44
✓
Отбасылық
құндылықтарды
қалыптастыру
бойынша
әдістемелік
ұсынымдарды uba.edu.kz/qaz сайтынан жүктеуге болады..
Сонымен қатар, отбасыларды: жас отбасы клубтары, болашақ ата-аналарға
арналған дәрісханалар, ата-аналар мен балаларға арналған клубтарды дамыту
отбасылық оқу жобасына тартуға болады. Отбасылық оқырмандар клубының
мақсаты – білім алушылар мен олардың ата-аналарының бірлесіп оқуға және
шығармашылыққа деген қызығушылығын ояту. Клубтың міндеттері оқуға деген
сүйіспеншілікті тәрбиелеу; ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу; кітапқа
қызықтырудың стандарттан тыс түрлерін енгізу; оқу процесінде отбасының
рөлін арттыру болып табылады.
Қолайлы білім беру ортасын құруда сынып жетекшісі ерекше рөл
атқарады. Сынып жетекшісі үнемі сынып сағаттарын және оқушылармен жеке
кездесулер өткізеді. Сынып сағаттары білім мазмұнының маңызды бөлігі болуы
тиіс. Сынып сағаттарының жоспарларын жасау кезінде оқушылардың жеке
қажеттіліктері мен мүдделеріне назар аудару керек. Тақырыптық сынып
сағаттарын өткізу формалары:
1) нақты тақырыптағы әңгіме,
2) пікірталас, диспут, дебаттар,
3) рөлдік ойындар,
4) тақырыптық дәріс,
5) сынып жиналысы,
6) байланыс сағаты,
7) ойын-саяхат,
8) тренингтер,
9) конференциялар,
10) шеберлік сыныптар,
11) театрлық қойылымдар
Сынып сағаттары кезінде сынып жетекшісі білім алушылармен бірге
сыныптың жалпы нормалары мен ережелерін әзірлеуге бастамашылық жасай
алады. Қазіргі зерттеулерге сәйкес, бұл мінез-құлықтың жалпы нормаларын
бірлесіп талқылау және үйлестіру, олардың жауапты сақталуына әкеледі.
✓
Сынып сағаттарын өткізудің инновациялық тәсілдері туралы материалдар
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған.
Алтынсарин https://uba.edu.kz/qaz).
Достарыңызбен бөлісу: