55
Мектептің тәрбие жүйесі білім беру процесіне қатысушылармен жасалады.
Әрбір мектеп жергілікті қоғамдастықтағы рөлін ескере отырып, өзінің миссиясы
мен даму стратегиясын айқындайды, сонымен қатар,
тәрбие жұмысының
жоспарын әзірлейді. Жоспар білім алушылардың мүдделері мен қажеттіліктерін,
мектеп орналасқан аймақтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени
ерекшеліктерін көрсетуі тиіс жүйені құрайтын іс-шаралар төңірегінде құрылады.
Директордың тәрбие жұмысына жетекшілік ететін орынбасары
педагогтармен,
ата-аналармен, білім алушылармен, мектеп серіктестерімен
тиімді ынтымақтастық құрады; білім алушылардың оқудан тыс қызметін және
кәсіптік бағдарлануын ұйымдастыруды үйлестіреді.
Сонымен қатар, ол
сынып
жетекшілерінің қызметін үйлестіреді, мониторинг жүргізеді, әдістемелік қолдау
көрсетеді және сапалы кері байланысты қамтамасыз етеді, сондай-ақ сынып
жетекшілеріне апта, ай және жылға арналған
тәрбие жұмысының жоспарын
әзірлеуге көмектеседі.
✓
Орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын басқару туралы толық
ақпарат келесі сілтемедегі әдістемелік ұсынымдарда берілген: https://uba.edu.kz/qaz
Достарыңызбен бөлісу: