хан екі сөйлемес болар, — деді Зейнеп енді екі көзі жалын атып, — мені 
Қараүлекке байға берсең, Қоңырқұлжадан да өшіңді қайтарасың, есігіңде жүрген 
құлыңның да сауабын аласың, айтқан уәдеңді де орындайсың. 
Кенесары қанша намыстанғанмен, ашуын ақылға жеңдірді. 
— Болсын, — деді кенет басын жерден көтеріп. 


221 
Бұл шешімге біреу намыстанды, біреу масайрады. Сұлтандар тұқымы іштей 
ызаланса, Кенесарының соңынан ерген қарашы, төлеңгіт, малы мен мүлкін баққан 
құлдар тек Кене хан ғана бізді адамға санайды деп әлдеқандай болды. Енді оған 
мүлдем беріле түсті. Сол риза болғандардың ішінде Зейнептің өзі де бар еді, бірақ 
ол әйелдік құмарын тарқатқан Қараүлегінің Кенесарыға қанша берілген жан 
екенін білмейтін. Және бүгін өзінің өтінішін орындаған хан Кененің бұның өшін 
қалай қайтаратынын ойламады. Ол Қараүлекті жанындай жақсы көріп кетті. 
Жақсылыққа жақсылық деген ниетпен Зейнеп Ожардың жіберуімен аулына 
келіп жүретін тыңшы Сәмен мен оның екі серігі Жақып, Сақыпты ұстап берді. 
Кенесары бұл үшеуін бірден дарға асып өлтіртті. 
Бірақ Зейнептің қуанышы ұзаққа бармады. Екі ай өткеннен кейін ол күні бойы 
әлденеге жылап жүрген Қараүлектің құшағында жатып «жастықтан тұншығып» 
өлді. Қыс бойы бұдан басқа бәлендей айта қаларлық оқиға болған жоқ. Кенесары 
жазғы айқасқа дайындалумен күндерін өткізді. Қолындағы жігіттерін жылдағыдай 
таратпай «ақ қала» салып, шатыр тігіп, күндіз-түні әскери ойынмен шынықтырды. 
Қарамағындағы елдің жауға қарсы тұра алар жас жігіттерінің бәрін шапа-бұйрық 
беріп сарбаздар қатарына шақырды. Осыншама әскерді ұстап тұру қиын 
болғандықтан, Кенесары өзіне бағынбайтын, бірақ іргелес отырған басқа руларға 
да салық салып, зекет, үшір жинады. Ханның бұл ісі біреуге ұнады, біреуге 
ұнамады, бірақ Кенесарының қаһарынан қорыққан жұрт оның әмірін бұлжытпай 
орындады. 
Сөйтіп жүргенде бір мың сегіз жүз қырық төртінші, яғни Тышқан жылының 
жазы шықты. Қарамағында жиырма мың әскері бар Кенесары енді соғысқа 
дайындала бастады. 
Кең даласында соққан желдей қыдырған Кенесарыны жеке жасақ шығарып 
құрта алмайтынына көзі жеткен патша үкіметі енді ереуілшілерді Торғай, Ырғыз 
өзендері бойында үш қол жіберіп, үш жағынан бірдей қоршап құртпақ болды.
Кенесары Ұлытау, Арғынаты жағынан келіп бекіністеріне шабуыл жасап үнемі 
мазасын ала берген соң, Горчаков өткен жылдың ортасында, Россия 
империясының канцлері Нессельродеге қағаз жіберген. Ол қағазында Ұлытау мен
Арғынатыны басып алып, сол араға казак-орыстарды орналастырып, екінші Сібір
полкынан арнаулы жасақ ұстауды өтінген. Канцлер генерал-губернатордың 
ұсынысын қабылдаған. Бірақ қайнаған қазандай бұрқыраған ереуілді қазақ жерінің 
тең орталығы Ұлытауға келіп орналасуға казак-орыстар көнбеген. Әйтсе де жаңа 
салына бастаған Ұлытау станицасына патша үкіметінің бұйрығы бойынша 
жеребемен үй-ішімен елуге тарта казак-орыс және бір рота солдат әкелінген. 
Патша үкіметі жаз Торғай бойына жайлауға шығатын Кенесары ауылдарына 
осы Ұлытау мен Ор қаласынан және Тобыл өзені бойынан үш қол шығарып, 
ереуілшілерді үш бүйірінен қысып біржолата құртпақ болды. Бұдан басқа 
Орынбор әскери губернаторы сұлтан-правитель Жантөренің Ахметіне сенімді 
қазақ жігіттерінен арнаулы әскер жинауға бұйырған. Бұл әскерге өз еркімен
кірген қазақ жауынгерлері егер майданда қаза болса оның үй ішіне патша үкіметі 


222 
тарапынан пенсия беріледі деп жариялаған. Әскер жиналып болғаннан кейін 
Тобыл өзенінің жоғарғы жағында жарлық күтіп, тастай түйініп дайын тұруға 
тиісті делінген. 
Күні бұрын құрылған жоспар бойынша войсковой старшина Лебедев бас- 
қарған бес жүз солдат мамырдың бесі күні Ор қаласынан шығып, Камышовка 
бекінісіне беттеуге тиісті. Одан кейін Ырғыз өзенінің төменгі сағасымен жүріп 
отырып, мамырдың жиырмасында Кенесары ауылдарының жайлауы Торғай 
өзенінің жағасына жетуі керек. Ал Тобыл бойына жиналған Ахмет сұлтанның 
жасағы Қабырға, Үлкенаяқ өзендерінің бойымен түсіп, Тайпақ өткелінен өтіп, 
мамырдың осы жиырмасы күні войсковой старшина Лебедевтің әскеріне қосылуға 
міндетті еді. 
Батыс Сібір губернаторы жағынан да екі жасақ құрылды. Бірі — есауыл 
Лебедев басқарған екі зеңбірегі бар екі жүз елу жауынгер. Екіншісі — сотник 
Фалилеев басқарған бір зеңбіректі жүз елу солдат. 
Есауыл Лебедев басқарған жасақ мамырдың бірінен қалмай Ұлытау жағынан 
шығып, Кенесары ауылдарын бері қарай қуып Торғай бойында Орынбор 
жасақтарымен ұштасуға тиісті. Ал Фалилеевтің жасағы Сарысу жағасында шеп 
ұстап, Кенесары әскері Орта Азия хандарының жеріне, немесе Ұлы жүзге қарай 
шегінер болса жолды бөгеп әрі қарай өткізбеулері керек. Өстіп Кенесары әскерін 
енді кең далада еркін қимылдауына мұрша бермей жан-жағынан қоршап, патша 
генералдары Торғай тұсында тұншықтырмақ болды. Бұл ойлары туралы князь 
Горчаков: «Егер Кенесары, Торғай, Үлкенаяқ, Телғара өзендерінің бойындағы 
бекіністің ортасына түсер болса, екі жақтағы қамалдардан бір мезгілде соққы 
беріп, қолдан келер шараның бәрін қолданып, бірден құртып жіберу керек», — 
деп жазды. 
Осы әскерлердің бәрінің біріге қимылдауын басқару генерал-майор 
Жемчужниковке тапсырылды. Ол өзінің штабымен мамыр айының басында жаңа 
салына бастаған Ұлытау форпостысына келді. Войсковой старшина Лебедев бас- 
қарған Орынбор жасағы мамырдың бесі күні Ор қаласынан шықты. Қияпат 
қиындықпен, қалың жауынға қарамай, Ақкөл мен Жыланшық өзенінен өтіп, 
Ырғызға қарай беттеді. Лебедев жасағына қосылмақ боп дәл осы кезде көп
жауынгермен Ырғыз өзенінің жоғарғы жағынан Ахмет сұлтан да қозғалды. 
Кенесары ордасы бұл кезде Ырғыз өзенінің оң жақ беткейін жайлап отырған. 
Жау әскері өткен жерлердегі өзінің қара құлақ тыңшылары арқылы ол Лебедев пен 
Ахметтің бет-бағдарын күні бұрын біліп алды. Егер Орынбор мен Батыс Сібір 
жасақтары Торғай өңірінде ұшырасар болса, өзінің қақпанға түсетінін ұқты. 
«Кенесары кейін шегініп кетіпті» деген жалған сыбыс таратып, Лебедев пен 
Ахметті алдады. Ал Ұлытаудағы Жемчужниковке «Кенесары Ұлытауға келе 
жатыр екен» деген өтірік хабар жеткізді. Келе жатқан Кенесарыны Ұлытауда 
қарсы алмақ боп Жемчужников есауыл Лебедевке Торғайға емес, Ұлытауға қарай 
беттеуін бұйырды. Сөйтіп генерал-майор Жемчужниковтың айтуымен Лебедев 
дер кезінде Торғайға жете алмай қалды. 


223 
Бірақ войсковой старшина Лебедев Төртқара руының билерінен Кенесары 
Ордасының Ырғыз төңірегінде екенін естіді. Ол жауының алдауына түспей,
Ырғызға қарай жүрді. Мамырдың жиырмасы күні Ахмет сұлтанның жасағымен 
Талды өткелінің аузында кездесті. Енді бұлар Кенесары Қарақұмға өтіп кетпесін 
деп күні-түні тоқтамай Торғайға жетті. Сөйтіп Кенесарының Қарақұм мен Борсық 
құмына баратын жолын кесті. Бірақ Торғай маңында Сібір жасағымен кездесе 
алмады. Ашуланған войсковой старшина Орынбор әскери губернаторы Обручевке 
ат шаптырып: «Мамыр айының отызы шенінде менің Торғай өзенінің жағасында 
болатыным Сібір бастықтарына белгілі еді. Ал қазір маған Сібір жасағының 
Ұлытау мен Торғай арасында жоқ екені мәлім болды. Егер Кенесары Ұлытауға 
қарай шегінсе, оны Сібір жасағы тоқтата алмайтыны анық», — деп хат жазды. 
Генерал-майор өзінің алданғанын енді түсініп, Омбыдан онсыз да кеш шығып 
Арғынатыға 
жаңа 
таяған 
есауыл 
Лебедевтің 
әскеріне 
тез 
Тор- 
ғайға бұрылуын бұйырды. Сөйтіп Ұлытаудың күнгей жағына баратын жол бос 
қалды. Кенесары осы жолмен кейін шегінді. 
Жаздың бас кезі өте жауынды болды. Батпағы толарсақтан келетін қара 
топырақты сарғылт балшықты жерлерменен ауыр зеңбіректерін сүйреп есауыл 
Лебедевтің жасағы Торғайға әзер жетті. Бірақ войсковой старшина Лебедевтің 
әскері бұл арада болмай шықты. Ал бұл жасақ Ұлытаудың күнгей жағына қарай 
көше жөнелген Кенесары ауылдарын қуа түсті де, алдарында жау көшін 
тоқтататын Сібір әскері жоқ екенін біліп, Ор қаласына қайтуға мәжбүр болған. 
Жолай, Кенесары адамдарының «Кенесары жағында екен» деген әдейі тарат- 
қан жалған сыбысқа сеніп, Лебедев ақ патшаға берілген Байқадам бидің аулын 
тонады. Ахмет болса енді өзінің Ордасына қарай шегінді. 
Войсковой старшина Лебедевтің Ұлытау жағынан келе жатқан генерал-майор 
Жемчужниковтің қолымен кездеспей, Кенесарыны қуа түсіп, дым бітірмей, тек 
жолындағы Байқадам бидің аулын шауып, Орға бос қайтқанын Орынбор әскери 
губернаторы да естіді. Енді ол терісіне сыймай, қаһарлана ашуланды. Обручев 
Лебедевті Орынборға шақырып алды да, қызметтен босатып, сотқа берді. 
Лебедевтің орнына Орынбордың үшінші казак-орыс полкінің командирі 
полковник Дидиковскийді тағайындады. 
Ал пар ат сүйреген жеңіл зеңбіректі, малына қаруланған сотник Фалилеевтің 
жасағы құмайтты тақыр Сарысу бойына белгіленген кезінде жетті. Кенесары 
әскері шегіне қалса құмға өтіп кетпесін деп бұлар шеп құрып осы арада жата 
берді. Мұны естіген Кенесары түбі, Ұлы жүздің жеріне қарай беттейтін күн туса, 
кедергі болмасын деп, бес жүз сарбаз беріп Фалилеевке қарсы Саржанның баласы 
Ержан мен Таймасты жіберді. Бұларға Фалилеевпен зеңбірек оғы жетпейтін 
жерден арбасып, қаша соғысып жауды қалжырату бұйырылған. 
Бостан-бос құмайт далада зерігіп жатқан Фалилеев солдаттары оңай олжаға 
бата қалғысы келіп Таймас тобын көрісімен қуа жөнелді. Сарысу маңына келгелі 
тынығып қалған солдаттар қоя ма, екі күндей Кенесары жігіттерін өкшелей, 
соңдарынан қалмай-ақ қойды. Сарбаздар құмға беттесе, солдаттар да құмға 


224 
беттейді. Адасып кетеміз деп қорықпайды, өйткені Фалилеевте бұл араны жақсы 
білетін Шөмекей руынан жалдап алған жол көрсететін он жігіт бар. Қос атты 
солдаттардан құтыла алмайтынын түсінді ме, әлде басқа ойы болды ма Таймас пен 
Ержан кенет Балқаш көлінің бергі құмды жағасына қарай беттеді. Кенесары 
әскерінің алыста екеніне қанық сотник Фалилеев «мына шағын топты тез құрта 
қояйын» деген оймен ереуілшілерді жалықпай қуып берді. Бірақ Шөмекей 
жігіттері жолды қанша жақсы білгенменен де Кенесары жігіттерінен көз жазып 
қалады. Өйткені жат жердің ой-шұқыры көп, бұл ара өздерінің үйреншікті Сыр 
бойы мен Сарысу алқабы тәрізді көш жолы емес, өгей өңір, өгей өлке. 
Бұндай жағдайды сезген Фалилеев ат-жөні жоқ, бос қуа беруді тоқтатып, кейін 
шегінбек боп тұрғанда, өздері қуып келе жатқан жасақтан он жігіт түнде қашып 
шығып бұларға қосылды. Сотник жасағының көзі ашылды, жол көрсетушілер енді 
осы жігіттер болып алды. Алдағы топтың қайда түнеп, қалай қарай жүретінін күні 
бұрын біліп отырады. Өздері де Кенесарыға сондай өшіккен екен. Кешегі 
жолдастарын бүгін су түбіне жіберуге бар... Бұрынғы он жігітті бір-бірден серік 
етіп алған осы қашқын он жігіт Фалилеевке өте ұнады. Сұрас- 
тыра келсе бұрын бұлар Кенесарыға қорыққанынан ерген екен, егер ақысын төлер 
болса, орыс солдаттарын Мекеге дейін апаруға дайынбыз дейді. Фалилеев жасағы 
қай жерде келе жатыр, қай жаққа бара жатыр бірін де білмейді, тек сенері осы 
жиырма жігіт. Осылай тағы да бір жеті өтті. Әбден қалжыраған солдаттардың енді 
торсықтағы сулары таусылуға айналды. Фалилеев: «Қой, жетер енді, суы бар 
жерге қарай бастаңдар» деген күні соңғы он жігіт: «Таймас пен Ержан енді алға 
қарай жүре алмайды. Алдарында тек сусыз құм. Олар ертең кейін қайтады. Бұл 
арада бөтен жүрер жолдары жоқ. Әбден қалжыраған жігіттерді кәдімгі балшыққа 
қонған үйректей шетінен аспай-саспай атып аламыз. Тек бүгін осы арада әбден 
тынығып алалық. Су керек болса алыс емес. Осы арада мына теріскей жақта он 
шақырымдай жерде суы мөп-мөлдір тас құдық бар», — деп ақырғы сырларын 
ашты. «әнеугіден бері босқа қуып жүрміз бе бұл қарақшыларды, егер су жақын 
болса ертең-ақ барармыз», — деп шешкен Фалилеев жігіттердің ақылын дұрыс 
көрді. Торсықта қалған суларымен шай қайнатып ішіп алып, аттарын тұсап тастап 
ертеңгі айқасқа құлшынып кіріспек боп ұйқыға кетті. Бір-екі-ақ күзетші солдаттар 
қалды. Әбден жол соғып қалжыраған күзетшілер «сендер аз дем алыңдар, біз 
күзете тұрайық» деген тың қазақ жігіттеріне сеніп, сәл көз іліктірмек боп 
ерлерінің қасына жантайды. 
Оңтүстіктің жазғы түні қандай қысқа, әбден қалжыраған солдаттар бірер сағат 
ұйықтап түрегелсе, таң да бозарып атып келе жатыр екен. Көкжиек ала-бұртып 
көп кешікпей күн де шығуға жақын... Керней ойналып, солдаттар орындарынан 
атып-атып тұрды. Бұлар түрегелгенде ең алдымен көргендері қан-қан боп 
бауыздалып қалған Шөмекейдің он жігіті болды. Кенесары жасағынан қашып 
келген сыпайлардың бірде-бірі жоқ. Фалилеев қашқындардың бүгінге дейін 


225 
қастарына Шөмекей жігіттерін неге серік етіп жүргендерін енді түсінді. «әттегене-
ай!» деп санын ұрды. Расында да бұл қашып келген он жігіт Таймас жіберген 
тыңшы-барлаушылар еді. Олар әбден сенімге еніп алып, жауларына жол 
көрсететін қастарында жатқан серіктерін осы түні бауыздап, өздерінің жасағына 
тартып отырған. 
Аздан кейін алабұртып жарқырап күн шықты. Күн көтеріле бастағаннан-ақ 
көкжиекте сағым да ойнай жөнелді. Әрі-беріден соң күн көк аспанда шатынай 
қызарып жерге жалындай күйіп тұрған нұрын төкті. Ұшы-қиыры жоқ қазақ 
даласында күннің қай жақтан шығып, қай жаққа барып бататынын бірде-бір 
солдат айыра алар емес. Қай жаққа қараса да ұшы-қиыры жоқ құлазыған ақ сортаң 
тақыр. Құс та ұшпайды, аң да жүгірмейді, тек жалпақ даланы қоршап сағым ғана 
ойнайды. Кең даланың қай жерінде жатқандарын ажыратып болмайды, не су жоқ, 
не көлеңке жоқ, тек көріктен аңызақ леп үргендей бір тамұқ. Су табатын, жол 
білетін бірде-бір жан жоқ. Мұндайда ақтұмсық құмырсқаның үймелеген жерінен 
құдық қазып, екі-үш кезден кейін мұздай мөлдір суға жететін, ошаған бүршігінің 
қалай қарай жантаюынан терістік пен күнгейді айыратын қазақ жігіттері 
бауыздаулы жатыр... 
Аңқаулығынан қайғылы халға душар болған Фалилеев жылап жіберді. «Алыс 
деп аулыңа бармайсың ба?» деп қазақ айтқандай, ол үрпие шошынған 
солдаттарын ертіп басы ауған жаққа жүре берді. Алты аласы, бес бересі жоқ, 
айдалада қойын бағып көшіп жүрген қазақты қырамын деп келген сотник, енді өз 
жанын сауғалап тірі қалуды арман етті. Сотник Фалилеевтің жасағы осылай 
қырылды. Тек жершіл қазақы ат мінген құр сүлдері қалған он шақты солдат қана, 
бес-алты күн өткеннен кейін Балқаш көлін жағалай көшкен Ысты руының аулына 
келіп жетті. Таймас пен Ержан тобы он күн жүріп арып-ашып Кенесары әскеріне 
келіп қосылды. 
Лебедевтің орнына тағайындалған Дидиковский жасағын өзінше басқармақ 
болды. Ол бірден войсковой старшинаның қазақтың кең даласына ыңғайланып 
істелген азық-түлік тиейтін арбасын жойып, жүкті түйеге артты. Сөйтіп ақырын 
жылжитын ауыр керуенмен шілденің бас кезінде Торғай өзенінің бойындағы 
генерал-майор Жемчужниковтың әскеріне қосылуды ойлай жолға шықты. 
Шөмекей руындағы бір тыңшысы арқылы Дидиковскийдің бет алысын, оның дала 
соғысында Лебедевтен тәжірибесіз екенін біліп отырған Кенесары бұл полкке 
қарсы тағы да жеңіл жасақ шығаруды ұйғарды. Ол жасақты басқаруды қайтадан 
ұрысуға жарап қалған Наурызбай мен Ағыбайға тапсырды. Бұл жасақтың бар 
міндеті баяғы бір сара жол, жау әскерін соңына түсіріп, бетпе-бет ұрысқа 
жеткізбей, тиіп қашып әбден қалжырату. Ал өзі Иман, Жоламан, Байтабын, Жеке 
батыр, Құдайменді, Бұқарбай бастаған ауыр қолмен кенет жауының күтпеген 
жағынан келіп қатты соққы беруге бел буды. Шілденің сегізі кезінде Ырғыз 
маңында жүрген Кенесары, екі күн өтпей кенет Тобылдың жоғарғы жағындағы 


226 
Жантөре Ахметінің әскерінің дәл қарсысынан шыға келді. Ол шілденің 
жиырмасынан жиырма біріне ауысатын түні Ахмет шебіне шабуыл жасады. 
Осыдан екі-ақ күн бұрын Дидиковский полкімен шайқасып жатқан Кенесары 
әскерінің найзағайдай жарқ етіп дәл бұлай өзіне лап беретінін күтпеген сұлтан-
правитель қорғануға да үлгірмеді. Кенесары бұл сұлтанға аса кекті еді. Алдыңғы 
жылы осы Ахмет Ор қаласында балаларымен тұтқында отырған Күнімжанға 
барып, сұлулығына қызығып; «Кенесарыға бәйбіше болсаң, енді маған тоқал бол», 
— деген. Оған Күнімжан: «Саған тоқал болғанша, Кене төремнің шұлғауы 
болайын», — деп кішкентай болат кездігін көрсеткен. Бұл оқиға Кенесарыға 
жеткен. Содан бері хан өте өшігулі еді. Оның үстіне Ахмет те әлсін-әлсін қол 
жинап Кенесарыға қарсы шығуын қоймады. Ахметтен көп қиянат көрген Иман да 
оған тісін қайрауда болатын. Сұлтан-правитель әскеріне күтпеген жерден тиген 
кілең тас жүрек жігіттер ешкімді аямады. Бір түнде бар жасақты қырып салды 
десек шындыққа жатар еді. Ахмет жасағындағы қырық төрт сұлтанды сол түні 
өлтірді. Жаз ортасында тайыздана бастайтын Үлкенаяқ өзені сол түнгі төгілген 
қаннан қып-қызыл боп ақты. Дидиковский полкінің бір бөлігі бұл кезде осы 
Тобыл мен Үлкенаяқ өзенінің тоғысар сағасында жатқан. Ахмет сұлтанның 
жасағына жау тиіп, соққыға жығылған кей адамның ойбайлаған даусы 
құлақтарына келіп жетсе де «өзімізді қай тұстан Кенесары шабар екен!» деп 
қорқып, орындарынан қозғалмады. 
Кенесары қолы сұлтан-правитель жасағын жайратып, таң ата кейін шегініп 
кетті. Бір түнде Кенесары қолынан қырық төрт сұлтан қаза тапқан бұл айқас- 
ты естігенде дос қуанып, қас күйінді. Болған оқиғаны жеткізген Дидиковский 
рапортына Орынбор әскери губернаторы генерал Обручев: «Масқара, 
жантүршігерлік хабар, мұндай оқиғаның болғанына сенгің келмейді», — деп 
бұрыштама жазды. 
әйтсе де Ахмет сұлтанның әскерінің қалдығымен Дидиковскийдің полкі Тор- 
ғайға жақын Алакөл деген көлдің жағасында Сібір генерал-майоры 
Жемчужниковпен кездесті. Бірақ бұл кезде Кенесары өзінің бар аулын Талды мен 
Шет-Ырғыз өзендерінің маңайынан Мұғажар тауының күнбатыс етегіне өткізіп 
жіберген-ді. Сөйтіп Жемчужников басқарған Сібір мен Орынбор әскерінің 
қоршауынан Кенесары тағы құтылып кетті. Енді ол құр құтылып қоймады, жауға 
өзі шабуыл жасауға кірісті. Тамыз айының басында Кенесары қолы Орынбор 
шекарасындағы өзімен өш қазақ ауылдарының көк желкесінен шыға келді. Бұ 
жолы жаздың басында Кенесары ауылдарын Ырғыздың оң жақ өңірінде көшіп 
жүргенін Лебедев пен Ахмет сұлтанға айтқан Төртқара мен Жағалбайлы руларын 
шапты... Қанға құныққан хан Кене бұл жолы да, досы мен қасын, биі мен 
қарашысын айырмай, заты Төртқара, Жағалбайлы деп қолдарына түскен 
ауылдардың үстіне ат ойнатып, көптеген адамды қанға батырды. Ор өзенінің 
бойында көшіп жүрген бір ғана Жағалбайлы руынан жеті жүз жылқы, үш мың қой, 
екі жүздей қара мал айдап әкетті. 


227 
Кенесары осылай жау шебінің желкесінде жүріп, көп кешікпай Наследница, 
Атаман станицаларын алды. Содан кейін ол Орынбор мен Троицкінің өзіне 
шабуыл жасаймын деп қазақ ауылдарының бәрінің өзіне қосылуын талап етіп жар 
салды. Біреулер Кенесарының күшіне сеніп, біреулер қорыққанынан оған қосыла 
бастады. Тамыздың орта кезінде ол кенет Екатерина станицасына ат қойды. 
Күтпеген жерден болған шабуылға тіпті станица солдаттары қарсыласа да алмай 
қалды. Кенесары станицаны өртеп, форштатын қиратып, жиырма шақты 
мылтықты олжа етіп, тағы да қазақтың кең даласының қойнына еніп жоғалып 
кетті. 
Ереуілшілердің патша әскерінің көк желкесінен шығып шабуыл жасауы 
үкіметті таң қалдырды. «Еш жеңілуді білмес тас жүрек батырдай, соңынан аңыз-
ертегілер қалдырып Кенесары тағы да ұстатпай кетті»
1
, — деп жазды артынан 
тарихшылар. 
«Қайткен күнде де Кенесарының ауылдарын қуып жетіп, құрту керек», — деп 
патша үкіметі оған қарсы шығарған жасақтарына қанша бұйырғанмен, осы 
жасақтарды басқарушы генерал-майор Жемчужников сұлтанның өзі түгіл, 
ауылдарының қайда көшіп жүргенін білмейтін еді. Сібір мен Орынбор әскеріне 
енді Торғай өзенінің бойына Ырғызға қарай жүруге бұйрық берілді. Тамыз 
айының аяқ кезінде Жемчужников өзінің тыңшылары арқылы Кенесары 
ауылдарының оңтүстікке — Мұғажар тауына қарай көшкенін естіді. Көп әскермен 
ереуіл- 
шілердің соңынан қуып отырудың қиын екенін түсінген генерал-майор Мұғажар 
тауының арасында ұрысуға жарайтын арнаулы шағын жасақ бөлуді дұрыс көрді. 
Ол мұндай жасақты Орынборға жататын әскерден екі жүз сексен казак-орыс, 
Сібірге жататын әскерден жүз жетпіс таңдаулы солдаттан құрды. Бұл жасаққа екі 
зеңбірек берілді. Войсковой старшина Дидиковскийге өзге әскермен Кенесары 
тағы да арттарынан шығып шабуыл жасап жүрмесін деп Шет-Ырғыз бойына 
барып бекінуді бұйырды. 
Генерал-майор Жемчужниковтың өзі басқарған арнаулы жасақ тамыздың 
жиырма екісі күні Мұғажар тауына келіп жетті. Бірақ Кенесары көшінің дені Ембі 
өзенінің жоғарғы жағына өтіп кеткенін, ал қалған азын-аулақ ауылдардың 
Мұғажар тауының арасына мықтап бекініп алғанын білді. Бұдан кейін генерал-
майор енді Кенесарыны қуудың пайдасыз екенін түсініп, әскерімен кейін қайтуға 
мәжбүр болды. Осы кезде күздің суық жаңбыры да сіркірей бастады. 
Күз тоқсанның бас кезінде Сібір жасағы Ұлытауға, Орынбор жасағы Ор 
бекінісіне қарай шегінді. Сөйтіп патша үкіметінің Кенесарыға қарсы бір мың сегіз 
жүз қырық төртінші, яғни, қазақша Ұлу жылғы генерал-майор Жемчужников 
басқарған аттанысы да ешбір нәтижесіз бітті. 
1
С и м а г и н В. — Оренбургский листок. 26, 1889 год. 


228 
Кенесарының да күткені осы кез еді. Патша жасақтары қазақ жерінен 
кетісіменен, ол қанды шеңберін жан-жағына қайта сала бастады. Жоламан, Иман, 
Жеке батыр, Жанайдар, Наурызбай, Ержан басқарған шағын жасақтар Орынбор, 
Батыс Сібір губернаторлығы мен Кенесары билеп отырған жердің шекарасындағы 
патша бекіністеріне, казак-орыс станицаларына жоқ жерден тиіп тыныштық 
бермеді. Ал Бұқарбай, Ағыбай, Құдайменді басқарған жасақтар Қоқан 
хандығының шекарасына барып өзбек қыстақтарын тонаумен болды. 
Кенесары осы жылы қараша айында Жаппас руынан зекет, үшір жинап 
қайтыңдар, егер қарсылық етсе аулын шабыңдар деп Байтабын мен Наурызбайды 
жіберді. Ондағы ойы бір жағынан Байтабынды тағы бір сынау еді. Кенесарының 
қанқұйлылығынан түңіліп, әне кетем, міне кетем деп толқып жүрген Байтабын бұ 
жолы бас тартпады. Ел болып бірігуге қарсы қыр көрсетіп жүрген Жаппас аулына 
құлшына аттанды. Жаңғабыл би бұларды құшағын жая қарсы алды. Түн келе 
Кенесары жігіттеріне арнап ойын-сауық құрып, қойындарына қыз салды. Ал таң 
алдында өзі басқарып ұйқыда жатқан Наурызбай жігіттерін тегіс бауыздады. Осы 
түнде Байтабын батыр да өлді, Николай Губин қолға түсті. Тек жанында жатқан 
қыздың сырттағы шуды естіп «сені өлтіргелі келе жатыр» деген сөзінен сес алып 
далаға жүгіріп шыққан Наурызбай Николай Губин әкелген Ақауыз жүйрігіне мініп 
үлгірді. Соңынан қуған Жаппас жігіттерінің жетеуін және әлмембет бидің баласы 
Көкір батырды найзамен қағып өлтіріп жалғыз өзі қашып құтылды. «Сұңқар 
өлген» төбесіндегі оқиғадан кейін алты жыл қызығын көрген Байтабынның асқан 
ерлікпен, жалғыз өзі көп жігітпен атысып сорға қамалып өлгенін естігенде 
Кенесары 
қандай 
батырынан 
айрыл- 
ғанын бір-ақ білді. Батырларымды қалай қадірлейтінімді көрсін деген сұлтан өзі 
жер бауырлай қайғырып, бар жұртқа үш күн қара жамылтып жоқтау айтқызды. 
Жетісін бергеннен кейін Байтабын өлген жерге барып басына құлпытас орнатып, 
бұл араға «Байтабын даңызы» деген ат қойды. Осы «жасауыл қыр- 
ғын» деп аталатын уақиғадан кейін Кенесары желтоқсанның басында сарбаздарын 
өзі басқарып келіп Жаппас руын шапты. Жазықты-жазықсызына қарамай Жаппас 
руының көп аулын қанға бояды. Сан кедей алдындағы күн көрісінен айрылып, сан 
бейшара 
қан жылады. Тек 
осы 
қырғынның бас 
күнәкары Жаң- 
ғабыл ғана қоймасындағы көп қомының арасына тығылып аман қалды. Сонымен 
бір мың сегіз жүз қырық төртінші, яғни Ұлу жылы, Кенесары жауын тағы 
тойтарды. Бірақ ол іштей жаралы еді. Тағы да осындай ауыр бір жыл келсе, 
тынымсыз алысып, ат үстінде жүріп қажыған жұрт енді төтеп бере алмайтынын 
Кенесары жақсы түсінген-ді. Сол себептен де таяу қалған жауын сезіп, қайда 
қашарын білмей сасқан жаралы арлан қасқырдай қатты қиналуда еді. Қас пен 
досты айыра алмай, соңғы кезде бойын мейлінше билеп кеткен қатыгездік, 
қаныпезерлігі де осыдан шыққан-ды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет