Метеорология саласында бұл революция метеорологиялық ақпаратты алудың,
жинаудың және тарату тәсілдерінің өзгеруіне алып келді. Жылдам есептейтін
техниканың пайда болуы болжамның гидродинамикалық әдістерінің дамуына
үлес қосып, атмосфера күйінің болжау және талдау процестерінің жалпы
математизациялануына алып келді. Алғашқы метеорологиялық серіктерінің
жіберілуімен атмосфералық құбылыстарды үлкен географиялық кеңістіктерде
шолу мүмкіндігін беретін спутниктік метеорология саласындағы зерттеулер кең
тарала бастады. Спутниктік ақпарат синоптикалық талдауды объективті түрде
жүргізуге, ауа райының қауіпті және өте қауіпті құбылыстарының пайда
болуын
уақытылы
айқындауға
мүмкіндік
берді,
әсіресе
кәдімгі
метеорологиялық ақпарат жоқ жерлерде.
Достарыңызбен бөлісу: