Бүйірлі табиғи жарықтандыру: Сыртқы қабырғалардағы жарық ойықтары
арқылы орынжайды табиғи жарықтандыру.
3.4
Жоғарғы табиғи жарықтандыру: Ғимарат биіктігінің ауытқу тұстарындағы
фонарьлар, қабырғалардағы жарық ойықтары арқылы орынжайды табиғи жарықтандыру.
3.5
Табиғи жарықтандырудың геометриялық еселендіргіші (коэффициенті): Толық емес жарық ойығынан өтетін және толық ашық көкжиектен
сыртқы көлденең жарықтандырудың біруақытты мәніне тікелей ашық аспаннан шығатын
жарықпен үй-жайдың ішіне берілген жазықтықтың қаралатын нүктесінде жасалатын
табиғи жарықтандыру қатынасы, бұл ретте сол не өзге жарықтандыруды жасауда тікелей
күн сәулесі қатыспайды, пайыздарда беріледі
3.6
Екі жақ бүйірден табиғи жарықтандыру: Екі қабырға жазықтығында
орналасқан жарық ойықтары есебінен орынжайды табиғи жарықтандыру.
3.7
Кезекші жарықтандыру: Жұмыстан тыс уақытта жарықтандыру
3.8
Жол (қала жолы): Қала аумақтарымен өтетін және қалалық жол-көше желісінің
құрамдас элементі болып табылатын, сондай-ақ қаланы онымен функционалдық тұрғыдан
нысандармен байланыстыратын және көшелерге қарағанда көбінесе құрылыстан бос
аумақтар бойынша салынатын автомобиль жолы.
3.9
Қосымша жасанды жарықтандыру: Табиғи жарықтандыруы жеткіліксіз
аймақтарда жұмыс күні бойы пайдаланылатын жарықтандыру.
3.10
Табиғи жарықтандыру: Сыртқы қоршау құралымдарының ойықтары арқылы
түсетін аспан жарығымен (тікелей немесе шағылысқан) орынжайды жарықтандыру.
3.11
Құйылып түсетін жарықтандыру: Жарық беретін аспаптармен ғимараттың
немесе имараттың барлық қасбетін немесе оның басым бөлігін жалпы (біркелкі немесе
біркелкі емес) жарықтандыру.
3.12