ҚР ҚН 2.04-01-2011 4
салдарынан көру қабілетінің төмендеуін айқындайтын жұмыс істеуші көзінің
бағытындағы жұмыс беткі жағынан жарық ағымының шағылысу сипаттамасы.
3.29
Қиылыс: Екі немесе одан да көп көше немесе жолдар бір деңгейде қосылатын
немесе қиылысатын телім.
3.30
Жартылай цилиндрлік жарықтандыру: Қарсы
келе
жатқан
жаяу
жүргіншілердің түр-сипатын ажыратуды бағалау межесі. Жартылай цилиндрдің 1,5 м
биіктігінде, оның радиусы мен биіктігі нөлге жақын көшенің көлденең сызығына тік
орналасқан жоғары бетіне жарық ағымының орташа тығыздығы ретінде айқындалады.
3.31
Өтпе: Көлік, сондай-ақ жаяу жүргіншілер қозғалысына арналған аумақ
.
3.32
Эвакуациялау жолы: Төтенше жағдайлар кезінде адамдарды эвакуациялауға
арналған бағдар
.
3.33
Жұмыстық бет: Жұмыс жүргізілетін және жарықтандыру қалпына келтірілетін
немесе өлшенетін бет.
3.34
Жұмыстық жарықтандыру: Ғимараттардан тыс жұмыстарды орынжайларда
және өндіріс орындарында қалыпты жарық түсіру шарттарын (жарықтандыру,
жарықтандыру сапасы) қамтамасыз ететін жарықтандыру.
3.35
Жарықтандырудың таралу біркелкілігі: Минималды жарықтандырудың
максималдыға
Е мин
/
Е макс.
қатынасы.
3.36
Жолайырық: Көлік құралдарын бір жолдан екінші жолға өткізу үшін түсулері
бар әр түрлі деңгейлердегі жолдардың қиылысы.
3.37
Резервтік жарықтандыру: Жұмыс жарықтандыруы ажыратылған жағдайда
жұмысты жалғастыру үшін апаттық жарықтандыру түрі.
3.38
Жарықтық климат: Он жылдан артық кезең үшін сол не басқа жерді табиғи
жарықтандыру шарттарының жиынтығы (аспан жарығымен және күннің тікелей
шашырайтын жарығымен жасалатын көлденең және тік жазықтық көкжиегінің жақтары
бойынша әр түрлі бағытталған жарықтандыру және жарықтар саны, беткі төсемінің күн
сәулесінің және альбедосының ұзақтығы).
3.39
Жарық диоды: Жартылай өткізгіш диодтар арқылы электр тоғын өткізу кезінде
толқын ұзындықтарының көрінім диапазонындағы когерентті емес сәулеленуді өткізуге
негізделген жарық көзі.
3.40