302
болады. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау
кезінде жеке оқу бағдарламаларында ұсынылған оқыту мақсаттары негізінде
жүзеге асырылатын критериалды сипаттамалық бағалау пайдаланылады. (Ақыл-
есі кем диагнозымен білім алушыларды критериалды бағалау бойынша
әдістемелік ұсыныстарды Ы. Алтынсарин атындағы КЕАҚ сайтынан табуға
болады.
www.nao.kz
).
Медициналық көрсеткіштер бойынша үйде оқитын ерекше білім берілуіне
қажеттілігі бар оқушылар үшін педагог оқу жүктемесі мен олар оқыған оқу
материалын ескере отырып, жеке бақылау тапсырмаларын әзірлейді.
Достарыңызбен бөлісу: